Никотин қышқылы /Вз витамині немесе РР никотинамид/
Никотин қышқылы /Вз витамині немесе РР никотинамид/
РР витаминінің аты «Ре11аgга ргеvеЫig /пеллагра ауруына қарсы/ — деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тіл (глоссит) сияқты дертпен ауырады.
Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуде, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және т.б. толып жатқан функцияларға әсерін тигізеді. Пеллара ауруы, әсіресе-қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белок-тарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам организмінде никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда көп кездессді.
В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
/100 г. тағамда, мг/
1926 жылы Гольдбергер қоддан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы Вь В2 витаминдерімен әсер ет-кенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витамин-нің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетгі екені дәлелденеді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 витамині деп аталады. Сөйтіп тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы-дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
В6 витамині организмге өте қажетті-ақ Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп,. бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
: /2 — метил -3 окси — 4,5 — диоксиметР-пиридин/
В6 витаминін судағы ерітіндіден фосфорлы-вольфрамды қышқылмен тұнбаға түсіруге болады. Бұл витаминнің ерітіндісіне қышқыл және сілті қосып қайнатқанда да тұрақты келеді, бұзылмайды. Тотықтырғыштар /сутегінің асқын тотығы мен перманганат/ әсерінен пиридоксин үйдің температурасында бұзыла бастайды қышқылдармен В6 виталині түз түзеді. Пиридоксиннің үш түрі белгілі. Олар: пиридоскол, пиридоксаль мен пиридоксамин, бұлар бір-біріне ауысы алалы және биологиялық активті келеді.
В6 витаминнін табиғи заттардан бөліп алу өте қиын, сондықтан ол химиялық-фармацевтикалық заводтарда синтезделіп алынады. Бұл витаминді төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер биосинтездей алады. Жарықта өскен өсімдіктерде, қараңғыда өсірілген өсімдіктермен салыстрғанда В6 витаминінің биосинтезі жақсы жүреді. Сондай-ақ бұл витаминді ашытқы клеткалары да синтездейді.
Пиридоксиннің туындылары — фосфопиридоксаль мен фос-фопиридоскаль мен фосфопиридоксамин амин қышқылдарының алмасуларына қатысатын /аминотрансферазалар, амин қыш-қылдарының декарбоксилазасы, кинурешнаминотран-сферазалар, фосфорилазалар және т.б./. бірқатар ферменттердің коферменттері болады. Пиридоксиннің жеткілксіздігінен көптеген амин қышқылдарының айналасы бұзылады. Мысалы: триптофан, метионин, цистин, глютамин қышқылдары және т.б.
Организмде белокты, майлы және углеводты айналыстардың қызметі бұзылғанда, оны В6 витаминін беру арқылы жақсартады. Ересек адамдарға В6 витамині орта есеппен күніне 2 мг шамасында керек болады.