Лалагүлдер тұқымдасы
Лалагүлдер тұқымдасы
Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтьн құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалгүлділердің тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі-жасыл немесе
Құртқашаш жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары үшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа,түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары өдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапьфақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, акгиноморфты, қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан түрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек больш келеді. Дәнінің эңдосперімі болады.
Лалагүл туысы (лилия — ЬШит ). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарыңда өсетін 80—100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда) кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (лилия белая — Ь.сапсіісшт) шыққан жері (отаны) Кавказ. Гүлінің формуласы.
Бірағайынды лалагүлдщ (л.однобратственная) гүлдерінің түсі сары болады. Король лалагүлі (л. Королевская — Ь.ге§а1е ) сәңдік өсімдік. Қазіргі кезде бүл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или мартогон негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстаңдағы жалғыз өкілі.
Крізғалдак, туысы (тюльпан — Тшіра). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың жазы қүрғақ, өрі ыстық болып келетін, ал көктемде жөне күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылай-шөдді және шөлейт аймақтарыңца кең таралған, сиректеу ормаңды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де жөне таулардың барлық белдеулеріңде өседі, бірақ мәңгі мүз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғаддақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде одаңда тереңдеу жатады. Баданасының сырты пленка тәрізді жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған, өр өсімдікте біреуден болады. Өте сөнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында 60-тай түрі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда өседі. Қазақстанда қызғаддақтьщ 32 түрі бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы -тюльпан Регеля) жойылуға жақын түр ретінде, 6-уы сирек кездесетін түрлер ретінде Қазақстанньщ қызыл кітабына енген (Борщев қызғалдағы, Корольков қызғаддағы, Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы, Шренк қызғалдағы).
Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың 800-дей сорттары белгілі.
Батыс Европаға қызғалдақты отырғызу XVI ғасырда Түркиядан ауысқан. Бұл өсімдікті өсіру өсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Гүлсерігі қарапайым, тек күлтежапырақша түрінде берілген. Күлтежапырақшала-рының мөлшері бірдей, олар үш-үштен топтасып екі қатар шеңбер түзіп бос орналасады. Гүлінің формуласы лалагүлдің гүлінің формуласымен бірдей: Аталығының саны 6, оларда үш-үштен топтасып, екі қатар шеңбер түзеді. Гүлдің ортасыңда үлкен аналық орналасады, оның қысқа мойны үш жақтауы бар аналықтың аузымен аяқталады.
Кдзжуа туысы (гусиный лук). Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфе-мероидтар. Олар өте үсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңіш-ке, гүлдері ұсақ, түсі көпшілігінде сары болып келеді.
Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңш тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.