Құртқашаштар тұқымдасы
Құртқашаштар тұқымдасы
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде жөне қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс жөне Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшықты өсімдіктер.
Жапырақтары қылыш төрізді, жоғары қарай көтеріліп түрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшыңда біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дүрыс немесе бүрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жогарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) түрады.
Жемісі — төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: Р3+3 А3 С(3).
БОР-дың флорасыңда 5-туысы 166-дан астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі.
Түқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Бәйшешек туысы (шафран — Сгосш) түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка төрізді түссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігі воронка төрізді, біртіңдеп трубкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады, сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Корольков бәйшешегі (шафран Королькова — Сгосш КОГОВСОУІІ). Биіктігі 10-20 см-ден, аспайтын көпжылдық түйнектіпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа төрізді, үзындығы 15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр пішінді болып келеді. Батыс Тянь-Шаньның сирек кездесетін өсімдігі.
Күртщшаш (ирис, касатик — Ігіз) үлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі дүрыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады Аналығыньщ аузы (3) үзын, етженді, желек төрізді бөліктен түрады. Гүлтүйіні 3 үялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Қүртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық жөне қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста жөне БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Гладиолус туысы (гладиолус ). Тамаша гүлдейтін түйнектіпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған болып келеді. БОР-да 9-түрі, ал Қазақстаңда 2-түрі кездеседі; Закавказьеның шығысыңда деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.