Тасбақалар
Тасбақалар
Қазіргі рептилилерден ерекшелігі — тасбақалардың денесі-нің сүйекті сауытпен қапталуы.
Басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауыты; а) жоғарғы жартысы — карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырға-лар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; б) төменгі жартысы — пластрона, бұлда тері тектес сүйектен тү-рады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Көпшілігінің сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қап-тап жатады.
Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бірігіп кеткен. Сол сияқты жауырын мен каракоидта бос болады. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді, немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді.
Оның, бас сүйегіне тән ерекшелік — екінші реттегі сүйекті таңдайдың жетілуі, тістін. болмауы. Тістін, қызметін жақ сүйектерін қаптап тұратын мүйізді өсінділер атқарады.
Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады. .
Тыныс алу механизмінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ауыз қуы-сының түп жағы біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, насостың қызметін атқарады. Осы кезде танау тесіктері арқылы ауыз қуысына ауа еніп, одан өкпеге өтеді. Сонымен қатар тыныс алуға мойын мен иықтың қозғалысы да әсер етеді. Тасбақаның өкпесі күрделі, губка тәрізді болады.
Тасбақалар дымқыл тропикалық және ыстық шөлді жер-лерде тіршілік етеді. Қазір тасбақалардын, 183-ке жуық түрі белгілі.