Ғылыми стиль
Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел’гі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің не-
гізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образ-
ды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшелікте-
ріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл
білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б.
физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен
бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланыс-
ты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.
Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мы-салы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады1.Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция мо-ментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна-лыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасы-ның сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квад-ратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады2.
Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға- ғана таныс. Сонымен қа-тар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны байқалады. Оны В. Г. Белинскийдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз — өмірдің рухы, оның жаны, поэзия дегеніміз — өмірдіқ күлімдегені; оныц тасқынды ай-қын жүзінің тез ауысып отыратын түйсігі. Жаратылыста сирек кездесетін эдемі эйелдер болады, бірақ оның сол сымбатты көр-кемдігінің жансыздығымен таң қалдырғанымен де, жүріс-тұрысын-да икемдігі, грация болмаса, мұндай әйелдер өзінше асқан көркем болғанымен, де жэне сізді таңырқатқанымен де, оның кездесуі еш-кімнің жүрегін тебіренте алмайды, оның көркемдігі махаббат туғы-за алмайды, сондықтан махаббатсыз сұлулық та, өмір де, поэзия да жоқ”3.
Екінші бір мысал, Мұқтар Әуезовтің зерттеу еңбектерінен: “…Абай лирикалық, эстетикалык тақырыптарының махаббатқа арналған жайына тағы да тыңнан жазған екі өлеңмен оралды. Бұлары: “Қызарып, сұрланып”, “Қөзімнің қарасы”. Бұрын да осы тақырыпқа әр алуан үлгіде оралып соғып отыратын ақын мы-
А Б і р і м ж а н о в. Жалпы химия, Алматы, 1962, 34-бет.
Э Ф р_и ш және А В. Т и м о р е в а Жалпы физика курсы, I том,
Алматы, 1962, 137-бет.
3 В Г. Б е л и н с к и й Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1948, 88-бет қазакша).нау екі өлеңінде және де екі алуан өзгешелік байқатады. “Қызарып, сұрланып” өлеңі Пушкин, Лермонтов шығармалары сияқты үлкен бір шындықпен, ы с т ы қ ж а л ы н м е н жырланған. Махаббатты табиғаттың к ө р к е м б е с і г і н е б ө л е п көрсетеді. Жасырын кеште алғаш кездесіп, сөз таба алмай, тек қана лүпіл қаққан жүрекпен, қ а б а қ п е н сыр танытқан жастар көрінеді. Өрепкіген қуаныш арасында а л а б ұ р т қ а н д а ғ д а р ы с та бар. Сәт сайын ауысқан сәл құбылыстар ол жастардың ақыл, сезімін билеген. Бар тынысы бусанып көрініп туған жанды махаббат жырланады.
Бұл өлең махаббат психологиясын аса нәзік сезінген шеберлікті танытады. Ақын осындай терең күйде жалындаған шындық пен табысқан жүректерді қүптап, қостайды. Шын махаббат сөзсіз, үнсіз-ақ танылсын, ыстық жалынды кеуденің тынысымен-ақ білінсін, айтылып болмастай ыммен, емеурінмен танылатын болсын дейді. Сондай ғашықтықты жастарға үлгі еткенде, бір жағынан, интимная лирика арқылы нәзік сырды тереңдетеді. Екіншіден, өзінің реалистігіне берік ақын аса конкретті жайларды суреттейді. Түстей тұманға, белгісізге батқан қиял жоқ. Абайдьщ махаббат жайындағы ең нәзік, еқ көркем терең сөздері осы өлеңнен көрінген”1.
ук