Дүниежүзілік банк
Дүниежүзілік банк. Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіп-тің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады.
Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, эко-номикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жүмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.
Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ при-циптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дуние-жүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ — бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атуы — Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВКДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті — экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бас-тады. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы ел-дерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалык және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.
Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарап-ынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.
Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады — Халық-аралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халық-аралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағаттылған -Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.
Дүниежүзілік банкте 6000-нан астам арнайы адам кызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оньщ қызмет-керлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгер-лер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйе-сінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.
Дүниежүзілік банк — инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардьщ акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.
Дүниежүзілік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қо-лайлы пайыз нормасымен беріледі.
Дүниежүзілік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. — 27 млрд. доллар, 1980 ж. — 34 млрд. СДР-ға дейін (ол кезде СДР=1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. — 140 млрд. СДР-дан астам болды.
Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген қаржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайда-лана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден теленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.
Дүниежүзілік банк несиелік қабілеті бар дамушы елдер-дің үкіметтеріне өз несиесін береді.
Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Халықаралық қайта құру және даму банкісінен несие алуына мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарықтық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдер-дің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80% жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның кайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.
■ ХКДБ қарыздарын (ссуда) беру шарттары:
1. несие тек қана үкіметтерге, олардың орталық банк-
тері экономикалық даму үшін жасаған жобаларды
қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға
кепілдік берген жағдайда;
2) несие алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа
жерден несие алуға мүмкіндігі болмаса;
3) ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға
баға беріп оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;
4) қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді
және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай,
кезен-кезеңімен беріледі.
Бұл ережелер ХКДБ-нің де және оның несие берушілері-нің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде несие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік банк несие берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілік-пен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жүйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде оның несиесін пайдаланушы болып табылады. Оның несиесімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржылан-дырылуда.