Актомиозин
Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады.