Нағыз тюленьдер тұқымдасы
Нағыз тюленьдер тұқымдасы (Рһосidе). Бұларда құлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарының ескегі алдына қарай бүгілмейді.
Сондықтан да артқы аяғының жер бетімен козғалуына көмегі тимейді. Бұлардын, көпшілік түрлері екі жарты шардағы мұзды теңіздерде тараған. Түлеу, шағылысу және күшіктеу үшін мұздың үстіне шығады. Бұл кезде бірнешеуі бірігеді. Мұны “залежка” деп атайды. Кейбір түрлері кеңінен миграцияласа, енді бір түрлері барынша бір жерде тұ-рақтап тіршілік етеді. Мысалы, Гренландия тюленьдері (Ра-gорһоса gгоепlапdіса) Арктикадан қыста оңтүстікке қарай миграциялап, Ақ теңіздің жиегінде және тұйықтарына, Нью-Фаундленд және Ян-Майен аралдарының мұздарының үстіне топтанып, күшіктейді, түлейді және шағылысады. Осы кезде оларды аулайды. Күшіктері үш жұмаға дейін ақ түсті болады. Балықтармен қоректенеді.