Теңіз мысығы
Теңіз мысығы (Саllогһіnus игsіпиs) маңызы үлкен. Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұхиттың солтүстік жағына тараған.
Жазда түлеу және көбею үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айынан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шо-ғырланған жерін “жатақ” деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жанындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы — полигамдар, яғни бір еркегі 30—80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр-сұр түсті болады. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісін өндегенде осы ұзын қылшығын жұлып тастап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен қатар олардың санын арттыруда ғылми жұмыстар жүргізіледі.