Итмұрындар тұқымдас тармағы
Итмұрындар тұқымдас тармағы. Түрлерінің жалпы саны 800-дей, олар негізінен солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты белдеулеріңде кең таралған.
Негізгі өмірлік формалары: мөңгі жасыл жөне жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етженді, тостағанша жапырақшаларының тұп жағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Көптеген өкілдерінің гүлдерінің формуласы мынадай болады: *Са(5} Со5 Л. О.. Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан, құрама таптамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектердің жиынтығынан түрады.
Раушангүл, немесе итмұрын туысы (Ко8а). Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5-мүшелі түксіз қосарланған, сиректеу жартылай түкті гүл серігі болады. Солтүстік ендікте кең таралған.
Жартылай ормандыдалалық шөлейтте және шөлейт жерлерде, әдетте жарық ормандарда, орманның шетіңдегі ашық жерлерде, өзендердің жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Түрлерінің саны аралық формаларының орасан көп болуына байланысты, өлі күнге дейін толық анықталмаған. Бір деректер бойынша туыста 120—150 түр, ал екінші деректер бойынша 300—350 түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 150-дей түрі бар, оның 60-ы эндемдер, яғни тек бүрынғы одақтас республикалардың территориясында ғана кездеседі. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Олардың ішіңде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл түсіп отыратын формалары да бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2,Р,К және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең құндысы ақгүлді (беггера итмүрыны) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын — К.сіппатотеа, қатпарлы итмұрын). Қызғыл гүлді түрлерінің гипантиясында (ит итмүрыны — К.сапіпа, 202-сурет, киіз итмүрын — К.іотепіоза) витамин С біршама аз, ал сары гүлді түрлерінің гипантиі де (тікенекті итмүрын , сасық итмұрын олар өте аз, бірақта таниндер мен танидтер көп.
Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қодданады. Раушангүл (итмұрын) сәндік гүлдер өсіру шаруа-шылығыңца бұрыннан белгілі жөне танымал обьект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстаңца да сорты аудандастырыльш сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Оның ішіңде тікелей Қазақстан ғалымдары шығарған сорттар да бар.
Таңкурай (ежевика, малина туысы. 500-дей түрі бар үлкен полиморфты (өзгергіш) туыс; бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 45 түрі, ал Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бүталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік ендікте туыстың өкілдері Жаңа Зелаңдияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай (малина обыкновенная — К.ісіаеиз) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты
Сонымен бірге таңқурайдың бұл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойыңда өсетін бұталардың арасыңда кездеседі. Мөдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика — Ксаезіш) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайда да өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника — Кзахашіз) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің және сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кең тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая) және арктика таңқурайы (Кагеисш) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп ұшыраған түрлер. Субарктикалық райондарда өседі.
Кұлпынай туысы (земляника). Оның 50-дей түрі бар. Ұзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасынының астында, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді больш келген гүлтабаньша орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы (земляника лесная — Ғ.уезса) (203-сурет) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница — Ғ.УІГІСІІЗ) екі үйлі өсімдіктер, олар бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, бұталардың арасьщда және шалғьшдарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарьщда да өседі. Ананас құлпьшайы (Ғ.апапаза) тек мәдени жағдайда ғана белгілі, оны құлпынайдың виргинская және чилийская деп аталынатьш түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды.
Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Тұқымдастармағының шөптесін өкілдерінің ішіңде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная деп аталынатын бір ғана түрдің мал азығы ретіңде үлкен маңызы бар. Оны медицинада және ветеринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бұл ылғалды шалғыңдарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр-қызыл түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған. Кейде мәдени жағдайда өсіреді.