Алмалар тұқымдас тармағы
Алмалар тұқымдас тармағы. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гапантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы.
Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.
Алма туысы (яблоня). Туыстың құрамыңда солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-дай түрі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бүталардың 10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарыңда; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларыңда өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы (яблоня Недзвецкого — М.песітхуеггкуапа) аса сөңді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоциаңды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньщ күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген ашен топтастырылады (204-сурет). Алмұрт туысы (груша — Ругиа). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20-дай түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясыңда 17 түрі белгілі, ал Қазақстаңда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмүрт (груша обыкновенная — Р.согштшпіз) табиғи жағдайда өзгергіш больш келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұ рынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, өсіресе таулы аудандарыңдағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының
қалыптасуына уссурий алмүртының (груша уссурийская ) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмүрттың (груша лохолистна қатысы үлкен болады.
Шетен туысы (рябина ). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі белгілі. Бұрынғы ССРО-ның флорасында 34-түрі, ал Қазақстаңца 3 түрі кездеседі. Аса кең тараған түрі көдімгі шетен (рябина обыкновенная — 8.аисирагіа), оның ақ түсті гүлдері үлкен қалқанша төрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады (варенье, қақ, компот). Шетеннің осы түрінен И.В.Мичурин қош иісті тәтті жемістері бар сортгар шығарды.