Экономиканы мемлекеттік реттеудегі экономикалық бағдарламалау
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі экономикалық бағдарламалау Экономикалық мемлекеттік реттеу құралдары ішіндегі маңыздыларының бірі – мемлекеттік экономикалық бағдарламалау.
Экономикалық бағдарламалау – бұл жалпы халық шаруашылығының, не болмаса жекелеген сферасының, саласының, аймағының көп салалы кешендерінің бағдарламаларын жасау және іске асыру.
Бағдарлама дегеніміз – бұл мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық процестеріне тікелей араласу құралы. Бағдарламалардың іске асу объектілері келесі болады: экономика салалары немесе аймақтар (облыс, аудан, елді мекендер), әлеуметтік сфера (мысалға, көшіп қонушылардың) әлеуметтік – экономикалық бейімделуі. Оларды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, ғылыми зерттеу жұмыстарының әр түрлі бағыттары есептелінеді. Бағдарламалар жай жалпы экономикалық және қауіп – қатерлі тоқыраушылық жағдайды қамтитын болып бөлінеді.
1) Жай жалпы экономикалық бағдарламалар – бұл барлық әлеуметтік – экономикалық өмірді қамтып, көп жағдайларда 5 жылдық уақыт аралығына жасалынады және әр жыл сайын нақты көрсеткіштер, жағдайлар ішкі және сыртқы экономикалық негізінде түзетіліп, толықтырылып отырады.
2) 2-ші түрдегі бағдарламалар көп жағдайларда елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатер төнген кезде жасалынатын құжат. Мысалы: инфляцияның өсуін тоқтату, жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу, экономиканың кері құлдырауына жол бермеу және т.б. болады. Мысалға, біздің еліміздегі келесі ұлттық бағдарламалар бекітілген 1) 1991 жылғы «ҚР-сы комитет министрлігі мен облыстық халық депутаттарының кеңестері дағдарыстан шығу жолындағы біріккен іс қимыл» 2) 1993-1995жж. аралығына арналған «Дағдарысқа қарсы шығу шаралар және әлеуметтік – экономикалық реформалардың жаңа кезеңдері» бағдарламасы 3) 1992ж. бағдарлама «Қазақстанның экспорттық потенциалын дамыту» бағдарламасы 4) 1992ж. «Шетел инвестицияны тарту және пайдалану» бағдарламасы 5) 2003-2005жж. «Ауыл жылы» 6) Жалпы білім жаңа жүйеге көшу 7) су құбырларымен елді мекендерді қамтамасыз ету 8) индустриялық, иновациялық бағдарлама 9) Стратегия – 2030
Бағдарламаларды жасауда келесілер еске алынады:
1) мәселені анықтау және оның болашағын, жай күйін болжамдау
2) негізгі мақсаттарды белгілеу
3) мәселенің әлеуметтік – экономикалық жүйесін талдау
4) мәселені шешу жолдарын, бағыттарын іздестіру
5) баламаны бағалау және ұтымдысын, тиімдісін таңдау
6) таңдаған баламаны бөлшектеу және нақтылау
7) шешімнің тиімділігін тексеру және бағдарламаны іске асыру жолындағы нұсқаларды жасау
Бағдарламаны жасаудағы принциптер:
1) мақсаттылық
2) жүйелік
3) ресурстармен қамтамасыз етілу
4) басымдылық, яғни 1-ші кезектегі шешімге іске асырылуға тиісті қызметтер, бағыттар
Ұлттық бағдарламалар:
1) іске асырылу мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді – 1-3 ж. дейінгі, орта мерзімді – 3 ж-дан 7-8 ж. аралығына дейінгі, ұзақ мерзімді – 7-8 ж-дан жоғары
2) мәселелер бойынша бағдарламалар: әлеуметтік — экономикалық, ғылыми – техникалық, экологиялық және т.б. болып бөлінеді
Бағдарламалардың өздеріне тән қасиеттері болады:
1) мазмұнында халық шаруашылығының стратегиялық дамуы күнделікті ағымдағы мақсаттардан басым болады
2) барлық нысандары кезеңдері мақсаты
3) бағдарламалық жұмыстар ресурстармен, орындаушылармен анықталған, іске асырылу мерзімі көрсетілген