КӨБІКТЕР
Көбіктер — дисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы суйық болса сұйық көбік, ал дисперстік ортасы қатты зат болса қатты көбік деп аталатын дисперстік системалар.
Сұйық көбіктер. Жоғарыда айтылғандай сұйық көбік дегеніміз дисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы сұйық болатын дис-перстік системалар екен. Әдетте, дисперстік фазанын, көлемі сұ-йық фаза көлемінен V с едәуір артық болады. Бүл екі көлемнің қатынасы Үг : V с= 5004-1000 болса, мұндай көбіктегі газ көпіршік-терінің түрі кисық сызықты немесе көпбұрышты болады. Ал Уг:Уе = 1-МО болса, көбік түрі шар тәрізді болады екен. Көбіктер де беткі қабатында артық энергиясы бар системалар сияқты термо-динамикалық түрғыдан алғанда тұраксыз. Қөбіктердің тұрақтылы-ғы берілген көбік бағанасыньщ жартысына дейін бүзылатынға кет-кен уақыт өлшемімен багаланады.
Сұйық көбікті сұйық қүйылған және ауасы бар ыдысты шайкап алады. Осы кездегі сұйық ұсақталып, ауамен араласа келіп, көбік құрайды. Сондай-ақ сұйық арқылы ауаны үрлегенде де көбік пай-да болады. Бұл әдіс флотацияда жиі қолданылады. Көбіктерді коиденсациялық тәсілмен де алуға болады. Кейде химиялық реакция кезінде газ бөлінеді де, ол газды фаза құрайды. Мысалы, өрт сөндіргіштегі сұйық көбік химиялық реакцияға негізделген:
NaHCO+HCI=NaCI+HO+CO
су мен көмірқышқыл газы сұйык, көбікті түзеді. Ондағы су — дисперстік орта да, көміртек (IV) оксиді — дисперстік фаза.
238
Әдетте таза сұйықтағы көбіктер көпке төзбейді және олар тез жарылып немесе біріге келіп жойылады. Көбіктерді тұрақтандыру мақсатымен сұйыққа белок, танид сияқты жоғары молекулалық қосылыстарды қосады, олар газ — сұйык, жанасу шегіндегі беткі қасіатқа адсорбцияланып, берік қабат құрастырады. Қөбіктерді беттік активті заттарды пайдаланып та тұрақтандыруға болады. Олар газ — сүйык, жанасу шегінде бағыттала адсорбцияланып, берій кабықша түзеді. Қөбікті тұрақтандырушы заттарды көбік тудырушылар деп те атайды.
Өмірдегі, өндірістегі көбіктердің қолданылмалық мәні ерекше, атап айтқанда, минералды майды пайдаланып жүргізген флота-циядан гөрі көбікті қолдану әрі тиімді, әрі арзан. Ұнтақталған кенді Цинералды майды пайдаланып флотациялағанда, оларды су-ға салап, шамалы ғана флотореагент — эмульгаторды қосып ара-ластырады. Осы кезде түрлі силикаттар мен карбонаттар секілді керексіз өнімдер гидрофильді реагент ретінде тұнбаға шөгеді. Ондағы металл сульфидтері тәрізді құнды өнімдер өзіне флотореа-гентті адсорбциялап, гидрофобты сипаты болады. Мүнын, нәтиже-сінде пайдалы өнім сұйық бетіне көтеріледі.
Қөбікті флотация кезінде ұнтакталған кенді сумен және көбік тудырушы заттармен араластырады. Су кұнды өнім бетіне адсорб-цияланған кезде оған гидрофобты сипат бере алатындай флотореа-гентті қосады. Енді осы гидрофобты бөлшектер көбікке жабысып, жоғары көтеріледі. Флотация жүргізілетін астаудьщ төменгі жа-ғында орналасқан трубаның майда тесігінен қысылған ауа жібе-ріледі. Осы кезде пайда болатын көпіршіктер қажетті өнімді өзіне жабыстырып жоғары көтереді, керексіздер тұнбаға шөгеді.
Сол сияқты көбіктер тамақ өнеркәсібінде де кең қолданылады. Мысалы, қант шырынын диффузиялық әдіспен тазалағанда, сұйық тсөбік қолданылады. Олар түрлі кондитерлік кремдер мен зефир-лерді, сүт және шырын коктейльдерін әзірлегенде де пайдаланы-лады.
Көбіктің пайда болуы кейбір процестер үшін зиянды. Техноло-гиялық процестер кезінде пайда болатын мұндай сұйық көбіктерді жоюға тура келеді Көбік сөндіргіштер, көбінесе, көбікті түрақтан-дырғышпен әрекеттесіп, көбікті сөндіреді немесе көбік тұрақтан-дырғыштарды реагентті ортадан ығыстырады.
Қатты көбіктер. Қатты көбіктерде дисперсті фаза газ, ал дис-перстік орта қатты дене болады. Оларға көбікті шьшы, көбікті бетон, көбікті пластмасса сияқтылар жатады. Олардың бәрі дерлік массасыньщ жеңілдігімен, дыбыс және жылу өткізбейтіндігімен сипатталады. Сондықтан да қатты көбіктер құрылыста, тоназыт-ж,ыш құрастыруда жиі қолданылады.