Май тектес көмірсутектерінің ашуы
Май тектес көмірсутектерінің ашуы. Май қатарындағы көмірсутектерінің ішінде метанды тотықтыратын бактерияны псевдомонас хербикола деп атайды.
Бұл спора үзбейтін бактерия, егер атмосферада метан мен оттегі болса, олар минералды ортада жақсы өсіп дами алады.
СН4+2О2=СО2+2Н2О+212 ккал Метан нергия
Мұнда алғашқы өнім ретінде этан пайда болып, ол этиленге айналады. Этилен бұдан әрі этил спирті, сірке, кымыздық қышкылдары арқылы көмір қышқылына айналады. Метан көмегімен бұл бактериялар өз денесіне қажетті заттарды жинайды. Дәл осы сияқты баска көмірсутектері де (пропан, бутан, гексан т. б.) тоты-ғады. Бұл бактериялардың мұнай жәке жанғыш газдарды алдын ала жер қыртыстарынан бақылап табу үшін зор маңызы бар. Соны-мен қатар май қатарындағы басқа да көмірсутектері бактериялар көмегімен тотығады. Мұнда да аралық өнім ретінде спирт, кетон заттары пайда болуы мүмкін. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газының көмегімен май қышқылдары түзіледі. Жалпы кәмірсутектерінің тотығуы өте тез жүреді. Мәселен, 2 шаршы дециметр көлемде 30 күн ішінде 800 мг-лай парафин ыдырайды. Көмірсутектері косылыстарының барлығы ыдыраған кезде көмір қышқыл газы мен су пайда болады. Оны мынадай схемамен кероетуге болады: қанық-қан көмірсутектері —*қанықпаған көмірсутектері—► спирттер —*кетоқосылыстар —^ май қышқылы—*кәмір қышқыл газы және су.
Бұл процес аэробты бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының әсерінен жүреді. Егер ортада азот пен күкірт қышқылының түздары болса, реакция өте тез жүреді.
Парафин катарындағы және қаныкяаған көмірсутектері, май қышқылдары, майлар да осындай өзгеріске түсуі мүмкін. Бұл процестер көміртегі қосылыстарының таібиғаттағы айналымында зор роль атқарады.