Табиғаттағы көміртегі қосылыстарының микроорганизмдер әсерінен өзгеруі
Табиғаттағы көміртегі қосылыстарының микроорганизмдер әсерінен өзгеруі. Жер бетінде органикалық заттарды жасыл өсімдіктер ғана түзе алады.
Бүл үшін олар көміртегінің, азоттьщ минералдық қосылыстарын пайдаланады. Егер жер бетінде бүл элементтер белгілі бір айналымда болмаса, олардың қоры тез арада жойылып кетер еді. Алайда өсімдіктер мен жануарлар әлгеннен кейін олардың қүра-мындағы көміртегі мен азот шірітуші микроорганизмдердің әреке-тінің нәтижесінде бөлініп, атмосфераға қайта оралады. Атмосфера-ға қайтып оралған көмір қышқыл газын жасыл өсімдіктер хлоропластардың көмегімен күрделі органикалық затқа айналды-рады. Сейтіп белок, углевод, май және басқа да органикалық қосылыстар түзеді. Органикалык заттардың түзілуіне қажетті көмір қышқыл газы атмосфераға екі жолмен оралады. Бірінші — түрлі вулкандар атқылауы арқылы, екінші — органикалық заттардың ыдырауы арқылы орындалады. Оның ішінде соңғы процеске микроорганизмдер қарқынды қатысады. Микроорганизмдердің жеке изиологиялық топтары белгілі бір органикалық заттарды ыдыратуға бейімделген. Олардың ішінде белоктармен, қанттармен, клетчаткамен, көмірсутектерімен қоректенетін топтары да бар.
Сонымен қатар адам баласы да органикалық қалдықтарды (тас көмір, шымтезек, газ т. б.) отындык өсімдіктерді жағу арқылы ауаға көп мөлшерде көмір қышкыл газының оралуына оебепші болады. Шамамен жер бетінде айналысқа қатысатын көміртегінің мәлшері топырақта 400 биллион тонна, шымтезекте 1100 биллион тонна, атмосферада 600 биллион тонна, ал гидросферада 16 400 биллион тоннадай. Сол сияқты 600—700 биллион тоннадай көміртегі жер бетінде тіршілік ететін организмдерде болады. Жер бетіндегі жасыл өсімдіктер шамамен 60 биллион тоннадай көмір қышқыл газын, яғни 20 биллион тоннадай көміртегін пайдаланады. Ал атмосферадағы оның мөлшері 600 биллион тонна. Егер атмосферада көміртегі ылғи толықтырылып отырмаса, оның қоры он жылдың ішінде жойылып кеткен болар еді.