Жапалақ құс
Жапалақ құс. Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады.
Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан.
Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұ-рады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.
Күндізгі жыртқыш құстардан айырмашылығы, жапалақтың жемсауы болмайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200-ге жуык, түрлері бар. Ал бізде соның 20-дай түрі кездеседі. Балапанда-ры әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады.
Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2— 3 жүмыртқа болады. Жемін түнде аулайды. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай, қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Орта Азияда қыста негізінен ‘құстармен қоректенеді (үйректер, қасқалдақтар т. б.). Оңтүстікте жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенеді.
Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі.
Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)—ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды. Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және Орта Азияның орманды жерлеріне тараған. Отырықшы, баяу қозғалатын құс. Олар ұяларын ағаштарға, ағаш қуыстарына салады. Жемін түнде аулайды. Тышқан сияқты кемірушілер, насекомдар, құстармен қоректенеді. Жапалақтардың тағы бір пайдасы, басқа жыртқыш құстар түнде ұйқыда болған кезде жемін аулайды.