Адренергиялық нейроциттер
Адренергиялық нейроциттер — қызметі симпатикалық жүйке жүйесі қызметіне сәйкес келетін гипоталамустын ортаңғы және артқы болімдеріндегі ішкінегіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядроларды құрайтын майда мультиполярлы (көпөсінділі) нейроциттер. Бұл нейроциттер гипофиздің безді болігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Адренергиялық нейроциттер өз кезегінде аденогипофиздің гормондар бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге және керісінше, аденогипофиздің гормондар бөлу қызметін баяулататын — статиндерге бөлінеді.