Қосымша еңбекақы төленетін төлем түрлері
Қосымша еңбекақы төленетін төлем түрлері
1. Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына есептеу және оны төлеу. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді.
2. Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Белгіленген заңдарға сәйкес жұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді.
3. Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы төленеді.
4. Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа төленетін төлем. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекетік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.
5. Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді.
6. Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін төлем. Бос орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес ол жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептеледі де, ол жұмысшыға немесе қызметкерге міндетін атқарып жүрген, яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.
7. Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем. Кәсіпорында кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін орындаған уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.
8. Жұмысшылармен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста болмайтын екі күніне еңбекақы рташа еңбекақы млшерінде төленеді.
9. Жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді.
10. Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем. Кәсіпорында өндірілген өнімдер жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз толық ақауғ қатарына жатқызылатын болса, онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге тариф бойыша белгіленген еңбекақысының 2/3 мөлшерінде еңбекақы төленеді.
11. Жұмысшылармен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді.
12. Жұмысшылармен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне еңбекақы төлеу. Кәсіпорында мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне, сағатына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді.
13. Жұмысшылармен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі. Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрыңғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешеімімен жұмыстан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына оташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді.
14. Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін жәрдем ақы төлеу. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыта мертіккен жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептеліп төленеді.