Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
1936 жылы венгр оқымыстысы Сент-Дъердьи зертгеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екенідігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам организміндегі ұқсас әрі өте жіңішке қан тамырлары — капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылуы байқалады.
Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштің қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.