Биотин /Н витамині/
Биотин /Н витамині/
XX ғасырдың басында түрлі жануарларға жүргізілген тәжіри-белер нәтижесінде, оларға белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі анықталды. Соның салдарынан адам мен жануарлардың тері ауруы — дерматит, экзема, серебрея дертіне шалдығатындығы белгілі болды. Серебрея латынша /сербум — тері, рео — бөлу, ағу/ деген мағынаны білдіреді. Бұл Н витамині /биотин/ жетіспеуінен екен.
1942 жылы Дю Виньо деген зертеуші биотиннің құрылысын тапты. Оның молекуласына көміртегі, сутегі, оттегі, азот және олармен қоса күкірт те енеді. Сондықтан да ол биотин деген атқа ие болды.