Ақшаның шығу тегі
Ақшаның шығу тегі. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну кұны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынаи мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша»‘.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-карсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 кұмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.)
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар кабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда — жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда — түйе; тундрада — бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр.
Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны — «мал ұстайтын орын» деп аталынды.
«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы қүндық. эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кас-сасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.2
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы акшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде » бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш андардын келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары беддіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты түрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны — қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса кымбат — қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында кызмет етеді. Олардың формасы дөнгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бүрынғы иесінің белгісін өшіріп,өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың күны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс акша ретінде пайдаланылды. ХҮП ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уакыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Бірак б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.