Инновацияның даму заңдылықтары
Инновацияның даму заңдылықтары
И. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады.
Технологиялық
Қолданбалы
Нарықтық сегменттеу
Ұйымдастырушылық
Бұл аспектілер келесі түрде сипаталады: технологиялық –жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық-кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа тұтыну топтарының пайда болуы, ұйымдастырушылық кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс-тәсілдері.
Мазмұны
1 Инновация алаңы
2 Технология
3 Жаңа өнім және жаңа нарықтар
4 Ұйымдық құрылым және менеджмент
5 Координаттар тепе-теңдігі мен кешендігі
Инновация алаңы
Ф. Янсен пікірінше, инновайциялық үдерісті инновация алаңы түрінде қарауға болады. Янсен ұсынып отырған тәсілдің қолтаңбалы мәні технология, қосымша шарттар, нарықтар және ұйымдастыру құрылымы бойынша біріктірі отырып инновация алаң аясында кәсіпорынды дараландыруға болады. Бір позициядан екіншісіне өту комнапняның инновациялық іс-әркет жасау арқасында инновация өз алдына бірегейлі және жаңа болып табылады. Ерег осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, рнда инновация траекториясы және жаңа болып табылады. Егер осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, онда инновация траекториясы пайда болады. Сонымен қатар бұл өткен траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы болуы да мүмкін.
Траекториядағы жағдайлардың өзгеру үрдісін инновациялық үдеріс деп сәйкестендіруге болады. Жаңартулар құрылуы мен дамуы белгілі бір заңдылықтарына бағынатынын айта кету керек. Осы заңдылықтарды білу жаңалықтарды тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңарту үрдістерінің бірыңғай зыңдылықтарға бағынуы нақты бір кәсіпорынның даму стратегиясын дайындау барысында стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады.
Ғылыми-техникалық дамуды жай ғана ғылыми –техникалық білімдерді іске асыру ретінде ғана емес, жаңартуларды құрастыру мен таратудың күрделі ықтималдық сипаттағы үрдіс ретінде қарау оның маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді-құраушы буындардың циклділігі, қозғалыстың бірқалыпсыздығын, даму кезеңдері, кешенділігі мен тепе-теңдігі, жаңартулардың «S» тәрізді түрленулері және т.б. Инновациялық даму заңдылықтарын жоғарыда қарастырылған инновациялық алаң координаттарына сүйене отырып келтірейік.
Технология
Технология, инновация құрудың негізі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады. Оның келесі негізі сипаттамаларын ажыратып қарастырайық.
Технологиялық құрылыстың кезектесіп алмасып отыруы. Әрбір уақыт сәтінде технология кеңістігі қоғамдық қайта жаңғырту циклін жалпылама қамтитын технологияның ерекше жаңа сапа тудыратын орнықты жиынтығын білдіреді. Оның ішінде өзіндік қағидасы, осы құрылыстағы технологияның жұмыс істеу тәсілі басым болады. Экономика қалыптасқан саралау қолданып жүрген бес технологиялық құрылыс және келешегі бар алтыншы құрылыс пайда болады:
a) Механикалық жүйелер
b) Буды пайдаланатын технологиялар
c) Электр энергиясын пайдаланатын технологиялар
d) Автоматтандыру және химияландыруға негізделген технологиялар
e) Биотехнология, компьютерлендіру мен электондау
f) Нанотехнология, гендік инженерия, мультимедиялық интербелсенді ақпараттық жүйелер
Қазіргі уақытта басымдыққа ие болып отырған бесінші құрылыс біртұтас жүйе ретінде 1950-1960 жылдардың құрылымдық дағдарыстан кейін дамыған елдерде экономикалық өсудің технологиялық негізін құрады. Бұл технологиялық құрылысты анықтау құрамдасына микроэкономиканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, есептеуіш техника мен ақпарат өңдеудің өндіріспен басқаруда үрдістерді автоматтандырудың, ғарыштық және оптика талшықтық байланыстағы жетістіктері кіреді. Аталған технологиялық құрылыстың экономикалық оңды әсер етудің уақыттың шегі ХХІ ғасырдың екінші он жылдығына келеді. Одан әрі берілген технология негізінде өсіп-өркендеу мүмкіндігі сарқылғанын білдіреді.
Технологияның негізгі көрсеткіші өсу шегіне жеткенде шешуші факторлардың орны ауысады. Бұрын өсімге жеткізген әдіс-амалдар ендігі жерде тиімсіз болмақ. Сонымен технологиялық үзілу сәті-бір технологиядан екіншісіне көшу кезеңі жақындайды. Логистикалық қисық сызықтар аралығында үзіліс пайда болған соң мүлдем жаңа білімдер негізінде жаңа қисық сызық тұрғызуылуы басталады.
Берілген технологияның шегіне жетуі басқа бір, тиімді жолмен мақсатқа жетуге болмайды деген сөз тумайды. Сол себепті, дамуда жаңа нәтижелерге қол жеткізетін технология таңдау арқылы басқару мүмкіндігі турады. Басқару білім жинақтауды, талдауды және шектерді анықтауды білдіреді. Ол бір үрдістен екіншісіне формальді «механикалық» түрде ауысуда емес, ол-жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырыпқол жеткізетін жоғары нәтижелік деңгейге шығаруда.
Жаңа өнім және жаңа нарықтар
«Инновация алаңында» «Қосымша»координатын сипаттай отырып, инновациялық түрдегі өнім өндірумен өзара байланысын айтып өту керек. Ғылыми-техникалық дамуды инновация дамуының заңды және ықтимал үрдісі ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін одан әрі бөлшектей келе екі субстанцияға келеміз:
технологияға-инновацияны жүзеге асырудың шынайы, материалдық ұйымдастыру түрі ретінде және
өнімге осы технологияның нәтижесі ретінде. Басқаша айтқанда, инновациялық даму жаңа технология мен өнімдердің пайда болуы мен таралуын сипатталады.
Технологиялық серпілістік өзгерісі жеке өнім түрлері ғана емес, тұтастай саланың құрып кетуіне әкеліп соғады. Инновациялық технологияның инновациялық өнім өндірумен өзара байланысы бойынша заңдылықтарының маңызы зор, себебі ең озық деген технология да экономикалық нәтижесі тек сапасы жоғары әрі тиімді өнім шығару арқылы ғана қол жеткізе алады. Инновациялық технологияның соңғы нәтижесі нақ осы шығарылған өнім арқылы анықталады. Бұл нәтиже жаңа технологияға көшуге байланысы болғаншығындарын ақтау үшін ол оң мәнге ие болуы қажет. Бірақ, кей жағдайда ол теріс мәнге тең болуы да мүмкін,онда жаңа қолданылған технология соңғы нәтиже ретіндеқосымша пайда әкелу орнына кәсіпкергезиян келтіруі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында технология мен өнімдердің біріккен біртұтас даму қажеттіліктің өзгеруін сипаттайтын өнімнің өмір сүру циклінде ( ООЦ) көрініс табады.Ол ендіру аясын тұтынушылық салаға ендіруді, өндірістің өсуін, өнімнің жетілуін, қажеттіліктің қанығуын оның төмендеуін қамтиды. Мұндай тәсіл жақын арадағы мақсаттар үшін жобаланған өнімді өндіру және сату қолайлы, бірақ тек әрекет тактикасын ғана анықтайды. Ал даму стратегиясын құру үшін инновациялық үдерістің барлық сатыларына таңдау арқылы жаңартуды басқару қажет.
Ұйымдық құрылым және менеджмент
Инновация менеджментінде жаңа әдіс- амалдарды дамытудықоса алғанда, инновациялық дамыту мен ұйымдық құрылымды үйлестіру маңызды заңдылық болып табылады. Оның мәні: технологиялық дамудағы сапалық өзгерістер шынайы түрде кәсіпорынның ұйымдық құрылымында, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың жаңа әдістерін қолдануды, қызметкерлердің төмендеу деңгейі және біліктілігін дамытуда өзгерістер туғызады. Инновациялық белсенділікті арттыру мәселесіншешуде кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдірудің рөлі ерекше болады.
Жаңа технологиялық құрылыстың негізін құрайтын технологиялық жиынтығы болатын ғылыми- технологиялық серпілістік даму әлеуетіне ие, инновациялық түрдегі барабар шаруашылық құрылымдар арқылы іске асырылатынын білдіреді.
Қазір инновациялық үдерістерді басқару ісінде тиісті білімі бар жаңа заман менеджерлері – инновациялық менеджерлер айрықша рөл атқаруы керек. Отандық ғылымның жинақталған инновация әлеуетін өнеркәсіптік ауқымда іске асыру қабілетсіздігі, ең алдымен, өнертабыстардың коммерциялық әлеуетін іске асыра алатын басқарушылардың жетіспеушілігінен болып отыр. Кәсіби менеджменттің жоқтығынан еліміз ғылыми кадрлар мен теңдесі жоқ, бірегей тәжірибесін жоғалтуда. Елде технологияны коммерциалдау және инновациялық кәсіпорындарды басқару жөніндегі инновациялық менеджер-мамандар даярлаудың кең ауқымды бағдарламасын жасап, оны іске асырудың кезі келді. Кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару үшін, бұл мамандар инновациялық дамудың жалпы заңдылықтарын біліп қана қоймай, соған қоса технологияны тарту мен сатып пайда табуды, зияткерлік меншігін қорғау және пайдалану, ұлттық жобаларды басқару, бизнес-жоспарлау, жаңа өнім мен технологиядан пайда табу маңызын (әлеуетін) болжау және бағалау мәселелері жөнінде қажетті білімі болуы шарт.
Координаттар тепе-теңдігі мен кешендігі
Сонымен, инновация жаңа технология ендіру, жаңа қосымшаларды пайдалану (жаңа өнімдер мен қызметтер), жаңа нарықтар құру және жаңа ұйымдастырушылық түрлерін қолданудың (менеджменттегі жаңа әдіс-амал) нәтижесі болуы мүмкін. Демек, инновацияны оқиға ретінде, бизнес әлемінде жаңа бір нәрсенің пайда болуы немесе бір жаңалық екіншісін тудыратын үдеріс ретінде қарастырға болады. Технологияда орын алған өзгерістер жаңа өнім пайда болуына әкелді, ол өз кезегінде, егер дұрыс та ұтымды пайдаланса, бизнес-үдерісті ұйымдастыру ісінде өзгерту енгізуді талап етеді. Ең соңында, жаңа өнімде жаңа нарық қалыптасып, дамуына алып келеді. Осылайша, инновация – бл оңашаланған оқиға емес, ол өзара байланысқан әр түрлі оқиғалардан құралған траектория. Көп жағдайда бұл – өзара әрекеттесіп, бір біріне ықпал ететін амал. Инновациялық іс-әрекет ғылыми, технологияның, ұйымдық, қаржылық, коммерциялық және өзге де іс-шаралар кешенінен тұрады және осы жинақтылығымен ол инновацияға әкелді.
рахмеееееееееет, коп-коп!!!!!!!!!!!!!!!!