Экономикалық тұрақсызыдық белгілері
Экономикалық тұрақсызыдық белгілері
Жұмыспен қамтамасыздық маңызды макроэкономикалық сипат. Ол жұмыспен қамтылған жұмысқа қабілетті адамдар саны. Жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысы жоқ адамдар жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар сомасы экономикадағы еңбек ресурсын (белсенді халық санын) құрайды. Жұмыссыздық түрлері:
1. Фрикциондық жұмыссыздық орын ауыстыру қажеттілігінің объективтілігімен байланысты;
2. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс орыны құрылымының жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуінен болады;
3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық құлдырауға байланысты жұмыссыздық.
Толық жұмысбастылық экономикада фрикционды және құрылымдық
жмыссыздар болса да орын алуы мүмкін.
Жұмыссыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/жұмыс күші *100%
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметік салдары болады: ЖҰӨнің потенциалды деңгейінен қалыс қалуы, әртүрлі әлеуметтік топтар арасында жұмыссыздық шығындары әркелкі таралады, жұмысшылардың квалификациясы жойылады.
Мемлекет еңбек рыногын үш бағытта реттей алады: еңбек биржалары арқылы жұмыссыз дарды қайта оқыту, еңбек қатынастарын құқықтық қамтамасыз етеді, жұмыссыздықтан зиян шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету.
Инфляция бағаның өсуінен көрінетін, ұлттық шаруашылықтағы пропорциялар мен сұранс ұсыныс арасындағы баланстың бұзылуы. Ашық және жасырын инфляция болуы мүмкін. Ашық инфляция бағаны қымбаттатады, жасырын инфляция товарлардың жоғалып кетуімен сипатталады.
Ашық инфляцияны төмендегідей жіктеуге болады:
1.Баға өсімі қарқынына қарай: баяу, секірмелі, гиперинфляция;
2.Товар топтары арасында бағалардың әркелкілігіне қарай: балансыланған, балансыланбаған;
3.Инфляцияның күтілуіне қарай: күтілген, күтілмеген инфляциялар болады.
Инфляцияның екі типі орын алуы мүмкін: сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясында сұраныс жағынан теңдік бұзылады, толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайында жиынтық сұраныстың артықшылығынан баға қымбаттайды. Ұсыныс инфляциясы шығын инфляциясы деп те аталады, баға өндіріс шығындарының өсуіне байланысты қымбаттайды.
Инфляция салдары әркелкі: Кейнс пікірінше, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, инвестициялау процесін жылдамдатады. Ақшаны көп шығару қатаң шектелген жалақы алатын адамдар жағдайын нашарлатады, жинақ азаяды; мемлекеттік жабық ақша конфискациясы жүргізіледі; кәсіпкерлік қызмет төмендейді, капитал өндіріс сферасынан айналым сферасына немесе шет елге ауысады.
Инфляцияға қарсы саясаттың екі бағыты бар: инфляцияға бейімделу, инфляцияны жою. Біріншісінде, бағаға бақылау жасау, индексация жүргізу шаралары қолданылады. Екіншісінде, жұмысыздықтың және экономикалық құлдырау есебінен инфляцияны төмендету шаралары (Филлипс қисығы: жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі бағаны қымбаттатады (жалақы өседі)).
Өндіріс стагнациясымен, жоғары жұмыссыздық пен баға деңгейімен қатар жүретін инфляция стагфляция деп аталады. Стагнация экономикалық өсімнің жоқ екендігін білдіреді.