Кесірткелердің қореқтенуі
Кесірткелердің қореқтенуі. Кесірткелер әр түрлі жануарлармен: жер бетінде тіршілік ететін ұсақ жануарлармен суда тіршілік ететін омыртқасыздармен қатар, ірі сүт қоректілерді де қорек етеді.
Көптеген түрлері өсімдікпен қоректенеді. Мысалы, кесірткелер насекомдармен, құрттармен және моллюскалармен тамақтанады. Оның кейбір түрлері (агамалар, игуандар) олардан баска өсімдіктерді де қорек етеді. Теңіз тасбақалары мен жыландары балықтармен қоректенеді. Сарыбас жыландар көптеген амфибилерді жояды, ал кейбір теңіз жыландары пеламидалар (Ріаmуdгиs) тек қана басаяқтң моллюскалармен қоректенеді. Ешкіемерлер және кейбір құрлықта тіршілік ететін жыландар ұсақ кемірушілерді, құстарды және рептилилерді азық етеді. Крокодилдер мен ірі жыландар ірі андарды да ұстап жейді. олардың адамдарға да шабуыл жасайтын кездері болады.
Рептилилердің ішінде нағыз өсімдік тектес азықпен қоректенетіндері қала тасбақасы. Олар кейде ұсақ жануарлармен де коректенеді. Көпшілігі су ішеді, тек қана шөлде тіршілік ететін түрлері суды жеген тамақтарынан алады.
Жемдерін іздеп табу және ұстау тәсілдері де түрліше болады. Кесірткелер мен кейбір жыландар, жер бетінде тіршілік ететін тасбақалар жемдерін көп жерді шарлап іздеп, тауып қо-ректенеді. Бірнеше сантиметр құмның астында жатқан, сцинкалар құмның үстінде жүрген қорек ететін жәндіктерін тез сезіп, астыңғы жағынан сүңгіп шығып, ұстап қоректенеді. Жыланның кейбір түрлері (айдаһарлар), крокодилдер мен су тасбақалары қорек ететін жануарларын аңдып тұрып секіріп барып ұстайды. Сол сияқты хамелеондар да жануарларды бұтаққа шығып, аңдып отырады. Олар өзіне жақын маңда ұшып, немесе жорғалап жүрген насекомдарды желімді, ұзын тілін аузынан тез шығарып ұстап жейді.
Рептилилердің барлығы да жемдерін ұсатпай бүтіндей жұ-тады. Тек қана крокодилдер мен тасбақалар жемдерін бөлшектеп жейді. Осы рептилилердің аузында екінші реттік сүйекті таңдай болады, ол тыныс алуға кедергі келтірмей, тамақтың кесегін ауызда ұстап түрады. Көптеген бауырымен жорғалаушылар қоректік заттарын шала өлтіріп қоректенеді. Тек қана ұлы жыландар мен айдаһарлар жәндіктерді өлтіріп жұтады.
Бауырымен жорғалаушылардың аштыққа өте төзімді бола- тыны белгілі. Мүндай қабілет тасбақалар мен айдаһарларда айқын байқалады. Мұндай биологиялық бейімделушілік қорек-тік заттарының әрқашанда тапшы болуының нәтижесінде пай-да болған. Ұзақ аштыққа шыдауды физиологиялық тұрғыдан, олардың, бір жегенде көп тамақ жеулерінен, тез семіруінен және аштық кезінде активтігінің өте төмен болуымен түсіндіруге болады. Кесірткелерде керісінше, көп қоректік заттарды жей алмайды және сондықтан көп уақыт аштыққа шыдамайды, тіршілік активтілігі де бір қалыпты болады.