Сауда
Сауда (көне орыс және көне славян тілінде торг — сауда жасалатын алаң, орын, базар)
материалдық және рухани игіліктерді иеліктен шығару және иемдену түріндегі сатып алу-сату әрекеті барысында меншіктенушінің ауысуы нысаны;
тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік нәтижелерінің айналымын, сатылуын ұйымдастыру жөніндегі шаруашылық қызмет аясы, яғни жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі; сатып алу-сату арқылы тауарларды өткізетін ұлттық шаруашылық саласы.
I ш к і сауда, с ы р т қ ы сауда, а у к ц и о н д ы қ сауда, б а с п а — б а с а й ы р б а с сауда, б и р ж а л ы қ сауда, к о м и с с и я л ы қ сауда, к о н с и г н а ц и я л ы қ сауда, ө т е м а қ ы л ы сауда, л и ц е н з и я л ы қ сауда (технологияларды пайдалану құқығын, ноу-хауды, патенттерді, өнертабыс лицензияларын мерзімге және сыйақыға беру), к ө т е р м е сауда (зани тұлғаларға не заңи тұлға құрмаған жеке тұлғаларға кәсіби қызметте пайдалану үшін кез келген тауарды түрін өзгертпестен қайта сату және сату), б ө л ш е к сауда (халыққа жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығында пайдалану үшін сату), х а л ы қ a р а л ы қ сауда, «к ө з г е к ө р і н б е й т і н» сауда (көрсетілетін қызметтердін көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттык, лизинплік, құрылыс, тағы басқа қызметтердің экспорты мен импорты), тағы басқа түрлерге бөлінеді.
Түсінікті