Валеология туралы реферат
Валеология туралы реферат
Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек. Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы эколо-гиямен, биологиямен, мсдицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдармсн тығыз байланыста болады. Жаңа интегральды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамып отырады.
Валеология — И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулар-дың алдын-алу. Денсаулық ең принципті проблема. Валеологияның пайда болуы, дамуы жәнс қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының медениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз? Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығымен бірге осіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын артгыруына көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың дснсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да медиктер айтар-лықтай үлес қосып келеді. «Мсдицина ғылымы кейбір ғалымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты’ етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина — ауру туралы ғылым (И. И. Брехман).
Медицинаның біржақты дамуы деп жазды И. Давыдовский және отандық ғалымдар жэне шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін медиктер байқады. Ағзаның қорғаныс қасисті ете күшті болатынын медиктер бідці. Міне осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, ол дами түсті. Саналогия дегеніміз — жалпы ілім — ағзаның ауруларға қарсы түру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез — ағзалардьщ айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімделулік мсханизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді. Одардың айтуларына қарағанда, санагенездің көптегең механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде қарқыңды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше түрлі дерттерге қарсы тұратыны туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалды.
И.И.Брехманның айтуына қарағанда, саналогия — ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылымы деп есептеуге болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған бірақ валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене түсті. Валеологиялық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін биология, экология, медицина, педагогика, физиология және тағы басқа ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеология ғылымыныд өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндсттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2) актуалдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3) денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.
Осы және басқадай моселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зертгеп, шешуғе болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық проблемаларды ойдағыдай шешуге болады.
Валеология — биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі неге байланысты екені өлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықталуы тиіс. Неше түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Оны аныктау қажет. Ғылымның бірімен-бірінің байланыстылығы адам денсаулығын күшсйтеді. Экология — айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін өсерін анықтайды. Ал физиология — ағзада өтетін физиологиялық үрдстерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаның этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Медиктер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме ретіңде саналады. Жас жеткіншекгерді аурудан сақтандыру тек медиктердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтарда қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін. Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болуы керек.
Қорыта келе айтарымыз, валеологая денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру салты ғылымы. Бұл терминді алғаш рет 1987 жылы
И. И. Брехман биология және медицина ғылымдарына енгізгенін біз жоғарыда айтқанбыз. И. И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазды «Адам және биологиялық белсенді заттар» атты кітабында валеология терминін алғаш рет қолданған болатын. Дәрігер С.Фуллер «Адам және биологиялық белсенді заттар» деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған кезде, ол кітаптың алғы сөзінде «валеология — денсаулық сақтау ғылымы деп жазды. Қазіргі кезде валеология өз алдына дара ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол адамдардың денсаулығын қамтамасыз ететін ғылым.
Бұл ғылымнын. нсгізін адам денсаулығы мен дені сау адам құрайды деп И.И.Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін қарастырады. Сондай-ақ, биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерінде анықтайды. Адамның үшінші жағдайда болуын да тексереді. Адамның «үшінші жағдайы» ұзақ мерзімге кететін биологиялық құбылыс.
Адамды «үшінші» жағдайдан шығару үшін валеология айтарлықтай роль атқарады. Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.