Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
Валеологиялық жаттығуларды жүргізу үшін ең алдымен дәрігерлердің тексерулерінен өту керек. Албаты қалай болса, солай өзім білем деушілікке салынып валеологиялық жаттығуларды жүргізбеу керек, кім білсін, валеологиялық жаттығулар балалар ағзасына не әкелетінін.
Әдетте, валеологиялық жаттығулар жүрек қызметіне қарай, оның соғу, және жиырылу мүмкіншіліктеріне қарай жүргізілу керск екендігін валеолог-медик (X. Қ. Сатпаева және т.б.) ұйғарады.
Валеологиялық жүктемесін жүзеге асыру шағында жүрек жиырылады 120-140 болса, ол жүмыс түгелінен аэробты
(оттекпен тыныс алу) болғаны яғни оттекке қажеттілік деген сезім толығымен қамтамасыз етіледі. Балалар денсаулығы үшін оттек өте қажет фактордың қазіргі экологиялық жағдайлардың бұзылуы кезінде экологиялық таза оттекті табу оңай шаруа емес екендігі байқалып отыр. Әуеде оттектің қоры жыл өткен сайын азая түсіп, оның орнына кеміртек көбейе түсуде. Өйткені жер шары бойынша автомобильдер көбейе түсуде. Қазіргі кезде жер шары бойынша 200-300 миллион автомашиналар бар. Басқаны қойып біздің оңтүстік астанамыз Алматыны алайық, қаншама автомобильдер бар. Олар жанармай (бензинді) пайдаланғанда қанша көмір қышқыл газын (СО2) әуеге бөліп шығарады десеңізші, сондай-ақ зауыт, фабрикалар және басқадай өндіріс орындары биогенді заттарды (таскөмір, мұнай, газ, жанатын шымтезек, сланец) отқа жаққанда қаншама көмірқышқыл газы ауаға келіп қосылып отыратынын есептеп шығу мүмкін емес.
Валеологиялық жаттығу кезінде жүрек жиырылысы бір минутте 140-170-ке дейін соқса (Х.Қ.Сатпаева және т.б.) онда бұл аралас аэробты (оттекті) жәнс анаэробты (оттексіз) режим болғаны. Ол дайындығы жақсы, дені сау балаларға, спортпен шұғылдаматындарға, тіпті ересек адамдарға жасы 60-70-ке келгендерге қолданылатынын Х.Қ.Сатпаева және т.б. айтады. Кім білісін жұмыс дұрыс па, бұрыс па екеніи, өйткені олар да арнаулы түрде валеологиялық эксперимент жүргізбеген дәрігерлерге ұқсайды. Педагогикалық тұрғыдан валеологиялық жаттығудардың нәтижесін төмен, орта және жоғары деңгейлерін көрсетпейді.
Валеологиялық жаттығу уақытында жүрек жиырылысының жиілігі бір минутта 170-іен аспауы керек деп Х.Қ.Сатпаева және т.б. дөрігерлер үйғарады. Ал жүрек жиырылуы 170-тен асып кетсе, онда ағза анаэробты жағдайда болғаны. Ағза оттекке өте мұқтаж болады. Дер кезінде оттек берілмесе, ағза бірнеше өзгерістерге
ұшырайды.
Валеологиялық жатгығуларды бірден бастап кетпей, біртіндеп өткізу керек. Бұл кезде мұғалім өзі балаларға үлкен көмекші ретінде саналады. Ол дәрігерлерге белсенділік көрсетеді. Өйткені барлық мұғалімдер мектеп гигиенасынан жоғары оқу орынынан дәріс алады.Медицинадан аз да болса хабары болады. Өйткені оқушылар арасында жүріп, оқушыларға бірінші жедел медициналық көмек көрсетуге олардың педагог ретінде құқығы бар. Жүрегі жиырылуы жиілігінің өсуіне сөйкес месталалық қан көлемі артады, ол өзінің ең үлкен өлшеміне пульс 130-болғанда жетеді деп жазады Х.Қ.Сатпаева жөне т.б. авторлар өздерінің «Валеология» атты еңбегінде, Алматы, 1999.
Дайындығы төтенше дамыған денсаулығы күшті, дәрігерлердің бақылауында болған спортшылардағы қан айналымының дұрыс өтуіне байланысты. Бұдан шығатын жағдай мен қорытынды жаңа валеологиялық жаттығуларының басталуы 1-ші режимдс өтуі керек, яғни жүрек соғысы 120-140 шамасында болуы қажет.
Валеологиялық дене шынықтыруды бастаушы — оқушы ең алдымен өз ағзасының валеологиялық жаттығу деңгейін білуі керек. Осыдан шығатын қорытынды «өзінді өзің тани аласың ба?» деген қағида бар. Адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер әр қашанда өзін-өзі тани білмейді. Өйткені ол өте қиын психологиялық үрдіс. Валеолог-дәрігерлердің (Х.Қ.Сатпаева және т.б. басқа дәрігерлердің) жүргізген зерттеулерінің қорытындыларына қарағанда, дене жүктемелері, олардың қуаты бойынша мүмкін болу шектің 50-60 % құрайтын болса, онда жүрек ағзасының қорғаныс қабілетін және гормондық әсерін демеп ұшқырлайды. Ал валеологиялық жүктсме 60-85 %-тік жағдайда болса, онда бұл функцияның төмен түсуіне әкеп соқтырады. Демек, белсенді валеологиялық қозғалыс режимінің негізін өлшенілген мөлшерде валеологиялық дене шынықтыру жаттығу-ларын жүргізе беруге байланысты айқындала түседі. Оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерінде пайдалануға болады. Егер оқушы табиғи қалып жағдайыңыз бойынша төмен болса, онда валеологиялық жаттығуларды 30-40 минуттан артық жасатпау керек. Жүрек қызметінің соғуы 140 аспауы керек. Валеологиялық жаттығуларды оқушылардың психологиялық жағдайына жене физиологиялық мүмкіншідіктерінс қарай жүргізіп отыру керек. Аіітасына 2-3, немссе 3-4 рет валеологкялық жаттығуларды жасау керек.