Инфляция, Қазақстандағы ерекшеліктері
Инфляция, Қазақстандағы ерекшеліктері. Инфляция — коғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады.
Ұзақ мерзімді болшақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
50 Ақша, несие, банктер
«Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865 жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты денгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен, ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шы-ғындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сакталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшак болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтык қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) жатады.
Ол үй шаруашылығының «тұтыну қоржынына» жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 ж. бастап анықталды. «Тұтыну қоржыны» 275 тауарлар мен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зертеу нәтижесінен келіп «тұтыну қоржынындағы» тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері -62,6% (бүрынғасы — 58,2% болған), азақ-түлік емес тауарлар — 23,2% (30%); ақылы қызмет — 14,2% (11,8%).
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады: глобалдығына қарай — локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай — төмен, бәсең, гиперинфляция және супергиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5%-дан аспайтын болса; циклдігіне қарай — жылжымалы ( бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты, сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис-монетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс -инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляциянын өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы — 216% және 160% кұрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде
52 Ақша, несие, банктер
Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30—40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.