Қаржы функциялары
Қаржы функциялары. Қаржының мәні болу қатынастарының ерекше саласы ретінде бөлу функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асырылып және әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті к.аржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі табылады.
Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатынасушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке түлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материальдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлык саласында жүреді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың, жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейін қамтиды. Қаржылық бөлуге шаруашылық ішілік, салаішілік, салааралық, аумақаралық бөлудің әр түрін тудыратын көпсатылық тән.
Қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты. Каржылар ұдайы өндіріс үдерісінің, жалпы және жекеленген фазаларын сандық түрде көрсету қасиетіне ие. Қаржы олардың қоғамдық ұдайы өндірісте алатын орны туралы мәселемен алмастырылады, себебі бұлар әр турлі мәселелер болса да, бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты. Әрине, қаржылар коғамдык ұдайы өндірісте елеулі рөлге ие, олардың көмегімен өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы құндылык пропорциялар реттелуі мүмкін және т.б. Бірақ қаржының бөлгіштік қасиетін жақтаушылар қаржыны ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңіне қызмет ету барысында пайда болады дәл есептемейді, керісінше оларды қаржының арнайы қоғамдық белгіленуімен байланыстырады. Және қаржыға үш функция тән деп есептейді: ақша қорларын қалыптастыру, ақша қорларын пайдалану және бақылау. Бірақ алғашқы екеуі бөлгіштік функциясының жүзеге асырылу механизмі ретінде айқындалады. Даулы мәселелердің туындауы қаржының функциясының мәні туралы теориялық мәселелерді шешуді міндеттейді. Қаржының экономикалық табиғаты мен оларға тән қасиеттерін тереңірек игеру оны практикада ең тиімді жолдармен колдануға, экономиканы қаржылық сауықтыруға және қаржылық байланыс жуйесін жетілдіруге бағытталған шараларды ғылыми түрде негіздеуге мүмкіндік береді.