Қаржы түсінігі
Қаржы түсінігі оның пайда болу алғы шарттары
Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.
Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.
Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатты және субъектілерге өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.
Ақша қаражаттарының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші кезендерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.
Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.
Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңіңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы — бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.
Ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші кезеңінде негізінен айырбас операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды кажетсінеді және мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның механизмі қызмет жасайды.
Қаржы қатынастары қатынасатын бастапқы сала болып жиынтық қоғамдық өнім құнының алғашқы бөлу үдерісі саналады, ол келесідей элементтерден түрады:
С — өндіріс құрал-жабдықтарының шығындалған құны;
V — еңбек ақы; М — қосымша өнім.
Мүнда ақшалай табыстар мен жинақтардың әр түрлі нысандарының құрылуы байқалады. Құн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлініп оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: қаржы — бұл мемлекет пен шаруашылык, жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қогамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісіне пайдалануеа байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық, байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша катынастары. Қаржының кызмет етуінің шарты болып акшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік болып танылады.