Дене шыңықтыру
Дене шыңықтыру
Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзінің денесін сауықтыру үшін жәнс ғұмырын ұзарту үшін, көптеген тәсілдерді пайдаланды. Денені шынықтыру үшін, өте күшті бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын элексирді де ішті, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түсті.
Новокаин да денесіне ине (шприц) арқылы жіберді, жануарлардың жыныс мүшелерін қоздыратын бездерді де денелеріне тарытты, дененің сыртында (теріде) пайда болатын электр зарядтарын кетіру үшін суға түсіп шомылған, магниттік даланы да пайдаланған. Мұның бәрін қазіргі заманның адамдары да пайдаланып келсді. Бірақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткені байқалмады. Адамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бір ғана фактор бар. Ол белсенді түрде жүргізілген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрі-дәрмектсрді салыстыруға болмайды. Дәрі-дәрмектерді ішудін, қажеті болмай қалады. Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғұмыры ұзара түсетіні ғылыми тұрғыдан да және практика жүзінен де дәлелденді.
Дене жаттығуларының есерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Еғер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейе түседі. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюын ыңғайлайды, Сондай-ақ, бұлшык еттерждің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерінен өзгереді. Бұлшық еттердің созылуы арта түседі. Тонусы күшейеді. Қан айналымы және бұлшық еттердің микро-және макро элементтермен қоректенуі күшейе түседі. Денсаулық күшейіп, ғұмыр сүру артады. Мұның бәрі өмір тәжірибелерінен алынған қағида.
Дсне жаттығуларымсн айналысқан шақта, көптеген қан жүретін түтікшелер (капиллярлар) кеңейіп, қан жақсы айналым жасайды. Каппиллярдың саны мен сапасы артады. Өйткені жаңадан капиллярлар тузіледі. Әсіресе мидың қан жүретін капиллярлі кеңейіп, қан айналымы күшейеді. Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметін атқарады. Бас ауырмайды. Ұлы физиолог И.М.Сеченов ми дамуы үрдісінде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенін талай рет көрсеткен болатын.
Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі. Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе, соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарады. Денешынықтырумен, спортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын, қолқа тамырға (аортаға) 60-мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен (қарынның басынан) лықсып шығаратын болса, белсенді қимыл жасап жаттыққан адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150 мл (миллилитр) қанды ығыстырып денеге таратып тұрады. Физкультура жаттығуларымен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде небәрі жүрек 50-60 рет қана жиырылады. Ал үнемі жаттығулармен шұғылданатын спортшыларда пульс 30-40-тан аспайды. Қорыта айтқанда, физкультурамен шұғылданып жаттыққан адамдардың жүрегі әр систола деп аталатын құбылыста медициналық термин қанды денеге көп таратып тұрады. Жаттыққан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды. Денсаулығы жақсарып, ғұмыры ұзара түседі. Ол өмір қағидасы.
Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады. Қабырға араларында еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді. Денедегі шеміршектердің икемділігін арттырады. Дем алудың минуттік көлемі қалыпты жағдайда 8-10 литр мөлшерінде, ал тәулігінде адам өкпесі 12-15 мың литр оттекті қабылдайды. Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160 литр ауа жұтады.
Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатыны сөзсіз. Зәр шығару үрдісі көбейе түседі. Қан айналымы, зат алмасу күшейеді. Денсаулық артады, ғұмыр ұзаратыны сөзсіз.
Дене жаттығулары жамбас қуысына қанның іркіліп қалмауын үдетеді, геморроймен ауыратын адамдар мүлдем жазылып кетеді.
Қандай да болмасын, дене жүктемесі — склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамдардың психикасына да үлкен өсерін тигізетіні өмір тәжірибесінен белгілі. Адамның психикасы жақсарғаннан кейін, оның жүйке жүйссінің күш-жігері артады. Ішкі сілкініс (эндокринная железа) бездерінің жақсы жүмыс істеуіне мүмкіншілік тудырады. Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді. Дене шынықтырумем айналысуды бастайтындар үшін, көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтыру жүріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастика және тыныс алу жаттығулары.