Адам және валеология
Адам және валеология
Адамның пайда болуын және оның мүшелерін білмейінше валеологияны білу мүмкін емес. Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ғылымдарының негізі деп есептелінеді.
Бұларды білмейінше сау жәнс ауру адамның денесінде болатын өзгерістерді байқауға болмайды. Ал оны түсінбейінше сырқаттың неден болатынын білу, оны емдеу және одан сақтандырудың жольш табу өте қиын.
Адам — биосферадағы тірі ағзалар ішіндегі ең ақылдысы. Адам сүт псн қоректенетін жануарларға, оның ішінде примат отрядына жатады. Бұл отрядқа маймылдар мен шала маймылдар кіреді. Адамның өзіне тән морфологиялық белгілері: оның екі аяғымен тік жүруі. Қолының жұмысқа икемділігі. Ми қүрылысының күрделі және салмақты болуы. Сөйлеу аппаратының жақсы жетілуі. Адамның арғы тегі бұдан бір миллионнан астам жыл бұрын Олуован шатқалында (Шығыс Африкада) өмір сүрген зинджаптроптардан шықкан деседі.
Адамдардың пайда болуы туралы биология ғылымында екі түрлі көзқарас бар екенін айтпай кетуге болмайды. Оның біршшісі идеалистік, екіншісі — материалистік көзқарас (бағыт).
Идеалистер — адамды құдай жаратты деп түсіндірсді. Олардың көзқарасы бойынша адамның барлық іс-әрекеті құдайдың құдіретіне байланысты. Адам апатқа ұшыраса не өліп қалса, осының барлығы құдайдың жазуы деп түсіндіреді. Материалистер — адам еңбек ету үрдісінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан ғой деп жорамалдайды. Адамның жануарлардан бөлініп шығуына негізгі себеп болған — еңбек. Көне заманда тіршілік еткен жабайы адамдар өздеріне қажетті еңбек құралдарын жасай білген. Еңбек адамға тіл бітуіне, оның сана-сезімінің оянуына және бірігіп жүріп тіршілік етуіне жол ашты. Ф.Энгельстің айтуынша, «Ол — бүкіл
адамзат емірінің бірінші негізгі шарты, оның үстіне біз белгілі мағынада адамның езін жасаған еңбек деп айтуға тиіспіз».
XIX ғасырдағы табиғат зерттеуші ғалым-биологтар, әсіресе ұлы биолог-ғалым Чарлз Дарвин (1809-1882) адамдардың арғы шықкан тегі маймылдар ден түсіндірді. Өзінің еңбегінде түрлердің табиғи сұрыпталуыдың әсерінен болатынын анықтады. Ч.Дарвин теориясы биология ғылымында нағыз төңкеріс жасады. Дегенмен Ч.Дарвинпің теориясы қазіргі кездегі жаратылыстану гылымдарының ащқан жаңалықтарына қарама-қайшы келетіні байқалып отыр. Адамның маймылдарға қарағанда көптеген ерекшеліктері бар екені айқындала түсуде.
Адамның алғаш пайда болуы 4-дәуірдің әуелгі кезеңі, кейде 3-дәуірлердің арасы, яғни бұдан. 2,5-3 миллион жыл бұрын деп болжам айтылады. Ал кейбір ғалымдар 5 миллион жыл бұрын адамзат баласы пайда болған деп топшылайды. Адам тәріздес маймылдардың ішінде адамға көбірек ұқсайтындары -Африкадағы шимпанзе мен горилла. Бұл екеуінің маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдану түрі, окпесінің үлестерге бөлінуі адамдыкінен айнымайды. Алайда мүның бөрі қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан да қазірғі маймылдардың бірде-бірі адам тегіне жатпайды.
Адам өз алдына «гоминид» (латын сезі ‘ һоте — адам) тұқымдасы деп аталады. Гоминид тегіне дриопитек пен австралопитек жатады. Олардың сүйектері Азия мен Африканың көптеген аймақтарынан зерттеуші ғалымдар (антропологтар) тауып алған. Бұлардан кейінірек тіршілік еткен көне замандағы адамдардың қатарына питекантроп (Ява аралында, Индонезия), синанитроп (қытайлық адам, қытайда), атланитрои (Африкада), Гендильберг адамы (Германияда) табылған. Олардың ми құрылысы өте қарқынды дамыған. Мұндай өзгерістер адамдардың барлық ағзаларында болған. Оған Европаның, Африканың, Азияның жерлерін мекендеген неандерталдардың көптеғен сүйектері дәлел бола алады. Бірнешс мындаған жыл өткеннен кейін бұлардан кейін кроманьондар өмір сүргені байқалады. Бұл биология ғылымында һоте sарiепis (саналы адам) немесе адамның жаңа түрі деп аталады. Бұлардың жасаған еңбек құралдары өте күрделі болған. Осы кезден бастап нәсілдік белгілер орын ала бастаған. Адамдар әр түрлі материктерге тарап тірщілік ете бастаған. Адамдар өзі тіршілік еткен жерлердің ыстық-суығына, шөлге т.б. тұрмыс жағдайларына бейімделіне түсті. Осыған орай әр түрлі әдет-ғүрып, дәстүрлер дамыды. Соның нәтижесінде адамның сыртқы бейнесі өзгеріп, әр жерде түрлі нәсілдср пайда больш, олар қалыптаса түсті. Биосферадағы адамдардың барлығы биология ғылымдарының анықтауына карағанда бір түрге жатады да бірнеше нәсілге (негізінен үш немесе бес) бөлінеді. Олар: европеидтер, монголоидтар, экваторлықтар. Нәсілдер бір-бірінен сыртқы белгілері: — терісінін, түсі, шашы, көзі, бет-бейнесі, бойы, бас құрылысы т.б. арқылы ажыратылады.
Адам-ата-ислам дінінің аңызы бойынша, Алла-Тағала жаратқан ең алғашқы адам, адамзат баласының атасы. Адам-ата жалғызсырамасын деп Алла Тағала кейін Хауа ананы жаратқан деп топшылайды. Екеуі жүмақта тіршілік еткен — Алла Тағаланың айтқанын орындамай күнәкар боп, олар жүмақтан қуылған. Содан былай еңбекпен тіршілік етуге тиіс болған. Адам-ата туралы аңыз Қасиетті құранға буда, христиан діні мифологисы арқылы кірген. Биология ғылымдары бұл аңыздардың ешбір ғылыми неғізі жоқ екенін ежелден дәлелдеген болатыи. Адамның алғашқы шыққан жері ғылымда әлі нақты анықталмаған.