Комерциялық банктердің ивестициялық қызметтері
Комерциялық банктердің ивестициялық қызметтері. Инвестиция дегеніміз — бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу.
Тікелей инвестиция — бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, кұрал-жабдыктарды сатып алу және әлеуметтік, өнідірістік сипатағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық зандармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.
Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқада пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары — жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.
Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай каражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен колданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде акша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде — несие берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несиелік мәміле ңақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Қоммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты — қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар — бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылык құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) жэне коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияңың массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).
Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар — белгілі бір бағалы қағаздардың сатылу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.
Олар өздерінін. айнылысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмипентке қайтарылуы мүмкін.
Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Мәлімдеуші бағалы қағаздар — бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Ордерлік бағалы қағаздар — оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.
Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.
Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемле-кеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міңдеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынадай кұрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде — департамент немесе басқарма, орташалары мен кішілерінде — инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банқтің инвестициялық саясатын банқ есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынща жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомоствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар қозғалысы — акцияларды сату немесе қарыз беру — бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа — бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа — бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы кағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қо-сымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.
Бағалы қағаздар нарығы — бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және қапитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта
төмендеп тұр. Жалпы айтқанда Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.
Банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың) эмитенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді.
Акцияларды орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған жоғары бағасы, алғашқы шығарылған акциялардың, номиналдық құнсызданумен байланысты иелерінің инфляциялық шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция қарқынын компенсациялауды жүзеге асырмайды. Ірі банктердің акцияларының бағамы тіпті екі номиналдан аспаған.
Акция ұстаушылардың мүдделерін қорғау банкі активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай-ақ бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған. Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақыланады.
Ал депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ сертификаттардың екінші реттік айналысы іс жүзінде дамымасада, алғашқы орналастыру шегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.
Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы — ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды
жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы — алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.