Карп тәрізділер
Карп тәрізділер
Майшабақтар сияқты карп тәрізділерде қарапайым құры лысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бірақ та бұлардың бас сүйектерінің сүйектенуі майшабақтардан гөрі жақсырақ дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады.
Ішкі кұлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер системасы веберов аппараты болады. Бұлар көбіне тұщы суды мекендейді. Олардың өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі (плотва, язь, линь, карас, табан балық) мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері (вобла, таран, кутум) көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп (Сургіпіdае), жайын (Sіlигіdае).
Карптердің жақ сүйектерінде тістері болмайды, жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларына орналасқан. Ол тістерімен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар біздің тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиі кездесетін балықтар тобы. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва (RutіІиз гиtiиs), өткінші Қара теңіздің тарандар (R. г. һаесkеlі), өзенді мекендейтін қоқын балық (Lеисіsсиs idиs), өткінші Еділ-Касний трандары (АЬгаmіз Ьгаmа), сазан (Сиргіпиs сагріо), табанбалық (Сагаssіиз сагаssiuз), қарабалықтар (Тіпса tіпса) және тағы басқа түрлері жатады.
Карп балықтарының етінің дәмі лосось балықтарының етінің дәмінен нашар болса да, көп мөлшерде болып кенінен таралуы оларды кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатқызады.
Жайын (Sііигіdіае) тұқымдасы — тісі жоқ, нағыз қабыршағы болмайтын жыртқыш балықтар. Бізде теңіз жағалауларын және Отанымыздың оңтүстік өзендерін мекендейтін екі түрі белгілі. Ең ірілерінің салмағы 250—300 кг болады.