Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдін құрамындағы республика-ларда, автономиялы облыстарда тұрады. Олар: қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түркімен, чуваш, карақалпақ, татар, башқұрт, якут, тува, хакас, алтай, құмық, карашай-балқар, гагауз, түрік, үйғыр, т. б.
Түркі тілінде сөйлейтін халыктардың біразы Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерлерде де тұрады.
Қазак тілі — Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Қытай, Ауғанстан, Монғолия, т. б.) де тұратын қазақтардың ана тілі.
Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындық-тары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жакындары — ноғай, қарақалпақ, қарашай-балқар, қырғыз, татар, башкұрт, құмық тілдері. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық (дыбыстық) жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.
Сондай-ақ сөздердің септелуіңде, тәуелденуінде, көптелуінде,
жіктелуінде де ұқсастықтар бар.
Түркі тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын да білген жөн.
Қазақ тіліне тән мына сияқты ерекшеліктерді байқауға болады:
1) басқа түркі тілдерінде сөз басында «й» келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады: йаш-жас, йол — жол, йаз — жаз, йыл — жыл, йоқ — жоқ, т. б.
2) басқа түркі тілдеріндегі ш дыбысы қазақ тілінде с, ал ч дыбысы ш дыбысына ауысады: аш — ас, таш — тас, ич — іш, куч — күш т. б.;
3) дыбыс үндестігінің ілгеріңді ықпал заңдылығы бойынша қазақ тіліндегі қосымшалардын қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын бірнеше түрлері басқа түркі тілдерінде бола бермейді. Мысалы: қазақ тілінде сөзге ат-тар, қыз-дар, жас-тың, қыз-дың, бала-лар, бала-ның, көш-тер, кеш-тің болып қосымша жалғанса, өзге түркі тілдерінде, негізінен, олар былай қолданы-лады: ат-лар, йаш-ниң, қыз-ниң, бала-лар, бала-ниң, көч-лер т. б.
Осы тәрізді ерекшеліктерді аңғару үшін 1, 2, 3-кестеге назар аударыңыз.
1-кесте.
Тілдер | ||||
қазақ | тістер | қолдар | отыз | отыр |
ногай | тислер | қоллар | отыз | олтыр |
қарақалпақ | тислер | қоллар | отыз | отыр |
қүмық | тишлер | кьоллар | отуз | олтур |
татар | тешләр | куллар | утыз | олтур |
башқурт | тештәр | қулдар | утыз | утыр |
взбек | тишлар | кұллар | ұттыз | ултыр |
Уйгыр | тишләр | қоллар | оттуз | утир |
хакас | тістер | холлар | отыс | одыр |
түрік | дишлер | коллар | отуз | отур |
әзірбайжан | дишләр | голлар | отуз | отур |
қырғыз | тыштер | қолдар | отуз | отур |