Балықтардың кәсіптік маңызы
Балықтардың кәсіптік маңызы
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн, тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.
СССР-дегі кәсіптік балықтардың негізгі группалары. СССР-дің фаунасы мен оған шектесіп жатқан дүние жүзі мұхиттарында 1000-ға тарта балықтын гүрі кездеседі, оның 30 процентке жуығының кәсіптік маңызы бар. Балық аулау өнеркәсібінің дамуына байланысты олардың санының артатыны күмәнсіз.
Қазір көбірек ауланатын балықтарға; нәлім тәрізділер мен май шабақтар жатады. Бүкіл ауланатын баіықтың 25—30% осы балықтардан түрады. Нәлім тәрізділерден Баренцево теңізі мен оған шектесіп жатқан теңіздерден ауланатын нәлімді жатқызуға болады Сонымен қатар бұл жерден навага да ауланады.
Май шабақтардан жиі ауланатыны мұхиттық май шабақ. Олар Охот, Берингово теңіздсрінен ауланады.
Қара және Каспий теңізінің май шабақтарының да үлкен маңызы бар. Олардың көпшілігі өзенге уылдырық шашатын өткінші балықтар. Сол сияқты Қара теңізбен Балық теңізіндегі шпроталармен, Каспий мен Қара теңізден ауланатын килькалардың да алатын орны ерекше.
Кәсіптік маңызы жағынан келесі орында тұрған карптар (шамамен 20%). Негізгі кәсіптік түрлеріне Қара, Арал,
Азов, Қаспий, Ақ, Балтық теңіздерінен ауланатын — табан балық, Арал мен Қаспий теңізінен ауланатын — суген (усач), Қара, Каспий, Арал теңіздеріндегі — сазан, Амур су қоймасынан ауланатын — толстолоб т. б. балықтар жатады.
Лосось тәрізділердің казір кәсіптік маңызы айтарлықтай емес. Ол біріншіден — ертеде Қиыр Шығыста көптеп кездесетін (кета, горбуша, нерка т. б.) түрлерінің санының қауырт азайып кетуіне және жалпы балық аулаудың шектен тыс артып кетуіне байланысты. Балық аулауда айтарлықтай үлесі бар балықтар тұщы су лососьтары, сигалар, хариустар тағы басқа балықтар., Қазіргі кездетұщы су балықтарын жерсіндіруде, өткінші лососьтарды қолдан өсіруде бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Камбала тұқымдастары СССР бойынша ауланатын балық-тардың 5 проценттейін кұрайды. Оны аулау тәсілі әлі жетілді-рілмеген. Қазір Қиыр Шығыс, Европалық Солтүстік, Қара теңіздерден ауланады.
Бекіре тұқымдастарының өзіндік кәсіптік маңызы бар. Өте аз ауланады. Бірақ олардан алынатын өнім өте жоғары сапалы болғандықтан бұл балықтарға ерекше мән береді. Қазіргі кезде бұл балықтарды қолдан көбейтуде қызу шаралар қолданылуда.
Жоғарыда көрсетілген балықтардан басқа айтарлықтай маңызы бар балықтарға Қара, Каспий, солтүстік теңіздерінен ауланатын көксерке, Баренцево, Қиыр Шығыс теңіздерінен аула-натын теңіз алабұғасы, Қара теңізден — ставрида, Азов теңізінен ауланатын кефальдар жатады.
СССР-дегі балық аулайтын аудандар. СССР-дегі балық ауланатын суларымызды негізгі төрт ауданға бөлеміз:
1. Оңтүстік теңіздер — Каспий, Азов, Қара теңіз және Арал теңізі. Бұлар СССР-дің негізгі балық аулайтын су қоймалары. СССР-де ауланатын балықтын, (салмағы есебінен) жартысы осы аудандардан ауланады. Бұлардың ішінде Каспий теңізі балық аулау жөнінен бүкіл дүние жүзінде бірінші орьш алады. Каспий теңізінде балықтардың өсуіне және көбеюіне өте қолайлы жағдайлар көп. Балықтардың қоректік заттары жеткілікті, сол сияқты Еділдің сағасы олардың уылдырық шашуы-на қолайлы алаңдардан кұралған. Каспий теңізінің солтүстігіндегі тайыз бөлімінде өткінші балықтар (бекірелер, майшабақтар) және жартылай өткінші балықтардың көпшілігі (көксерке, сазан, табан балық, қаракөз) уылдырығын шашады, әрі жайы-лып семіреді.
Азов теңізі Совет Одағындағы ұсак теңіздердің қатарына жатса да (көлем жөнінен Каспий теңізінен 10 есе кіші болса да) балық аулау жөнінен екінші орында және СССР-де ауланатын балықтың 20 проценті осы Азов теңізінен ұсталады. Өйткені Азов теңізіне Дон мен Кубань өзендерінен балықтарга қажет қоректік заттар көптеп ағып келеді. Азов теңізінен ауланатын балықтың жартысы өзендерге шығын уылдырығын шашатын өткінші және жартылай өткінші балықтар — бекірелер, карптар, көксеркелер т. басқалар. Азов теңізінен бүкіл СССР-де ауланатын — бекіре балықтардың төрттен бірі, көксеркенің жартысы ауланады.
Қара теңіз — көлемі жөнінен Каспий теңізімен тең түскені-мен балық аулау жөнінен анағұрлым төмен тұрады. Қара теңіз балықтарының көпшілігі таза теңіз балықтары — кефальдар
Mugil серһаlиз), хамсалар, скумбриялар (SсоmЬгісidае), пела-мидалар (Sагdа sагdа) және камбала (Рlаtеssа рlаtеssа). Бұ-лардың ішіндегі көбірек ауланатыны кефальдар болып сана-лады.
Арал теңізі — Кара теңізден бірнеше есе кіші болса да, балық аулау жөнінен әлдеқайда басым болады. Бұл теңіздің негізгі кәсіптік маңызы бар балықтары сазан (Сургіпиs сагріо), тран {R. г, һаесkelі), сүген (АЬгаmіз Ьгаmа) және түкті бальщтар (Rаjа сlаvаtа) болып саналады.
Балқаш көліиің көлемі кіші болғанымен, балық аулау жөнінен үлкен маңызы бар. Қәсіптік маңызы бар балықтардан: сазан, Балқаш алабүгасы (Регса fІаvіаtilіз), маринка (Sсһі-zоtһогах) және т. б. балықтарды кездестіруге болады.
СССР-дің Европалық солтүстік теңіздері мен көлдері. СССР-дің негізгі баіык ауланатын су қоймаларының ішінде үшінші орын алады және бізде ауланатын балықтардың 20 процентке жуығы осы ауданнан ұсталады. Бұл ауданның құрамына мына су қоймалары жатады:
Баренцово теңізі, Каспий мен Азов теңізінен кейінгі үшінші орынды алады. Мүндағы негізгі кәсіптік маңызы бар балықтар: треска тэрізділер (Gаdifогmеs) мен пикша (G. аеgІеfmиз) балықтары.
Ақ теңіз — балық аулау жөнінен маңызы аз. Мұнда негізінен Атлантика лососьтарының бір түрі сегма (Sаlmо sаlаг), треска (Gаdиз mогһиа) және камбала балықтары ауланады.
Фин шығанағы балық аулау жөнінен Ақ теңізден де төменгі орында — Фин шығанағынан майшабақтар мен корюшкалар ауланады.
Солтүстік батыс көлдерінен (Ладож, Псков, Чуд, Ильмен және Онеж көлі) ауланатын балықтардың мөлшері Ақ теңіз бен Фин шығанағынан ауланатын балықтардьщ шамасындай. Негізгі ауланатын балықтар карп тэрізділерден (Сургіпііогтез), табан балықтар, алабұға тэрізділерден (Регсі!огтез) көксерке балығы және түкті балықтар болып есептеледі.
Сибирьдің өзендері мен көлдерінде (Обь, Енисей, Лена, Байкал және Чанов системалары) Совет Одағында ауланатын барлық балықтардың 20 проценті ауланады. Бұларда көбінесе сигалар (Согеgоnus), налим (Ьоtа Іоtа), шортандар (Еsох Іисіиs), нельмдер (S. пеlmа), хариустер (Тһутаllиs tһуmаllиs). Осетрлер (Асірепsегіdіае), форельдер (Sаlmо tгиttа fагіо) т. б. балықтарды аулауда бізде бірінші орын алады.
Қиыр Шығыс теңіздері және Амур системасы. Бұл райондағы теңіздердің ішіндегі ең маңыздысы — Жапон теңізі. Балық аулау жөнінен Совет Одағында төр-тінші орын алады. Мұндағы майшабақтар, әсіресе сардин-иваси (Sагdіпорз теlапоstісиs) балықтары Совет Одағында бірінші орын алады. Бұл теңізден майшабақтар, трескалар, камбалалар, лосось тәрізділер, горбушалар, кеталар, неркалар аула-нады.
Охот теңізі — балык, аулау жөнінен бесінші орында. Мұнда ауланатын балықтардың 3/4 лосось тәрізділер) горбушаг кета, қызылбалық), 3/4 бөліміндейі майшабақтар.
Амур системасы балык аулауда Охот теңізінен кейінгі орында. Ауланатын бальіқтардың жартысы — лосось тәрізділер (кета, горбуша), төрттен бірі майшабақтар және карп тәрізділер де көп мөлшерде ауланады.
Берингово теңізі — жоғарыдағы су қоймаларымен салыстырғанда балық аз мөлшерде ауланады деуге болады. Мұнда аулана,тын балықтардың жартысынан көбірегі лосось тәрізділер (горбуша, кета, қызылбалық), екінші орында — майшабақтар, үшінші — орында — треска тәрізділер.
Солтүстік-Сибирь теңіздері (Карск теңізі, Лаптев теңізі, Шығыс Сибирь мен Чукот теңіздері), кәсіптік жағынан әлі толық қамтылмаған.
Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардьщ ұрықтануы сперматазоидтарынын уылдырық-пен, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуымен аяқталады. Сондықтан да, уылдырықтарды қолдан ұрықтандырғанда, әрбір жыныс клеткаларынық өз ара қосылуын қамтамасыз ету қажет болады.
Алғашқы кезде, табиғи жағдайға сәйкестендіру мақсатында балықтардан алынған уылдырықтардың үстіне су, одан кейін еркегшің “ақ сүтін” құйып, 1—2 минут араластырған. Бұл әдіс-ті — балықтарды ұрықтандырудың дымқыл эдісі деп атаған. Мұндай әдіспен ұрықтандырғанда көпшілігінен шабақтар шық-пай, өліп қалатын болған.
Осы жағдайды ескере отырып В. Н. Врасский уылдырықты қолдан ұрықтандырудың басқа тәсілін ұсынған. Врасский кері-сінше алынған уылдырықтарға, еркек балықтардың “ақ сүтін” құйып, әбден араластырып, содан кейін су құйған. 2—3 минут-тан кейін бұл сұйықтықты қайтадан құйып алады да уылдырықтарды жуады. Мұндай әдісті уылдырықты ұрықтандырудың “құрғақ” әдісі деп атайды.
Құрғақ әдістің тиімділігі уылдырықтарды құрғак, күйінде спермалық сұйықпен араластырғанда, уылдырық пен сперма бір-бірімен араласады; ал одан кейін су қүйғанда, спермато-зоидтар активтенеді де уылдырықтармен қосылуы тездейді, ал уылдырықтарды алдымен суға араластырып (дымқыл әдіс бойынша), одан кейін спермаларды құйғанда су уылдырықтарды ісіндіреді де спермалармен қосылуын нашарлатады. Сондықтан, кейбір уылдырықтар ұрықтанбай қалады. В. Н. Врасскийдіц ашқан “құрғақ” әдісі біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылып келеді.
куй жок кайдагы СССР
Чё за СССР?