Мал шаруашылығын жоспарлайтын анықтама-мөлшерлер көрсеткіштері
14.1. Шартты мал басына аудару коэффициенттері.
16-кесте.
1. Сиырлар, бұқа, өгіздер2. Өзге ірі қаралар
3. Шошқа, орташа 4. Қой, ешкі, орташа 5. Сақа жылқы 6. Құс |
1,00,6
0,3 0,1 1,0 0,02 |
14.2. Тірілеі салмағымен шағылысуға түсетін жасы, шаруашылықта пайдалану мерзімі.
17-кесте.
Малдың түрі | Шаруашылықта пайдалану мерзімі, жыл | Шағылысу жасы, ай | Тірілей салмағы, кг |
Қшарлар | 8-12 | 18-20 | 280-350 |
Бұқашықтар | 8-12 | 18-20 | 350-400 |
Шошқалар ұрғашысы | 5-7 | 9-11 | 100-145 |
Шошқалар еркегі | 5-7 | 10-12 | 130-180 |
Ұрғашы тоқтылар | 5-8 | 16-18 | 25-30 |
Еркек тоқтылар | 5-8 | 16-18 | 35-45 |
Бие | 18-20 | 36-40 | 350-400 |
Айғыр | 18-20 | 36-40 | 450-500 |
Үй қояны | 3-5 | 4-6 | 3,2-3,5 |
Түйе | 18-25 | 48-60 | 300-500 |
14.3. Малдың құрсақтағы жетілу ұзақтығы, қашыру мерзімі, төлдеуі, оның шығымы, аналық жүктелуі еркек малға.
18-кесте.
Малдың түрі | Құрсақтағы жетілу уақыты, күн | Төлдегеннен кейін қашыру мерзімі | Бір еркек малға жүктелетін аналық бас | Бір бас аналық-қа шаққанда төл шығымы (жылына) | Жылына қанша рет төлдейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жылқы | 340 | 1,5-2 ай | 35-40 | 0,80 | 1 |
Ірі қара | 280 | Бұзаулағаннан соң 60 күннен кейін | 80-120 | 0,96 | 1 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қой | 150 | Қозы айырғасын, 60 күннен кейін | 50-60 | 1,1-2,5 | 1-2 |
Шошқа | 120 | Торай бөлгесін, 21-күні | 15-20 | 17-20 | 2,5 |
Түйе | 390 | 1,5-2 ай | 15-20 | 0,70 | 0 |
Қоян | 30 | 2-14 күн | 50-600 | 45-50 | 7-8 |
14.4. Мал сүтінің химиялық құрамы.
19-кесте.
Малдың түрі | Жалпы құрамы | Құрғақ затта, % | ||||
су | құрғақ зат | белок | қант | Май | күл | |
Сиыр | 87,2 | 12,8 | 3,5 | 4,8 | 3,8 | 0,7 |
Қой | 82,7 | 17,8 | 5,8 | 4,6 | 6,7 | 0,7 |
Ешкі | 86,9 | 13,1 | 3,8 | 4,4 | 4,1 | 0,8 |
Бие | 89,0 | 11,0 | 2,0 | 6,7 | 2,0 | 0,3 |
Түйе | 88,2 | 11,8 | 3,6 | 5,0 | 2,5 | 0,7 |
Шошқа | 82,6 | 17,4 | 5,5 | 4,0 | 7,0 | 0,9 |
14.5. Мал етінің химиялық құрамы.
20-кесте.
Малдың түрі | Жалпы құрамы | Құрғақ затта, % | 100 г еттің энергетика-лық бағалануы, кДЖ | |||
Су | Құрғақ зст | белок | май | күл | ||
Ірі қара мал еті, орташа | 69,4 | 30,6 | 19,5 | 9,7 | 1,4 | 700 |
Шошқа еті, семіз | 46,8 | 53,2 | 12,8 | 39,4 | 1,0 | 1750 |
Құс еті, орташа | 65,0 | 35,0 | 20,0 | 14,1 | 0,9 | 850 |
Қой еті, семіз | 51,2 | 48,8 | 16,9 | 31,0 | 0,9 | 1520 |
Жылқы еті, орташа | 70,5 | 29,5 | 18,0 | 10,5 | 1,0 | 850 |
Қоян еті, орташа | 67,5 | 32,5 | 22,0 | 9,8 | 0,7 | 1210 |
Түйе еті, орташа | 76,0 | 24,0 | 20,0 | 3,5 | 0,5 | 650 |
XV. Малды азықтандыру.
15.1. Ірі қараны азықтандыру. Сиырдың сүттілік дәрежесі оны азықтандыруына байланысты болады. Бір литр сүт түзілуі үшін желін тамырлары арқылы 500 л астам қан өтеді. Егер тәулігінде сиыр 10 л сүт берсе, оның желінінің тамырлары арқылы 5 000 л қан өтеді. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүттің дұрыс түзүлуіне әсерін тигізеді; ол үшін малды толық рационмен, жеткілікті дәрежеде азықтандыру қажет.
21-кесте.
Сиырды азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Салмағы, өнімділігі | Тәулігіне бір сиырға | |||||
Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин, г | Ас тұзы | Са, г | Р, г | Каротин, мг | |
Тірілей салмағы –400 кг, тәулігіне 10кг сүт сауғанда, жылына 3000 кг сүт береді | 10 | 1090 | 70 | 70 | 45 | 420 |
Бір сиырға орта есеппен жылына 3 центнер жем, 7 центнер пішен, 4 центнер сабан, 60 центнер сүрлеме, 40 центнер жасыл шөп, 5 центнер төсеніш қажет. Жалпы алғанда, 28,5 ц азық мөлшері, 2,6 ц қорытылатын протеин қажет.
22-кесте
Сиырдың рационы.
Азық-тар | Тәуліктік мөлшері | Олардың құрамында | ||||
Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин, г | Са, г | Р, г | Каро-тин , мг | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Пішен | 8 | 2,5 | 680 | 75 | 14 | 120 |
Арпа сабаны | 15 | 1,8 | 50 | 20 | 4,5 | 250 |
Қызылша | 2 | 1,8 | 150 | 6 | 6 | 8 |
Сүрлем | 10 | 1,8 | 160 | 22 | 6 | — |
Жарма | 2,5 | 2,5 | 230 | 3 | 15 | 50 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ас тұзы | 0,08 | — | — | — | — | |
Барлығы | — | 10,4 | 1270 | 126 | 45,5 | 428 |
Азықтандыру рационын жасағанда, сиыр неғұрлым сүтті болса, құрамына түрлі қоректік азықтарды соғұрлым мол енгізеді. Бұзаулағаннан кейінгі 100 күн ішінде сиырдан жылдық сүтінің 40-50%, келесі 100 күнде 30-35%, ал соңғы 100 күнде 20-25% шығады. Содан кейін 60 күн суалтылып, сауылмайды да, келесі бұзауын туады.
15.2. Қойды азықтандыру. Тірілей салмағы 50 кг жүнді бағыттағы қой тұқымының саулығына жалғыз қозы емізетін болса, шамамен тәулігіне 1,5-2,0 кг азық өлшемі, ал егі қозы емзетіні – 1,8-2,3 кг азық өошемі қажет. Әр азық өлшемінде 110 г қорытылатын протеин болуға тиіс.
23-кесте.
Саулықты азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Салмағы, өнімділігі | Тәулігіне бір аналыққа | |||||
Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин, г | Ас тұзы, г | Са, г | Р, г | Каро-тин, мг | |
Тірілей салмағы 50 кг, 5,0 кг жүн береді | 2,0 | 220 | 20 | 9 | 6 | 20 |
24-кесте.
Саулықтың рационы.
Азықтар | Тәулік-тік мөлшері, кг | Олардың құрамында | ||||
Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин,г | Са, г | Р, г | Каро-тин, мг | ||
Пішен | 1,5 | 0,6 | 150 | 10 | 2 | 15 |
Сабан | 0,5 | 0,05 | 15 | 0,2 | 0,03 | 4 |
Сүрлеме | 4,0 | 0,6 | 40 | 4 | 0,24 | — |
Жарма | 0,8 | 0,75 | 70 | 2 | 5,0 | 10 |
Ас тұзы | 0,02 | — | — | — | — | — |
Барлығы | — | 2,0 | 275 | 15,2 | 7,2 | 29 |
Жақсы азықтандырылған саулықтар жақсы күйлеп, ұрықтанып, тез жетілетін ірі қозылар туып, оларды сүтке қарық қылады. Сонымен қатар, олардың сүті жақсы жетіліп, мал жақсы өнім бере алады.
Жылына бір қойға орташа есеппен: 2,5 ц пішен, 0,5 ц жем, 1,0 ц сабан, 6,0 ц сүрлеме, 15 ц жасыл шөп дайындау керек. Жалпы салмағы 548 кг азық өлшемі, 53 кг қорытылатын протеин болады.
15.3. Жылқыны азықтандыру. Жылқының асқазан құрылысы күйіс қайыратын малдың асқазанынан өзгеше болады; айта келгенде, күрек тісі өткір, ірі азықты жақсы шайнап жейді және дайылымда қысқа шөптің өзін жақсы қырқады, шегі қысқа, қарны сиырдың қарнынан 10 есе кіші келеді.
25-кесте.
Сауын биені азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Көрсеткіштер | Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин, г | Са, г | Р, г | Каро-тин, мг |
Тірілей салмағы 500 кг, тәулігіне 10 л сүт береді | 12 | 1200 | 90 | 52 | 250 |
Сауын биелеріне азық қалыпты мөлшермен беріліп, олардың жасына, тәулігіне қанша сүт беретіндігіне, қанша рет сауылатынына, салмағына, тұқымына байланысты. Бір саын маусымда биеден 2000-3000 л сүт сауып, сонша қымыз, ал тәулігіне 10-15 л алуға болады.
26-кесте.
Биенің рационы.
Азық-тар | Тәуліктік мөлшері, кг | Олардың құрамында | ||||
Азық өлшемі, кг | Қорыты-латын протеин, г | Са, г | Р, г | Каро-тин, мг | ||
Пішен | 8,0 | 3,2 | 440 | 56 | 16 | 200 |
Сұлы сабаны | 2,0 | 0,6 | 34 | 7 | 2 | 4 |
Сұлы | 3,0 | 3,0 | 240 | 14,5 | 10 | 40 |
Арпа | 1,0 | 1,0 | 85 | 2 | 3,8 | 1 |
Бидай кебегі | 7,0 | 5,0 | 600 | 14 | 50 | 19 |
Ас тұзы | 0,04 | — | — | — | — | |
Барлығы | — | 12,8 | 1399 | 93,5 | 81,8 | 264 |
Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені сапасыз, ластанған азық биенің ас қорытылуын бұзып, іш тастауы мүмкін. Ал буаз биені суық сумен суаруға болмайды.
Жылқы организміндегі барлық тіршілік процестерінің барысы азықтандырылуына тікелей байланысты. Жылқының денсаулығы, тұқым тарату қабілеті, тіршілігінің ұзақтығы және өнімінің тұрақтылығы – оны қоректік заттармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты нақты.