Жиенбет руы
Жиенбет— қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасына кіреді. Көтенші ұрпағы Қарақұдайбердінің кенже баласы Байқошқардан (бір деректерде Қошқарбайдан) тарайды. Борай руымен бауыр деп есептеледі. Жиенбеттен Тәңірберген, Көшей, Кенжеғұл, Әйбике аталары өрбіген. 19 ғ-дағы қазақ тарихшысы Сайдаққожа Жүсіпұлының дерегінде Жиенбет бір замандарда хазар, қыпшақ, ноғай ұлыстарының құрамында болған, көне алшын тайпасының бір бұтағы. Қазақ хандығы кезінде Кіші жүз рулары мен арғын, жалайыр, қыпшақ, қоңырат, найман, құрама тайпаларына қосылған. Жиенбет ноғай, башқұрт, гагауз халықтарының құрамында да кездеседі. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.