Жалпақ – Қазақстандағы ескі қоныстар тобы
Жалпақ – Қазақстандағы ескі қоныстар тобы. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. 1958 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологялық-этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысының нәтижесінде неолит дәуірінің мәдениетін, ол кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысын сипаттайтын құмыра ыдыстар, тастан жасалған пышақтар, мыс сынықтары, садақ жебелері, т.б. табылды. Бұған қарағанда, қазіргі Қызылқұмның Жаңадария арнасын б.з.б. 4–3-мыңжылдықтарда балық аулап, жеміс өсірген тайпалар мекендеген.
Жалпақ — Іле Алатауының батысындағы тау, Қаскелең мен Ақсай өзенінің су айырығы. Абсолюттік биіктігі 3852 м. Ұзындығы 15 км, ені 810 км. оңтүстік мен оңтүстік-батыс беткейлері тік құлама жартасты, қалган беткейлері көдбеулеу келген. Протерозой мен палеозойдың шөгінді жыныстарынан түзілген. Шалғынды топырағында альпілік шалғын мен субальпілік өсімдіктер өседі. солтүстік беткейі мен батыс шатқалдарында қарағайлы-шыршалы орман бар.