Көне түріктер. Қыпшақ дәуірі
Көне түріктер. Қыпшақ дәуірі
Ежелгі ортағасыр кезені (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты больш келеді.
Осы кезде осы жерлерде [түркі]]тілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен [[Орта Азия]|Орталық Азия]] даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті — ұлы Түрік кағанаты бой көтерді.
Мазмұны
1 Қағанат
2 Жазу
3 Қимақтар
4 Қыпшақтар
5 Ескерткіштер
6 Мүсіндеу өнері
7 Монғол шапқыншылығы
8 Алтын Орда
9 Әмір Темір
10 Ақ Орда
11 Дамуы
12 Дереккөздер
Қағанат
Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарқа да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.
Жазу
Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі — өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.
VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды.
Көне түркі жазуын алғаш рет Енесай бойында 18-ғасырдың 20-жылдары Петр I-нің қызметінде болған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оның жолсерігі, тұтқын швед офицері И. Страленберг ашқан еді. Скандинавтық руна жазуына ұқсас болғандықтан олар түрік жазуын «руна жазуы» деп атады. Ол ғылымда солайша қалыптасып калды. Кейін де тағы басқа ашылулар жалғасты. 1889-жылы дат ғалымы В. Томсен әріптің кілтін тауып, ең алғашқы мәтінді оқыды. Енесайден басқа түріктердің руна жазуы Моңғолиядан, Жетісудан, Шығыс Қазақстаннан, Төменгі Еділ бойы, Дон бойы, Солтүстік Кавказдан табылды. Солардың қатарында ең танымалдары — Білге қаған мен оның інісі Күлтегін қолбасшыға, Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Түріктердің руна жазуы ұзақ пайдаланылуда болып, XI-XII ғасырларда қолданыстан шығады. Ғалымдардың пікірінше, түріктердің ислам дінін қабылдауына байланысты, руна жазуын араб жазуы ығыстырып шығарған.
Қимақтар
Қазақстанның далалы жерлерінде Сырдария мен Балқаштан солтүстікке қарай VIII-ғасырдан бастап орталығы Ертісте болған қимактар күшейе түседі. Қимақ билеушісі түріктің ең жоғары атағы — «қағанды» қабылдайды. X0-ғ. ғалымы әл-Хорезми былай дейді: «Хақан — түріктердің негізгі патшасы. Хақан — көсемнің көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз». Қағанның ұлы, Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки атты адам кітап жазып, оны кейін 12-ғасырда араб географы әл-Идриси қимақ елін сипаттаған еңбегінде пайдаланады. Араб ғалымы өз еңбегінде қимақтардың қалаларда тұратын, жеке билігі бар билеушілерінің болғанын жазады. Бұл кезде қимақ мемлекетінің ықпалына қыпшақ тайпалары де енді.
І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың рөлін С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов былайша сипаттайды: «8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы факторға айналды».
Қыпшақтар
XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Осыдан былай Еділден (Итиль, Волга) Алтайға дейінгі жерлер парсы-араб тілді әдебиеттерде Дәшті Қыпшак (Қыпшак даласы) деп аталып кетеді. Қыпшақ дәуірі басталып, қыпшақ тілі диалектісі таралады. Кейін, Еділдің аржағындағы Қара теңіз жағалауларына дейін қыпшақ тайпалары қоныс тебеді. Сондықтан, қазіргі ғылымда Қазақстан территориясын Шығыс Дәшті Кыпшаққа жатқызады. XIII-ғасырда моңғол шапқыншылығы барысында (оған моңғол да, түрік тайпалары да қатысқан) қыпшақ мемлекеті құласа да, қыпшақ тілі орныға түсіп, жаулап алушылар тіліне айналып, одан да әрмен тарала түседі.
Шығыс Сарыарқаның әр жерлерінен көне түріктер мен қыпшақтарға тән археологиялық ескерткіштер табылған.
Ескерткіштер
Азиядағы көне түрік ескерткіштеріне тән ерекшелік — адамды атымен жерлеген обалар мен ғұрыптык қоршаулар болып табылады. Ескерткіштің осындай түрлері Сарыарқадан да табылған.
1957 жылы М.Қ. Қадырбаев Тоқырауын өзені бойындағы Егізқойтас сайындағы (Ақтоғай ауданы) VI-VII-ғасырларда адамды атымен жерлеген обаны зерттеді. Жерлеу тереңдігі 2 метрге жуық үлкен қабірде (2,10 х 1,90 м) атқарылған. Адам сүйегі қабірдің солтүстік бөлігінде, жылқынікі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Мәйіт шалқасынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылған. Оның жақ сүйегінің жанында садақ оғының жебесі, кеудесінде қабық қорамсаның қалдығы табылған. Қорамсаны ілуге арналған темір шығыршық қара-жасыл жібектен жасалған белбеуге бекітілген. Осы жібек белдіктің іліп қоятын тас бұйымы мен белбеудің қоладан жасалған тоғасы сияқты қалдықтары табылған. Марқұмның сол қол саусақтары тұсында темір пышақ болды. Марқұммен о дүниеге бірге барады деп саналатын құрбандыққа шалынған аты ноқта-жүген кигізіліп, ерттеліп жатқызылған қалпында жерленген. Жылқы денесімен батысқа қаратылғанымен мойны солтүстікке қарай бүрылып қойылған. Адам мен жылқы сүйегінің арасында о дүниелік азық — қой санының сүйектері жатыр. Қабір топырақ, таспен көміліп, үстіне диаметрі 7 м, биіктігі 0,60 м тас оба тұрғызылған.
Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне ғұрыптык коршаулар да жатады. Олар VI-IX-ғасырлар аралығында ұзақ уақыт бойы жасалып келді. Көне түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам) арнап ас беру ғұрпын өткізуге байланысты жасалды.
Қоршау — тігінен орнатылған тас такталардан кұралатын төрт бұрышты құрылыс. Оның іші тастармен толтырылады. Қоршаудың жанында марқұмның скульптуралық бейнесі — тас мусін немесе қарапайым тас баган қойылуы мүмкін. Тас мүсіннің беті шығысқа қаратылады. Кейде одан әрі шығысқа қарай аласалау тас бағаналар қатары тізіле қойылуы мүмкін. Бұл бағаналар ғылыми әдебиеттерде балбал деп аталады. Кезінде балбалдар қазылып орнатылса, қазірде олар құлап қалған. Бірқатар ғалымдар балбалдар өлтірілген дұшпандарын білдіреді деді. Келесі пікір бойынша, балбалдар ғұрыптық асқа келген тайпа, ру өкілдерінің ездерінің қатынасқандығын білдіргені ретінде әрқайсысының орнатқан белгісі делінеді.
Шығыс Сарыаркадагы кыпшак дәуірі IX-XIII-ғ. бас кезіне жататын қыпшақтық тас мусінді гибадатханалармен мәлім. Тас мүсіні бар қоршаулар сияқты бұл ескерткіштер де ғұрыптық (негізінен ас беретін) құрылыстарға жатады. Қыпшақтың бірнеше ғибадатханасының тұрі белгілі.
Қыпшақ ғибадатханалары көне түрік қоршауларынан тек қана құрылымдық жағынан ғана ерекшеленбейді. Егер түрік қоршауының жанында бір ғана мүсін тұрса, ғибадатханада мүсіндер саны біреуден беске дейін болып келеді.
Мүсіндеу өнері
Көне түріктердікі сияқты қыпшақ кезенінің мүсіндері де адам бейнесін толықтай да, жартылай да (түгел немесе белге дейін) бейнелейді. Алайда, қыпшақ ғибадатханасының мүсіндері көнетүріктердікінен айырмашылығы бар, оны шатастыру мүмкін емес. Белге дейінгі немесе толықтай денемен берілген қыпшақ мүсіндерінде екі қолына да ыдыс ұстап тұрған адам бейнеленген. Кейбір мүсіндердің қолдары қарын тұсында айқастырылып келеді де бірігіп тұрған қол саусақтарының арасында дөңгелене келген тесік бар. Қолы түсіріліп тұруы сирек кездеседі. Ер немесе әйел екендігі анық керсетілген мүсіндер де болады. Мүсіндердің басында бас киімге ұқсас белгі бар да, басқа киім түрлері салынбайды. Көнетүрік скульптурасындағы сияқты айбарлы жауынгердің образы қыпшақтарда кездеспейді. Қас пен мұрынның іспеттес үлгісі қыпшақтарда сақталғанымен, оның басқадай мәні бар сияқты. Қыпшақ ғибадатханаларының мүсіндері монголоид адам бейнелегенімен, үлкен көзділері жоқ. Ғалымдардың пікірінше, қыпшақ мүсіндері ата-баба образын бейнелеген.
Қыпшақ мүсіндерінің XI-XIII-ғ. Қаратеңіз бойы жазығындағы «половцылардың», яғни құмандардың мүсіндерімен белгілі бір ұқсастықтары бар. Құмандардың мүсіндерінде де екі қолына ыдыс ұстаған адам бейнеленген. Сондай-ақ, қыпшақ және құман ғибадатханаларындағы мүсіндерді орналастыру тәсілі де ұқсас. Құман мүсіндері обанын төбесіндегі алаңшаларға да, оба үйіндісінің астындағы қабірге де орналастырылады. Құмандардың «жасырын» мүсіндері әдетте ағаштан жасалады. Мұндай сәйкестіктер кездейсоқ емес, өйткені, құмандар XI-ғ. көшіп барып, Қара теңіз далаларын мекендеп қалған қыпшақтардың тікелей ұрпағы еді.
Монғол шапқыншылығы
ХІІІ ғ-дың басында Қазақ даласына монғол шапқыншылығы] басталды. Монғол атты әскері Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жері арқылы Орта Азияға шабуыл жасады. Орталық Қазақстан жерінде қырғын соғыс болғандығы туралы деректер жок. Шыңғысхан көзінің тірісінде жаулап алған аумағын төрт ұлына бөлген кезде Орталык Қазақстан үлкен ұлы Жошы иелігіне тиді. Кейіннен Жошы ұлысы Бату Алтын Орданың негізін кұрап, Орталық Қазакстанның тайпалық одактары осы мемлекеттің құрамына енді.
Алтын Орда
Алтын Орданың бас кезінде Ұлытау Шыңғыс ханның үлкен ұлы — Жошы хан ұлысының орталығына айналды. Оның қабірі үстіне кейінірек ұрпақтары — Алтын Орда билеушілері — бүгінге дейін жетіп отырған әйгілі мазарды орнатты.
Алтын Орда билігі Еділден батысқа қарай жатқан ең далалы жерлер — Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырымға тарады. 14-ғ. орта шенінде қазіргі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде Моғолстан құрылды.
Ұлытаудың шындарының бірінде аты Алтай, Орал, Солтүстік Кавказ, Қырым, Орта Азия халықтарының батырлық эпосында жырланатын Алтын Орда әмірі, ұлы қолбасшы Едігенің сүйегі қойылған. Алтыншоқы шыңының тасында құдіретті Ақсақ Темір де Ұлытау жерінде болғандығы жайлы естелік қалдырған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.
Алтын Орда Өзбек ханның тұсында (1312 ж.) мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабыддап, Шыңғысхан ұрпақтарын еріксіз мұсылмандыққа көшірді, бұл ретте хандықтың негізін қалаған түркі тілдес тайпалардың рөлі зор. Шыңғысханның ұрпақтарының өзара соғысының, Орта Азияда Темірдің күшеюіне байланысты Жәнібек ханның (1359-1379) тұсында Алтын Орда бірнеше хаңдықтарға бөлініп, Орталық Қазақстанда, алғашқыда Ақ Орда, кейіннен Әбілқайыр хандык кұрды.
Әмір Темір
Әмір Темірдің Ұлытау бойына келгендігі туралы жазба дерек те, тарихи ескерткіш те сақталған. Темірдің сарай шежірешісі Шараф ад-дин Әли Ниязи «Даңқ кітабында» былайша келтіреді: «Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басы-на шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қараумен болды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен кұлпытас орнатуға бұйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтгі оқиғаның күнін тасқа қашап жазды» делінген. Бұл тас Ұлытаудағы Алтыншоқы биігіне орнатылған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.
Ақ Орда
Ақ Орда — Қазақстан территориясындағы монгол дәуірінен кейінгі жергілікті этникалық негіздегі алгашқы ірі мемлекеттік құрылым болды. Оның территориясын ежелден осы жерлерді қоныс еткен, қыпшақ одақтастығының құрамына енетін түрік тілдес тайпалар мекендейтін еді. Моңғол шапқыншылығы кезінде де Кіндік Азияның шығыс бөлігінен осында түрік тілдес, моңғол тілдес тайпалардың жаңа тобы келіп қосылады. Моңғолдардың аздаған тобы жергілікті этникалық ортада тілдік тұрғыдан тез сіңісіп кетіп, бір тапты құрады.
XIV-ғ. соңына таман Ақ Орданың батыс аумағында Ноғай Ордасы (Маңғыт Ордасы) бөлініп шығады. Ал XV-ғ. басында ғұмыры қысқа ғана болған, Ақ Орданың едәуір жеріне үстемдік жүргізген шайбанид Әбілкайырдын хандығы пайда болады.
Батыс Сібірде жергілікті түрік тектес тайпалар негізінде Сібір хандығы құрылады.
Дамуы
Осы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы сияқты мемлекеттердің пайда болуы жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуына зор үлес қосып, нәтижесінде қазақ халқының этникалық қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, осы мемлекеттер әр түрлі деңгейде басқа да ноғай, башқұрт, өзбек, сібір татарлары сияқты халықтардың одақтасуы мен түзілуіне әсер етті.
Шығыс Дәшті-Қыпшақтың аса зор территориясында біртұтас қазақ халқының қалыптасуы халықтар пайда болуының ортақ заңдылықтары негізінде өтті. Ол феодалдық қатынастардың қалыптасып, орнығуымен, біртұтас аумақтың, тілдің, заттық және рухани мәдениеттің қалыптасуына байланысты болды. Қазақ халқының қалыптасу процессі 14-15-ғ. негізінен алғанда аяқталды.
Ұлытауды қасиетті маңызы Қазақ хандығы кезеңіне ұмытылмай жетті.
XIV ғасырда Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары одағының негізін қалаушы Алаша ханның қабірі үстіне мазар тұрғызылады. Ғылыми пайымдаулар бойынша VII—VIII ғасырларда өмір сүрген Алаша хан қазақ аңыздарында бүкіл қазақ хандарының түп атасы және мемлекеттің негізін қалаушы саналады.
Ұлытау өлкесімен Кетбұға, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т.б. көптеген тарихи тұлғалардың өмір деректері тығыз байланысты.
Дереккөздер
↑ Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. — Алматы. Т. 1, 1996.