Алғашқы кесіртке
Алғашқы кесіртке
Бұл класс тармарына ертеде тіршілік еткен рептилилер жатады. Олардан қазір тұмсық бастылар отрядына жататын — гаттерия (Sрһепоdоп рисtаtus) деп аталатын бір түрі белгілі.
Гаттерия сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Демек олардың құрылысындағы көпшілік белгілері күрделі емес екендігін аңғарады. Бұлардың ұзындығы 50 сантиметр жетеді, бірақ кейбір кәрі еркектерінің ұзындығы 70—75 сантиметрдей болады. Басы мен кеуде бөлімі ұсақ дән тәрізді қабыршақпен қапталған. Арқасында үшбұрышты мүйізді пластинкалары болады. Гаттерилердің омыртқасы балықтар мен төменгі сатыдағы амфибилердің омыртқалары сияқты амфицельді болады. Омыртқа денелерінің арасында хорда сақталған. Құрсақ қабырғалары деп аталатын тері тектес ұсақ сүйекшелері болады. Бұл қабырғалары денесінің құрсақ бөлімінде тері астына орналасқан. Ол жер бетінде тіршілік еткен жануарлардың арғы тегі — стегоцефалдардың құрсақ сауыттарының қалдығы болуы мүмкін. Жастарының тістері жақтарымен, таңдай сүйектеріне ғана емес амфибилердікі сияқты өре сүйектеріне де орналасады. Ересектерінің тісі қажалып мұқал-ған. Төбе көзі өте жақсы дамыған. Дабыл қуысы, дабыл жарғағы және шағылыс органдары болмайды.
Гаттерилер қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландияның сол-түстік бөліміндегі кішірек аралдарда кездеседі.
Гаттери—аз қозғалатын көбінесе түнде тіршілік ететін жа-нуар. Оларды альбатростар мен басқа мұхит құстарының інінен жиі кездестіруге болады. Әдетте бір інде құста гаттери-де кездесетін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ гаттерилер құстың жұмыртқасына да, балапанына да тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь — декабрь айларында көбейеді. Жұмыртқаларын жерді қазып, шұндырға салып, оның бетін топырақпен жауып тастайды. 8—17-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқанын, дамуы біркелкі болмай, ұзақ уақытқа созылады. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12—14 айдың ішінде өтеді. Жас организмнің өсуі өте баяу болады да жыныстық жетілуі 20 жылға созылады.