Темір қосылыстарының өгерістері
Темір қосылыстарының өгерістері. Табиғатта темірдің шала тотығының темір тотығына айналуы кең орьгн алады.
Бүл процесс микроорганизмдердің ерекше тобы — темір бактериялары аркылы жүреді. Бүл бактериялар табиғатта ерітінді күйінде кездесетін көмір қышқыл темір түзының шала тотығын темірдің гидро тотығына айналдырады: +гЭ ккалкөмір кыіақыл темір түзы
Реакция кезінде бөлінетін энергия темір бактерияларынын. ортадағы көмір қышқыл газын сіңіруіне жүмсалады. Сонымен қатар темірдің кейбір қосылыстары көбінесе михробтардың әрекеті нәтижесінде пайда болған өнімдердің әсерінен өзгеріске үшырайды. Мәселен, көптеген микроюрганизмдер ашу іпроцесі кезінде ортадан газ күйіндегі сутегін бөледі. Осы сутегі қолайлы жағдай туғанда темірді тотықсыздандыруға катысады. Ал бактериялардың түзетін қышқылдары көмегімен темір түздары ериді. Кейбір микроорганизмдердің тіршілігі осы темір қосылыстарының болуына тығыз байланысты. Мүндай микробтар суда, шалшықта, су басып жатқан және темір рудасы көп жерлерде кездеседі.1888 жылы С. Н. Виноградский темір қосылыстарын тотықтыру кейбір бактериялар үшін тыныс алуға мүмкіндік беретінін дәлел-деді. Темір бактериялары көбінесе таяқша немеое шар тәрізді, ал кейбір түрлері үзын жіп тәрізді болады (27-сурет). Осы бактериялар темір қосылыстары бар жерлерде қаулап көбейіп кеткенде, ол жерде едәуір мөлшерде темір косылыстарының қабаттары пайда болады.
Сонымен қатар темір микроорганизмдері тау жыныстарыньщ үгілуі мен табиғатта темір қосылыстарының жиналуында да елеулі роль атқарады.
Сонымен микроорганизмдер топырақтың минералдық және ор-ганикалық бөлімдерін едәуір өзгеріске түсіреді.