Автотрофты ағзалар
Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы.[1]
Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады. Автотрофты бактериялар минералды заттардан ( H2S NaNO2 NH4 OH ) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады. Мысалы, топырақтағы нитросомонас және нитробактериялар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да, одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады. Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеушіавтотрофты микроорганизмдер деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан — күрделі органикалық заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады. Кейбір Автотрофты ағзалар витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады. Автотрофты ағзалардың басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да автотрофты ағзаларға жатқызу жайлы пікірлер бар. Автотрофты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды. Автотрофты ағзалар — биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші автотрофты ағзалар ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162 . 100 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа автотрофты ағзалар үлесі онша көп емес. Автотрофты ағзалар әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Автотрофты ағзалар тағамдардық заттарды бүлдірмейді.[2]
Автотрофты бактериялар
Автотрофты бактериялар (хемосинтездеуші хемоавтотрофты) хемосинтез, фоторедукция және фотосинтез процестер есебінен өздері органикалық заттар қалыптастыра алатын микро ағазалардың кеңейтілген тобы. Аммиаккүкіртті сутек және темір сияқты органикалық емес заттардың тотығу жолымен өздеріне қажетті энергияны алатын бактериялар.