Автолиз
Автолиз (гр. ‘αὐτός’ — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың (тканьдердің) өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.
Автолиз — жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфоз) кезеңінде, оқыс тітіркеніс кезінде кесірткенің кұйрығын өздігінен үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыдырауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену ошақтарында байқалады.
Химияда
Автолиз — өздігінен еру процесі; ферменттердің химиялық әсерінен тіннің еріп кетуін айтады, тірі организмде де, өндірістік процестерде де болады.