Батырлар жыры
Батырлар жыры
Батырлар жырының жиналуы жәие зерттелуі
Батырлар жырының тарихқа байлапыстылығы
қызылбастар меп қалмақтар туралы
Батырлар жырының варианттар
Батырлар жырының қүрылысы
Батырлар жырының өлең қүры-лысы
Образ жасау жолдары
Батырлар жырыиың мәні
Алпамыс
Жырдың жиналуы, зерттелуі
Алпамыс
Гүлбаршын
Үлтан
қаражан
Мыстан
Жырдың қүрылысы, тілі
қобыланды батыр
Жырдың жипалуы
Жырды айтушылар
Жырдың зерттелуі
Жырдың варианттары
Жырдағы образдар
қобыланды
қараман
қүртқа
қарлыға
Жау адамдары
Тайбурыл
Жырдыңқүрылысы
Өлең түрі. Тілі
Ер Тарғын
Жырдыи жиналуы жане зерттелуі
Ер Тарғын
Ақ Жүніс
қарт қожақ
Ханзада.
Тарлан
Жырдың кұрылысы, тілі
қамбар батыр
Жъірдың жиналуы, зерттелуі
қамбар
Назым мен Алшыораз
әзімбай
қараман мен Келмембет
Жырдьщ қүрылысы, тілі
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі — батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел жұртын қоргап қалган батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаган, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың ісінен кем санамаған. Сондықтан бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.
әринс, батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жа-сасқан. ‘Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдықой-сананың, көзқарастардың алу-авдаған әсерін бойына жинай берген.
Батырлар жырының жиналуы және зерттелуі
қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ел арасы нан жиналуы өткен ғасырдан басталады десек, мұны батырлар жыры жөнінде айтуға болады. Батырлар жыры да ел,ара-сынан XIX ғасырдың ішінде жазылып алы-на бастады. Бұл жөнівде де зор еңбек еткендер жоғарыда аталған адамдар еді. Бұған, әсіресе, Ш. Уәлихановтың, В. Радловтың, Н. Ильминскийдің, Г. Потаниннің, А. Ва-сильевтің, ә. Диваевтың, т. б. жинап бастырған батырлзр жыры дәлел. Дегенмен батырлар жырының молынан жиналған кезі кеңестік дәуірде болды. қазақтың Ґлттық ғылым академиясының қолжазба қорында батырлар жырының, көлем жағынан ғана алғанда, алты мың баспа табақтай материалы болуы — кеңестік дәуірде ауыз әдебиетін жинау ісіне көп көңіл бөлініп келе жатқандығын сипаттайды.
Батырлар жырын зерттеу ісі де кеңестік дәуірде қолға алынды. Батырлар жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертаци-яларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. қазақтың батырлар жырын зерттеуде С^Сейфуллин (қазақәдебиеті, 1932 ж.) М.әуезов , С. Мұқанов^, қ. Жұмалиев ,ІЭ. Марғұлан\ Б. Кенжебаев , А. С. Орлов , Н. С. Смирнова , Т. Сыдыков секілді әдебиет-ші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.
Батырлар жырын зерттеуде қате-кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Кейбір еңбектерде батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей халықтық деп бағалау, асыра мақтау басым болды. Бертін келе батырлар жырының бар-лығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен тарихшылардың еңбектерінен орын алды.
Шынына келгенде, батырлар жыры жайында орын алған бұл екі көзқарастың екеуі де теріс, зиянды еді. Батырлар жырының барлығын кіршігі жоқ, таза халықтық шығармалар деп бағалау немесе олардың бэрі де халыққа жат деп көрсету — тарихқа жасалған үлкен қиянат болып табьцйды. Ба-тырлар жырының тіпті жалпы ауыз әдебиетінің ерте заманда, халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде туғандығын, олар ауызша туып, ел арасында ауызша айтылу арқылы тарағандығын, ұрпақтан-үрпаққа ауызша айту негізінде жет-
1 М.с>уезов.“әржылдаройлары”, 1959;“Мыслиразныхлет”, 1961. 2С. Мүқанов. Батырлар жыры (жинақ), 1939. Казақ әдебиеті (хрестоматия), 1939.
3 К, Жүмалиев. қазақ әдебиеті (оқулық), 1949; қазақ эпосы мен әдебиет тарихыныңмәселелері, 1958.
4 ә.Маргүлан. Халық жырын тудырудагы мотив, “Халық мұғалімі” жур-налы, № 23—24,1939; № 4,1940. А. Маргулан. О характере и исторической обусловленности казахского эпоса, см. “Известия КазФАН”, серия историческая, № 2 (27), 1946.
5 Б. Кенжебаев. Халық эпосы туралы, “әдебиет және искусство” журналы, № 2,1939; “қобыланды батыр туралы” сол журнал, № 12,1940.
6 А. С. Орлов. Казахский героический эпос, 1945. ‘ қазақәдебиетініцтарихы.біріншітом, 1960.
8 М. ғабдулин, Т. Сыдықов. қазақ халқының батырлық жыры, Алматы, 1972.
кендігін, осының негізінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес талай-талай өзгерістерге үшырағанын ес-ке алсақ, әрбір жырдың жай-күйі ашыла түспек. Кейбір жырлардың алғашқы нұсқасы халықтық ортада туып, кейіннен оны үстем таптың иемденіп кеткенін де аңғарамыз. Сондықтан біз батырлар жырын сөз еткенде оның туу,-ел арасына тарау жайын, қандай жағдайда және қалай дамығандығын еске алуға тиістіміз. Жырды зерттегенде, оқытқанда, талдағанда екі мәдениет туралы лениндік ілімгс сүйене, отырып, шын мәніндегі халықтық жырларды ала білуіміз керек. Батырлар жырының барлығын таза халықтық немесе бәрі де халыққа жат керексіз мүлік дсп қараушылықтың зиянды екендігін есте тұту қажет.
Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы
қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі түрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайъінда да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы үсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриархтық-рулық~қүрылыс кезінің өзінде-ақ туа бастаған. Сол кезде қазақтың тарихта аттары мәлім рулары: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ, т. б. өздерінің ру тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік жасаған. Олар-дың бұл жолдагы ерлік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған.
Дегенмен, патриархтық-рулық қүрылыс кезінде туған батырлар жырының үлгілері толығынан сақталмаған. Оның кейбіреулері, кейіннен, ауыз әдебиетіюң басқа түрлерімен қосылып, араласып кеткен. Сондықтан батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, сипатын дәлелдеп айту өте қиын.
қазақта батырлар жырының көбірек туған кезі ХІУ— XVIII ғасырлардың арасы секілді. Осы аталған кезеңдерде бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі оқиғалар болып өтті. (Бұл жерде бір жағдайды ескерте кетелік. Тарихтың айтуынша, XV ғасырға дейін қазақ деген түтас халық болмаған, жеке бытыраңкы рулар болған. Олар-дың бәрі “ноғайлы” деген жалпыға бірдей атпен аталған. Кейіннен, XV ғасыр ішінде, бұл рулардың көпшілігі бір жерге қосылып, содан былай қазақ ханыдығы құрылған). Бұлардың ішінен бастылары төмендегілер еді:
XIII ғасырдың басывда монғолдардың Шыңғыс хан бас-таған шапқыншылары қазақстан мен Орта Азияға жорық жасайды. әскери күші мығым құрылған Шыңғыс хан жергілікті халықтардыққанын судай ағызып отырып, оларды өзіне күшпен бағындырып алады. Монғол шапқыншылары мұнымен қанағаттанбай, Иран мен Иракқа, Кавказдық ел-дерге және Европанын, оңтүстік шығысына қарай да шабуыл жасайды. Бұл жерлерде де олар өзіне қарсылық көрсет-кендерді аяусыз қырып-жойып, басып-жыншып отырады, зорлықпен үстемдік жүргізеді. “Бағынған” жерлерді Шыңгыс хан өз балаларына, туған-туысқанына, нояндарына бөліп береді. Олардың әрқайсысын жеке ұлыс (мемлекет) деп жа-риялайды. 1240 жылы Жошының (Жошы Шыңғыс ханның баласы) ұлысы құрылады. Мұны тарихта Алтын Орда деп атаған.
Шыңғысхандықтар (Алтынордалықтар) қарамағындағы елдерді ауыр азапқа салып, қорлық көрсетеді. Ауыртпа-лықтың зілді салмағы еңбекші халыққа түседі. Жергілікті рулардың шонжарлары Алтынордалықтармен қосылып алып, еңбекші бүқараны қан қақсатады, қанауды күшейтеді. Мүны-мен қатар, Алтынордалықтардың өз араларында да талас-тартыс, күрестер болып түрады. Оның зардабы да халыққа тиеді. Шапқыншьшық, ел талағыштық жорықтарын олар өздерімен көршілес еддерге, соның ішінде, орыс жеріне де жасайды. Мұндай шапқыншылыққа төзе алмаған орыс халқы, өзінің ер жүрек батыр үлы Дмитрий Ивановичтің (Донскойдың) бастауымен күреске шығып, 1380 жылы қыркүйек айының 3-де Куликово даласында Алтынорда-лықтарды талқандап жеңеді. Осыдан былай Алтын Орда ыдырай бастайды.
Алтын Орда ыдыраганнан кейін, оның орнына үш хандық (қырым, қазан, Астрахан хандықтары) құрылады. бұлардың арасында да феодалдық талас-тартыстар, шабуыл жасап, ел талаушылық әрекеттер күшейе түседі” Осындай талас-тартыстың салмағы мен ауыртпалығы еңбекші бүқараға қатты батады. Бірақ, бүган халық көндігіп отырмайды, қарсы күреседі. Міне бұл көтерілген тарихи фактілер батырлар жырының тууына әсер етеді.
қазақта батырлар жырының тууына зор әсер еткен екінші бір жағдай болды. Ол — қазақтар мен қалмақтардың (оларды жоңғарлар деп те атайды) арасындағы қарым-қатынастар, көп заманға созылған күрестер еді.
Тарихи деректерге қарағавда XVII ғасырдың қарсаңында, қазақпен көршілес қалмақтар күшті мемлекетке айналады.
қалмақтың шонжарлары, феодалдары әскери күштерін біріктіріп, өздерімен көршілес елдерге талай рет шабуыл жасайды. Олардың шабуылына ұшырағандардың бірі қазақ елі еді. қалмақтың шонжарлары қазақ еліне шабуыл жа-сағанда, қазақтардың шұрайлы жерін, кең қонысын, мал-мүлкін тартып алуды, қазақ елін құл етуді мақсат етеді.
Осы мақсатпен қалмақ қалың қолы 1723 жылдың көктемінде қазақ еліне шабуыл жасайды. Олар Жетісуды, Талас, қаратауды тартып алады да, Сырды өрлей Аралға дейін аттанады. Арқаны арандайды. қалмақ шонжарлары және олардың шапқыншылары қазақтарды қан қақсатады, қырғынға ұшыратады, ауылдарды өртейді, жас балаларды найзаның ұшына түйреп отқа лақтырады. Шапқыншылардың әрекеттерінен үрейі ұшқан қазақтар бұрынғы ата мекенін^ қонысын тастап жер ауады; ата баладан, аға қарындастан айрылады; халық басына қара түнек орнайды. Бұл бір қайғылы кезді қазақ халқы “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама” деп атайды.
Бірақ, қазақ халқы басқыншылардан бұға бермейді, күш біріктіріп жауға қарсы күреске аттанады, әскери жасақтар құрады. Бұларды адал ниетімен халқын сүйген ер жүрек батырлар бастайды. қазақтар алғаш рет қалмақ басқыншыларына Бұланты өзенінің (Сарысу өзенінің орта ағысының батыс жағы) бойында қатты тойтарыс беріп, жауды жеңеді. Бұл жер “қалмақ қырылған” атанады.
Бұланты бойындағы жеңіс қазақ халқын рухтандыра түседі, халықтың күші бұрынғысынан арта бастайды. Басқыншы жауға қарсы ұзаққа созылган күрестерде, шапқыншылардан ел-жұртын қорғауда қазақ жігіттері та-маша ерлік-батырлық жасайды. Өзінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқы басқыншыларды талқандап жеңеді де, 1729 жылы жауды қазақ жерінен аластайды.
Алайда, қазақ халқы қалмақ басқыншыларының қайталап шабуылдау қаупінен мүлде арылып кетпейді. Сондықтан да қазақ халқы өзіне қорған болатын күшті іздейді. Ол күш орыс халқы болады. қазақ халқы Ресей мемлекетінің қарамағына ене бастайды. Бұл жағдай кейіннен, қазақ елін қалмақтардың шабулдауынан құтқарып алады. Ресейдей күшті мемлекеттің қанат астына енген қазақ елін қалмақтар баса-көктеп шабуылдауға батылы бармайды.
қалмақ басқыншыларына қарсы қазақ халқының жүргізген ерлік күресі ауыз әдебиетінен ерекше орын алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінен “Ақтабан шұбырынды” жыл-дарын (“Басынан қаратаудың көш келеді”) ғана елестетіп
қойган жоқ, ол басқыншыларға қарсы қазақ халқының ерлік күресін, батырлық күшін, жеңісін суреттеп, жырына қосты. Осы негізде халықтың батырлық түлғасын, ерлік күресін сипаттайтын батырлар жыры туады.
Міне, қазақтың ертедегі батырлар жыры жогарыдд айтылған тарихи кезеңдердің, үлы оқиғалардың елесін беру негізінде туып қалыптасады. Бұдан, әрине, батырлар жыры тарихи документ деген үғым тумайды. әдебиеттік шығармалардың қандайы болса да, белгілі оқиғалардың та-рихи документі болып табылмайды. Батырлар жыры да сондай. Олар өткендегі оқиғалардың сәулесін елестетуші; тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған көркем шығарма болып қана танылады.
қорыта келгенде, қазақта батырлар жырының тууына осы аталған екі жағдай үлкен әсер етті деуге болады. Бүдан, әрине, бергі заманда яғни XIX гасырдан бергі жерде батырлар жырын .шығармаған деген үғым тумайды. Соңғы кезде ба-тырлар жыры туған.
Кызылбастар мен қалмактар туралы
Ертеде туған батырлар жырында ел қорғаған ерлердің алысатын жаулары не қызылбастар немесе қалмақтар болып ке-леді. Бір жырдың өзінде қызылбас пен қалмақ аралас жүреді. Мүның себебі не және олар кімдер? Тарихтың айтуынша, жоғарыда сөз еткен Шыңғыс хан-ның Жебе және Субеде деген қолбасшылары 1222 — 1224 жылдары Солтүстік Иран, Кавказ және Оңтүстік шығыс Европаға шабуыл жасап, олардьщ көптеген жерлерін өздеріне қаратады . 1231 — 1239 жылдар арасында монғолдар Кавказ Азербайжан елдеріне шабуыл жасайды . Осындай басқыншылық шабуылдардың нәтижесінде монғолдар бүкіл солтүстік Иранды, Кавказ бен Азербай-жанның көп жерлерін өздеріне қаратып алады.
1256 жылдан бастап бүкіл Кавказдық елдер, Иран, Ирак және Кіші Азияның бірсыпыра жерлері Хулағу хан құрған монғол мемлекетіне (үлысына) бағынады. Бүл жерлерге үстемдік ету, монголдық тәртіп орнату үшін Хулағу хан өзінің қарамағына елу-алпыс мыңдай әскер ұстайды . Хулағу ханнан кейін бүл жерлерді монғолдардың Абаға хан (1265 —
1 Б. Греков, А. Якубовский. “Золотая орда и ее падещіе”, 1 950.
2 Проф. Петрушевский И. П. “Из героической борьбы Азербайджанского народа в XIII — XIV века”, Баку, 1941; История Грузии, ч I, (с древнейших времен до начала XIX века) , 1 946.
3 КрымскийА. “История Персии и ее литературы”, т. III, Москва, 1914.
1282 жылдары хандық құрған, Ахмет Такудар (1282—1284), Арғун хан (1284—1291) билеп тұрады. Ал, 1295 жылдан 1304 жылға шейін ғазан хан (қазан хан) хандық құрған. Хулағу хан бастаған бүл мемлекеттің соңғы патшасы Абусайд (1316—1335) болған.
Хулағу ханның мемлекеті бүкіл монғолия державасының бір бөлегі есебінде саналған. Бұларға Шыңгыс ханның ба-лалары (Жошы, Шағатай, кейін Бати, Берке) көп жәрдем, әскери күш-көмек беріп отырған. Бірсыпыра уақытқа дейін жергілікті елдер Хулағуліктерге багынбай, соғысып алысумен өткен. Хулағуліктерге бағынбай, қарсылық қайрат көрсет-кендер кавказдықтар, азербайжандар және қыпшақтар болғаіг.
Иранды, Кавказды және Азербайжанды өздеріне қаратқан монғол хандары Хулағу мемлекетін (ұлысын) нығайтуға күш салады. Ол үшін бұлар екі үлкен нәрсені жүзеге асыруға тырысады. Бірінші: әскер күшін нығайту болады. Монғолдар өздерінің әскеріне жергілікті елдерден де адам алады. Монғол хандары атты әскерден жасақтар құрады. Олар көбінеее ат үстінде соғысады. Осындай жағдайда жауларынан өздерін айыру үшін ирандық монғолдар бастарына қызыл бөрік қиеді. Осыдан барып оларды “қызылбас” деп атаған деседі .
ғазан хан және одан кейінгі хандар да өздері құрған мемлекетті нығайту мақсатымен айналасындағы елдерге та-лай рет шабуыл жасап отырған. Реті келсе, сол жерлердегі елдерді өзіне бағындырып алуды көздеген. ғазан ханның әскерлері Каспий теңізінің батысына, Дербент, Баку, Аст-рахань қалаларына шейін де жорық жасап келген. Олар әсіресе сол жерлерді мекендеген қыпшақтардың кең қоныс, шұрайлы жерлерін тартып алуды көксеген. Өздерінің жер-су, қоныстары үшін қызылбастарга қарсы күресіп, қарсылық көрсеткен, ерлік жасап,соғысқан ел қыпцгақтар болған .
Осындай сүрапыл айқастар кезінде әр жердегі қыпшақ рулары күш біріктіріп, бір-біріне жәрдем берген, сырт жауға қарсы аттанған. қыпшақтың әскери жасақтарын ер жүрек, жауынгер батырлар бастаған. Олар қан майданда қас дұшпанмен соғысып елдерін қорғап отырған. Сыртқы жау-лармен арпалысқан күрес жағдайларында батырлар әскер жасақтарының басшысы есебінде үлкен қызмет атқарған. Сондықтан да олардың ел қорғаудағы ерлік істерін, батыр-лықтарын халық ардақтап жыр еткен.
1 История Грузии, ч 1,1946.
2 Страныближнегоисреднеговостока, 1944.
3 Материалы, относящиеся к истории Золотой орды, т. III.
Міне, ертеде шыққан жырларды қазақ (қыпшақ) батыр-ларының алысатын жаулары қызылбастар болып келуі жоғарьвда көрсетілген тарихи шындықтың елесі секілді. Ал бертін келе, қазақ жеріне шабуыл жасаушылар қызылбастар емес, қалмақтар болады. қалмақтарга қарсы күресіп, ел-жұртын қорғап қалған батырлар жайында да көптеген аңыз-ертегілер, өлең-жырлар туады, оларда ел қорғаған батырлар ардақталады. Мүндай жырлар, біріншіден, жаңадан, тыңнан шығарылса, екіншіден, ертедегіжырларсоңғыкездіңоқиғасын суреттеп көрсету үшін қайта өңделеді. Бүл жырларда, бір жағынан, қалмақ басқыншыларына қарсы қазақ халқының ерлік күресін негізге алса; екінші жағынан, осы күресті көрсету үшін ертедегі жырларды да пайдаланады. Халық арасында ертеден айтылып келген кейбір батырлар жырына жаңа мазмұн береді. Осы аталған кезде туған жырлардың кейбіреулерінде қазақ батырларының алысатын жаулары не қызылбас, не қалмақ болып келуі осыдан болу керек. Бұл ретте Н. А. Добролюбовтың мына бір пікірін еске алайық.
Добролюбов былай дейді: “Орыстың батырлар жыры ерте заманда, көп қүдайға табынып жүрген кездің өзінде-ақ туған. Бертін келе олар ұмытыла бастаған. Бірақ орыс жеріне татар басқыншыларының шабуыл жасаған кезінде халық ертедегі батырлық жырларын, ерлік салтын ескс ала отырып, сол жырларды қайтадан жөндеген. Ертедегі жырларды қайтадан, жаңаша жырлаған, оған соңгы кездің оқиғаларын қосқан. Сөйтіп осы негізде батырлық жаңа жырлар шығарған, бүл жырларда ертедегі және соңғы кезде болған оқиғалар араласып кетіп те отырған” .
Добролюбовтың бүл пікірі қазақтың кейбір батырлар жы-рында қызылбастар мен қалмақтардың аралас келу себебін ашып береді. қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы күресі бергі кезде болды. Бұған қараганда, қалмақ феодалдарының шапқыншылық әрекеттеріне қарсы ерлікпен күресіп, жауға тойтарыс берген қазақ халқының батырлық түлғасын көрсету үшін, жыршы ақындар өткен заманда туған батырлар жырын да пайдаланган секілді. Ескі жыр-ларға соңғы кездің оқиғаларын қосып, біраз жаңартқан деуге болады. ~~
Демек, ерте заманда туған батырлар жыры жоғарыда аталған тарихи жағдайлардың негізінде, соларды әдебиет арқылы әңгімелеу, жырлау ретінде шықты, Бұл оқиғалар
‘ Я А. Добролюбов. Собрание сочинений, том I, “О степени участия народности в развитии русской литературы”, стр. 288—291., 1950.
батырлар жырынан орын алды. Аталған оқиғалар тек жыр-ланып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің бағасын да, сынын да алып отырды. әрине, ертеде туған жырлардың қайсысын алсақ та, оның шығуы белгілі бір мақсатты, таптық, қоғамдық идеяны көрсететінін байқаймыз. Осы тұрғыдан қарағанда, ертедегі батырлар жырының өзінде халықтық және халыққа жат идеялардың барлығын көреміз. Екінші сөзбен айтқанда, аталған кезде туган жырлардың бір тобы халықтық ортада: екінші біреулері, феодалдық ортада туғанын аңғарамыз және екеуінің бір-біріне әлсіз түрде болса да, қарма-қарсы екендігін сезінеміз. Бүдан батырлар жыры ерте кездің өзінде-ақ екі бағытта туғандығын, болған тарихи жағдайды, оқиғаларды екі бағытта бағалағандығын көреміз. Жырлардьщ кейбіреулерінде халықтың арман-ойы, мүддесі, көзқарасы жатса; екінші біреуінде феодалдық тілекті жыр-лаушылық басым болып отырады. Тіпті халықтық жырлар-дың өзінде де халық тілегіне қайшы келетін әңгімелердің орын алатыны бар. Сондықтан да батырлар жырын түсіну, бағалау үшін оларды сын көзімен, халық мүддесі тұрғысынан қарауға тиістіміз. ,
Батырлар жырының варианттары
Ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктің бірі —бір жыр бірнеше вариантта болып келетіндігін кіріспе бөлімінде айтқанбыз, Шығарма-лардың бір-біріне жалпы мазмүны үқсап келетін туынды түрлерін вариант десек, оның батырлар жырында да елеулі орын алғандығын байқаймыз. Өйткені батырлар жыры да, ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, ауызша туады, оны жыршы ақындар шығарады.
Батырлар жырын шығарушылар өздерінің әңгіме-жырын оқушыға емес, тыңдаушыға арнайды. Олар тыңдаушы көпшіліктің ықылас орайымен санасып отырады. Егер тыңдаушы көпшілік жырды қызыға тыңдаса, онда жыршы ақын бір айтқанын қайталай бермей, әңгімесін молынан, үзагынан айтуға тырысады. Бұл ретте батырлар жырын көп жырлаған қарт ақын Айса Байтабыновтың мына бір сөзін келтірейік.
— Мен жас кезімде көптеген ақынның жырын тындадым. Ол ақындар жырын жүрттың жиналған жерінде көпшіліктің сұрауы бойынша айтатын еді. Егер көпшілік ақынның жырын сүйсіне, қызыға тындаса және жырды ұзағынан жырлауды өтінсе, онда ақын жырын бірнеше күн бойына айтатын еді. Ол жырын кешкі асты ішкеннен кейін бастап, таң атқанға дейін жырлайтын, жырдың
жалғасын келесі күні тағы айтатын. Сонда ол бір әңгімесін қайталамай, жаңадан тың әңгімелер қосып отыратын. Ал тыңдаушы көпшілік жырды онша ықыластанып тыңдамаса, онда жыршы батырдың бір-екі жорығын ғана айтып, әңгімесін доғаратын.
Бұл пікірді жалғыз Айса емес, батырлар жырын шығарған ақындардың (Нүрпейіс, Мұрын жырау, Шашубай, т.б.) бәрідеайтқан. Оныңдұрыстыгынқазақәдебиетітарихын зерттеген әдебиетші галымдар да (М. әуезов, С. Мұқанов, ә. Марғұлан, қ. Жұмалиев. Е. Ысмайылов, т.б.) өздерінің еңбектерінде әлденеше рет анықтаған болатын.
Батырлар жыры халықтың жазу өнері болмаған кезде туды. Оны жыршы ақындар шығарып, ел арасына ауызша айту түрінде таратты. Жырдың алғашқы үлгілерін кейінгі ақындар пайдалана отырып, оны көпшіліктің тілегіне сай өзгертеді, өңдейді. әрбір ақын өздерінің жырын жұрттың жиналған жерінде айтқанда бұрыннан таныс әңгімелерді қайталай бермей, тыңдаушыны сүйсіндіріп қызықтыратын жаңадан тың әңгімелер қосады. Егер тыңцаушы көпшілік ақынның жырды ұзағынан айтуды, батырдың балалық шағынан бастап, қартайғанға дейінгі өмірін, ерлік істерін молынан жырлауды өтінсе, онда халықтың бұл тілегімен ақындар санасып отырған. Осы ретте олар жырын бірнеше күнге созып айтатын болған.
әрине, жырды ұзағынан айту, бір оқиғадан екіншісін тудыру, әңгіменің жалпы желісін, бұзбай молынан қамти жырлау, әрбір ақыннан асқан шеберлікті, ақындық өнерді керек етеді. Сондықтан да олар көпшілік алдында жыр айту үшін оған көп даярлық жасаған, ертеден келе жатқан және бұрын жұртқа таныс болған жыр әңгімелеріне қиыстырып жаңа сюжет қосу жайын көп ізденген. Ертеден келе жатқан жыр сюжеттерін нсгізге ала отырып, оны әрбір ақын өзінше жырлаған, жаңадан редакциялаған. Мы-салға Нүрпейістің айтуындағы “қобыланды батырды” алуға болады. Бұл жырды өзінен бұрын талай ақындардың жыр-лағанын айта келіп, ол: “Мен жырдың негізгі әңгімелерін үғып алдым да, оны өзімше жырладым”,— дейді.
Батырлар жырын айтатын ақындардың қайсысы болса да, ерте заманда туып, ел арасына тараған жырлардың көбінесе’ оқиға желісін пайдаланған. Кейбір дарынды ақындар ондай жырлардың мазмұнын гана алып, сөзін өздері шығарған, бұрынғы айтылудағы стилін, сөз сапта-сын, өлеңдік өлшемін сақтап отырған. Мұнымен қатар, ондай ірі ащқыш ақындар бір батыр жайында үзағынан
айтылатын және батырдың барлық өмірін, ісін қамтитын көлемді жыр шығару үшін, сол батыр жайында әр жердс бүрыннан айтылып жүрген жырларды жинастырған, оларды қиыстырып редакциялаған. Сөйтіп, бір жырдың әр түрлі варианттарынан құрап көлемді үзақ жыр тудырған. Бір батыр жайында мұндай көлемді, көп оқиғалы, ұзағынан айтылатын түтас жырдың тууы, М. әуезов пен қ. Жұма-лиевтің зерттеулеріне қарағанда, эпос жанырының есейген, жетілген кезінде болатын секілді.
Батырлар жырын шығарушы ақындар десек, жырдың әр түрлі варианттары болуы да соларға байланысты. Жыршы ақындарың қайсысы болса да бір батыр жайында үзағынан айтылатын, мол сюжетке құрылған көлемді жырды бірден шығарған жоқ. Ең әуелі жырға батырдың бір-екі ерлік ісі қосылуы мүмкін. Бұл әңгімелер жұртқа таныс болғаннан кейін, тындаушы көпшілік ақыннан “осы әңгіменің жалғасын айт” деп тілек білдіруі ықтимал. Сол кезде әрбір жыршы жаңағы жұрт қалап отырған және бұрыннан таныс болған жырдың “алды-артын” шығаруға кірісетін секілді. Сөйтіп барып, жырдыңалғашқыәңгімелерінежаңадан, тыңнансюжет қосылады. Ал жырдың ел арасына бұрын тарап кеткен алғашқы әңгімелері де, соңынан қосылғандары да әрқайсысы өз алдына вариант есебінде айтылып жүрген. “қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, тағы басқа жырлардың варианттары осылай туған деуге болады.
Батырлар жырының варианттары әдебиет тарихынан айрықша орын алады. Варианттар әрбір жырдың қалай туып және қай бағытта дамығандығын түсінуімізге көп материал болады. Сонымен қатар, ол жыршы ақындардың творчсст-волық ерекшеліктерін, ақындық шеберліктерін және олардың көзқарастарын ашуға көмектесёді.
Батырлар жырының қурылысы
Батырлар жырының қайсысы болса да оқиғаға қүрылады, сюжетсіз жыр болмай- ды. Жырдың сюжеттік құрылысы жырдағы
басты кейіпкер жайын, оның ағайын-жұрты, жолдас-жоралары және олардың бір-бірімен қатысы, қуанышы мен күйініші, алыс-тартыс жорықтары, жау адам-дарының іс-әрекеттсрі жайын суреттеуден туады.
қазақтың батырлар жырының қүрылысын сөз еткенде, оның көпшілігінс тән ерекшеліктің бірі — жырдағы оқиғалар басты кейіпкерлер төңірегіндс болатындығында. Кейбір жырлардың оқиғалары көбінесе басты кейіпкерлсрге бай-ланысты алынады да, солар арқылы дамиды. Бұған мысал ретінде “қобыланды батыр” мен “Ер тарғын” жырын келтіруге болады. (Бұл жөнінде осы жырлардың талдауын қараңыз). Жырдың мұндай құрылысы, яғни оқиғаны басты кейіпкер арқылы дамыту — оқиғаны тізбектеп жырлау әдісі деп аталады.
қазақтың батырлар жырында оқиғаның басталуы әр түрлі болып келеді. Кейбір жырлар (“Ер Тарғын”, “қамбар”) әңгімені басты кейіпкерлердің ер жетіп, есейген кезінен, содан былайғы жерде жасаған ерлік істерін сипаттаудан бастайды, жырдың сюжетін осылай құрады. Ал енді бір жырларда (“Алпамыс”, “қобыланды батыр”) жырдың сю-жеттік желісі әріден, яғни басты кейіпкердің дүниеге келмей тұрған шағынан, тартылады. Осыдан былай жырдың әңгімесі өрістей, сатылап өрлей, дами береді. Сондай-ақ кей-кейде батырлар жырының оқиғасы басты кейіпкердің (мысалы, “Ер Тарғынның”) бірден іс-әрекетке кірісуінен басталады. Жыршы ақындар өздерінің жырындағы басты кейіпкер жай-ын айтпастан бүрын, оның кім екендігімен тыңцаушыны таныстырмай тұрып, батырдың үрыс үстінде жасаған ерліктерін суреттейді. Содан кейін ғана ақын батырға ора-лып, жырдың оқиғасын ілгерлете жөнследі.
Батырлар жырының құрылысы сюжеттік әңгімелерді қиыннан қиыстырып айта білу, әрбір оқиганы тартымды етіп суреттеу, негізгі ойдың желісін бұзбай, бір оқиғадан екіншісін тудыру, әрбір ұсақ бөлшектің өзін сипаттай жырлау жыршы ақындардың шеберлігіне байланысты болып отырады. қандай көркем шығарма болса да, оның сюжет құрылысы шеберлікті керск ететіндігін батырлар жыры да дәлелдейді.
Батырлар жырының Өлең құрылысы
қазақтын өлең құрылысы жайын зерттелердің айтуына қарағанда, Абайға дейін өлеңнің негізінде екі-ақ түрі болған. Біріншісі — он бір буынды өлең, екінші-сі — жыр.
Батырлар жыры өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрімен айтылған. Өйткені ерлік қимылды, көтеріңкі пафосты, атыс-шабыс, жорықтарды түйдектете, асқан шапшавдық ша-бытпен айту үшін өлеңнің оралымды түрі — жыр болған. Мұның үстіне өлевді суырып салып (импровизация) айту үшін де қолайлысы жыр деп танылған. Жырда ұйкасымнан гөрі буын санына, ырғақ-екпінге ерекше мән берілген. Ал
1 қ. Жумалиев. Абайғадейінгі қазақпоэзиясыжәне Абайпоэзиясыныңтілі, Алматы, 1948.
он бір буынды өлең жорық, аттаныс, соғыс картиналарын беруде, оқиғаны үсті-үстіне түйдектете айтуда жыр секілді жеңіл, оралымды-үшқыр келе бермеген. Он бір буынды өлең ойланып айтуды, үйқасымның үнемі болып отыруын керек еткен.
әрине, батырлар жырының барлығы жеті-сегіз буынды жыр түрінде айтылған жоқ. Кейбір жырлар өлеңнің жыр түрін сақтаса, енді біреулерінде он бір буынды өлең де, тіпті қара сөз де кездеседі. Оның себебі — жырдың оқиғасына байланысты секілді. Егер жырда ерлік, аттаныс, жорық, күрес жайы айтылатын болса, онда өлеңнің жыр түрі қолданьшатыны байқалады. Ал, жырдың оқиғасы ерлік күрес жайынан ауысса, овда жыр он бір буынды өлеңмен немесе қара сөзбен айтылады. Мүның мысалын “Алпамыс” пен “қамбардан” көреміз.
Өлеңнің жыр түріне тән негізгі шарт — буын саны мен ырғақ, екпінінің бір қалыпта болуында секілді. Жыршы ақындардың бәрі де осы шартты қатты ескеріп отырады, жырдың буын санын жеті-сегізден асырмайды, ырғақ пен екпінді де сақтайды. Ал- өлеңнің үйқасымы, жол саны жыр түрінде әр түрлі болып келеді. Батырлар жырында белгілі бір пікірді білдіретін, соны түйіндейтін шумақтың саны кем дегендс төртеу, асса 20—30 тармаққа дейін барады. Өлең тармақтарының санына қарай ұйқасымы да әр түрлі келіп отырады. Кейде өлең жолдары қатарынан немссе ерікті, аралас, шұбыртпалы түрлерінде үйқасады (бұлардың мысалдарын жеке жырларға берілген талдаулар-дан қараңыз).
Батырлар жырында дыбыс қайталаудың алатын орны үлкен. Ол жырдағы оқигаларды дамыта және көркемдеп айту үшін қолданылады. Мүнымен қатар, жыршы ақындар жырға қосып отырған оқиғасының қай мезгілде болғандығын аңгару үшін де кейбір дыбыстарды қайталайтывдығы байқалады. Жыршылар дыбыстарды қайталағанда өлең жол-дарын қатарынан бір дыбыстан бастайды. Кейде бір тар-мақтағы барлық сөздерді не дауысты (ассонанс), не дауыссыз (аллитерация) дыбыстан қүрастырады. Кейбір жырларда кісі аттарының өзі бір дыбыстан басталатындығы бар. (Мәселен, “қобыланды батыр” жырындағы кісі аттары: қарақыпшақ қобыланды, қиятұлы қараман, қүртқа, қарлыга, қазан болып келеді.) Бұл айтылғандарға бір-екі мысал келтірейік.
қобыланды батыр Алшағырдың түтқынынан ел-жүртын құтқарып алады. .Осы бір картинаны жыршы ақын:
қаладан шығып көп қыпшақ, қойдай маңырап шуылдап, қозыдай манырап дуылдап,
Кобыланды ерге қосылды; қабыл болды бұл сапар, қобыланды ердің тілсгі ,—
деп суреттейді. Жыршы кілең дауыссыз дыбыстарды кай-талай отырып, айтылған әңгімелердің (қыпшақтардың түтқыннан құтқарылуы) осы сағатта болғандығын аңғартады. Жыршы ақындар қайталау ретінде дауысты дыбыстарды да пайдаланады. Мұны олар көбінесе жырдағы адамдардың портретін жасау үшін, олардың өткен кезде кім болғандЬІғын баяндау үшін қолданатын секілді. Дауысты дыбыстарды қайталауымен жыршылар адамның сырт келбетін суреттейді. Мәселен, қобыланды батырдың алдынан қарсы шыққан қазан батырды Біржан ақын:
қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйгсн,
Алдына дабыл төнкерген,
Артына сауыт бөктерген, Аламанға дсм бергсн, Азды көпке тең көрген,-
деп қазанның өткен кезде қандай батыр болғандығын бей-нелейді.
ОБРАЗ ЖАСАУ
қазақ ауыз әдебиетінің поэзия түрінде адам ЖОЛДАРЫ образын
жасаудың алғашқы үлгісін салған батырлар жыры деуге болады. Ел қорғау жолында ерлік көрсеткен, аңдыған жауға қарсы аттанған батырлардың образын жасау үшін жыршы ақындар бірнешс әдістер қолданады. Ең алдымен батырларды халық үғымына аса күшті көрінетін жаратылыс қүбылыс-тарына салыстырады. Батырдың жаумен кездес^сен жерін суреттегенде “қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып… жауар күндей күркіреп” деп бейнелейді, ерте кездегі мифтік ұғымдарға, фантастикаға апарады. Немесе, батырды “жол-барыстай жүректі, арыстандай айбатты” деп көрсетеді. Батырдың сырт түлғасын, алып күшін осындай теңеулер арқылы суреттей отырып, оның образын жасайды.
Мүнымен қатар, жыршы ақындар батыр образын оның (батырдың) өз сөзімен жасайды. Батырлардың монолог түрінде айтатын сөздері арқылы оның бірсыпыра ерлік істері суреттеледі. Бүған қобыландының, Тарғынның айтатын монолог сөздерін мысалға алуға болады. Монолог түрінде кейде бір адамның өмір тарихы, ерлік істері баяндалатын кездері болады. Ақжүністің монологынан қарт қожақтың (бес жасынан бастап алпыс бес жасқа дейінгі) өмірі ба-яндалады және оның батырлық образы жасалады.
Батырлар жыры, 153-бет, 1939.
Кейдс жыршы ақындар батыр образын, оның (батырдың) ағайын туыстарының, жора-жолдастарының сөзі арқылы суреттеп отырады. Тоқтарбай, Аналық, құртқалардың жоқтау сөзімен қобыландының батырлық образы беріледі. қараманның сөзі арқылы Алпамыстың батырлық тұлғасы суреттеледі.
Жыршы ақындардың адам образын жасауда ерте кезден бері қарай қолданған негізгі әдіс-амалдары осы сияқты деуге болады. Мүнымен қатар, олар образдарды күшейту үшін, “түймедейді түйедей”, немесе “жансызға жан бітіргендей” етіп суреттеу үшін әр түрлі портреттер жасау үшін өлендегі әсірелсу, шендесі;іру, кейіптеу, бейнелеулерді де молынан пайдаланып отыратындығы байқалады. (Бүл жөнінде жеке жырларға берілген тандауларды қараңыз.) Осылардың бәрін жыршы ақындар образдың сыртқы келбетін, срлік істерін, алыс-тартыс күрестерін сипаттау үшін алады.
Ал батырлар жырында адамның ішкі ой дүниесі, пси-хологиясы, қуанышы мен қайғысы, көңіл күйі, көзқарасы, т.б. толығынан ашылмайтындығы байқалады. Дегенмсн, ба-тырлар жырының бүл жайларды аз да болса суреттеп ке-тетіңдігі болады. Онда жыршылар адамның психологиясына байланысты моменттерді табиғаттағы әр түрлі қүбылыстар-мен немесе жануарларда болатын мінездермен байланы-стырады . Мәселен: Тарғынның мертіккендегі күйзелісі, психологиясы тікелей суреттелмей, оны түрлі пернелеу арқылы білдіреді. “Айды, күнді бұлт қоршайды, күн жауарға үқсайды, көлде қулар шулайды, көк түйгын түйілгенге үқсайды” деген секілді параллель жасалынып барып, адам-ның көңіл күйін бейнелейді. Осындай параллсль арқылы Тарғынның халі айтылады.
Халық әдебиеті мен жазба поэзияда образ жасау жолдары жайында В. Г. Белинский былай дсген еді:
“Көркем поэзия (жазба поэзия М. ғ.) әрқашан да нақтылы халық поэзиясынан жотары сатыда тұрады. Соңғысы халықтың сәбилік дәуіріндегі былдырлаған тәтті тілі, қараңғыда қарманған түйсік, бұлдыр сезім дүниесінің көлеңкесі ғана; халық поэзиясы айтайын деген ойын дәл етіп берерлік сөздер таба алмай, болжалдап айту әдісіне, пернелеу, бейнелеуге әрдайым иек сүйеп отырады; ал көркем поэзия бұл — ер жеткен сананың үзілді-кесілді сөзі, түрі мен мазмұны тең түскен нақтылы шындық бол-
1 қ. Жумшшев. қазақ өлец құрылысы, тілі жөніндегі Лбайдыц жаңалықтары, “Майдан” журналы, №2,1944.
мыстың көлеңкесі. Көркем поэзия айтайын деген ойын әр кезде де дәл, жарқын, идеясымен тең түсерлік, айқын образдармен айтып береді” .
Демек, халық поэзиясы барлық жағынан шыңдалып жетілген образ жасауда көркем (жазба) әдебиеттен кем жатады. әрине, бұл халық поэзиясының айыбы емес, ол халық поэзиясының қай дәрежеде болғанын және образдарды қалай жасағандығын көрсетеді.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫң МәңІ Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға ң мәні жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және
бұл жолда тамаша ерлік істер жасаган батырлар жайында шығырылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. Мұны көп ғасыр бойына халықтың үмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Алғашқы үлгілері есте қалмаган сонау ерте заманда туған батырлар жыры, бертін келе өзінің даму процесінде шыңцалып, жетілу үстінде болған. Ол халықтың әр кезде жа-саған ерлік істерін жырлау негізінде өсіп ұлғайған. әрбір та-рихи кезеңде, халыққа төнген қауіп-қатер кезінде асқанерлік жасап, ел-жүртына қорған болған, батырлардыңқаћармандық істері халықтың әдебиетінен де орын алған. М. Горькийдің: “Ауыз әдебиеті тарихқа өзінше ілесіп отырады”,— дейтіні осыдан. әрине, батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батыр-лар жырының басты мәні де осыған байланысты.
Халық өткен кезде батырлар жырын жастарды ел-отавды сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдагы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да халықтық мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін қазақ халқы бұл жырлардың ең таңдаулысын, иде-ялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бүған батырлар жырының ең тавдаулы үлгілерінің жинақ болып бірнеше рет басылуы, ғылыми еңбектер жазылуы, оқу орын-дарывда оқытылуы, театр сахналарында және киноларда көрсетілуі дәлел. Сондай-ақ, патриоттық- ерлік істерді,
В. Г. Белинский, сбор. соч. в трех томах, том 2,1948.
Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мүраның ең жақсы үлгілері деп таниды.
* * *
қазақ халқының ертеден келе жатқан батырлық жырлары жайындағы азын-аулақ жалпы шолуларымызды осымен аяқтап, енді сол шығармалардың өзіне ойыспақпыз. Бұл ретте қазақ халқының көптеген батырлар жырынан мысалға алатынымыз “Алпамыс”, “қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “қамбар” жырлары. Алдын ала ескерте кетелік, қазақ халқының батырлық жырлары бұл аталғандар ғана емес, ол бұдан көп. Біз оқушыларды батырлар жырының үлгісімен таныстыру үшін осы төрт жырды ғана алып отырмыз.
“АЛПАМЫС”
“Алпамыс” деп аталатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Ағайынды үш елдің айтуындағы бұл жыр мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келеді. әйткенмен өзара айырмашылығы да жоқ емес. Ондай айырмашылық басты-басты екі әңгімеден көрінеді деуге болады. Бірінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырда Байбөрі мен Байсарының (кейде Сарыбай деп те аталады) аразданып кетуі көкпарға байланысты делінсе, өзбекте олай емес. Өзбектердің жырында Байбөрі ел билеген хан болады, ол қарамағындағы халықтан алым-салық, зекетті көп жи-найды. Бүған наразылық ретінде Байсары қалмақ еліне көшіп кетеді. Екінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырдың екінші бөлімі, Байбөрінің малын Тайшық ханның тартып әкетуі жайын суреттеуден басталатын. Ал өзбектің “Алпамысында” Алпамыс Тайшықтың еліне өзінің малын қайыру үшін аттанбайды. Ол Баршынның айтуы бойынша, ханның қысымынан қайын атасы мен қайын енесін қүтқару мақсатымен аттанган болады.
Ағайындас үш халықтың айтуындагы “Алпамыс” жыры-ның осы секілді өзара аздаған айырмашылығы бола тұрса да, бүл — әр халықтың өз шығармасы, тума жыры. Сон-дықтан да әр -халық бұл жырдың ертеден келе жатқан сюжет желісін сақтай отырып, оны өздерінше жырлаған және
бірнеше вариантқа айналдырған. “Алпамысты” зерттеген өзбек ғалымдары X. Т. Зарифов пен М. И. Афзаловтың айтуына қараганда, жырдың өзбекше он бір варианты бар көрінеді. Белгілі фольклорист Т. Сыдықов: “Алпамыстың” қазақша үш үлкен түрі бар,— дейді .
қарақалпақ әдебиетшісі И. Т. Сағитов “Алпамыстың” қарақалпақша бес варианты барлығын айтады.
Бұрлармен қатар, татар, башқұрт, алтай елдерінде Ал-памыс жайында шығарылған ертегілер де бар. Татарлардың ертегісі “Алпамша”, башқұрттардікі “Алпамыш”, алтай-лықтардікі “Алып-Манаш” деп аталады. Бұл ертегілердің кейбір әңгімелері өзбек, қазақ, қарақалпақ айтатын жырдың алғашқы бөліміне ұқсас келеді.
“Алпамысты” жырлаған халықтың қайсысы болса да, оны өзінің тума шығармасы деп қараған. Сондықтан да біз бұл жырдың әр елдегі нұсқаларына тоқтамай, тек қазақшасын ғана сөз етпекпіз.
ЖЫРДЫң ЖИНАЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ “Алпамыс” қазақ еліне, әсіресе оңтүстік , қазақтарына, ертеден таныс, көп заман ЗЕРТТЕЛУІ бойына ауызша айтылу арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантыр алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 жылы қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы, Үлтанды жеңуі жайында болатын.
ә. Диваев “Алпамыстың” бір вариантын Жиенмұрат Бекмұхамедовтан жазып алып, “Бұрынғы өткен заманда Жиделі-Байсын деген жерде өткен Алпамыс батырдың хи-каясы” деген атпен 1901 жылы бастырып шығарды. Жырдың бүл варианты Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуімен аяқталады.
қазан революциясына дейін қазақ арасына баспа арқылы тараған негізгі нүсқалары осы екеуі.
1922 жылы ә. Диваев “Алпамыс” жырын қайта бастырып шығарды. Ал 1939 жылы “Батырлар” атты жинақ шықты. Оның редакциясын басқарған, сөз басын жазған Сәбит
қазақхалықыныцбатырлықжыры, 36-бет, 1972
Мұқанов еді. Ол “Алпамыс” жырын жаңа жинаққа енгізгендс, жырдың ел арасында айтылып келген және бұрын баспа жүзіне шыққан нұсқаларын шебер біріктірді де, тұтас бір жырға айналдырды. (Біздің талдауға алатынымыз да осы вариант.)
Мұнымен қатар қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясы соңғы жылдар ішшде “Алпамыс” жырының қазақ арасында айтылып келген бірнеше варианттарын жинап алады. Солардың ішінде күрделісі — атақты Майкөт ақынның, Рақаттың айтуывдағы жырлар. (Бұлар әзірге баспа жүзіне шыққан емес.) Жырдың бір вариантын Еркінбек Ақынбеков деген кісі қара сөзбен ертегі түрінде айтқан. Оның басқа жырлармен салыстырғанда тыңнан қосқан бір жаңалығы бар. Ол мынадай: Байбөрінің малын айдап кеткен Тайшық ханның зынданына Алпамыс түсіп қалады. Бір күндері Алпамыс үстінен өтіп бар жатқан қаздарға жа-лынады, мұңын айтады. Соңгы қаздың қанатына байлап, қарындасы қарлығашқа хат жолдайды. “қарындасым қүс салушы еді, соған табыс ете гөр”,— дейді. Жолда қаз қолға түсіп қалады, бірақ қанатындағы хатты көрген мер-гендер қазды қоя береді. қаз хатты қарлығашқа тапсырады, ‘ ағасының хал-жайын Алпамыстың қарабай дейтін досына айтады. қарабай Алпамысты іздеп келеді. Зынданға арқан тастап, Алпаі^сты шығара бастайды. Орта жергс келгенде Алпамыс “бір кезде қарабай осы жақсылығын бетіме салык қылар” деп ойлайды да, арқанды кесіп жібереді, зындан түбіне жатып қалады. Досының халіне ‘қайғырып қарабай еліне қайтады.
Жырдың қазақша басқа варианттарында кездеспейтін, Еркінбектіңтыңнан қосқан үлкен бір эпизоды осындай. Бұдан жыршылардың қайсысы болса да “Алпымысты” өздерінше жырлап, өндеп үлғайтқандығы байқалады.
Жалпы “Алпымыс” жайында кеңестік дәуірде жазылған ғылыми мақалалар мен еңбектер бірсыпыра деуге болады. Бүл жәнінде академик А. С. Орлов, М. 0. әуезов, В. М. Жирмунский, А. К. Боровков, С. Мүқанов, қ. Жұмалиев, X. Т. Зарифов, ә. X. Марғұлан, Н. С. Смирнова, Т. Садықов, И. Т. Сағитов, М. И. Афзалов, М. И. Богданова, Л. И. Климович тағы басқалары еңбектерінде “Алпамыс” туралы көптеген ғылыми пікірлер айтты. Олар әр елдің “Алпамы-сын” арнайы талдап, жырдың басты идеясын, сарыны, ха-лықтық сипаты, көркемдік ерекшсліктері, т.б. қандай екендігін ашуға ұмтылды. “Алпамыс” Орта Азия ха-лықтарына ортақ мүра болғандықтан, жырдың кейбір
мәселелерін анықтау мақсатымен 1956 жылдың күзінде Таш-кентте әдебиетші ғалымдардың кең мәжілісі де өткізілді. Бұл мәжілісте “Алпамысқа” арналған он бес ғылыми баян-дама жасалды. Осы баяндамаларда болсын және басқа зерт-теу еңбектеріндеболсын, әдебиетшіғалымдардыңтұжырымды қорытывдысының нәтижесінде “Алпамыс” шын мәніндегі ха-лықтық жыр деп танылды.
“Алпамысты” зерттеушілердің айтуына қарағанда, бұл — бүгінгі Орта Азия халықтарының белгілі бір мемлекетке айналмай, ру ретінде жүрген кезінде туған жыр. Проф. В. М. Жирмунский мен X. Т. Зарифов “Алпамыс” жөнінде былай дейді: “Өзінің шығу тегіне қарағанда “Алпамыс” қоңыраттардың рулық эпосы… қоңыраттардың ру есебінде тарихқа белгілі бола бастауы монғолдардың жаулап алуымен (XII ғасырдың соңы, ХІП ғасырдың бас кезі) байланысты” . Бұл пікірді проф. А. К. Боровков “Алпамыс” жырының туган кезі XII—XIV ғасырдың арасы болуға керек,— дейді . қазақстан Республикасы ¦лттық ғылым академиясының ака-демигі ә. X. Марғұлан “Алпамыс” қыпшақ заманында туған, содан қалған жыр екендігін айтады . Ал жырдың қазақша нұсқасын көбірек зерттеген ғалым Т. Сыдықов “Алпамы-сты” рулық, тайпалық кезден келе жатқан мұра,— дейді .
Демек, “Алпамыс”— Орта Азия халықтарының ерте за-манда, ру болып жүрген кезінде туған шығармасы. Бұл жырдың Орта Азия халықтарына ортақ болу себебі де осыдан,
Жырдың негізгі идеясы — ру бірлігін сақтаудан туған. Сондықтан да жырда ру бірлігін көздеген, әр рудың ара-сында араздық, шапқыншылық емес, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. Оларды рудың қамқоршысы етіп суреттейді. Ал ру бірлігін, ру тілегін ойламай, өз қара басының қамымен жүретіндерді жыр жағымсыз бейнеде сипаттайды. Сөйтіп, “Алпамыс”— өз дәуірінің идеясын бейнелеген, оны көп ғасыр бойына сақтап келген халықтық жырдың бірі.
әрине, “Алпамыс” жырын бағалауда теріс көзқарастар да болмай қойған жоқ. Бұл жырдың өзбекше вариантын
1 В. М. Жирмунский, X. Т. Зарифое. Узбекский народный героический эпос, 69-бет, Москва, 1947.
2 А. К. Боровков. Героическая поэма об Алпамыше, сч. сборник “Тезисы докладови сообщений…”, Ташкент, 1956.
3 Известия Казахского филиала АН СССР, серия историческая, № 2 (27), стр.81, 1946.
4 Т.Сыдықов.жоғарыдааталғанеңбегі.
қарастырган А. Абдунабиев пен А. Степанов “Алпамысты” халыққа жат, зиянды шығарма деп бағалады . Олардың бұл пікірі қазақтың кейбір әдебиетшілері мен тарихшыларына да әсер етті. қазақстанда да “Алпамысты” феодалдар мен байлар тудырган, солардың мүддесін білдіретін жыр деп, жырдың қазақша варианты да халыққа жат деп дәлелдеушілер болды. Олар жырдың халыққа жат болу себебі Үлтан образының жағымсыз түрде жасалуынан деп көрсетті. Шығарманың халықтық сипаты жеке образдарға байланысты бола бермейтіндігін олар ескермеді.
“Алпамысты” багалауда орын алған мұндай нигилистік көзқарастардың қате, теріс екендігі айқындалды, оларға қатты-тойтарыс берілді. Бүл жөнінде Ташкентте өткізілген мәжіліс және әдебиетші, тарихшы ғалымдардың жаңа зерт-теулері “Алпамыс” жыры халықтық шығармалардың қатарына қосылатындығын анықтады. Сондықтан да біз “Ал-памысты” қазақ халқының да ертеден келе жатқан мәдени мұрасының бір ескерткіші деп танимыз.
“Алпамыс”— халықтық жыр, хылықтың идеясын, қогамдық көзқарасын білдірген күрделі шығарманың бірі. Жырдың ә. Диваев, кейінде С. Сейфуллин, С. Мүқанов қайталап жариялаған және біз талдауға алып отырған сол вариантының .халықтық идеясы жырдағы образдар арқылы ашыла түседі».
қазақтағы батырлар жырының ең ескісі, рулық кезінен қалғаны “Алпамыс” десек, батырлар жырында адам образын жасаудың алғашқы үлгісін салган да осы жыр деуге болады. Бергі кездегі батырлар жырында батыр образы үлғайып өскен дәрежеге көтерілсе, ондағы батырлар көбінесе көк сауытты киініп, көк сүңгіні үстаған бейнеде, қандай жау келсе де оған қарсы аттанып, ерлікпен күрескен, ел-жүртын қорғап қалған, алып тұлға түріндс суреттелсе, “Алпамыс” жырында батырлық образ жасаудың бастамасы ғана бар секілді. Жаіымды, жашмсыз кейіпкерлердің образын жа-сауда “Алпамыс” жыры өз кезіндегі ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін пайдаланғаны да байқалады. Жырдағы кейбір кейіпкерлердің ертегілерде кездесетін персонаждарға үқсас келу себебі де осыдан болуға тиіс.
1 “ЗвездаВостока”журналы,№2,1952;“Литературнаягазета”, 12фепраль, 1952.
2 Жырдың кейбір образдарын, көркемдік ерекшеліктерін талдауда қ. Жу-малиев, В. М: Жирмунский, X. Т. Зарифов, Т. Сыдықов т.б. “Ллпамыс” жайындажазған ецбектері негізге алынды.
АЛПАМЫС Жырдың басты кейіпкері — Алпамыс. Ол халықтың ру бірлігін сақтау идеясынан, руға қамқор — қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Сондықтан жыр Алпамыстың іс-әрекетіне батырлық сипат береді.
Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбар-шынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас — қалындық іздеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту — дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жай. Ондағы батырлар-дан Алпамыстың бір үлкен айырмашылығы бар: Алпамыс батырлық іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен қалмақ еліне кеткен қоңырат руының бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне туыс болған рудың бір бөлегі жат жұртқа көшіп кетуі, қалмақ ханына қоңсы болуы, оның зорлық-зомбылығын көруі, Алпамысқа қатты бататын сияқты. Сондықтан да халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлігін қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, слдік бар сксндігін аңғартады. Байсарының қалмақ ханына көшіп кстуін, ол жерде жат жүрттан қорлық көруін суреттеу арқылы жыр бірсыпыра жайды елестет-кендей болады. Ру бірлігін бүзып бөліне көшкен адамдар осындай өкінішті күйгс ұшырайды, сондықтан бірлік сақтау керек дегсн қорытынды жасайды. осы ретте ру бірлігін қорғаушы батыр болуы керек деп таниды. Батыр ру бірлігін қорғаушы ғана смсс, ол сонымсгі* қатар руды біріктіруші, батыры болмаған ру бытырап, тозып кетеді деп көрсетеді.
Жырдың бірінші бөліміндс сөз болатын басты идея, негізгі әңгіме осындай, оны жүзеге асыру үшін іске кірісетін — Алпамыс. Ол өзінің қалыңдығын іздеуді дәлел етіп, жат елгс сапар шегсді. Гүлбаршынды іздеп шығу әңгімссі жырдың негізгі идеясын айқындаудан туады.
Алпамыстың бүл сапарға аттануын халық жыры үлкен батырлық, соған талаптанушылық деп таниды. Оның күшті батыр скендігін аша түсу үшін жыр бірнеше дәлелдер де келтіреді. Гүлбаршынды іздеп қалмақ слінс баратындығын атасы құлтайга айтып, Алпамыс одан мінуге ат беруін сұрайды. Сонда құлтай: “Көп жылқыны үстіңнен тоғытып айдайын, сен бір тастың тасасында жат. Сенің қайратты ср жігіт скеніңді білейін, өзіңе арнаған атты үстап ал, сгср сншіңді танып ұстасаң, қолымнан ерттеп берейін”,—
дейді. Алпамыс бұл шартты орындап шығады, өзінің еншісіне арналған, жылқының нары атанған Байшүбарды қүрықсыз құр қолмен ұстап алады. Мұны халық жыры Алпамыстың мықтылығын сипаттау үшін келтіреді. Сонан кейін, Алпамыс қасына жолдас алмай, жет слге жалғыз аттанады. Мұны да жыр Алпамыстың батырлық өжеттігі деп бейнелейді.
Алпамыстың мықты батыр екендігі алғаш рет қаражанмен кездескен жерде байқалады. Гүлбаршынға та-ласқан хан да, қаражан да жас батырды көрмей жатып, оның келе жатқан дүбірінің өзінен-ақ қатты ссскенеді. Бүл дүбірді естіген қаражан: “Тайшаның әскері де, меніц әскерім де қайтыңдар… қырық мың қол келе жатыр, иә болмаса қырық мың қолға татитын біреу келе жатыр”,— деп жар салады. Талай қамалды бүзып, жол салған қаражан осы тұста қатты сасады. Оның бұл жай-күйін астындағы тұлпары да сезгендей болады. Сонда қаражан:
Жамандатқыр, не көрдіц? қара атым, меніц не көрдіц?.. Алдыңда жолбарыс жатыр ма? Келгендер біздсн батыр ма? Пе көрдің, „қара ат, не көрдіц? Ат шомылған тер ме екен? Келгендер бізден ср ме екен? Батырыц қайғы жср ме скеи? Не көрдіц, қара ат, не көрдіц?,—
дейді. Оның бұл қаупі расқа келеді. Алпамыспен кездесксн сәтте ол күштілігін айтып қыр көрсетеді. Гүлбаршынды оңайлықпен бере қоймайтындығын білдіреді. Бірақ жекпе-жек күреске келгенде қаражан жеңіліп қалады, бас саугалық сұрап, Алпамыспен дос ‘болады.
қаражан секілді мықтыны жеңген Аипамыс кейіннен тағы бірнеше батырлық өнер көрсетеді. Тайша ханның күреске шыгарған палуандарының бәрін жығады. Бүған на-мыстанған ханның бас уәзірі Көкеман Алпамысқа оқ атып, пәле бастайды. Сол кезде бастығы Көкеман болып жабылған қалмақтарга Алпамыс үрыс салып, бәрін жеңіп шығады, Сөйтіп ол айбынды батыр екендігін білдірсді.
Алпамыстың күшгі батыр екендігі Тайшық ханның сөзімен де сипатталады. Батырдың елде жоқтығын пайда-ланып, оның малын қалмақ ханы Тайшық айдап әкетеді. Бұған қатты ыза болған Алпамыс зорлықшыл қалмақ ханына қарсы, оның қолына түскен малдарын қайтару үшін атта-нады. Өзінің батырлық күшіне сенгсндіктен ол қасына жол-
дас ертпей жат елге тағы да жалғыз тартады. Мұны халық жыры Алпамыстың батырлық сапары, ерлік іске аттануы деп суреттейді. Алпамыстың келе жатқанын Тайшық хан түсінде біледі. Үйқысынан шошып оянған хан:
Мен бір бүгін түс көрдім, Түсімде’ жаман іс көрдім… құрсаулы қар бура кеп, қарсы қарап шабынды. Көзімнің жасы егілді,
қабырғам менің сөгілді,-Басымда тәжі дәулетім Жерге менің төгілді. Бір арыстан өзіме Шабатұғын көрінді…—
дейді. Ханның осы түсі арқылы жыр Алпамысты халық үғымындағы күштілік бейнесін елестетін құрсаулы қар бураға немесе арыстанға теңейді. Осымен жыр батырдың алып тұлғасын, ерлік келбетін сипаттайды.
Алпамыс — ақыл-айласы, өнері бар, қандай жағдайда болса да қолынан іс келетін батыр. Ол Тайшық ханның зынданында жатып, тас қамаудан қүтылу жайын қарастырады. Бірақ зынданнан шығу оңайға түспейді. Ба-тырды зынданнан алып шығатын тек Байшұбар ғана. Ал Байшүбарды қолга түсіру үшін хан сарайына кіретін адам керек. Ондай адам — хан қызы қаракөзайым. Осы жағдайдың бәріне көз жіберіп, ойластырған Алпамыс, Кейқуатқа сүйек, мүйізден әр түрлі аспаптар жасап береді. Солар арқылы Алпамыс қаркөзайыммен танысады. Оны хан сарайына жіберіп, айламен Байшұбарды алдыртады. Сонан кейін зынданнан құтқарылған Алпамыс жауын жеңіп кек қайырды.
Тайшық хавды жеңіп, оның орнына Кейқуатты хан етіп тағайындаған Алпамыс, еліне қайтпақ болады. Осы кезде Кейқуат Алпамысқа: “Сіз кеткен соң мына ел мені бір күн де тірі қоймайды, өлтіріп тастайды”,— деп қаупін айтады. Бұл қауіптен қалай құтылудың жайын үйретіп, ақыл беретін де Алпамыс болады. Алпамыс еліне қайтып келеді, жеті жыл ішінде елінің қандай халде болғанын, кімнің дос, кімнің қас екенін білу үшін тағы бір әдіс қолданады. Ол диуана болып, ел-жұртын аралайды, агайын-туысының, бала-шағасының хал-жайын өз көзімен көреді.
Осы секілді әңгімелерді тізбектей айта отырып, жыр Алпамысты әрі батыр әрі ақыл-айласы, өнері, әр түрлі әдісі бар адам бейнесінде суреттейді. Оның батырлық образын толықтыра түсу үшін халық ұғымындағы батырга тән кейбір қасиеттер де жырға қосылады. Сондай қасиеттің бірі ретінде Алпамыстың аңғалдығы, достықты жоғары бағалайтывдығы алынады. әлі сыр алыспаған, достығына көзі толық жетпеген қаражанға Байшұбарды беріп жіберуі, тұлпарының неліктен
ақсап келгенін білмей жатып қаражанды кінәлауы, оны өлтірмек болуы немесе мыстан кемпірдің тіліне еріп, Байшұбарды шауып тастай жаздауы — Алпамыстың аңқаулығы деп, оны батырга тән қасиет деп сипаттайды. қаражан мен Кейқуаттың достығын аса жоғары багалауы, олар үшін жан аямауы, үлкен дәрежеге жеткізуі Алпамыстың батырлық даңқын көтере түседі.
Сөйтіп, жырда Алпамыс өз кезінің үлгі еткен сүйкімді батыры, елдің ері болып суреттелген. Алпамыс образы арқылы ел бірлігін көздеген халықтың батыр жайындағы көзқарасы, арман еткен қиялы жинақталып берілген деуге болады.
ГҮЛБАРШЫН “Алпамыс” жырының жығымды кейіпкері етіп суреттеген адамнің бірі — Гүлбаршын.
Жырдың композициялық жагын алғанда, көптеген әңгімлер Гүлбарпшнға байланысты дамып отырады. Байбөрі мен Байсарының құда болысуы, Тайша мен қаражанның таласы секілді күрделі оқиғалардың негізгі түйіні — Гүлбар-шын. Жырдағы сюжет қүрылысында осындай айрықша орын алған Гүлбаршынның образын жасауға жыршылар үлкен мән береді.
Гүлбаршын асқан көркемдік, сұлулықтың бейнесі ғана емес. Ең алдымен ол ел сүйген батырға жар-жолдас, кіршіксіз таза, айнымас дос тұлғасында жырға қосылады. Жырда Гүлбаршын асқан ақылды, әдіс-айласы мол, досына сенімді серік, адал ару бейнесінде көзге түседі. Ол досының ал-дында болсын, дұшпандарының алдывда болсын өзінің де, Алпамыстың да абыройын түсірмей, көтере үстайды. Пе-шелер қысылшаң кезде, ақылмен жол тауып, төніп келген қауіптен құтылып отырады.
Тайша хан мен қаражан қызды: “Мен алам, мен алам”,— деп таласқа түскен кезде, сез салмағы, таңдау кезегі Гүлбаршьшға берілген болатын. Осы бір кездс Байсара мен Алтыншаш қатты сасады, Тайшадан да, қаражаннан да қорқады. Бірақ бүл жағдайдан ата-анасын да, өзін де алып шыққан Гүлбаршын болады. Хан мен қаражанның жіберген жаушыларына Гүлбаршын:
Арада алты ай өткенде, Арығы болса семірсін, Семізі болса таптасын… Мініп бедеу желгенге Армансыз дәурен сүргенге, қырық күншілік байрақтан ,
Аты озып келгенге, қүй қызылбас демеймін, Бақыты қара Баршынмын, Хан, қарана айтып бар, Өзім соған тисмін,—
деп жауап қайырады. Таласқа түсксн хан мен батырдың ешқайсысына да уәде бермей ұзын сонарға салады. Өзінің сүйген жары Алпамысты “келеді” деп үміттенгендіктен жаңағы жауапты қайырады. Алпамыспен табысатынына қатты сенеді. Ол Алпамыс келер мерзімін анық білмесс де, таласқан адамдарын жіпсіз байлап, уақытты өткізе беруді көздейді. қандай қиын жағдайда тұрса да Гүлбаршын Алпамыстан күдер үзбейді, қайта оған деген махаббаты, сүю ссзімі арта береді. Сондықтан да ол қалмақтың ханын да, батырын да менсінбейді, сүймейді. Бұл ретте ол Ал-памысты өзінің сүйген жары есебінде ғана емес, бүкіл қоңырат жұртының ардақты ұлы деп сүйеді.
қысылшаң жерде айла жасап, ақылмен жол тапқан Гүлбаршын Алпамыс келген кезде хан мен қаражанга ілгеріде айтқан уәдесінсн тайынбайды. “Айтқаным айтқан”,— деп,—“қырық күншілік жерден аты озып келген кісіге тиемін”,— деген сөзінде тұрады. Байшүбардың озып келетіндігіне сенеді. Хан жағы бұл шартты қомсынып, па-луан күресін ұсынатын болса, онда Алпамыстың жеңетіндігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан да Гүлбаршын сөзге сынық болмас үшін еркін сөйлейді. Бұрынғы уәдесі берік екендігін білдіреді. Бұл әңгімелерді халық жыры Гүлбаршынның жағымды образын жасау үшін қиыстырған.
Гүлбаршын, басқа жырлардағы батырлардың әйел жол-дастары секілді, Алпамысқа қамқоршы дос, жәрдемші жар болып суреттеледі. Басқа жырларда батырға керекті қару-жарақты нсмесс тұлпарды дайындап беруші — батырдың сүйген жары болатын. Мүндай адамгершілік қасиет Гүлбар-шында да бар. Оның бұл реттсгі қызмсті төрт аяғы күп болып ісіп кеткен Байшүбарды емдеуімен көрсетеді.
Байшұбар аттай бсдеудіц Аяққа қаққан шегссін, Лрам қанып аяқтыц, қортықпси сорын алады, Зиянды қаиды қоймайды,
Кысып ұстап қышқышпен, Табандап суырып алады. Төрт қозыныц құйрығын Казамға салып күйдіріп, Ляққа орап салады,—
деп, жыр Гүлбаршынның Байшұбарға жасаған смін сурет-тейді.
Алпамыстың жеті жыл бойына хабарсыз кетуі бүкіл қоңырат жұртымен қатар, Гүлбаршынға да қатты батқан кез еді. Бұл жылдар Гүлбаршын үшін қорлыгы көп, азабы мен қайғысы мол мезгіл болатын. Бірақ Алпамысты адал көңіл, ақ ниетімен сүйген Гүлбаршын соның бәріне шы-дайды, жарын сағына күтеді. Батырға деген адалдығық, кіршігі жоқ махаббатын басынан аяғына дейін сақтайды.
Мұны ол диуана кескінінде келген Алпамысқа айтқан сөзінде толық дәлелдейді. Жеті жыл бойында ойынан Ал-памыс шықпаған, басқа еш адамға көңіл бөлмегенін айта келіп:
Осы Байсын белгілі, Сол құлыңиың сөзіне
Жерім болсын. қүлақ салсам,
Жалғыз ұлым жарқырап әкем келіп некелі
Керім болсын. Ерім болсын,—
дейді.
Гүлбаршынды жыр әрі ақылды-айлалы, әрі серттс түрғыш, әрі адал адам етіп суреттей отырып, оны Алпамыстың сүйікті жары, жәрдемші досы етіп бейнелейді. Сол үшін оны өз кезінің үлгілі қызы деп жырға қосады.
¦ЛТАН “Алпамыс” жырын сынап, оның “халықтық сипаты жоқ” деп “дәлелдеген” кейбір әдебиетшілер жырдағы Үлтан образын мы-салға алған болатын. Олар: “Үлтан езілуші халықтың өкілі еді, өмірін жалшылықпен өткізген құл сді. Үлтан образын жексүрын түрде, үнамсыз етіп жасаушылық жырдың халық тілегіне жат екендігін көрсетеді”,— десті. Жырдың негізгі идеясын анықтамай түрып, оны бірден халыққа жат жыр деп дәлелдеушілік, оған тек Үлтан образын ғана мысал стушілік әдебиет зерттеу ғылымында жасалған қатенің бірі еді.
Шынына келгенде, Үлтан — осы жырдағы ең жағымсыз кейіпкер. Оның үнамсыз бейнедс алынуы, Үлтанның құл болғандыгында емес, ісіндс. Тіпті, жырдың қай вариантын алсақ та, Үлтан шын мәніндсгі қүл да емес. Ол Алпамыстың немересі, қүлтайдан туған бала. Үлтан өсс келс, Алпамыс секілді ел қомқоршысы смсс, өз дәрсжесінің үстсм болуын көздсйді. Бүл мақсатына жету үшін Үлтан қолынан келген ‘және ойына алған жауыздық істер жасайды. Ең алдымен, Алпамыстың слдс жоқтығын пайдаланып, өзін-өзі хан көтереді; Алпамыстың ағайын-туыстарын азапқа түсіреді, ел-жүртты быт-шыт қылып бүлдіреді.
Жауыздық іс-әрекеті көп, халыққа зорлықшыл бейнсде алынған Үлтан — жырдагы ең жексұрын кейіпкер. Өзгсні былай қойғанда, оның сырт келбеті де кссапат. Салган бет-тсн-ақ жыр Үлтанның ксскінін адам қорқарлық стіп сипат-тайды.
Ксуделсрі кепедей, Мұрындары төбсдей, Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегі жүћиттің көріңдей,
Отырған орны алты қаиат үйдің төріндей,
құлақтары қалқандай,
Мұрындары сығымдалған талқандай,
Көздері терең зындандай,
Басқан ізі от орнындай,
Аузы ошақтай,
Азу тісі пышақтай,
Мұрын тесігі үңгірдей,
Иегі сеңгірдей,—
деп, жырда Үлтанның кескін пішіні суреттеледі. Мұндай кесапат кескін мол жауыздық иесіне бітеді дегендей ұғым тудырады. Бұл ретте халық ертегілерінде кездесетін және неше түрлі озбырлық пен қаскүнемдіктің бейнесін елесте-тетін жалмауыздар, жалғыз көзді дәулер Үлтанға тең келмей қалады. Олардың бәрінен Үлтан өзінің кісі үрейленерлік кескінімен де, жауыздық іс-әрекетімен де асып жатады.
Өзін-өзі хан көтерген Үлтан ел басына еңіреген күн тудырады. Ағайын-жұртты аздырып жібереді. Мүны жырдың Алпамыс келгеннен кейін:
Тозып кеткен жұрыныц Бәрін жиып алады,—
деуінен аңғаруға болады. Үлтанның елге істеген жауыздық істерінің аса бір жан түршігерлік жері көкпарга жеті жасар Жәдігерді тартырумен көрінеді. Халықтың аргы-бергі та-рихында адам баласын көкпарга тарту болған емес. Бірақ мұны Үлтан ғана жасайды. Көкпарға тартатын мал бер деп келген жігіттерге: “Менің заманымда сіздерге көрмеген қызықты көрсетейін…, анау Алпамыстың жеті жасар баласы Жәдігерді тарт”,— дейді Үлтан. Бірақ, Үлтанның бұл “мыр-залығын” ешбір жан қолдамайды. қайта оған жұрт Жәдігсрдің сөзімен қаршс айтады.
Есіктің алды қара қыр, Аш бүгіліп жарағыр, Жетім қалып сандалып, Мендей болып жылағыр… Ешкі жасын жасағыр
Аяғыңнан ақсағыр. Жетім қалып сандалып, құрсау түсіп мойныңа, Мендей болып қақсағыр,
дейді Жәдігер. Бұны Үлтанға айтқан Жәдігердің ғана қаргысы смес, бүкіл рудың үкімі деуге болады.
Алпамыстың елде жоқтығын пайдаланып, өзін-өзі хан көтерген, жұртқа бүлік салған Үлтан — қаншама мықтысынса да қорқақ адам. Ол жеті жасар Жәдігерден де қатты қауіптенеді, сондықтан да жас баланың аяқ-қолына кісен салып ұстайды. Ал Алпамыс келген кезде, қарсылық көрсетуге жарай алмай, қаша жөнеледі. Бірақ халық қарғысына душар болған Үлтан қашып құтыла алмайды, жазаға тартылады.
Халық жыры Үлтан образын аса жиренішті етіп жасай отырып, ол арқылы қиянатшыл, зорлық жасағыш жауыз адамның жағымсыз бейнесін елестетеді. Үлтанға деген өшпенділікті күшейте түседі, оның халыққа қызмет етуді мақсат етпеген адам екендігін, қайта көпшілікке көр қазушы болғандығын айқындайды. Егер ол, кейбір әдебиетшілер айтқандай, еңбек адамының өкілі болып жырға енсс, онда жыр Үлтанды жағымды бейнеде алған болар еді. Жырдың Үлтанды “құл еді” деп айтқан бір ауыз сөзі, оның халық арасынан шығып, халық ісі үшін күрескен адам екендігіне дәлел бола алмайды. әңгіме оның ісінде жатыр. Бүл ретте Үлтанды Кейқуатпен салыстырсақ, екеуінің ара-сывда жер мен көктей айырма барлығын аңғару қиын емес. Жырда Кейқуат та қүл дсп аталады. Бірақ халық жыры Кейқуатты жағымды кейіпкер етіп суреттейді. Өйткені Кейқуат көпшшік ісі үшін күрескен Алпамысқа көмектеседі, батырдың досы, жәрдемшісі болады. Сондықтан да Кейқуат зор дәрежеге көтеріледі. Ал Үлтан олай емес. Үлтан халыққа қастық істер жасағаны үшін жазага бұйыры-лады. Оның образын жиренішті жасай отырып, халық жыры ел мүддесін қорғаған Алпамыс секілді батырды ардақтайды.
КАРАЖАН Жырдаіы жағымды кейіпкердің бірі — қаражан. Ол сл-жұртын сүйген, дәреже және адамгершілік жагынан ешкімнен де кем түспейтін батыр.
қазақтағы батырлар жырының көпшілігінде қалмақ ба-тырлары жағымсыз кейіпкер болып суреттелетін. Олар көрші елдерге ойран салушы, соғыс ашып, жорық жасаушы, қан құмар басқыншылар болып келетін. Ал “Алпамыстағы” қаражан ондай адам емес. қаражан қалмақ батыры бола тұрса да, ұнамды бейнеде суреттеледі. Өйткені қаражан — ел қамын ойлаған, жаттан жау тілемсген және жорық жасауды мақсат етпеген батыр. Сонысы үшін халық жыры қаражанды жағымды кейіпкердің қатарына қосады.
қаражан — күшті батыр. Гүлбаршын үшін Тайша хан-мен тайсалмай таласқа түсуі, бақ салыстыруы, ханнан именіп тізе бүкпеуі — сол күштіліктің белгісі. Ел алдында батырдың қадыры ханнан артық болмаса, кем еместігін аңғартады.
қаражанның батырлығы ханмен таласқа түсуінен ғана көрінбейді. Оның нағыз айтулы батыр екендігі ел қамын
7 — Ю68
ойлауымен көзге түседі. Хан мен қаражанның әскері айқасып тұрған шақта: “қырық мың қол келе жатыр, иә болмаса, қырық мың қолға татитын біреу келе жатыр”,—, деп, қаражан екі жаққа тоқтау салады. “Келе жатқані қолдың” кім екенін білмесе де әзірлік жасайды. Егер ол| келе жатқан жау болса, одан ел-жұртын қорғап алуды| ойлайды.
Ақ сауытым киейін, Ат құйрығын түйейін, Кім де болса осы жау,
қаражан атым құрымаса, Бір шетінен қигаштап Аш бөрідей тиейін,—
деп, қаражан жол тосуға жалғыз аттанады.
Алпамыспен кездесіп, алысқа түскен қаражан жеңілісі табады. Оны жырда Алпамыстың діні күшті болғандығынан» деп дәлелдейді. Бұл бергі заманның қоспасы болуға тиіс. Жырдың идеялық сарынына қарағанда, қаражанның Алпа-мыстан жеңілуі дін әңгімесіне байланысты емес. Оның басқаша мәні бар деуге болады. Өз елінің аман-саулығын ойлаған қаражан, Алпамыстың жау еместігін біледі де, оны-мен достыққа келеді. Алпамыс қалмақ еліне жаулық жо-лымен шапқыншылық жасау үшін емес, қалыңдығын іздеп келеді. Алпамыстың бұл мақсатына жетпей қоймайтындығын және қалывдығы үшін қандай іске болса да бара алатындығын аңғарған қаражан адамгершілік жасайды; Гүлбаршынды теңіне қосып абырой алуды, екі елдің арасын жауластыр-мауды көздейді. Ал бұлдй етпесе, Алпамыспен алысқа түссе, оның ақыры қырғын соғыс, қан төгіске айналып, ел-жұртқа ауыр тиетіндігін қаражан жақсы түсінеді. Сон-дықтан да ол Алпамыспен төс түйіскен дос болып, серт байласады; қолынан келген қызметін аямайды.
Ел-жұртының тыныштығын ойлаған қаражан Алпамысқа берген достық сертін бұлжытпай орындап отырады. Ол бұл ретте, қаншама ауыр болса да, жалғыз баласы Дос-мағамбетті өлтіруге шейін барады. Бір жағынан, жұрт алдында Алпамыстай досының абыройлы болуын көздесе; екіншіден, өзінің де батырлық сертке берік екендігін білдіреді.
Осы секілді әңгімелерді айта отырып, жыр қаражанды ел қамын ойлаған, қара бастың мүддесінен де көпшілік мүддесін жоғары үстаған батыр етіп суреттейді. Екі елдің арасында татулық, достық болуын мақсат еткен адам деп сипаттайды. Сондықтан да оның образы жырда жағымды етіліп жасалған.
МЫСТАН “Алпамыс” қазақтагы батырлар жырының ең ескісі, оған кейбір әңгімелерінің ертегі түрінде айтылуы дәлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір образынан да көруге болады.
Жалпы халық әдебиетінде, мыстан кемпір көбінесе жа-уыздықтың, қиянатшылдық пен қастықтың бейнесін елесте-теді. Мыстан кемпірлер қалың көпшілікке немесе сол көпшілік қамы үшін күресетін адамдарға қастық жасап жүреді және олар хандар мен уәзірлердің, халықты езушілердің қызйетінде болады, соларға болысады. “құла-мерген”, “Аламан мен Жоламан”, т.б. сияқты халық ер-тегілерінде суреттелетін мыстандар еңбек адамына, халықтың сүйікті үл-қыздарына неше түрлі қастық жасайды, олар бұл жөнінде хандардың жауыздық тілегін орындаушы, соған көмектесуші болады. “Алпамыс” жырында суретте-летін мыстан кемпір де сондай.
Алпамысқа қастық жасайтын мыстан осал жау емес. Ол мол жауыздықтың, зор қастықтың иесі болып келеді. Оны жыр: “қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан… тізесіне шекпені жетпеген, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар”,— деп сипаттайды. Ол өзінщ қастыққа толы іс-әрекеттЬрін асқан айла-амалмен іске асырып оты-рады. Тайшық хан Алпамыстың келе жатқанын біліп абыр-жып, барарға жер таба алмай сасқан кезде, оған көмекке мыстан келеді де, жәрдем-көмегін ұсынады. Бұл еңбегі үшін өзінің таз баласына қалындыққа ханның қызын сүрай-ды. Зәре-құты қалмай, үрейі ұшып отырған хан мыстанның тілегін береді. Содан кейін мыстан іске кіріседі, қырық қыз бен қырық отау алып, Алпамыстың алдынан шығады. әр түрлі әдіс-айла жасап, аңғал батырды қолға түсіреді.
Мыстан кемпір қаншама айлалы болса да, халық жа-засынан құтылмайды. Сол қаскүнемдік істері үшін ол қорлық өлімге душар болады. Халыққа және оның ардақты ұл-қыздарына жасаған жауыздықтары, ақырында мыстанның өз басына ажал оғы болып тиеді. Мыстанды халық жыры жауыздықтың, қастық пен қиянаттың бейнесінде ала отырып, оны халықтың және көпшілік үшін күресушілердің жеңетінін аңгартады.
Жырдың композициялық қүрылысында, жырдағы тартыс-тарды шиеленістіруде мыстан образының айтарлықтай орны бар. әсіресе жырдың екінші бөліміндегі оқиға, тартыстардың бір-біріне ұштасуы және дамуы мыстанға байланысып жа-тады. Егер мыстан кемпір болмаса, Алпамыс Тайшық ханға
тура барып, оны жеңіп қайтар еді, жеті жыл бойына зын-данда жатпас еді. Сондықтан да жырдың бұл бөліміне мыстан образы көптеген оқиғаларды бірінен-бірін тудыра, шиеленістіріп баяндау үшін енгізілген секілді. Мұны ертедегі батырлар жырының сюжет құрудағы ерекше бір әдісі деп қарау керек.
ЖЫРДЫң ңҮРЫЛЫСЫ, ТІЛІ
Басқа жырлармен салыстырғанда “Алпа-мыстың” өзіне тән бір ерекшелігі — оқиғаны шегініспен қатар, диалог арқьшы баяндауында. Басқа жырларда сирек кез-десетін бұл әдіс “Алпамыстың” композициялық ерекшелігі болып табылады.
“Алпамыс” жырында бір оқиғаны әңгімелеп келе жатады да, оны бітірместен екіншісіне көшеді. Осы ретпен жырдың көптеген әңгімелері баяндалады. Кейде оқиғаның неден туғандығын, қандай себептері барлығы бірден айтылмайды, оған еоңынан оралады. Гүлбаршынға таласқан хан мен қаражан әңгімесін немесе Алпамыстың жеті жылдан кейін еліне оралған жайын алайық. Бұл оқиғалардың бәрі шегініс арқылы әңгімеленген. Жырдың жалпы жслісін бұзбай, оқиғаны шегініс арқылы баяндаудың композициялық мәні өте зор. Жыршы-ақын тывдаушы көпшілікті өзіне тар-тып, жыр оқиғасына қызықтырып отыру үшін шегініс әдісін әдейі жиі қолданған секілді. Белгілі бір оқиғаны шарықтау шегіне жете бергенде үзіп тастап, екінші әңгімегс көшу арқылы тыңдаушыны ынтықтыра түседі, алғашқы оқиғаның немен аяқталарына құмарлықты күшейтеді.
“Алпамыста” жыр оқиғасы көбінесе диалог арқылы да-мып отыратындығын жоғарыда айттық. Диалог түрінде көптеген оқигалар, адамдардың күйініш-сүйініштері сурет-теледі. Жырдың екінші бөлімінде баяндалатын оқигалар түгелдей дерлік (баласынан айрылған ата-ана, сүйікті жар, аяулы қарындас зары, т.б.) диалог түріндс құрылған, диалог арқылы сипатталған. Жыр оқиғасын осылай баяндау —“Ал-памыстың” өзіне тән ерейшеліктерінің бірі.
“Алпамыс”— тіл, өлең құрылысы жагынан да бірсыпыра өзгешеліктері бар жыр. Ең алдымен жырдың сөздігінде қазіргі күнде мағынасы ескірген немесе қолданудан шығып бара жатқан сөздер көп кездеседі. “Апаң сенің шырайыңнан айналсын”, “Айналсын сенен шорыңыз” болмаса, “Байсары байдың үйіне жүріс қылды” деген тіркестердсгі “шы-райыңнан”, “шорыңыз”, “жүріс қылды” дегендер — қазіргі күнде ескірген сөздер.
“Алпамыс” жыры өлең құрылысы жагынан біркелкі емес. Мұнда оқиғаны біресе өлең түрінде, біресе қара сөзбен жырлау мол орын алады. Ал өлең түрінің өзі кейде жеті-сегіз буынды, кейдс он бір, кейде он буынды болып келеді. Басқа жырларда батырлық, ерлік істер көбінесе өлеңнің жыр түрі арқылы суреттелсе, “Алпамыс-та” оны қара сөзбен, не он-он бір буынды, кейде жеті-сегіз буынды өлеңмен баяндайды. Мүның мәнісі —“Алпамыстың” қазақ өлең құрылысына жыр түрінің енуінен бүрын туғандығында болуы керек. Екіншіден, “Алпамыс — бірнеше халыққа ортақ жыр. Мүның да жырдың қазақ вариантына әсері тигендігі сөзсіз. Өзбектің өлең құрылысындағы он буынды өлеңнің қазақтағы “Алпамыс” жырына әсері ти-гендігін көрсміз.
қорыта келгенде, “Алпамыс” жыры — халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұрасының бірі.
* * *
Біз жоғарыда қазақтың батырлық жыры, мөлшермен алғанда, қай кезде туа бастағандығын және қалай да-мығандығын баяндадық. Осыған орай әр кезде (әр дәуірде) туған батырлық жырдың үлгісі ретінде төрт жырды жеке алып талдадық. Бұдан, әрине, қазақтағы эпостық жырлардың үлгісі осы төртеуі ғана екен — деген ұғым тумайды. Жыр саны бұдан әлденеше есе көп. Мәсслен, қазіргі күндс қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының қолжазба қорында батырлар жырының жүз сексендей нүсқасы бар. Осы нұсқалардың ішінен таңдап алынған бірсыпыра жыр 1958—1964 жылдар арасында үш үлкен том болып баспа жүзіне шықты. Бұлардың ішінде: “қобыланды батыр”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, “қамбар”, “қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты ертеден таныс жырлармен қатар, бұрын жарияланбаған (немесе аз жарияланған): “Ер қосай”, “қарабек”, “Дотан”, “Арқалық”, “Төрехан”, “Ақжонасұлы ер Кеңес”, “Манашұлы Тұяқбай”, “қарадөң”, “Жұбаныш”, “Сүйініш”, “Ер Бегіс”, “Тсгіс, Көгіс”, “Тама”, “Мұңлық — Зарлық”, “Ссйнілмәлік”, “құламерген”, “Жоямерген”, “құбықұл”, “қүл мен қыз”, “Айдос батыр” сскілді жырлар бар.
әрине, бұл аталған жырлардың бәрі XIV—XVIII ғасыр арасында туған жоқ. Көпшілігі бергі кезде, XIX—XX ғасырда пайда болған секілді және осы “көпшілігі” деп
отырған жырларымыздың өзі дүниеге екі түрлі жолмен келгенге ұқсайды. Оның біріншісі — ертедегі эпостық сю-жеттерді, бергі замаћның тілек-талаптарына сәйкестіріп қайта жырлаудан, ал екіншісі — тың тақырыпқа, жаңа жырлар шығарудан байқалады.
Ертеде туып, талай ғасыр бойына ауызша айтылумен таралған Зпостық жырлар, қазақстанға капиталистік қарым-қатынас ене бастаған кезде, біраз өзгерістерге ұшырайды. Аталған кездегі әлеуметтік, қоғамдық жағдайлар, таптық көзқарастар ескі жырлардың идеясына, тақырыбы мен сю-жетіне елеулі жаңалықтар енгізеді. Бұлар екі бағытта, атап айтқанда: халықтық және халық мүддесіне жат кертартпа бағытта енеді. Мұны біз, ең алдымен, қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты жүргізілген күрестердің халық әдебиетіне жасаған ықпал-әсерінен көреміз.
қазақстанның Ресей мемлекетіне қосылуы қазақ халқының болашағы, алға қарай дамуы үшін аса мәнді тарихи оқиға болып еді. Аталған кездің өзінде-ақ алдыңғы қатарда болған Ресей, қазақ халқының ілгерілеп дамуына, эконо-микасы мен мәдениетінің жаңа прогрестік бағытта өркен-деуіне кеңінен жол ашты, зор мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар ол қазақтың қоғамдық өміріне де елеулі өзгерістер енгізді. Мұның бәрін қазақ халқы құптап қарсы алды. Ал, феодалдық құрылыстың тірегі болған және ол құрылыстың қаймағын бүзбай сақтап қалуды көздеген хандар мен фе-| одалдар, билер мен қожа-молдалар Ресей мемлекетіне қарсы і күресуді арман етеді. Олар бүл мақсатын жүзеге асыру үшін орыс халқына қарсы қазақ халқын айдап салуды көздейді. Туысқандық қарым-қатыныс жасай бастаган екі халықтың арасывда үлт араздығын тудыруды көздейді. Бұл үшін олар әдебиетті, соның ішівде ерте заманда туған жыр-ларды үгіт қүралы есебінде пайдаланбақ болады да, олардың идеясына, тақырыбына, мазмұнына біраз өзгерістер енгізуге тырысады. Мұндай өзгерістер: шапқыншылық жо-. лымен ел талауды, барымта алуды дәріптеу және ислам дінін үгіттеу, сол арқылы ұлт араздығын тудыру, “діні басқаларды” жек көрсету бағытында болады.
Бүл айтылған өзгерістер, ең алдымен, ертеде туған кейбір жырларға енеді. қазақтың хандары мен феодалдары, байлары өздерінің жалдамалы ақындарына ерте кездің жыр-ларын қайта жырлатып, халық арасына таратуға әрекет етеді. Мысалы, осы ретте “Орақ — Мамай”, “қазтуған”, “Шора батыр”, “Базар батыр” жырлары қайтадан өңделеді. Ең алдымен, аталған жырлардың батырларын орыс халқына,
Ресей мемлекетіне қарсы күресушілер етіп бейнелейді. Мәселен, Орақ пен Мамайды Ресей мемлекетіне қарсы ша-буьшға аттандырады да, Москваны, Омбыны өздеріне қаратып алдырады. Олар орыс халқына ойран салуымен қоймай, орыс халқын зорлап отырып мұсылман дініне енгізеді. Осывдай өзгерістерге “Базар батыр” жыры да ұшырайды. Бұл жырдың алғашқы нұсқасына Базардың қалмақ басқыншыларына қарсы күресі айтылса, соңғы өңделуінде Базар Ресей мемлекетіне қарсы ашықтан-ашық күреске шығады. Ресей мемлекетіне қосылуға қарсьшық білдіреді және ол Ресей мемлекетіне қосылуды қолдайтын қазақтарды да жазалайды. Орыс халқымен достасуды, онымен ынты-мақтасып бірлесуді жақтаған қазақтарды “Базар батыр” жы-ры ақамақ-жындылар, діннен безгендер деп суреттейді. Бұларды жиренішті түрде жырлайды.
Ескіден қалған батырлар жырын хандық-феодалдық құры-лысты жақтаушылар ғана пайдаланып қойған жоқ. Ол жыр-ларды еңбекші халықта өз мүддесіне сәйкес пайдалана білді.
XIX ғасырдан бастап қазан революциясына дейін қазақ еңбекшілері ертеден қалған батырлар жырының ішінен ең асылдарын, халық тілегімен қабысатындарын халықтық көзқарасты білдіретіндерін пайдаланды. Сонымен қатар, ертеден келе жатқан халықтық жырлардың идеясына, мазмұнына жаңа тарихи дәуірдің тұрғысынан тың әңгімелер қосып отырғаны байқалады.
Ертеде туған батырлар жырының негізгі идеясы басқыншы жаудан ел қоргау мәселесі болатын. Ал, XIX ғасырда, әсіресе оның екінші жартысынан бергі жерде, қазақ еліне шетелдік басқыншылар шабуыл жасаған жоқ. Бұл жағдай ерте заманнан келе жатқан халықтық жырлардың мазмұнынан біраз өзгерістер, тың әңгімелер енгізеді. Аталған кездің жағдайына байланысты халықтың ақын-жыршылары еңбекші бұқараның тілегіне сай етіп ертедегі жырларды қайта өңдейді. Бүрынғы жырлардағы батырлардың алысқан жаулары шетелдік басқыншылар — қызылбастар болса, енді олардың орнына қазақ еңбекшілерін езіп отырған хандар мен феодалдарды, болыс пен билерді енгізеді. Осы ретте ертедегі жырлардың батырлары қазақ еліндегі хандар мен феодалдарға, қысқасы, қанаушы тапқа қарсы күреседі, со-лармен алысады. Мұны “қамбар”, “Ер Тарғын” жырлары-нан, “қобыланды батырдың” Нұрпейіс Байганин жырлаған вариантынан көруге болады.
Ал қазақстанның Ресей мемлекетіне қосылу ісі аяқталған кезден бастап қазан революциясына дейінгі дәуірде де батырлар жырын тудыру процесі тоқталмай, жүріп отырғандығын көреміз. Бұл кезде, бір жағынан, ертедегі ескі жырлар қайта өңделіп жырланса; екінші жағынан, жаңа тақырыпты жырлар да пайда бола бастайды. Мұндай жаңа жырлар таптық негізде, әр таптың көзқарасын бей-| нелеп көрсету негізінде туады.
қазақ халқының реформа дәуірінен бергі жерде шығарғані эпостық жырлары — тақырыбы жағынан әр алуан, саны» жагынан көп дүние. Бірақ олардың көпшілігі баспа жүзіне жарияланбаған, тек қолжазба күйінде сақталып келеді. Со-ндықтан олар жайьшда жазылған зерттеулер де аз. Бұл жөніндс тұңғыш еңбек жазған филология ғылымдарының кандидаты Мәлике ғүмарова болды . Одан кейін осы жыр-лардың кейбір мәселесімен филология ғылымдарыңың кан-дидаты доцент Сұлтанғали Садырбаев айналысты .
Жоғарыда аталған және реформа дәуірінен бергі кездс туған дейтін жырлардың тақырыбы әр түрлі. Соның ішінде басты тақырып: қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы жүргізген күресі, шапқыншы жауды талқандап жеңуі. Бұл тақырып бойынша шығарылған және көлемі жагынан үлкенді-кішілі көптеген (мысалы: “қарабек”, “Төрехан”. “Ер Көкше”, “Ер қосай”, т.б.) жырлар бар. Сондай-ақ, атақты жырау Мұрын Сеңгірбаевтың айтуындағы “қырымньщ қырық батыры” цикліндегі: “қарадөң батырдың ұрпақтары” да аталған тақырыпқа жатады.
әрине, қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресі қазақтын XVII—XVIII ғасырлардағы; эпосында да жырланған-ды. Ал осы тақырыптың соңғы кезде қайта жырлануы — хылқымыздың бергі тарихынан орын алған ерлік күрестердің ұмытылмай есте сақталуы — жаңа жырлардың тууына себеп болған секілді. Сондай-ақ, бұл тақырыпта туған жаңа жырлардың да ертсде қалыптасқан батырлық жыр үлгісін, оның срлік оқиғаны жырлау әдісі мен дәстүрін сақтап келгені байқалады.
қазақтың реформадан кейінгі дәуірде туған эпостық жыр-ларының келесі бір басты тақырыбы: қазақ халқының қоғамдық өмірі, әлеуметті және басынан кешірген тарихи жағдайлары. Бұл тақырыптың өзі әр алуан салаға кетеді. Мысалы: қазақстанның Ресейге қосылуы, ру тартыстары, барымта, жесір дауы, таптық қарым-қатынастар, т.б. же-ке-жеке тақырып болып қазақ эпосынан орын алады. Бұған мысал етіп тарихқа аттары белгілі: Олжабай, Бөгембай,
қазақ әдебиетінің тарихы,Ітом,429-бет, 1960
С Садырбаев қазақ эпосының тұтастану мәселелері .Алматы, 1965.
Жидебай, Жәнібек, Сұраншы сияқты батырлардың ел үшін, қоғам үшін атқарған қызметі жайында шығарылған жырларды келтіруге болады. Сондай-ақ, ел арасына ауызша тараған “Боран батыр”, “Ермек батыр”, “Арқалық батыр”, “Елқонды батыр”, “Жоламан батыр”, “Нарқыз” сияқты жырлар да жогарыда аталған тақырыпты әңгімелейді.
Аталған жырлардың көпшілігінде жыршы-ақындардың ерте кезде қалыптасқан және батырлық жырға тән жыр түрін, жырлау әдісін үнемі қолдана бермегендігі байқалады. Олар өздерінің жырына айдар тағып, “батырлық жыр” деп ат қойса да, жыр оқиғасы көбінесе тұрмыс-салт, әлеуметтік жағдайлар жайында болады. Бұл тектес жырлардың әңгімесі ертедегі “Алпамыс”, “қобыланды”, “Ер Тарғындарға” үқсамайды. Егер Ер Таргын, қобыландылар шетелдік басқыншыларға қарсы күресіп, олардан ел-жұртын қорғап жүрсе, Ермек, Арқалық сияқты батырлар өз еліндегі жа-уыздық пен зүлымдыққа, әділетсіздік пен езушілікке, әлеуметтік теңсіздікке қарсы шығады, осы жолда олар ел билеуші хандар мен билерден кек қайырады. Бұдан ертеде туған батырлық жыр дәстүрінің бертінде жаңа сипат ала бастағанын көреміз.
қорыта келгенде, батырлық-ерлік істерді суреттейтін халықтық жырлар ертеден келе жатқан мәдени мұраның асылдарынан саналады. Ол жырлар халқымыздың ертедегі ерлік рухын, нені көксеп, нені арман еткенін бейнелейді. Бүдан, әрине, халықтық жырлардьщбарлығы жоғары идеялы, әрі көркем деген ұғым тумайды. Олардың ішінде, жоғарыда айтылғандағыдай, идеялық қайшылығы барлары да, көркемдік жағы әлсіздері де кездеседі. Біздің міндетіміз халықтық жырлардың ішінен ең асылдарын таңдап ала білу болып табылады.
“қОБЫЛАНДЫ БАТЫР”
Ертедегі ескі мәдени мүрамыздың ескерткіші есебінде ел арасында сақаталып, біздің заманымызға жеткен көне жырдың бірі — “қарақыпшақ қобыланды батыр”. Бүл жыр-дың ертеден келе жатқандығына және оны талай жыршы ақындардың айтып өткеніне осы жырды жырлаушының бірі Нұрпейіс Байғаниннің мына бір сөзі дәлел. “Мен,— дейді Нұрпейіс,—“қобыландыны” он жеті жасымнан жыр-ладым, Сол кезде түқымы жыршы Махует деген ақыннан осы “қобыландыны” үйрендім. Махуеттің әкесі Ділмағамбет, Ділмағамбеттің әкесі Бітеген, Бітегеннің әкесі Терлікбай,
Терлікбайдың әкесі Бақы, Бақының әкесі Жаскелең, Жас-келеңнің әкесі Текберген деген атақты жыраулар өтіпті. Атадан балаға “қобыландының” мен айтатын осы желісі қалған екен. Мен мазмұнын бұзбай, ертегісін сол күйінде жырладым. Ожырай деген елден шыққан асқан ақын қонақберген де, Кенжеқара жыршы да “қобыландыны” осы-лай жырлады” .
Мұндай деректі “қобыланды батырды” жырлаган Ма-рабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын жырау Сеңгірбаев, Есмұрат Нұрабыллаев (қарақалпақақыны) сияқтыжыршылардаайтады. әрқайсысы бұл жырды кімнен үйренгенін айтады.
ЖЫРДЫң Біз жоғарыда ел арасынан қазақ ауыз
ЖИНАЛУЫ әдебиетінің кейбір үлгілері XIX ғасырдың
ішінде жинала бастағанын және бұл жө-
нінде еңбек сіңірген кісілерді атап өткен-
біз. Сол аталған адамдардың ішінен “қобыланды батыр”
жырын алғаш рет жинаған Ыбырай Алтынсарин деуге бо-
лады. Бұған келтірер дәлеліміз төмендегідей.
Ыбырай Алтынсарин Орынбор қалсында оқып жүрген кезінде (1850 жылдары) орыс халқының бірнеше агартушы-ғалымдарымен танысады. Оған әсіресе Н. И. Ильминский, В. В. Григорьев секілді оқымысты адамдар көп жәрдем, көмек етеді; білім алу, халыққа қызмет ету жолдарын көрсетеді. Орысша оқып білім алған, ой-өрісі кеңейген Ыбырай өз халқына қызмет етуді қазақ ауылдарында оқу-ағарту жұмысын жүргізуден бастайды, мектептер ашады. Оқуға қазақ жастарын тартады, оларға арнап өлең, әңгімелер жазады, жастарды оқуға, білімге шақырады. Оқушы балалар үшін оқу құралдарын (сөзі қазақша, әрпі орысша) жазады да, оларды жоғарыда аталған жолдастарыньщ көмегімен бастырып шығарады. Бұл кітаптарына Ыбырай біріншіден, өзінің шығармаларын енгізсе; екіншіден, ел арасынан халық әдебиетінің халықты оқуға, өнер-білімге, ерлікке шақыратын тандамалы үлгілерін жинап енгізіп отырады.
Н. Ильминскийге жазған бір хатында Ыбырай былай дейді: “Мен ел арасынан көптеген әдебиеттік материалдар жинадым… оны мүмкін болғанынша сізге жіберіп те отыр-мақпын” . Ыбырайдың қазақ ауыз әдебиетін жинауға кіріскендігін Н. Ильминский өте құптайды және оган жазған
1 Н. Байганин. “қобыланды батыр”, қазақстан Республикасы Үлттық ғы-лым академиясының әдебиет және өнер институтынын колжазба фондысы.
2 Я.Ильминский Воспоминания обИ.Алтынсарине.Казань.ЗІЗстр 1891.
көптеген хаттарында қазақ елінің ауыз әдебиетке өте бай екендігін, халықтың нелер тамаша әдебиеттік шығармалары ауызекі сақталып келе жатқандығын, соларды жинап, жазып алуға көңіл бөлу керектігін айтады; бұл материалдарды қазақ балаларына арналған оқу қүралдарына молырақ енгізудің мәні зор екендігін білдіреді.
Бұдан былайғы жерде де ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін молырақ жинау ісіне кіріскен Ыбырай, өзінің атасы Балғожа бидің (Балгожа да ақын болған адам) аулына келіп жүретін ірі ақындармен танысып, олардың жырларын қызыға тыңдайды және кейбіреулерін жазып алады.
қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жазып алу бір кісінің қолынан келетін жұмыс емес екендігін Ыбырай жақсы түсінеді. Сондықтан, ол бұл іске өзінің досы Н. И. Иль-минскийдің де ат салысуьін өтінеді. Ильминский Ыбырай-дың бұл тілегін қабыл алады да, халық әдебиетін жинауға кіріседі, Ыбырай Н. Ильинскийді қазақ халқының өмірімен таныстырады және қазақ тілін үйренуіне көмектеседі.
Н. Ильминский мен Ыбырай көп уақыт қазақ ауыл-дарын аралайды. Осындай ел аралап жүрген кезінде Ыбы-рай оны Марабай ақынмен таныстырған секілді. Олар Марабайдың көптеген жырларын тыңдайды, кейбіреулерін жазып алады. Бұл жөнінде Н. Ильминский былай деп жазады.
“Мен 1859 жылдың қысының бас кезінде, Батыс қазақстанда тұрушы суырып салма айтқыш Марабай ақынды Орынбор қаласына шақырып алдым… Марабай “Ер Таргын” әңгімесін жырлап берді. Мен бұл жырды татар әрпімен жазып алдым… “Ер Тарғывды” өз алдына кітапша етіп қазан қаласында бастырып шығардым…” .
Марабай ақыннан Н. Ильминский жазып алған “Ер Тарғын” жырының өз алдына кітапша болып шығуын Ыбы-рай аса зор қуанышпен қарсы алады, оған шын көңілмен қуанады. Бұл жөнінде Ыбырай 1862 жылы Н. Ильмин-скийге жазған бір хатывда: “Мен сіз бастырып шығарган “Ер Таргын” жырын оқыдым. Бүған өте қатты қуанам… қазақ тілінде еш уақытта кітап басылған емес. Сондықтан қазақтар өзінің ана тілінде кітап шыққанына өте қатты қуанады…” .— дейді де, ел арасынан “Ер Тарғын” секілді бірнеше жыр, ертегі-әңгімелерді жинағандығын хабарлайды
1 Н. Ильминский. Воспоминания об И. Алтынсарине, Казань, 1891,32-бет. 2Сонда,213—214-бет.
және оларды баспа жүзіне шығару үшін Н. Ильминскиийдің көмектесуін сұрайды
Н. Ильминсийден кейін Марабай ақыннан Ыбырай “қобыланды батыр” жырын жазып алады. Жырдың бір та-рауын 1879 жылы (Орынбор қаласында) шыққан “Киргиз-ская хрестоматия” деген кітабына енгізеді. Ыбырайдың хрестоматиясына енген бұл тарауда Тайбурылдың жүрісі (“әйт, жануар, шу!—деді” деп басталатын бөлім) сурет-теледі. Бұл үзіндіні осы күні жұртшылыққа таныс болған Марабай ақын айтуындағы “қобыланды батыр” жырымен салыстырсақ, екеуі сөзбе-сөз қабысып, тура шығады. Бүл жырды Ыбырайдың бұрын ел арасынан жинап жазып, алған жьне баспа жүзіне шығарған адамды кездестірмейміз.
Міне, осы секілді фактілерге сүйене отырып, біз Марабай ақынның “Кобыланды батыр” жырын XIX ғасырда жазып алып, бірінші рет баспа жүзіне шығарған адам деп Ыбырай Алтынсаринді атамақпыз. Ыбырай Марабайдан “қобыланды батыр” жырын толығынан жазып алды ма, жоқ па, ол арасы әзірге мәлім емес, Бірақ Ыбырайдың “Хрестоматия-сындағы” үзіндіге қарағанда, ол бұл жырды толығынан жазып алғандығы байқалады. Бірақ баспаға жырдың аса бір көркем бөлімін ғана таңдап алып шығарған секілді.
Алтынсариннің “қобыланды батырды” Марабай ақыннан (бір вариантын) жазып алып, оны пайдалануы кейінгілерге үлгі болады. Осыдан былайғы “қобыланды батыр” жырының басқа варинттарын жинап алу ісі басталады. Мәселен, жыр-дың бір кішкене үзіндісі “Торғай” газетінде (1901 жыл, №15) басылады және “Орынбор оқымысты комиссиясының еңбектерінде” (1910 ж., XXII том) бір үзінді енеді. Бұдан кейін Махмүт-Сұлтан Тұяқбаев деген кісі “қобыланды ба-тыр” жырын бұрынғы қостанай уезі, қарабалық болысындағы жыршы ақын Біржан Толымбаевтан жазып алады да, ең алгаш рет өз алдына кітапша етіп 1914 жылы “қарақыпшақ қобыланды батыр” деген атпен бастырып шығарады. Мұны “қобыланды батыр” жырының ең көлемдісі, толық айтылған түрі деуге болады. Мұнда қобыландының тууынан басталып, қартайғанға дейінгі ерлік істері жырланады.
Жырдың Марабай ақын айтуындағы вариантын 1922 жылы ә. Диваев бастырып шығарады. Мүнымен қатар, “қобыланды батырды” Мергенбай, Нұрпейіс, Мүрын, Айса секілді ақындар да жырлаған. қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер инсти-
1 Сонда, 229,231, 238-беттер.
тутына соңғы кездерде жырдың тағы бірнеше варианттіры түсті.
Бұларды Елеманов (Гурьевтен), Аманкелдіұлы құнұзақ (қарағандының Нүра ауданынан), Досжан ақын (Ақтөбе-ден) жырлаған. Жырдың жаңадан үш варинтын Шапай қалмағамбетов (Ақтөбеден) тапсырған.
ЖЫРДЫ “қобыланды батыр” жырын айтқан жыршы АЙТУШЫЛАР ақынның бірі Марабай екендігі белгілі бол-са да, оның өмірбаяны көпшілікке таныс емес еді. СОңРЫ жылдары қазақстан Рес-публикасы Үлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институты Батыс қазақстан облысына бірнеше рет экспе-диция шығарып, ел арасынан көптеген материалдар жи-нады. Сол материалдардың ішінде Марабайдың өмірбаялын баяндайтын мәліметтер де бар екен. Ол мәліметтер Марабай жөнінде мынадай дерек береді.
Марабай қүлбайұ.лы 1841 жылдар шамасында бүрынғы қарашығанақ болысына қарасты Көбен көлі деген жерде туған. (Бұл жер қазір Батыс қазақстан облысы, Теректі ауданының “Жаңа қоныс” колхозы деп аталады). әкесі құлбай да, Марабайдың өзі де кедей шаруа болған. Марабай 18—19 жасында-ақ асқан домбырашы атанады. Ауыл ара-сында өлең айтып жүреді және өленді де өзі шығарады. Сол кезде ол атақты ақындардың қасына еріп, олардың жырын тывдайды, сөз өнерін үйренеді. Кейіннен Мара-байдың өзі ақындар айтысына араласады. Сүгір, Көкі, қарабура, Жүмырбай, Базар, Шернияз секілді ақындармен айтысқа түседі. Олармен айтысы сақталмаған. қарабура Жүмырбайға:
Өксм аты қүлыбай, Өз атымды сұрасац, Оралдан озған Марабай, Сөз айтпаймын кісіге Жан-жағыма қармай…1—
дегсн сөзі сақталған. Марабайдың өзіне үстаз еткен ақыны Шернияз деседі. Бірақ бұл екі ақынның қарым-қатынасын көрсететін мәліметтер жоқтың қасы. Шернияз (1816—1881) елуге келгенде, Марабай жиырма бестегі жігіт екен деседі. Марабай 57 жысында (1898 жылы шамасында) қайтыс болған. Оның моласы жоғарыда айтылған “Жаңақоныс” кол-хозында. Марабайдың: Есжан, Досқай, құлқай, Ізбас, Итем-ген деген бес үлы болыпты, Марабайдың немере-шөберелері
әдебиет жөне өнер институтыныңқолжазба фондысы.
Батыс қазақстан облысының Теректі, Шыңғырлау ауданда-рында тұратын көрінеді. Ізбастың баласы Салық Шыңғырлау ауданының Тіксай ауыл советінде председатель болып істеген. Тоғайбай деген немересі “Жаңақоныста” колхозшы көрінеді.
Марабайдың ақындық атағы батырлар жырын айтумен шыққан. Ол көптеген батырлық жырлар шығарган. Соның ішінде күрделісі және хатқа түскені —“қобыланды батыр”, “Ер Тарғын” жырлары. Марабай өзінің жырларын осы күнгі Батыс қазақстан, Ақтөбе, қостанай обылстарының көп жерлеріне барып, ел аралап жүріп айтқан. Кейде, жырларын сол кездегі шонжарлардың өтінішімен де айта-тын болған. Бұл жағдай оның идеялық-творчестволық бағытына әсер еткен. Бір кездерде ол Ыбырай Алтынсариннің шақыруы бойынша Балқожаның ауылына келіп, айлап жа-тып, көптеген жырлар айтқан екен .
Марабайдың “қобыланды батыры” 1922 жылы Ташкент қаласында басылды, одан кейін 1932, 1939 жылдары Алматы қалашнда “Батырлар жыры” деген жинақтарда шықты.
“қобыланды батыр” жырын толық жырлаған ақынның бірі — Мергенбай жырау. Ол — қостанай, Ақтөбе жақтарын көп аралап жыр айтқан адам. Бірақ, Мергенбай жөнінде толық материалдар әзірге қолымызға түспеді. Мергенбайдың айтуындағы “қобыланды батыр” жыры қобыландының туғанынан бастап, қартайғанға дейінгі өмірін қамтиды. Бұл жырды Ақтөбе қаласында түрушы Шапай қалмағамбетов деген кісі Тіл және әдебиет институтына әкеп тапсырған , және ол институтқа 1955—56 жылдары Мергенбай жырының жалгасын (онда қобыландының балалары Бөкенбей мен Киікбайдың ерліктері айтылады) әкеп береді.
“қобыланды батыр” жырын толық жырлаган ақынның бірі — Біржан Толымбайүлы. Ол — бұрынғы қостанай уезінің қарабалық болысының адамы. (Бірақ Біржан туралы да біздің қолымызда материал жоқ.) “қобыланды батыр” жырын Біржаннан Махмұт — Сұлтан Түяқбаев деген кісі жазып алып, 1914 жылы бастырып шығарған.
“қобыланды батырды” жырлаған ақынның бірі — Мұрын Сеңгірбайұлы 1860 жылы туған. Туып өскен жері кіші жүз ішінде Адай елі, Жар деген рудан тараған, әкесі Сеңгірбай кедей болып, өмірі ұсталықпен өтсе керек. Мұрын 18 жасқа келгенде Адай ішіндегі Нұрым ақынның
1 Казакстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институтьшың қолжазба фондысы.
2 Сол институттың қолжазба фондысы
қасына еріп, одан “қырымның қырық батыры” жырын үйрен-ген. Сол кездерінде руы Беріш Мұрат ақыннан да батырлар жырын үйренген, онан кейінірек Адай ішіндегі қашаған ақынмен бірге жүріп жыр айтқан, қырық жасына дейін ел аралап жыр айтумен болған. Ол бір шеті Бүхар, бір жағы Хиуа, Мейрам елі жақтарын да аралаған. Астрахан жағына да барып, жыр айтып жүрген. Сол ел аралап жүрген уағында елдің сүйіп айтқызатын жырларының бірі “қобыланды батыр” екен. қазан революциясының бергі жерде де Мұрын жырау көп жыр айтқан және қазақ әдебиетінің ертедегі үлгілерінің көбін жадында сақтаған. Мұрын жыраудың айтуынан, 1942 жылы қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясы-ның әдебиет және өнер институты “қырымның қырық ба-тыры” жырын жазып алды. Мүның ішінде: қобыланды, Ер Тегіс, Ер Көгіс, қосай, Көкше батыр, Алау батыр тағы басқалары бар .
Мүрын жырау Гурьев облысының Маңғыстау ауданында 1955 жылы қайтыс болған.
“қобыланды батырды” жырлаған ақынның бірі — Нүрпейіс Байғанин. Ол 1860 жылы Орал губерниясы, Темір уезі, қалмаққырған болысында (қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы) кедей шаруаның отбасында туып өскен. Нүрпейіс жастайынан өлең-әнге құмар болады, он жасында ақын қатарына қосылады. Оның үлгі алған ақындары: “Абыл, Шернияз, Махамбет, Нұрым, қашаған, Ақтан, қазақбай т.б. Ел арасында өлең-жыр айтып, өмір шындығын, кедей шаруалардың аянышты түрмасын суреттейді, байлардың, бо-лыстардың елге істеген қиянатын әшкерелейді.
Нүрпейіс — күрделі сюжетке құрылған эпикалық жырлар шығарған ақын. Оның ішінде ірілері: “қобыланды батыр”, “қүбығұл”, “Төрехан, Ақкенже”, “Нарғыз”, “Комиссар По-жарский”, “Ақын”, “Ер туралы жыр”, “Жиырма бес” т.б.
Нұрпейістің еңбегі тек кеңестік дәуірде жоғары бағаланды. Оган үкіметіміз 1939 жылы “Өнерге еңбегі сіңген қайраткер” атағын берді. “құрмет белгісі” орденімен наградтады. Ақынның шығармалары жеке кітап болып бірнеше рет ба-сылды.
Н, Байғанин ұзақ ауырып, 1945 жылы қайтыс болды.
“қобыланды батырды” жырлаған ақынның бірі — Айса Байтабынов.
Айса Байтабынов 1875 жылы қазіргі Ақтөбе облысын-дағы қобда ауданында, Өтешсай ауылында туған. Ақынның әкесі Байтабын өмір бойы Сейсенбі Тасбасв деген байдың
1 Мурын Сеңгірбайулы “қырымның қырық батыры”, қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясы, әдебиет және өнер институтының фондысы
жылқысын баққан. әкесі өлгеннен кейін, отбасының тауықыметі жас Айсаға түседі. Сондықтан Айса 1910 жылға дейін Сейсенбі байдың жылқысын бағады. Бұл уақыттардың ішінде інілері өседі. Айса 1918 жылдан 1922 жылға дейін партизан отрядтарында болып, ақтардың қалдықтарына қарсы, қобда, Елек, Ойыл өзендерінің бойында күрестерге қатысады.
1922 жылы Айса партия мүшелігіне өтеді. Сол жыл-дардан бастап, қазақ ауылдарын ұйымдастыру жұмысына белсене араласады. 1922 жылдан 1931 жылға дейін ауылдық кенестің председателі болып қызмет атқарады. 1929—30 жылдарда бай-құлақтарды тап ретінде жою, кәмпескелеу және жаңадан ұйымдасқан колхоздарды нығайту үшін де көп еңбектер сіңіреді. 1931 жылдан 1935 жылға дейін Айса өзінің туған жеріндегі шаруалардан ұйымдастырылған “Өтешсай” колхозында председатель болады.
Айсаның ақындыққа бейімділігі 18 жастан, Сейсенбінің жылқысын бағып жүрген кезде-ақ байқала бастайды. Сол күндердің өзінде жас Айса халықтың асыл қазынасын жатқа білетін жыршыларға көп құлақ тігеді, жұмыстан колы бос уақыттарында ауылдағы ойын-сауықтарға қатынасады. Ол әрі домбырашы, әрі әнші болады, оған ән-күй сүйгіш жаста еліктейді. Сол уақыттардың өзінде Айса өлендер (көпшілігі арнау) шығарып жүреді, осымен қатар халық жырларын айтады.
Айса атақты Бітеген ақынға барып, одан көп жыр үйренеді. Содан бастап жыр айту соңына түссді, халық поэзиясының үлгілері “қобыланды”, “Хан әділ”, “құбығұл”, “Телағыс”, “Ауаз”, “Көрұгылы”, “Алпамыс”, “қыз Жібек” тағы басқаларын жырлайды. Онымен қатар өзінің шығармаларын да айтып жүреді.
Үлы қазан революциясынан кейін Айсаның жыры жаңадан нәр алады. Ол кеңестік өмірді жырына қосады.Кол-лективтенген шаруашылықтың пайдасын, бесжылдықтардың табыстарын жыр етеді.
1941 жылы неміс-фашист басқыншыларының біздің Ота-нымызға қапыда бас салуы халыкпен бірге қарт Айсаны да ызаландырып, атқа мінгізеді. қолына домбырасын алып, жалынды-өткір жырымен ақын халықты жауға қарсы май-данға аттануға, ерлікке, қажымас еңбекке шақырады. Кеңес өкіметі тұсындағы халқымыздың табыстарын жыр етеді.
Соғыстан кейін Айса халық шаруашылығын өркендетуді жырына қосады. Ол Кеңес Одағы батырларының Ґлы Отан соғысы майданында жасаған ерліктерін суреттейтін “қазақ қызы әлия”, “Батыр Абдолла Жанұзақов” деген көлемді жырлар шығарады.
Айса өзінің “қобыланды батыр” жырын қазақстан Рс-спубликасы Үлттық ғылым академиясына 1943 жылы әкеп тапсырады. Бұл жыр әлі баспаға шыққан жоқ .
ЖЫРДЫң ЗЕРТТЕЛУІ қазан революциясына дейін де, онан кейін де “қобыланды батыр” жайында үлкенді-
кішілі біраз сңбектер жазылды.
Бұл жыр жөнінде В. В. Радловтан басқа, алғаш рет орыс ғалымдарынан проф. П. А. Фалев және Туземец деген кісі пікір айтып, жырдың ауыз әдебиетінен ерекше орын алатынын көрсеткен. Бірақ олар бұл жырды әр жағынан алып толық зерттсген жоқ.
“қобыланды батыр” басқа жырларға қарағанда, кеңестік дәуірде біраз зерттелді. “қобыланды батыр” жыры жөнінде бірсыпыра еңбектер жазған Мұхтар әуезов болды . Сәкен Сейфуллин де елеулі құнды пікірлер айтты. Одан кейін бұл жырмен Сабит Мұканов , академик А. С. Орлов , Б. Кенжебаев , қ. Жұмалиев , Е. Ысмайловтар айналыс-гы.
Бұлар “қобыланды батыр” жайын газет-журналдық мақала немесе оқу құралдары көлемінде зерттсді. Олар өздерінің еңбектерінде көбінесе жырдың әдебиеттік жағына көбірек көңіл бөледі; жырдың маңызын, көркемдік ерек-шеліктерін талдады. Сонымен қатар, жырдағы әңгімелер қай кезде, қандай дәуірге байланысты туды деген мәселеге көңіл аударды. бүл мәселе жөнінде алғаш рст пікір айтқан М. әуезов: “қобыланды батыр” жыры XVI ғасырда туды,
1 әдебиет және өнер институтынын қолжазба фондысы.
2 ЗапискиВост. отд. Русскогоархеологическогообщества, том24, вып. 3—4, 1916.
3 “Туркестанская ведомости” №№ 34, 35, 38, 42 за 1899 г. “Женщины по киргизской былине “Кобыланды”.
4 “Таң” журналы, № 1, 1925, Семей, журнал “Литература и искусство Казахстана”, № 8—9, Алма-Лта, 1939; журнал “Литературиый критик”, Москва, 1939г. и№1, 1940.
^ қазақәдебиеті.Алматы, 1932.
6 “Батырлар”, Алматы, 1939; “қазақ әдебиеті” (орта мектептің 8-класына арналғанокуқүралыжәнехрестоматия), 1938,1939,1940,1944.
7 “Казахский героический эпос”, Москва, 1945.
8 “әдебистжәнеискусство”журналы,№ 12,1940.
9“әдебиеттеориясы”,Алматы,1938.“Казақәдебиеті”,8-класқаарналғаноқу қүралы, 1941 ;Казақ эпосы мен әдебиет тарихынын мәсслелсрі, 1958. Ю“Ақындар”, Алматы, 1956.
оған осы күнгі Татар республикасының астанасы қазан қаласы орыс патшасы Иван Грозныйдың 1552 жылы өзіне бағындырып алуы себеп болды, деп көрсетті. Бұған жырда қазан қаласының аталуын дәлел етті.
Кейіннен Мұхтардың бұл пікірін қазақ әдебиетінің та-рихын зерттеуціі Сәбит Мұқанов пен қалижан Бекхожин1 және қажым Жұмалиев те қостап шықты.
“қобыланды батыр” жырының қандай тарихи жағдайға байланысты туғандығы жайында көп уақыт айтылып келген пікір осындай болатын. Алайда бұл пікірдің теріс екендігін М. әуезов, С. Мұқанов, қ, Жұмалиевтің өздері және соңғы кезде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ең алдымен, қобыланды жайындағы жырды қазан қаласын Иван Гроз-ныйдың алуымен байланысты туды деушілік және бұған жырда қазан қаласының аталатындығын ғана дәлел етушілік тарихи шындыққа жатпайтындығы ашылды.
Батырлар жырында кездесіп отыратын жер-су, қала аттарына қарап, белгілі бір тарихи дәуірді үнемі белгілей беруге болмайды. Мұндай жер-су, қала аттары, батырлар жырының қандай әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланыс-ты тугандығын көрсетерлік ғылыми дәлел болмайтындығы және ондай әдіс әдеби мүраларды тексерудің әрқашан да ғылыми дұрыс жолы еместігі мәлім.
Шынында, батырлар жыры халықтың тарихын, әлеуметтік өмірін сипаттайтын тарихи документ бола ал-майды. Рас батырлар жырының (жалпы көркем әдебиеттің) әңгімелері өмір шындығынан алынады, бұл шындықты жыр-шылар топшылап жырлайды, әдебиеттік образдар жасайды. Сол образдар арқылы өмір шындығын елестетуге тырысады. Мұнымен қатар жыршы — ақындар кей кезде тарихи фактілердің орнын ауыстырып та жібереді. Ерте кезде болган оқиғаны соңғы заманға алып келушілік немесе соңғы кездің фактісін өткенде болған етіп көрсетушілік батырлар жы-рында кездесе береді. Мәселен, қазақта “қозы Көрпеш — Баян сұлуды” жырлаушының бірі — Жанақ ақын. Жырдың әңгімесі ескі кезден алынған. Ал, Жанақ бұл жырды айтқанда, жырдың оқиғасы тарихи шындықтан алынғандығын куәландыру үшін өзі (Жанақ) жүрген жерлерінің аттарын (Аягөз, Таңсық, т.б.) жырға қосады. Жырдың әңгімесін бергі заманға алып келеді.
Бұл мысал батырлар жырында анахронизм көп кез-десетіндігін көрсетеді. Сондықтан да батырлар жырында
1 С. Муқанов пен қ. Бекхожин. әдебиет хрестоматиясы (орта мектептің 8-класына арналған), Алматы, 1939.
кездесетін жер-су, қала аттарына сүйеніп, халықтың әлеуметтік өмірін, тарихын белгілеуге үнемі бола бермейді. Және жырдағы әңгімелер тарихи документтермен әрқашан да қабысып отырмайды. Батырлар жыры ең мықтағанда халықтың тарихында болған белгілі бір елеулі кезенді, мәнді оқиғаны хикая — әңгіме көлемінде ғана елестетуі мүмкін. Бірақ мұны біз тарихтың документі деп қарамай, сол тарихи фактілердің әдебиеттегі сәулесі деп қарауға тиіспіз.
Жырдың әңгімесі қандай тарихи фактіге негізделгенін және жырда қай кездің әлеуметтік өмірі, тарихи шындығы бейнеленетінін қалай білуге болады? Бұл сұраудың жауабын ең алдымен жырдың мазмұнынан іздеу керек. қай жырды алсаңыз да онда жағымды батырлардың кімдерге қарсы күрес-кендігі, елін кімдерден қорғап қалғандығы әңгімеленеді. Сол кездегі әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың дүниеге көзқарасы қандай болғандығынан да азды-көпті мәлімет береді. Осы-ларды тарихи деректермен салыстыра қарасақ, жаңағы жыр қай кездегі тарихи шындықтың сәулесі екендігін, жырдың шығуы не нәрсеге байланысты болғандығын айқындауға мүмкіндік туады.
“қобыланды батыр” жырының барлық варианттарын мазмүнына қарай зерттегенде және оларда айтылатын әңгімелерді тарихи деректермен салыстырғанда, бұл жырдың оқиғалары қыпшақтар мен қызылбастардың (қвізылбастардың кім екендігін жоғарыда айтқанбыз) арасындағы көп заманға созылған қарым-қатынастарды, қызылбастардың қыпшақтарға көрсеткен қорлық-зорлығын, жауыздық әрекеттерін гуреттеу негізінде туғандығы байқалады. Жыр әңгімелерінің негізгі желісі осындай ерлік күрестерді бей-нелеуге құрылады. Жырдың барлық варианттарывда қобыландының соғысатын жаулары қызылбастар (тек бір вариантында қалмақтар) болып келеді. Жырда қызылбастардың басқыншылық, жаулық шабуылдарына қарсы қыпшақ батырларының жүргізген ерлік істері сипат-талады. Бұған қарап, біз жырдың тууына себеп болған — қыпшақтар мен қызылбастар арасыңдағы қарым-қатынастар, жыр мұны көркем суреттеу арқылы елестеткен дей аламыз.
Бұл пікірімізді “қобыланды батыр” жырының барлық варианттары қостай түседі. Мәселен, Мергенбайдың жырында қобылавдыға қарсы күресетін қызылбас елінің мықты батыры қазан болып суретеледі. Ол жөнінде жырда:
қызылбастың елінен, Казан деген ер шықты, Жөн білмеген шер шықты,
Бағынбаған адамын қырып-жойып таусыпты, Жерін, малын олжалап
Ноғайлының көп елін Олжалап шуып жаншыпты,
қатарынан асыпты, Ноғайлы елі қашыпты.
делінеді. Біржан Толымбаев айтқан жырда қобыланды батыр қазан қаласына келгенде:
Сол уақытта алдынан қара қасқа ат мінген, құйрық жалын шарт түйген, Алдына дабыл өңгерген, Артына сауыт бөктерген, Аламанға дем берген, Азды-көпті тең көрген, қызыл бөркі қалпиған, қайратымен мал жиған, Мен сондай деп дандиған, қысқа күнде қырық шапқан, Тері тонды теріс артқан, қазақ десе оқ атқан,
қабағына қар қатқан, Кірпігіне мұз қатқан. Он екі күнде бір жатқан, О да айтулы ер еді, Кызылбастың белі еді, құдайдан дұшпан сұраған, Жау көрмесе жылаған; Найзасын ұстар жеріне қолыма жұмсақ болсын деп Топтап барқыт ораған. Шын қаћарына келгенде Жауған қардай бораған… Алдынан шықты ер қазан,—
делінеді.
Бұл келтірілген үзінділерде аталган қазан ер қызылбастардың ханы ғазан (қазан) болуы мүмкін. ғазан ханның жауынгер, ұрыншақ, көрші елдерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырып алуды мақсат еткен адам екендігі тарихң документтерде толық айтылады . Тарихи бұл фактігс жырдағы қазанның ұрыншақтық әрекеттері, көрші елдердің “жерін, малын олжалап” жіберуі, “қазақ десс оқ атуы” сай келеді. Демек, жырдағы қазан ерді ғазан ханның прототипі және ол арқылы бүкіл қызылбастардың жаулық әрекеті топ-шыланып берілген деуге болады.
Тарихи фактілерден байқалатындай, қызылбастардың қысымына қарсы әр жердегі қыпшақ рулары бас қосып май-данга аттанғандығы мәлім. Бұл тарихи фактінің ізі “қобыланды батыр” жырынан да көрінеді. Мәселен, қараман батыр қобыландыға келіп: “қызылбастың қазан батыр бастаған қалың әскері елімізді шапқалы келе жатыр. Оларға қарсы аттанайық. Соған сенің де бірге жүруіңді сұрап келдім”,— дейді. (Біржан мен Мергенбайдың жырынан). Бұдан кейін қобыланды батыр әр рудан құралған қыпшақ-қият жасақтарын бастап, басқыншы жауға қарсы аттанады. қыпшақ жасақтарының әр рудан құралғандығын жырда кез-десетін ру аттарынан да аңғаруға болады. Мысалы, қобыланды батыр қарақыпшақ руынан шығады. былайша қарағанда, “қарақыпшақ” деген сөз эпитет (Ер Тарғын, Ер Көкше, т.б.) секілді. Бірақ, “қарақыпшақ” эпитет қана
История Грузии, ч.І,1946.
емес, ол қыпшақтың бір руының аты. қазақ шежіресінің айтуынша, қыпшақта: Сары, Торы, қара, қоңыр, Үзын, Көлденең, қият, т.б. деген рулар болған. Олардың әрқайсысы әр жерде мекен етіп жүрген. Ал ел шетіне басқыншы жау келгенде әр жердегі қыпшақ рулары бас қосып күш біріктіреді. қыпшақтың бір руын қараман бастап келеді. Жырдың бұл әңгімелері басқыншы жауға қарсы күресте қыпшақ рулары күш біріктіріп аттанған деген тарихи фактінің елесі секілді.
қобыланды батыр жайындағы жырдың оқиғасы қызылбастар мен қыпшақтар арасындағы тарихи шындық негізінде туды деген пікірді дінге байланысты әңгімелер де дәлелдейді. Осы аталған дәуірде қазақ халқы бірнеше дінде болып келген. Халықтың сенімі, нанымы шамандық (көп тәңірге табынушылық) болған. Ал қазақ арасына ислам діні Ш. Уәлихановтың айтуынша, XIV ғасырда ғана ене бастаған . Ислам дінінің тарай бастауы жөнінде академик В. В. Бар-тольд былай дейді:
“Сырдария бойында, Хорезммен көршілес отыратын қыпшақтар XII ғасырдың аяғына дейін мүсылман емес еді, жалпы алғанда, монғолдардың басқыншылық жорығына дейін ислам түріктердің көпшілігінің діні емес болатын” .
Демек, XIV ғасырға дейін ислам дінін көпшілік қолданған жоқ. Мұны “қобыланды батыр” жырының әңгімесінен де ескі шамандық үғымдар (молаға түнеу, отқа май құю, т.б.) басым жатады.
“қобыланды батыр” жырының XVI ғасырда ту-мағандығынан тағы бір мысал келтірелік. XIV ғасырдың орта кезінде қүралған Алтын Орданы және оның дәуірін елесте-тетін бірнеше әңгіме-жырлар бар. Сол әңгіме-жырларда “ер-теде қобыланды деген қарт батыр болыпты”. Немесе Алтын Орда тұсында “қобыланды өте қарт адам еді” делінеді. Бүған қарағанда, қобыланды жайындағы аңыз-әңгіме, жыр-ларының шығуы Алтын Орда ксзінен бүрын болған.
Жоғарыда келтірілген фактілергс қарағанда “қобыланды батыр” жырының алғашқы әңгімелері қыпшақтар мен қызылбастардың арасындағы қарым-қатынастарды суреттеу негізінде туған. Олай болса, бұл жырдың тууына Иван Грозныйдың 1552 жылы қазан қаласын алуының қатысы жоқ дейміз.
1 Ш.Ш. Уәлиханов. Сочинения, стр. 109,1904.
2 Бартольд В. В. “История турецко-монгольских народов” Ташкент, 1928.
стр. 15.
Осы айтылғандарға байланысты, қобыланды батыр та-рихта болган адам ба, әлде әдебиеттік образ ба деген сұраудың да жауабын бере кетелік.
“қобыланды батыр” жыры туралы пікір айтушылар қобыландыны тарихта болған адам деседі. Оған дәлел етіп “қарақыпшақ қобыландыда нең бар еді, құлыным” деген аңыз-әңгімені келтіреді және Електен 40 шықырым жерде қобыландының моласы, Орынбордан Маңғыстауға қарай ба-ратын жолда қобыланды деп аталатын бекеттің барлығын айтады. Осының бәріне сүйене отырып, олар қобыланды батырды тарихта өмір сүрген адам етіп шыгарады.
Ел арасында “қарақыпшақ қобыландыда нең бар еді, құлыным” дейтін өлең бары рас. Бұл өлеңнің шығу себебін ел аңызы балай деп айтады. әбілхайыр ханның (XV ғасыр) тұсында Арғын руында Дайыр қожа деген (Ақжол атанған) би болады. Оны қобыланды батыр өлтірген екен дейді. Арғындар құн даулайды, бірақ әбілхайыр қобьшандыдан батып құн алып бере алмайды. Сонда жаңағы өлген Дайыр қожаның әкесі қыдан тайшы (қыдан ақын) баласын жоқтап:
қарақыпшақ қобыландыда Бұл ноғайлы елінің.
Нең бар еді құлыным… Аққан бұлақ,
Сексен асып, Жанған шырақ,
Таянганда тоқсанға, Жалғыз күнде құрыдың.
Тұрмастай„боп қарақыпшақ қобландыда
Үзілді ме жұлыным, Нең бар еді, құлыным…1 Адасқанын жолға салдың,
деген екен дейді.
Бұл аңыздың қаншалықты шындыққа дәл келетінін және осында аталған қобыландының әбілхайыр ханның тұсында болған-болмағанын анықтарлық дер^к жоқ. Тек аңыз-әңгіме ғана сақталған. Ал бұл аңыз-әңгіме қобыланды батырдың тарихи адам екендігін толығынан дәлелдейтін дерек болмасқа керек.
Екінші, Елек маңында қобыландының моласы дейтін моланың, Орынбордан Маңғыстауға қарай баратын жолда қобыланды деп аталатын бекеттің бар екендігі рас. Бірақ, бұл ескерткіштер “қобылавды батыр” жырындагы қобыландыға арналып салынған ба, мұны дәлелдейтін тарихи дерек әзірге жоқ. Сондықтан оларды қобыландыға арнап салынған ескерткіштер деп айту қиын. Олай деуімізге бір себеп XII—XIV ғасырда майданда өлген адамға соғыс кез-дерінде мола салу болмаған. Батыр соғыста өлсе, оның денесі сол жерде қала берген. Бұл жайды “қобыланды
1 С. Сейфуллин. Шығармалар, ҮІ-том, 342-бет, 1964.
батыр” жырынан да (Есмүрат ақын айтуындағысынан) байқауға болады. Мәселен, бір согыста қобыландының жас жолдасы Ер Сайын өледі, оның денесі көмусіз далада қалады. Екінші бір мысал, Ер Көкше бір соғыста қаза болады. Кейіннен Ер қосай (Ер Көкшенің баласы) іздеп келіп, көп өліктің ішінен әкесінің денесін тауып алады. Ер қосай әкесінің сүйегін көмбей, далаға тастайды да, “әкемді өлтірген жауды іздеп табам” деп кете береді.
Бүған қарағанда, ерте замавда майданда жаумен соғысып өлген адамның денесін көмбей, далаға тастап кету салт болғанға ұқсайды. Оның үстіне срғыс кезінде, әскер аттан түспей үнемі шабуылда жүрген жағдайда майданда өлген адамға үлкен ескерткіш орнату, бекеттер жасау мүмкін де емес. Марко Полоның айтуына қарағанда, монгол әскерлері күн-түн жорық жасағанда ат үстінде жүріп тамақтанған, шөлдесе, ат жалынан қан сорып сусындайтын болған. Осын-дай қызу жорық, шабуыл кезінде, соғыс үстінде өлген адамдарға ескерткіш орнату, үлкен молалар салу бола бер-меген. Сондай-ақ, жотарыда қобыландының атымен байла-нысты ескерткіштер де бертін кезде соғылуы мүмкін. Бірақ, оларды қарақыпшақ қобыланды батырдікі дейтін аңыздар болмаса, тарихи дерек әзірге кездеспейді. Бәлкім, ол ес-керткіштер қарақыпшақ қобыланды батырдікі болмауы да мүмкін. Олай деу себебіміз XVIII гасырда Кіші жүзде қобыланды деген батыр болған. Оны халық бала қобыланды деп атаған. Жоғарыда аталган ескерткіштер осы соңғы қобыландыға арналуы да мүмкін. Бірақ, бұл жөніндс де аңыз — әңгімелер ғана, тарихи дерек әзірге жоқ.
Мұның бәрі қобыланды батырдың тарихта болған адам екендігін анықтайтын деректер жоқ екендігін, тек халықтың аңыз-әңгімелері барлығын көрсетеді. Сондықтан да біз қобыланды батырды тарихи адам деп атаудан гөрі, әдебиеттік образ ретінде қараймыз. Басқыншы жау қызылбастарға қарсы күрескен, одан ел-жүртын қоргап қалған қыпшақ батырларының ерлік істері қобыланды об-разы арқылы жинақталып берілген деуге болады.
ЖЫРДЫН ВАРИАНТТАРЫ
қазақтағы батырлар жырының ішінде варианты көбі —“қобыланды батыр”. Оның әзірге жиналған вариантының саны — он екі. Ал жиналмай, ел арасында ауызша айтылып жүргендері бұдан да көп.
“қобыланды батырдың” қолда бар он екі вариантын мазмүнына қарай салыстырғанда, екі тақырыпқа бөлуге
болады. Біріншісінде, қобыланды жас шағынан бастап қартайғанға дейінгі ерлік өмірі, қызылбастармен күресі суреттеледі. Бұл әңгімелер Марабай, Мергенбай, Біржан айтқан жырлардың негізгі мазмұны болады. Екіншісінде, батыр қарамағындағы ел-жұртын хандардан, олардың зәбір-зомбылығынан қорғап отырады. қобыланды батыр сол хан-дарга қарсы күреседі. Мұны біз Нұрпейіс, Айса, Мұрын жырларынан көреміз.
Сөйтіп, жырдың барлық варианттарында айтылатын оқиғалар осындай екі топқа бөліне жырланады және бәрінде қобыландының ерлік істері, ел-жұрты, ағайын-туысы, жол-дастары, алысатын жаулары суреттеледі.
Жырдың Марабай, Біржан, Мергенбай айтуындағы әңгімелері мазмұн, тур жағынан бір-біріне ұқсас. Бұлардың жырында қобыландының алысатын жаулары қызылбастар болып суреттеледі. Бұған қараганда, осы үш ақынның айту-ындағы “қобыланды батырдың” оқиғасы ерте заманда туған секілді.
Аталған үш ақынның айтуындагы жырдың ел арасына ертерек тарағаны — Марабай жыры. Онда айтылатын негізгі әңгімелер: қобыландының қазан батырмен, Көбіктімен соғысы, Алшағырдан елжұртын құтқарып алуы болатын. Ал, қобыландының туысы, жастық шағы, ата-анасы, құртқаға үйленуі, қараман мен Естеместердің кім екендігі, Тайбурылдың қайдан пайда болгандығы, қазан және Көбіктімен не үшін соғысатындығы, батыр өмірінің соңғы кезендері, Көбіктінің қызы қарлығаның тагдыры тағы сол секілді әңгімелердің сыры ашылмай қалатын. (Бұл әңгімелер Мергенбай мен Біржан жырында ұзагынан айтылады).
Марабай, Біржан, Мергенбай жырлаған “қобыланды ба-тыр” мазмұн жағынан ұқсас келгенімен өзара үлкенді-кішілі айырмашылықтары да бар. Бұл айырмашылықтар әрбір ақынның жыр сюжетін құруынан, оны дамытуынан, образ жасау ерекшеліктерінен, оқиғаны мәнерлеп айту ерек-шеліктерінен, ақындық шеберліктерінен көрінеді. Мысалы, жыр сюжетін қүрганда Біржан оған діни әңгімелерді аралас-тырады. қобыландының туысы немесе батырдың жолы бо-лу-болмауы діни ұғымдар арқылы сипатталады. Мәселен, қобыланды батыр құртқаның күйеу таңдап отырганын естіп, Көкілан кемпірдің (қүртқаның шешесі) еліне келеді. Көкілан биік бәйтеректің басына алтын жамбы қойып: “Осы жамбыны кімде-кімнің діні күшті болса, сол атып түсіреді және сол жігітке қызымды беремін”,— дейді. Бұл шартты бірде-бір жігіт орындай алмайды. Мұны тек
қобыланды ғана орындайды, оны бүл жолда бабалары қолдаған болады. Сонда Көкілан қобыландыға келіп: “Мүсылман екенсің, дініңнің күштілігінен алтын жамбыны атып түсірдің, енді мен сенің дініңе кірдім, қызымды саған бердім”,— дейді. Екінші бір мысал: қобыланды мен Көбекті жеті күн алысады. қобыланды әлсірей бастаған кезде, оны пірлері қолдауға келеді. Бірақ қобыланды пірлерін танымай, үрсып қасынан қуып жібереді. Бүған пірлері өкпелеп кстіп қалады. Содан кейін қобыланды жеңіліп, Көбіктінің қамауына түседі. Сол секілді, қобыландының қазан батырды жеңуі де діни үғымға байланысты суреттеледі. Мүның бәрі Біржанның діндар адам болғандығын, діни үғымдарды ба-тырлар жыры арқылы да таратуға тырысқанын көрсетеді. әрине, діни әңгімелер Марабай мен Мсргенбай жырында да кездеседі. Бірақ, олар дін жайын Біржан секілді үзағынан жырламайды.
Кейде жырдағы үсақ детальді әрбір ақын өзінше әңгімелейді. Мысалы, қобыланды батыр қүртқаға үйленген сапарында оған қырық қүлаш қызыл Ер кездеседі. Ол Біржан жырында қүртқаға ғашық болған дәудің бірі болып сурет-теледі.
Бұл әңгіме Мергенбай жырында да айтылады. қызыл Ер мен қобыланды алысады. Біржан жырында қызыл Ерді қобыланды өзінің айлакер, тапқырлығымен жеңеді, ал Мер-генбайдың жырында қобыланды батыр қызыл Ерді күрсс үстінде жеңеді. Мүнда қобыланды тайдай дәудің аяғын бай-лайды да, оны үйінен сүйреп шығарады. Жырщының ойын-ша, бүл қобыландының күшті батыр екендігін аңғартпақ. Екіншіден, Мергенбай қызыл Ерді ертегілерде кездссетін жалғыз көзді дәу бейнесінде суреттей отырып, оған мен-менсінген алып дәудің сипатын береді. Ондай алып дәуді жеңу қобыландының мықты батыр екендігін дәлелдемек.
Марабай жырында қараманның кім сксндігі, қазанға неліктен аттанғандығы айтылмайтын. Бүл жайды Біржан мен Мергенбай молынан қамтып былай дейді: қүртқаны алып келгеннен кейін, қобыланды батыр малдарының аман-дығын білу үшін жайлауға барады, жылқышыларымсн кез-деседі. Естемес екеуі ит жүгіртіп қүс салады, аң аулайды. Сол уақытта қыпшақтың қият руынан шыққан Сайымұлы қараман (Мергенбайда Сейілұлы қараман дслінеді) батыр қасына қырық мың әскер ертіп қобыландыға келеді. қараман қобыландымен құрдас екен. қараманның қасында қарақозы, Аққозы, қосдәулет, Ақдәулет, қарабоқан жауырыншылар болады. Бүларды қобыланды қарсы алады. қараман
қобыландыға келген жайын айтады. “қызылбастың елінен қазан деген ер шығып, елімнің мазасын кетіріп тұр. қырлы қала, Сырлы қала деген қала салам деп көп жерімізді тартып алды. қазан күн сайын елімізге шабуыл жасауда. Сол қазанға қарсы соғысқа аттанып барамын. Бұған еріп жүруінді қолқалық етем”,— дейді қараман.
Марабай жырында қобыландылардың зыңданға түскен кезінде Быршымбайдың кім екендігі айтылмайтын. Оның жайы Алшағыр тұсында ғана соз болатын. Бұл жөніндегі әңгімені Біржан мен Мергенбай толықтырады. Біржанда: қарлыга екі батырды зывданға салғаннан кейін өзінің інісі Быршымбайға келіп: “қобыланды мен қараманды әкем ұстап алды. Ол екеуі зындавда жатыр. Сен Алшағырға бар да осы хабарды айт. Сүйіншіге Алшағыр саған қаныкей, Ты-ныкей атты екі қарындасын берер. Алшағыр құртқаға ғашық еді, енді сәті түсті”,— дейді. Быршымбай кетіп қалады, Алшағырға күйеу болып жата береді. Мергенбайдың жырында бұл сөздерді айтушы Көбіктінің өзі болады.
Біржан мен Марабай жырында қарлыга зынданда жатқан қобыландыны көргеннен кейін-ақ, оны өзіне тең тұтып, бірден ғашық болады. Мергенбай жырывда бұл әңгіме да-мытыла суреттеледі. Онда: қарлыға мүсылманның қызы еді, оның шешесін Көбікті бір шабуыл жасағавда олжалап әкелген еді. қарлығаның шешесі қызына: “Мұсылманның адамын көрсең, етегінен ұста”,— деген. қарлыға зывданға келіп қобыландыны көргенде-ақ, оның мұсылман екенін біліп, ғашық болған және қобыландыларды зынданнан бо-сатудьщ әрекетін жасаған еді дейді.
Марабай жырында Көбіктіні қалай өлтірудің амалын қобыландыға айтушы қарлыға болатын. Ол: “әкемнің үстіндеіі көк сауытты өзім тоқып едім, кіндік тұсынан үш көзін кем соққам, сол арасынан ату керек”,— дейтін. Мүны Мергенбай да осылай айтады. Ал Біржанда бұл әңгіме басқашарақ. Көбіктінің көк сауытының кіндік тұсындағы үш көзін қарлығаның неліктен кем соққанын дәлелдейді. Мұны Біржан былай суреттейді: қарлыға қобыландыга келіп: “Менің әкеме атсаң оқ, шапсаң қылыш өтпейді. Оның үстіндегі ақ сауытты өзім тоқығам. Бірақ, сауыттың кіндік тұсынан үш көзін кем тоқып ем. Егер әкем өзімнің сүйген адамыма бермейтін болса, сауыттың жаңағы кем көзінен атып өлтіремін деп ойлағам. “Балам, мына жердің шығыршығы қайда?” дегенде жетпей қалды дегем. Сол жерінің кіндігі бұлтиып Іпығып түратын еді. Сол жеріне атсаң, өледі”,— дейді.
Марабай жырында Алшағырдан ел-жұртын босатып алуға аттанған қобыландыға қарлыға, Орақ келіп қосылады. Орақтың кім екендігі Марабай жырында айтылмайтын. Орақ қыпшақ руының батыры екендігі Мергенбай жырында айты-лады. Овда Орақтың шешесі; “қобыландының елін Алшағыр шауып кетті. Ол елді жаудан қүтқар”,— дейді. Содан кейін Орақ батыр көп әскер алып, Алшағырдың еліне аттанады, жолда қараман мен қарлығаға кез болады да, қобыландыға қосылады. Орақтың батырлық-ерлік істері жырланады.
Марабайдың жырында, Алшағыр жағынан Ағанас пен Тоғанас дейтін екі батыр қобыландыға қарсы шығатын. Бұл екеуінің кім екендігін Марабай айтпай кететін. Ағанас пен Тоғанастың кім екендігін Біржан жырына қосады. Онда: Ағанас пен Тоғанас — қырық құлаш қызыл Ердің балалары. Ол екеуі қазір ер жетті, “қобыландыдан әкеміз үшін кек аламыз”,— деп, Алшағырға келіп қосылған еді дейді.
Біржан жырында Шошай хан жайы бір-екі ауыз сөзбен айтылса, оны Мергенбай молынан суреттейді. Ең алдымен Шошай Көбіктінің жиені екендігі, ол қазан мен Алшағыр үшін қобыландыдан кек алуға келгендігі айтылады. Шошай хан қобыландыға түн ішінде тиіседі. қобыланды Тайбурылға жайдақ міне сала Шошай ханға қарсы аттанады, қатты айқай салады. қобыландының дауысы айшылық жерге же-теді, жаудың зәресін ұ.шырады. қобыланды Шошайға жетіп келеді. Сонда Шошай: “Жекпе-жекке дайындығым аз еді”,— деп үш күн рүқсат сүрайды. Оған қобыланды көнеді.
Біржан жырында қарлығаны үстап әкел деп Бөкенбайға бүйрық беретін қобыланды болса, Мергенбайда қүртқа бо-лады. Ол: “әкең үйде ашулы отыр. әкеңнің көзіне көрінбе, көрінсең, мерт етер. Мен саған Тайбурылды үстап берейін, сен қарлығаны осында алып кел”,— дейді баласына. Бұл эпизодты Біржан бір-екі сөзбен айта салса, оны Мергенбай үзақ етіп жырлайды.
Шолу түрінде қарастырганда, “қобыланды батыр” жы-рының Марабай, Мергенбай, Біржан варианттарының сю-жеттік желісі, өзара айырмашылықтары, міне осындай.
Ал енді жырдың Мүрын жырау, Айса, Нүрпейіс айтатын варианттарына қысқаша тоқтап өтелік. Бүлардың жырла-рындағы басты әңгіме қобыланды батырдың ел билеген хан-дарға қарсы күресін, халыққа қамқор болу жайын суреттеуге қүрылады. Бірақ олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Бүл айырмашылықтарды білу үшін салыстыра кетейік.
Мүрын, Нұрпейіс, Айса айтатын “қобыланды батыр” жырының бірінші бөлімі сюжеттік жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
Мұрынның айтуындағы “қобыланды батырдың” бірінші бөлімінде мынадай әңгімелер суреттеледі: тоқсан баулы ноғайлыда Ақшахан дегсн хан және оның қол астында қыдырбай деген бай болады. Бір куні Ақшахан билер мен бектерін жинап алады да: “қыдырбайды қалай өлтіру ке-рек, оның байлығын қайтсем тартып аламын. Соған ақыл беріңдер”,— дейді. Сонда отырған билер: “Той жасаңыз, қыдырбай да сол тойға келер. Сонан кейін оның ретін табармыз”,^- дейді. Бұл мәжілісте қыдырбайдың жеті атадан барып қосылатын жақыны да болады.
Ақшахан қыдырбайды тойға шақыртады. қыдырбай көптеген сый-сыбаға алып тойға келе жатады. Сонда оның алдынан әлгі жақыны шығады да, бұл тойды Ақшаханның қыдырбайды өлтіріп, мал-мүлкін тартып алу үшін жасап отырғаныч айтады.
Бұл сөзді естіген қыдырбай қапаланып кейін қайтады. Өзінің әйелі Ақаруға Ақшаханның қастығын мұң етіп шағады. Содан кейін ол құдайдан бала тілеп кетеді. әйелі Ақару үйде қалады. қыдырбай 70 күндей жол жүреді, көп жер-лерге барады, әр молаға бір түнейді. Тілегі қабыл болып, әйелі бір ұл, бір қыз табады. Үлдың атын қобыланды, қыздың атын Хассұлу деп қояды.
қыдырбайдың Бек деген 50 жасқа келген жылқышысы бар екен. Ол қобыландыны ертіп жылқы ёағуды үйретеді. Осы кездс ар жақтан айқай-шу дауыс естіледі. “Бұл не?”— деп сұрайды қобыланды. Бек: “Оны соңынан, аман болсаң, білерсің”,— деп жауап береді. Бірақ қобыланды жаңағы дауыстың не екенін білуге құмартады да, ала тайына мініп, қолына сұр жебесін алып жалгыз аттанады. Дауыс Тәуіп ханның слінен шыққан екен. Тәуіп ханның құртқа деген қызы күйеу таңдайды. “Кімде-кім қара тасты қақ айырса, соған тиемін”,— деген шартын ешбір жігіт орындай алмаған екен. Ол шартты қобыланды орындайды да, құртқаға үйле-неді. Тәуіп хан қызын қобыландыға беріп жөнелтеді.
қобыланды құртқаны еліне алып келе жатады, жолда өз әкесі қыдырбайдың жылқысына кездеседі. Жылқы ішінде жусап тұрған кер биені құртқа көреді де, оны атасынан көрімдікке сұрайды. Бірақ, қыдырбай бермейді. “Кер би-еден тұлпар құлын туады, оны қобыланды мінсс, баламнан айырылып қалам”,— деп қорқады. Ақару да, Хансұлу да кер биені құртқаға беруді өтінеді. Ақыры қыдырбай көнеді, кср бисні құртқаға береді. Одан туған құлынды құртқа өзі бағады.
қобыландының жолдастары өзара күңкілдеп: “Осы құртқа құлынды негс батырдан жасырады, неге көрсетпейді. Шамасы бір жақын жігітіне даярлап жүргсн болар”^— деседі. Бүл сөздерге қобыланды ашуланады да, құртқадан қүлынды алады, срсіз, жүгенсіз мінеді. Сонда құлын қобыландыны ала жөнеледі, теңізден аттап өтеді. Бірақ, алдындағы бір төрт көлден секіре алмай қалады. қобыланды құлынға ашуланып қайтып келеді. Сонда құртқа айтады: “қүлында әлі кемшілік бар, бес жасына дейін өзім баптап өсірейін”,— дейді.
Мұрынның жырындағы осы әңгімелер Айса мен Нұрпейіс кейбір үсақ жайларды күрделі әңгімеге айналдыра жырлайды. Сонымен қатар өзара айырмашылықтары да бар. Мәселен, қыдырбайды өлтіріп, оның мал-мүлкін тартып алуды көздейтін ханды Айса жыры Алшағыр деп атайды. Ал Нүрпейіс жырында Тоқтарбайдың құдайдан бала тілеуі көрші бір байдың “қу бас” деп тілдегенінен туады. Мүрында: Ақшаханның қастық ойын қыдырбай жеті ата жақынынан естіп тойға бармай кейін қайтса, Айса мен Нүрпейісте олай смес. Айсаның айтуында, қыдырбай тойға барады, сол кезде оның алдынан Алшағырдың әлібек деген жігіті шығып: “Бұл тойда үлсыздарга орын жоқ, қызсыздарға қызық жоқ”,— деп тілдейді, бүған қыдырбай ызаланып кейін қайтады. Нүрпейістің жырында: Тоқтарбай сексен нарға саба артып, сексен нарға алтын-күміс артып сауынға барады, сонда оның алдынан ханның бір уәзірі шығады да: “Бүл қу бастьщ сауыны емес, баласы барлардың сауыны”,— дейді. Тоқтарбай ашуланады да үйіне қайтады.
Ал Мүрында: құдайдан бала тілеп жићан кезіп кетуші қыдырбайдың өзі болса, Айсада: Ақмаңдай болады. Нүрпейісте: Тоқтарбай үйіне кслгсн соң, Аналық екеуі қүдайдан бала тілеуге баратындығын айтып, барлық мал-мүлкін ел-жүртына бөліп береді. Сонан ксйін екеуі жићан кезіп кетеді. құдайдан бала сүраушылардың тілегі қабыл болады. Ақмаңдай-Ақару — Аналық бір ұл, бір қыз табады, үлдың аты қобыланды, қыздьщ аты Хансұлу (Мұрын мсн Нұрпейіс) қояды. Айса Ақмаңдайдың екі қабат ксзін, айдаћардың жүрсгін жеп жерігін басқанын молынан жыр-лайды.
қүртқа жайын Айса жырында ақсақалды шал айтады: “Көрші слде Көкілан деген кемпір бар, оның қүртқа атты сұлу қызы бар. Көкілан қүртқаны күйсуге бермек болып той жасап жатыр, айқайлаған дауыстар құртқаны алам деп таласқан жігіттсрдің даусы”,— дейді. Нұрпейісте: қүртқаның жайын қобыланды әкесінен (Тоқтарбайдан) естіп біледі. Тоқтарбай айтады: “Дау — Мама дсген ханның
құртқа атты сұлу қызы бар, оған көп жігіттер ғашық болып таласып жатыр. Дау — Маманың жігіттерге қоятын бір ғана шарты бар: кімде-кім шойыннан құйылған діңгекті садақтың огымен қақ айырса, соған қызын бермек. Бұл шарт-ты ешбір жігіт орындай алмапты”,— дейді.
құртқаның жайын естіген қобыланды Көкілан кемпірдің еліне (Айсаның жырында) аттанады. құртқаның тойына: қараман, Көбікті, Алшағыр, Быршымбайлар да барады. құртқа жиналған жігіттерге: Кімде-кімнің өнері асса, соған тиемін,— дейді. Сонда қобыланды күреске түседі. Көкеман деген қалмақ батырымен жеті күн алысады, оны жеңеді; ат шабысында қобыландының аты озып келеді, құртқа тіккен алтын жамбыны қобыланды ғана атып түсіреді, басқалардан өнерін асырады. Сонан кейін құртқа қобыландыға қосылады. Нұрпейістің айтуында: “қобыланды ата-анасынан рұқсат алып, құртқаның еліне тартады. құртқаны алмақ болып таласып жатқан қалмақ батырла-рымен ұрыс ашып, жеңеді. Мұны құртқа біледі де, басқалардан қобыландының батырлығы, өнері артық екенін айтып, шешесіне хат жазады, қобыландыда көңілі барын білдіреді. қобыландыны Дау-Мама да ұнатады. Сонан кейін құртқаны көп жасауымен қобыляндыға береді.
Жырдың екінші бөлімінде қобыландының алғашқы жо-рықтары айтылады. Бұл тақырыпты жырлауда Мұрын, Нұрпейіс, Айса жырларында бірсыпыра айырмашылықтар бар. қобыландының алғашқы жорығын әр ақын өзінше жыр-лап, бір-біріне идеялық жағынан болмаса, мазмұны жағынан ұқсаспайтын әңгімелерді енгізеді.
Айсаның жырында қобыландының алғашқы жорықтары мына түрде беріледі. Бір күні қобыланды өзінің туыстарынан Алшағыр ханның елге істеген зорлықтарын естиді. Бұған ол ызланады да, өзінің жылқыларын Алшағырдың шабындық жеріне жайдырады. Мұны оның жігіттері көріп, қобыландының жылқыларын айдап әкетеді, жылқышыларын сабап жібереді. Содан кейін ол жерге жылқысын қобыландының өзі апарып салады. Сол жерде Алшағыр мен қобылавды кездеседі: қобыланды әкесіне; еліне Ал-шағырдың жасаған жәбірін айтады, к ех алатындығын білдіреді. Алшағыр қорқады да: “Тогыз ұлым бар, солармен жолдас бол, кенже қызым Ақбілекті қалындық етіп ал”,— дейді және қобыландыны ауылына ертіп апарып қонақ етеді, дос болайық деп өтінеді. Бұған қобыланды разылық білдіреді.
Арада біраз күн өтеді. Алшағыр қобыландыны өлтіру жайын ойлайды да, бұл үшін ол қобыландыны алдап қазан
батырға аттандыру әрекетін жасайды. қазан мен Көбіктіге кісі салады:
“Жақында қобыландыны алдап жіберем. Көзін құртындар, әйтпесе қобыланды мені өлтіреді”,— дейді. Осы-дан кейін Алшағыр той жасап, қобыландыны шақырады. қобыланды жолдастарымен келеді. Той үстінде Алшағыр өзінің қызы Ханбибі арқылы қобыландыға сөз салады. Онда: “Көбіктінің баласы Быршымбай бізді жаулап алуға келе жатқан көрінеді. Мықты батырлар болса, оған қарсы аттанар еді, ал сен оған баруға қорқасың”,— деп қайрайды. “қорқасың” деген сөзге қобыланды ыза болады да: Мен барам”,— деп аттана жөнеледі.
Алшағырдың қобыландыны алдап өлімге жіберіп отырғанын құртқа мен қобыландының қарындасы Аққолаң біледі де, қобыландының бұл жорыққа бармауын тілейді. Бірақ, қобыланды бұл сөздерге құлақ аспайды: “Екі сөйле-генім өлгенім”,— деп жүріп кетеді. қазан мен Көбіктінің еліне жетеді. қобыландының алдынан Быршымбай бастаған көп әскер шығады. Быршымбайды қобыланды соғыста жеңеді. Сонан кейін қазан қаласына барады, жайылып жүрген жылқыларды айдап жөнеледі. Жылқы ішінен Көбіктінің сары аты қалаға қашып кетеді. Аттың қашып келгенін Көбіктінің қызы қарлыға көреді: “Еліңе жау шапты”, деп әкесіне хабар береді. қобыланды жылқыны еліне беттетіп салып, ұйықтап қалады. Сол кезде Көбікті қуып келеді де, ұйықтап жатқан қобыландыны апарып зынданға салады.
қарлығаның қойын бағатын Серкебай деген қойшысы бар екен. Ол қойларын қобыланды жатқан зынданның үстінен өткізе бергенде, бір қойы зынданға түсіп кетеді. Оны қобыланды шығарып бермей, өзі жейді. Бүған қойшы ашуланады да, қобыландының үстінен бір қара тасты до-малатып жібереді. қара тасты қобыланды қағып алып қысқанда, одан су тамшылап ағады, оны қобыланДы сусын етеді. Мұны көрген қойшы қобыландымен дос болады. қобыландыға қойшы күн сайын бір серке беріп түрады. Олардың сүйектерінен қобыланды қараңғы үйге сәуле түсіретін тарақ жасайды. қойшы тарақты қарлығаға көрсе-теді.’ “Мұны қайдан алдың?”— дейді қарлыға. қойшы оның қайда жасалғанын айтады. “Мені сонда апар”,— дейді қарлыга. қарлыға қобыландыға ғашық болады. Оған қобыланды сенбейді “маңымнан кет” дейді. қарлыға ғашықтығын айтып жалынады. Сонда қобыланды: “Торы атымды көрсет”,— дейді. қарлыға Көбіктінің ерекше
бағушыларының қолында тұрған атты қобыландыға алып келеді.
Сонан кейін қобыланды шабуылға шығады, қазан ханды өлтіреді. қарлыға өз әкесі Көбіктіні өлтіреді. Кобыланды жауларын жеңіп ұйықтап жатса түс көреді. Түсінен елінің шабылғанын біледі де, оны жаудан құтқарып алу үшін, еліне қайтады. Еліне келсе, түсінде көргені расқа шығады. Елін шауып, қаратып алған Алшагыр хан екен. Оны қобыланды жеңіп, ел-жұртын босатып алады.
қобыландының ерлік ісі Айса жырында осы түрде су-реттеледі. Ал мұны Мұрынның “қобыланды батырымен” салыстырсақ, ұқсастығы да жәнс айырмасы да барлығын байқаймыз. Үқсастығы: “Шабындығыма түсті”,— деп Ал-шағыр қобыландының жылқысын айдатып алады. Бірақ қобыландыдан қорқады да, өтірік дос болады, соңынан қобыландыны өлтіру жайын көздейді.
Айырмашылықтары мынада: Алшагыр (Мұрында) қобыландыны өлтіру үшін Байқасқа, Кемпиқасқа дегсн батырларын қастарына көп әскср қосып беріп қарауылға аттандырады. “Сендер алыста қарауыл қарап жүрс беріндер. Мен сендсргс қарсы қобыландыны аттандырам. Сонда бәрің жабылып қобыландыны өлтіріңдер”,— деп бұйырады. Со-нан кейін Алшағыр қобыландыға кісі салады да: “Елімді жау қоршап тұр. Бүгін-ертең жау шабуыл жасамақ. Шын досым болсаң, менің жауыма қарсы аттан, құтқар”,— дейді. қобыланды Алшагырдың тілегін қабыл алады. Алшағыр қобыландыны Байқасқалар кеткен жаққа сілтеп жібереді. қобыланды: “Жауыңды жеңем, алпыс күннен қалмай оралып келем”,— дейді. Бірнеше күннен кейін қобыланды Байқасқа мен Кемпиқасқаға кездеседі. қатты соғысып оларды жсңеді. Жауларын жеңген қобыланды демалып жатып түс көреді, елінің шабылып қалғанын біледі. Елін шауып алган Ал-шағырдан қобыланды кек алады, оны жсңеді.
Енді Нұрпейістің жырына тоқталайық. Нұрпейіс жы-рында: қобыланды ср жеткен кездс қарт қожақ бастаған қырық батыр болады. Олар қалмақтың Алшағыр ханына шабуыл жасайды. Бірақ оларды Алшағырдың Ер Тәуке деген батыры ұстап алып зынданға салады. қарт қожақтар одан қашып шығып, қобыландыға келеді дс мұңдарын айтады. “Алшағырдан кегімізді әпер”,— дейді. қобыланды қырық батырды ертіп, Алшағырға шабуыл жасайды. Ер Тәукені өлтіреді. Алшағырға көмеккс қалмақтардың қарабек бас-таған қалың қолы келеді, оларды да, қобыланды жеңеді. Содан кейін Алшағыр жеңілгендігін айтып, қобыландыны
достыққа шақырады. Екеуі достасады. Бірақ, Алшағыр қобыландымен сөз жүзінде дос болады. қобыландыны өлтірудің амалын ойлайды, би және уәзірлермен ақылдасады. қалмақтардың ең мықты батыры Барсаға хат жазады, мұңын шағады. “Мен саған қобыландыны жіберемін, оны өлтіріп кегімді әпер”,— дейді. Сонан кейін Алшағыр қобыландыны қонаққа шақырады да: “қалмақтың Барса-келмес дейтін күшті ханы менің ата жауым еді. Егер шын дос болсаң, содан кегімді алып бер”,— дейді. қобыланды разылық білдіреді. қобыландының ата-анасы, қарындасы, құртқалар батырдың бұл сапарға баруына қарсы болады. Алшагырдың алдап жіберіп отырғанын және қобыланды кетісімен елді шабатынын айтады. Бұған қобыланды құлақ аспайды, қасына қарт қожақ бастаған жолдастарын ертіп, Барсага аттанады. қобыландының келетінін біліп, оның жо-лын тосып жүрген Барсаның бас батыры қаршығаны өлтіреді. қалың қол алып, Барсаның өзі шығады. Он алты күнге созылған жекпе-жек соғыста қобыланды Барсаны да жеңеді. Сол кезде қобыланды түс көріп, елінің шабылғанын біледі. қобыланды қайтып келеді де, Алшағырдан ел-жұртын босатып алады және ханды жазалайды.
қобыландының жорықтары жайында Мұрын, Нүрпейіс, Айса жырлаған негізгі әңгімелер осындай. Жыршылардың бәріне ортақ әңгіменің бірі: Алшағырдың (Ақшаханның) қобыландымен өтірік дос болуы, батырды алдап өлімге жұмсауы, қобыландЫның жауларын жеңуі. Екінші ортақ әңгіме: ханның зұлымдық-жауыздығы, қиянатшыл екендігі. Үшінші: қобыландының Алшағырдан кек алып, ел-жұртын азат етуі. Бүл секілді ортақ, ұқсас әңгімелерді әр ақын әр түрде жырлайды. Мүрын мен Айса қысқа түрде айтса, Нүрпейіс молынан қамтып, әрбір ұсақ жайлардың өзін үлғайтып әкетеді.
Жоғарыда “қобыланды батыр” жырының варианттарын идея және сюжет құрылысы жағынан екі салаға бөлінетіндігін ескертіп, соған сәйкес біраз талдаулар да жасадық. Бұған қарағанда жырдың Мергенбайлар айтатын варианты ертеректе туғандығын аңгартатын секілді. Ал соңғы ақындар жырдың ескі сюжетін жаңалап айтқаны бергі кездің қоғамдық жағдайлары оларға көп әсер еткендігі байқалады. Олай дейтін себебіміз: Мұрын, Айса, Нұрпейістер кеңестік дәуірде таптық сана-сезімі оянған, халықты революциядан бүрын хандар мен байлардың қанап, езіп келгендігін түсінген ақындар еді және мұндай қанаудың шет жагасын өз көздерімен көрген де еді. Сондықтан да олар қобыланды
8—1068
батырды ерте замандагы басқыншы жауға қарсы аттанды-рудан гөрі,
қанаушыларға қарсы күрестіреді. Олар жырдың сюжет желісін бергі кездің тарихи шындығына қарай, ха-лықтың есінен кетпеген фактілердің төңірегіне құрады. Сөйтіп, ескі жыр таптық тұрғыдан қайта жырланған деуге болады.
ЖЫРДАғЫ ОБРАЗДАР “қобыланды батырды” жырлаған ақындардың қайсысы болса да, адам об-разын жасауға ерекше мән береді. Ха-лықтың дос-дұшпаны қайсы екендігін дә-лелдеп көрсету үшін басты адамдардың іс-әрекетін сипат-тайды, олардың жағымды, жағымсыз образын даралап көрсете отырып, бәрін есте қаларлықтай етіп суреттеуге тырысады.
КОБЫЛАНДЫ қобыландының батырлыгы жөнінде жыр-шы ақындардың бәрі де (Марабайдан басқасы) әңгімені әріден, баланың тумай тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың бір перзентке зар болуынан бастайды. Бұдан, біріншіден, шаруақор, адал еңбек етіп ел-жұртын асырайтын; екіншіден, ішкі және сыртқы жаулардан халықты қорғап алатын батыр ұл болуын арман еткен халық қиялы көрінеді. Осйшдай батыр ұлды халық атынан іздеп Тоқтарбай мен Аналық дүние кезеді. әрине, ондай ұлды тәңірден сұраушылық — ерте кездегі адам баласының ой-өрісі, дүние танымы төмен сатьща болған кезін аңғартады. Бірақ, әңгіменің негізгі идеясы — халыққа қамқор болатын батыр ұл іздеуден туған.
Сондықтан халық ұғымында мұндай адамның жараты-лысы да, басқалардан ерекше болу керек. Ондай ерекшелік фантазия, мифке байланысып жатады.
Дүниежүзілік эпостың көбінде батыр образы батырдың есейген кезінен басталса, қобыландының болашақта асқан батыр болатындығы оның ана құрсағында жатқан уағында-ақ білінеді. Мәселен, қобыландының шешесі қобыландыға екіқабат кезінде жерік асына не арыстанның жүрегін, не айдаћардың өтін жейді, немесе қара тасты шайнайды. Сөйтіп жерігін басады. Бұл жайды Мұрын жырау:
Бір күндері болғанда, қатыны жерік болады, Жерігі неге қанады. қойдан қошқар сойдырды, Жерігі оған қанбайды.
Түйеден бура сойдырды, Жерігі оған қанбайды. Сиырдан бұқа сойдырды, Жерігі оған қанбады. Жылқыдан айғыр сойдырды, Жерігі оған қанбады.
деп суреттейді. Содан кейін қобыландының шешесі жерік асына:
“Айдаћардын басын алдырды, Аузына қатын салдырды, Жерігін сөйтіп қандырды”,—
дейді.
Ал, Айса Байтабыновтың айтуындағы “қобыланды ба-тырда” батырдың шешесі жерік айы кезінде:
қатыр-қатыр қара тасты шайнады, Азудан азу қалмады, Жалаңаш қарға аунады, Аунап еді тонбады,—
делінеді. Ақырында қобыландыға екі қабат болган ана арыс-танның жүрегін жеп қана жерігін басады.
Бұл жайды “қобыландының” басқа варианттарынан да көруге болады. Мәселен, қобыланды жайывдағы бір жырда:
Жерігім менің қамар деп, Шырадай көзім жанар деп, қаңтардың қатқан мұздарын Теңіздің қара тұздарын, қашыр-құшыр шайнайды,
Жерігім менің қанар деп, Шырадай көзім жанар деп, Айдаћар жылан бастарьпн Бытырлатып шайнайды, Оған да жерік қанбады,— Жерігі оған қанбады.
дейді. Ол жерік асына қара тасты да шайнайды, аюдың етін де жейді. Бірақ, оның бәріне кемпірдің жерігі қанбайды. Ақырында арыстанның жүрегін жеумен жерігін басады.
Алпысқа келген ананың жолбарыстың (не арыстанның) жүрегіне немесе аюдың стіне жерік болуы, оның қүрсағында жатқан баланың қандай екснін сипаттап тұрған секілді. Бұлай жырлаушылық болашақта елін қорғай алатын, арыс-тандай айбатты, жолбарыстай жүректі, тастай берік батыр адам болуын аңсаған халықтың фантазиясынан туған.
қобыланды жайындағы жырларда ананың жерік асынан кейін оның толғағы, болашақ батыр баланың туысы айтылады. Мұнда ананың толғағы өте қатты болады, ана баласын туа алмай, 15 күндей толғатқаны жырланады. Толғақ қысқанда кәрі ана өрден ойға, таудан сайға домалайды, сүйеуіне емен сырықтар, ұстауына жібек желбаулар жа-рамайды, не сынып кетеді, не үзіліп қалады. Осындай толғақ қиыншылықтарын көргеннен кейін қарт ана аман-ессн босанады. Сонда:
“Кіндік кескен әйелдің Осы туған жас бала Үйытып қолын талдырды”,
(Нұрпейістің айтуыман).
Болашақ батыр қобыландының туысы осындай. Мұның өзі қобыландының ер жеткен кезде өте күшті батыр болатындығын алдын ала айтып тұрғандай.
Жаратылысы, туысы ерекше болған баланың өсуі де, мінезі мен қылығы да, ақылы мен айласы да басқалардан ерекше артық болады. қобыланды жайындағы жырлардың көбі оның бала кезіндегі өсуіне молырақ көңіл бөледі. Елге қорған болуға, басқыншы жауға қарсы баруға жарай алатын батырдың келбеті бала кезінщ өзінен-ақ көрінс бастайды. қобыланды алты жасқа келгенде қару алып қарауылға шығады. Сонда:
Таулар күйш, тас жанған,
Алты жасар баланыц
Елбеңдеген зарпына
қобыландының бала кезіндегі ерекше өсуі оның бола-шақта еліне қамқор көрсетуге, халқының жауларына қарсы күреске жарайтын батыр екенін аңғартады. Оның қарулы-күшті екендігі балалармен ойнағанда, жылқыға барып ат ұстап мінгенде, жалғыз өзі күзетке шыққан кездерінде көзге түседі. Бұл кезде қобыланды ел шетіне шығып қарауыл қарайтын, жылқышылармен бірге күзетке баратын болады.
қобыландының шын мағынасындағы батыр атануы оның өзіне тең қалывдық іздеуінен басталады. Бұл, әрине, тек “қобыланды батырда”, қазақтың батырлар жырында ғана кездесетін әңгіме емес. Ол көп елдің батырлық жырына ортақ әңгіме. Оларда да жігіттің мықты батыр екендігі — өзіне сенімді серік, сүйікті жар тауып алуына байланысты айтылады. Бұл жолда батыр жігіт әлденеше қиыншылық-тарды басынан кешіреді, көптеген жауларын жеңеді, бірқатар сыннан өтеді, содан кейін барып мақсатына жетеді.
қобыландының да алғаш рет шын мағынасындағы батыр атанып, даңқы шығуы оның құртқаға үйленуіне байланысты. Жігіт болып ер жеткен қобыланды өзіне лайық, тең, жар-жолдас іздейді. Бірақ, ондай адам өз елінен (қыпшақ руынан) табылмайды. Сондықтан, жыршы ақындар қобыландыны Көкілан (кейде Көктім) кемпірдің еліне аттандырады. Ел ұғымында Көкілан кемпір — өте күшті алып дәулерді билеп отырған адам. Көкіланның қызы құртқада да білгірлік, даналық қасиет бар, ақыл жағынан шешесінен артық болмаса кем емес. Сөйткен құртқаға көптеген батыр жігіттер ғашық болады, “аламын” деп дәмеленеді. Ол жігіттерге Көкіланның да, құртқаның да
қоятын бір гана шарты бар. Ол шартта: үлкен бәйтеректің басына қойылған жамбыны садақпен атып түсірген адамға ғана құртқа тиеді делінген. Бірақ бұл шартты қобыландыдан басқа ешбір батыр орындай алмайды.
Сонымен жырдың барлық вариантында қобыландының жұрт алдында батыр атануы құртқаны алуынан басталады. Садақтың оғымен жамбыны атып түсіру батырлық емес, ол мергендік, бұлай ету қобыландының образына олқылық секілді болады. Сондықтан жырда, батырдың күштілігін көрсету үшін, оған жамбыны атқызбай, қара тас пен шой-ыннан құйылған діңгекті қақ айыртады. Садақтың оғымен қара тасты (не шойын діңгекті) қақ айыруы қобыландыны өте мықты алып батыр етіп көрсетпек.
қобыланды Көкіланның алып дәулерін де жарыста жеңіп шығады. Бір көлдің суын бір-ақ үрттай салатын, қолдарына үлкен-үлкен тауларды ойыншық етіп ұстап жүретін алып дәулерді қобыландының жеңуі, оның жаратылысы ерекше, бойында асқан күші бар батыр екендігін көрсету үшін келтіріледі. Мүндай батыр ел шетіне қандай жау келсе де, оған қарсы түруға жарайды, ондай жауларды жеңе алады, сөйтіп, еліне қамқор болады деген негізгі идея жырға қосылады.
Жыршы ақындар қобыландының туысын, балалық шағын, қүртқаға үйлену жайын айта отырып, мұның бәрі батырлық іске даярлық дегендей қорытынды жасайды.
Бұдан арғы жерде барлық вариантында қобыланды өмірінің екінші кезеңі, Отанын қорғаған, халықтың жау-ларына қарсы соғысқан кездері айтылады. Осы негізде қобыландының батырлық образы жасалады. әрине, жыршы ақындар қобыландының ел қорғауда жасаған батырлық істерін салған беттен сипаттап, толығынан айтып таста-майды. Жыршы ақын өзінің жырын, ең аддымен, ұсақ әңгімелерден бастап, содан кейін үлкен оқиғаларды баяндауға кіріседі.
Осы тұрғыдан қарағанда, жыршылар қобыландының ел қорғаудағы батырлық образын да бірден туғызбайды. Олар қобыландының ерлік істерін әр әңгімеде, әр жағдайда бір суреттей отырып, халқына қорған болған, басқыншы жау-ларға қарсы асқан ерлікпен соғысып жауын жеңген батырдың образын жасайды. Ең алдымен батырдың не себепті ерлік көрсетуге тиісті екендігі айтылады. Бұл себеп батырдың халқы, Отаны болады. қобыланды өзінің елін, ата-анасын, туған-туыстарын жақсы көреді, шын ықыласымен сүйеді, өзін олардың қорғаны деп біледі. Сондықтан да ол өз
еліне қандай жау келсе де қарсы тұруды, елін жаудан қорғап алуды мақсат етеді. Бұган жыршылар тыңдаушылардың көңілін аударады.
қобыландыға қараман келіп, қазанның жаугершілік жа-сап, әлденеше рет елдің мазасын алғандығын және сол қазан тағы да шабуыл жасап келе жатқанын естігенде, ол ашуы бұрқырап намыстанады, халықтың басына төнген қауіпке қатты қиналады, тұла бойын ыза кернейді, қару-жарағын асынып басқыншы жау — қазанға қарсы аттанады. Еліне қазанның өзі келіп шабуыл жасауын күтіп отырмайды, басқыншы жауды өз жерінде талқандауды мақсат етеді. Бұл сапарға бармауын өтінген ағайын-туыстарының сөзіне қобыланды құлақ аспайды. қыпшақ еліне ойран салу мақсатымен келе жатқан жауға қарсы аттанбай, үйде отырып қалуды намыс көреді. Сондықтан да ол қарындасы қарлығашқа берген жауабында, өзінің халық үшін туған батыр екенін, ағайын-туыстан да, жеке қарабастың аман-дығынан да халық намысы, ел мүддесі артық екенін білдіреді,
Бәрінен де қымбаты өз Отаны, өз халқы деп білген, оны басқыншы жаудан қорғап алу — халық үшін туған батырдың басты борышы екенін түсінген қобыланды май-данға аттанады. Осыдан бастап, халық намысы үдіін басқыншы жауға қарсы аттанған батырдың майданда жасаған ерлік істері жырдың негізгі әңгімесіне айналады. Жыршы ақындар қобыландының жау батырларымен күресін бірден жырлай салмайды. Ең алдымен, қас батырлардың бір-бірімен қалай кездескені айтылады. әңгіме олардың танысуынан бас-талады. ңкі батыр жекпе-жек соғысқа кіріспестен бұрын, бір-бірін сөзбен сынасады, сөзбен найзалап алады. әрқайсысы сөз арқылы өздерінің күштіліктерін білдіреді. Олардың өз сөздері арқылы батырлық образдары жаса-лады. Мәселен, қазан батыр өзінің мықтылығын, талай жауын жеңгенін айтып, қобыландының соғыспай бағынуын, үстіндегі көк сауыт пен астындағы Тайбурылды бере қоюын талап етеді. Бірақ, оған қобылавды көнбейді, қазаннан күшті болмаса, кем еместігін, ерегіссе, қазанды жеңетінін ескертеді.
қобыланды мен қазан алғашқы кездесулерінде бір-бірін сөзбен шенесіп алғаннан кейін, қолма-қол ұрысқа кіріседі. Сонда екі батыр:
Ырғай сапты сүңгіні, Ырғай-ырғай салысты, Найза қанға майысты, қармақ болып қайысты,
Тукіргенде жын татты, қанжар қалды қайысып, Семсер қалды майысып… Ерлер жаннаи түңілді,
Итерісіп тұрысты, Ат тізесін бүгісті, Бүгісе, бүгісе тұрысты, Тебінгіден тер ақты, Кабырғадан қан ақты,
Аш күзендей бүгілді. Екеуінің ақ сауыт Шығыршықтан сөгілді… Екеуінің ақ сауыт Ескі бөздей жыртылды..
Осы ретпен олар көп алысады. Ақырында, қобыланды қазанды жеңеді. Бұдан кейін ол Көбіктіні, Алшағырды, Шошай мен Барсаны да жеңеді. Өйткені, қобыланды әділ іс үшін, халық намысы үшін күреседі. Ал, жау батырлары қанша мықты болганымен де жеңіліс табады, өйткені олар өзінің халқын қорғау үшін, әділ іс үшін емес, басқа елдерді өзіне бағындырып алу үшін күреседі. Сондықтан да олардың жолдары болмайды. қобыландыдан жеңіліп қалады. Бұл арада жыршы ақындар жау батырларының шапқыншы екендігін, ондайлардың жауыздық әрекеті ешқашан да іске аспайтынын, оны әділдік жеңетінін дұрыс көрсетеді. Со-нымен қатар, олар қобыланды арқылы әділдік істі сүйгіш, сол жолда қандай ерлік болса да жасау қолынан келетін халық күшін суреттейді. ІМнші сөзбен айтқанда, бұл жерде қобыланды образы арқылы халықтың қаћарман күші бей-неледі.
қобыландының батырлық образы оның жау батырлары-мен жекпе-жек соғыстары арқылы ғана ашылмайды. Бүл оның батырлық образын жасаудың бір жолы ғана. Жыршы ақындар қобыландыны жаудың көп әскерімен де соғыстырады.
Халық намысын қорғау үшін туған қобыланды басқыншы жаудың сан мыңдаған әскерімен кездескенде, одан үрейленіп зәресі үшпайды, тайсалмайды, қорқу дегенді есіне де ал-майды. қайта жау әскерлерін көргенде, қобыландының күш-қуаты арта түседі. Жау әскерлеріне қарсы шабады.
Ердің жаудан қашуы, Ар-намысқа бүрыс-ты,—
деп атой салады. Жалғыз өзі жаудың самсаған қолын қырып тастайды.
қобыландының осыншалық ерлік жасауы, жасанған жа-уды жапыра қыруы — бұл бір адам арқылы берілген халық күшінің сипаты болмақ. қобыландыны ерлік іске бастаған да, оны рухтандырған да халық, халықтың намысы. “Елін сүйген ер болар” дегендей, қобыландының батыр атануы, ерлік жасауы — оның ел-жұртын, халқын адал ниет, шын көңілімен сүйгендігінен. қайда, қандай жағдайда жүрсе де
‘ 1. Біржанның жырынан.
қобыландының есінен ел-жүрты кетпейді. Ол жорықтан қайтып келе жатып елінің шабылып қалғанын түсі арқылЫ біледі. Бұған қатты ызаланады:
Жау шауыпты елімді, Дүшпан басып белімді Кесіп кетті желімді,—
дейді қобыланды қарлығаға.
қобыланды елінің жұртына кез болады, “таң атқанда қараса, жұрты жатыр, елі жоқ” екеніне, халықтың жау қолында кеткеніне қамығып:
Алтын ерге сүйеніп, Өксіп-өксіп жылайды,—
Басқыншы жаудың қобыландыный; ел-жұртьга шауып әкетуі, халықты зар жылатып қызыл қанға бояғаны батырға қатты батады. Ел басына туған ауыр күйге қобыланды өте қайғырады, көзіне қанды жас алады да:
Шерменде болған халқыма Тигізейн пайда деп,—
жалғыз өзі тағы да майданга, елін Алшағырдан құтқарып алуға аттанады. Шерменде болған халқын жаудан құтқарып алу үшін “шыбындай жанын шүберекке түйеді”, бұл жолы тагы да ерлік істер жасауға бел байлайды. Сондықтан да, жыршы ақындар қобыландыны ел-жүртын, халқын сүйген патриот ұл, шын батыр етіп жырлайды, оның ісін басқаларға үлгі етеді.
Жыршы-ақындар қобыландының патриот батыр екендігін халық ұғымында қас батырға тән қасисттерімен де дәлелдей түседі. Ол қасиеттер: айтқан сөзде тұрушылық, намысқорлық, аңғалдық, жолдастық-достықты сақтаушылық. Мұның бәрі халық үғымында батырлық белгісі саналады. Бұл қасиеттер қобыландының бойында да бар екендігін жыршы-ақындар дәлелдеп көрсетеді.
Алшағыр хад қобыландымен өтірік дос болады да, батырды алдап өлтіру жайын қарастырады. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Алшағыр қобыландыдан: “Дос болсаң, менің жауларымнан кек әпер”, — деп өтінеді. Бұган қобыланды разылық білдіріп, жорыққа аттанады. Ал-шағырдың залымдықпен қобыландыны жорыққа аттандырып отырғанын білген құртқа батырдың бұл сапарға бармауын сұрайды. Бірақ: “Екі сөйлегенім өлгенге тең, айтқанымнан қайтпзймын”,— деп қобыланды қүртқаның сөзіне құлақ аспайды. Бұл әңгімені жыршылар қобыландының бір сөзді, уәдеде тұрғыш, айтқанынан қайтпайтын батыр екендігін көрсету үшін келтірген.
Халық үғымында қас батырға тән қасиеттің бірі — на-мысқорлық. Бүл қасиет, намыс сезімі қобыланды да бар. Мәсел ен: “Елінді қызылбастың қазан батыр бастаган әскерлері шапқалы келе жатыр”,— дегенде, немесе: “Еліңді Алшағыр шауып әкетті”,— деген хабарды естігенде, қобыланды батыр өте қатты ашуланады, ызаланады. Жаудың баса-көктеп келе жатқанына намыстанады, басқыншы жауға қарсы ат-танады. Бүл тек қана қобыландының өзіндік намысы емес, ол халықтың намысы. Халық ашуы, халықтың қаћарлы на-мысы жырда қобыланды арқылы көрсетілген. Мүнымен қатар, жырда қобыландының өзіндік намыстары да сурет-теледі. Мұны жыршы ақындар, әсіресе, батырдың жауға қарсы жекпе-жек шыққан кездері түсында, немесе қобыландының Көбікті қызы қарлығаға айтқан:
Өшті болған әкеннен Өшімді алмай мен қашпан, Кекті болған әкеңнен Кегімді алмай мен қашпан,—
деген сөздерімен дәлелдейді. әрине, мүндағы намыстанудың негізінде де халық кегі бар, бірақ оны жыршылар қобыландының өз намысы есебінде келтіреді. Сөйтіп, жыршы ақындар қобыландыны намыс батыры етіп көрсе-теді. Намыс үшін күрескен батырдың образын жасайды.
Халық үғымында қас батырға тән қасиеттің бірі — аңғалдық. Шын батыр бала мінезді аңқау, аңғал болмақ дегенді жыршылар қобыландының бойынан да табады. Мәселен, қобылавды қараманның әзіліне нанып қалады да, құртқаны өлтіре жаздайды. (Кейіннен, мүны қобыландының өзі де мойындайды) Жаңа ғана танысып дос болған Ақшаханның немесе Ханбибінің алдап өлімге жіберіп отырғанын қобыланды аңғармай, аңқаулық жасайды. Жыршылар мүның бәрін қобыландының батыр екендігін көрсететін дәлел етіп келтіреді.
Батырлар жырында көп кездесетін әңгіменің бірі — батырлардың достық-жолдастығы. Дос бола білу, оны шын көңілмен қадірлеу, сол достық үшін керек жерівде жан беруге дейін бару — батырлардың негізгі шарты деп есеп-телген. Кімде-кім осы шартты бұлжытпай орындап отырса, оны халық батыр деп бағалаған. қобыландының да осы шартты кіршіксіз орындағанын жыршылар молынан көрсе-теді. Мәселен, қараман қобыландыға келіп, қүрдастығын айтады. Екеуі достасады. Содан былайғы жерде, қараманның тілегі бойынша, қобылавды қазанның қырлы қаласын алып береді, Көбіктіні жеңеді, оның мал-мүлкін және қарлығаны
сауға сұраған қараманға береді. Осының бәрін ол қараманның жолдастық-құрдастығы үшін істейді. Бірақ, қараман мұны бағаламайды, қобыландыны жау қолына (Көбіктіге) тастап кетуге дейін барады. қобыландыны ұмытып та кетеді. Бұған қобылавды қынжьшмайды. Жыршы-ақындар осы тұста да қобыланды мен қараманды салыстыра келіп, қобыландының достық-жолдастықты жоғары бағалаған батыр екенін, бұл қас батырлықтың белгісі екенін аңғартады.
Мұнымен қатар, жыршы ақындар қобыланды образын оның ағайын-туыстарының және жау адамдарының сөзімен де, ақындық сипаттау жолымен де толықтыра, ұлғайта түседі. қобыландыны оған қарсы күресетін жау адамдары-мен салыстыра отырып та, батырдың батырлық образын береді.
қобыландының халық ісі үшін жан аямайтындығын, басқыншы жауға қарсы асқан ерлікпен күресуін, ел — Отанын,’ халқын адал көңіл, шын ниетімен сүйетіндігін, халық намысы үшін ар-ұятымен қызмет еткен адам екендігін және оның аңғырт-аңғал, намысқор мінезін, жолдастық-до-стығын, адамгершілігін жыршы-ақындар молынан суреттей отырыіг, халқына айбар болар батырлық образын жасайды.
әрине, жыршы-ақындар қобыландыны жағымды бейнеде ала отырып, оның халық тілегіне жатпайтын кейбір істеріне сын да айтады. қобылавды қараманның сөзіне еріп, олжа алу үшін Көбіктінің еліне аттанады. Мұны халық жыры қолдамайды, батырдың жағымсыз ісі деп көрсетеді де қобыландыны жау қолына түсіреді. қобыландының бұл жолғы ісін шапқыншылық деп біледі де, жыршылар оны сол ісі үшін жазаға тартады. қобыланды зынданға түсіп қалады және ел-жұртын Алшағыр шауып әкетеді. Мұнымен халық жырының айтайын дегені — қанша мықты батыр болсаң да шапқыншылық жасама, ұрыншақ болма, ондай әрекет еткен адамның жолы сәтсіздікке ұшырайды деп ёс-кертпек, содан сақтандырмақ.
КАРАМАН “қобыланды батыр” жырының Марабай, Біржан, Мергенбай айтатын вариантта-рывдағы негізгі образдың бірі — қараман (Басқа варианттарда ол айтылмайды).
қараман — жағымсыз бейнеде алынған образ. Оның жырға қосылуы қобыландының батырлық даңқын көтеру үшін, ел қорғаған ер қайсы, қара бастьщ қамын ойлаған ез қайсы екенін көрсету үшін, нағыз батыр мен қорқақты айыру үшін алынған деуге болады.
Рас, қараман өзін-өзі “батырмын” деп есептейді. Ол қызылбастарға қарсы аттанбақшы болып қол да жинайды. Бірақ жау қарасын көрмей жатып табаны тайғанай береді, қасында көп әскері бола тұра, жаумен соғысудан қорқа бастайды. Сондықтан да ол көмек сұрап қобыландыга келеді. Мұны халық жыры қараманның батырлық іске жарай алмайтындығын, қорқақтығы деп көрсетеді және нағыз батыр болса қас жауға қарсы шабар еді, кісіден көмек сүрамас еді деген ойды білдіреді.
қобыландының бірге еріп бармайтындығын білген қараман батырсынып майданға^ аттанды. Жау қарасын көрген кезде: “Кімде-кім жау қамалын бүзса, соны қолбасы етем”,— дейді, жекпе-жек ұрысқа кіруден қорқып, бас саугалап отырып қалады. Мүнымен де жыр қараманның қоян жүрек қорқақтығын көрсетеді.
Кейіннен қараман қобыландымен бірлесіп, бірнеше үрысқа да қатысады. Алайда, ол бірде-бір ұрыста ерлік жасай алмай, қосақ арасында жүреді. Бір сәтте қараман Көбіктіге қарсы барып, оған найза да салады, ерлік іс’ бастағандай болады. Бірақ онысынан еш нәрсе шықпайды, жеңіліп қалады. қараман Көбіктінің өзі түгіл, оның өлігінен де зәресі ұшады. Мәселен, қобыланды батыр Көбіктімен жекпе-жек соғысады да, оны жеңеді. Көбіктінің денесі екі бөлінеді де, бөксесі ат үстінде кетеді. Көбіктінің түлпары бөксені алып жылқыға қарай тарта жөнеледі. Сол кезде жылқы ішінде жүрген қараман қатты сасады, зәресі үшады:
қараманның жылқыда, “Көбікті мұнда келед” деп, құлағын дүбір шалады, “Сазамды менің беред” деп, Арт жағына қарады, Жылқыдан қаша жөнелді,— Көрді жалғыз қараны .
деп, жыр оның қорқақтығын мысқылға айналдырады. Жаңағы келген Көбіктіңің өзі емес, оның бөксесі екендігін көргенде:
Ат үстінен бөксені, Тартып енді қарады, Бұған бөксе болмады, қараман сөйтш сорлады,—
дейді жыр. Бұл арада жыршылар қараман турасындағы мысқылын үдетіп жібереді, мазақ етеді.
қараман — қорқақ адам. Ол өз қара басының аман-саулыған көздейді. Бүл ретте ол жауына жалынып, кешірім сүрауға дейін барады. Мәселен, Көбіктінің қолына түсіп қалып, зынданда жатқан кезівде бұлардың қасына қарлыға
келеді де: “Тұтқыннан босатсам, не дер едің”,— дейді. Сонда қараман:
Менің өзім нашармын, Түтікпен ауыз ашармын, Бұл бейнеттен құтқарсаң,
Болайын сізден тасаттық. қарлыға, босат қолымды Бұл шаћардан қашамын,—
деп жалынады. Ал қобыланды Көбіктіден өш алмай кет-пейтіндігін білдіреді. Осы арада жыршылар қобыланды мен қараманды тағы да салыстырып өтеді. Сонда қараманның жасық екенін, ал қобыландының қайтпас қайсар, халықты қорғау жолында қандай қиыншылыққа болса да көнетін, жауынан алысып босанбай, жай біреудің көмектесуі арқылы босанып кетуді өзіне ар көретін батыр екендігін аңғартады.
Өз басының пайдасын ойлайтын және қысылған жерде жолдасын жауға тастап кетуден тайынбайтын, кеудесінде намыс оты жоқ қорқақ қараман батырлық істі “өзім ғана тындырдым” деп жүреді, қобыландыны есіне де алмайды. Көбіктіні жеңіп, барлық олжа өз қолына түскенде, қараман үлкен той жасайды. Бірақ оған қобыландыны шақырмайды, айдалада қалдырып та кетеді. Мүынсымен де ол жолдастық қасиеті, адамгершілігі жоқ адам екенін көрсетеді.
Жыршы-ақындар қараманның қорқақтығын, жолдастық қасиеті, адамгершілігі жоқтығын суреттеумен қатар, оның мансапқор екендігін де көрсетеді. Бұл ретте ол көзі тойса да көңілі тоймаған, көңілі тойса да көзі тоймаған адам бейнесінде алынады. қазаннан түскен көп олжаға көзі тоймаған қараман Көбіктінің еліне бару жайын айтады. Ондағы мақсаты қобыландының күшін пайдаланып, тада да көп олжа түсіру болады. Мұнымен де тұрмай, ол үнемі сауға сүрап жүреді. Бірде қобыландыдан қарлығаны, екіншісінде қарлығадан қаныкей мен Тыныкейді сауғаға алады. Осы түста халық жыры қарлығаның сөзімен:
Көлге біткен жскснсің, Бүршігі жоқ тікенсің, Артық асқан бағаң жоқ,
Кұдайдан сұрар шамаң^жоқ, Өзіңе біткен мал-жанды, Сауғадан жиған екенсің,—
деп шенеп өтеді.
қараманның қасиетсіз адам екендігін қобыланды да біледі. Бірақ оған өкпе, наз айтпайды. Оның себебі: қараманның құрдастығын ескергендіктен; екіншіден, мұндай адам ашу-өкпе, наз айтуға тұрмайды деп түсінгендіктен. Солай болса да:
Неше батыр болсаң да, Өзі түгіл алмаймын
Үйде қалған құртқаның Сағынғанда бір ауыз
Сатса алмаймын өзіне, “қалқамжан” деген сөзіне,—
дейді қобыланды қараманға.
Сөйтіп, халық жыры қараман образын жағымсыз бей-неде суреттей отырып, оның істерін мінеп, мысқылдап мазақ етеді. Мүндай адамдарды жырпшлар үлгі ету үшін емес, одан жұртты жирендіру үшін жырға қосқан деуге болады.
қ¦РТКА Халықтың батырлар жырында суреттелетін
әйелдер көбінесе батырдың сүйікті жар-
жолдасы, сенімді серігі, ақылшы досы ре-
тінде алынады. Халық әйелдер жөніндегі әділетті, турашыл
көзқарасын ауыз әдебиетіне енгізгенде, ақьшды, білгір,
дана адамдар әйелдер арасынан да шығатындығын көрсетеді.
Мұндай әйелдерді ерлермен қатар қойып жырына қосады,
олардың жағымды образын жасайды.
Осы негізде туған көркем образдың бірі — қүртқа.
Халық жырында қобыланды қандай ардақты болса, қүртқа да сондай. Егер халық жыры қобыландыны ел қорғаған, халқына қамқор болған батыр деп көрсетсе, қүртқаны ақылды, білгір, дана адам деп жыр етеді.
қүртқаның аса ақылды, білгір адам екендігі оның қобыландыш көрсеткен қамқорлық істерімен суреттеледі. Бұл ретте халықтың қобыландыға айтар ақылды да, көрсе-тер көмегі мен қамқорлығы да осы қүртқа арқылы берілген деуге болады. қүртқаның осындай ақылды, білгір адам екендігі қобыландыға керекті тұлпарды, қару-жарақты да-. ярлап беруінен басталады. Мүны ол батырдың даңқын көте-ру үшін емес, ел қамын ойлағандықтан жасайды.
Осыдан былайғы әңгімелерде қүртқа бейнесі жырда айқындала береді. Ол қысылған жерде жол табатын, ақылға салып іс қылатын, жағдайды шолып, болашақты болжайтын білгір адам бейнесінде жырға қосылады.
қараман келіп, қобыландының қазанға қарсы аттануын өтінеді. қобыландының: “Бүл сапарға барар-бармасымды үйдегі қүртқам біледі”,— деген сөзін естігенде, қараман оған тіл тигізеді. қараманның бүл сөзіне қатты ыза болган қобыланды, қүртқаның басын алмақ болып ауылына шаба жөнеледі. Осы бір қысылшаң шақта, қүртқа: “Ақылмен ойлап, жол табады”,— батырдың алдынан бүкіл қару-жа-рағын және Тайбурылды алып шығады. Сөйтіп батырдың ашуын тарқатады.
қазанға қарсы аттанбақ болып түрған қобыландыға қүртқа ақыл айтады, қараманның қандай адам екендігін сипаттап береді және осы сапардан қашан ораларын, ел-жүртының қандай күйге ұшыраған кезінде қайтып келерін болжайды. Кейіннен құртқаның сөзі шынға айналады. әрине, құртқаның бұл айтқандары аруаққа, балгерлікке сүйенгендіктен туған емес. Ол сол кездің шындығына негізделген. Ол заманда ел мен елдің арасында әр түрлі айқасулар, бірін-бірі аңцу, торулар көп болған. Елдің ба-тыры шетке шыға қалса-ақ, оны аңцып жүрген жаулары пайдаланып шабуыл жасаған, шауып әкеткен. Ондай жау қобыландыда көп болған. құртқа болжау айтқанда, осыны еске алады. қараман көмек сұрағанда, оның батыр емес екендігін құртқа бірден-ақ таниды. қасында қырық мың әскері бар адамның көмек сұрауы қорқақтықтың белгісі деп біледі және ондайлар өз қара басының қамын ойлайтын-дығын түсінеді. Мұның бәрін халық жыры қүртқаның ақылды, білгірлігін көрсету үшін келтіреді.
құртқа қандай күйге ұшыраса да, қобыландыны есінен шығармайтын адал жар бейнесінде суреттеледі. Ел-жұртын Алшағыр шауып алып байлауға түскен кезде де, құртқа ақылмен іс істейді. қобыландының келетініне сенеді де, бір кезде Тайбурыл байланған алтын қазықты және күлге көміп азық тастап кетеді; жолшыбай тұлпардың жемін шашып отырады. Бұларға қобыланды кез болады да, ел-жұртын қандай жаудың қалай қарай алып кеткенін біледі. құртқаның білгірлікпен істеген осы бір ісінің кейіннен қобыландының ел-жұртын жау қолынан босатып алуына көп көмегі тиеді. Алшағырдың қолына түсіп, қамауда жатқан күнінде де құртқа қобыландыдан күдер үзбейді, қайта сагынышы арта береді. қобыланды келіп, Алшағырдың қорғанын қалай алу жайын ойлап тұрған шақта оның алдынан құртқа шығады, ол ақыл-айласымен Алшағырды аддайды және қобыландыға қорғанды қалай бұзудың жолын айтады. Сөйтіп ол бұл жерде де батырға көп жәрдем жасайды.
құртқа қобыландының достары мен дұшпандарының ал-дында абыройы түспеуін де қатты ойлайды. Алшағырдан ел-жұртын босатуға келген кезінде, алдынан шыққан құртқага қобыланды сағыныш сезімін білдіреді. Батырдың мұнысы аңғалдық екенін білген құртқа: “әуелі жау қолынан ел-жұртынды босатып ал, олай етпей тұрып, менімен болып кетсең — досқа күлкі, дұшпанға таба боларсың, елін босатпай жатып, әйелімен кетті деген сөзге қаларсың”,— деп ақыл айтады. Жүрт алдына батырдың өсек сөзге ілікпеуін, абыройы түспеуін ойлайды.
Тағы бір мысал: Мұрын жыраудың жырында Алшагыр хан той жасап қобыландыны қонаққа шақырады, тойда ат жарысы болатындығын хабарлайды. Тойға барар алдында қүртқа қобыландыға мынадай ақыл береді: “Алшағыр хан сені сынамақ, ретін тапса, сені бала деп мазақ етпек. Сен өзіңді ханнан кем үстама, алдыңнан қыз-келіншек, боз-балалар шықса, оларға қарама, хан ордасына тура тарт та, төрінде отыр. Ат шабысы болса, бәйгіге қосатын тұлпарыңа өзің мінбе, басқа бір баланы мінгіз”,— дейді.
Жыршы ақындар қүртқаның ақылын, даналығын, білгірлік істерін аса жоғары бағалайды, оны жастарға үлгі етеді. құртқаның істеріне сүйсінген халық қобыландының сөзімен “ақылы артық қүртқажан, хан болуға лайықты” деп көрсетеді. Бұдан халықтың халыққа қорған болған ер-лермен қатар ақылды, дана әйелдерді де ардақтағаны көрінеді.
КАРЛЫғА Егер жырда қүртқа ақылды, білгір, дана,
адам бейнесінде суреттелсе, қарлыға көк
сауытты киінген, көк сүңгіні үстаған ба-
тыр тұлғасында алынады. Оның істеріне батырлық сипат
береді.
Жыршылардың қайсысы болса да (Нұрпейіс пен Мүрын жырында қарлыга кездеспейді) қарлығаны батыр, өжет қыз етіп суреттейді. Олар қарлығаның батырлық істері ел қарғау тілегіне байланысты еместігін, оны бұған бастап жүрген махаббат күші, қыз намысы екендігін көрсетеді. Мүны әр ақын өзінше дәлелдейді. Марабай, Біржан, Айса жырларында қарлыға — Көбіктіден туған батыр қыз, оның бар мақсаты, арманы өзі секілді батырға қосылу — деп дәлелденеді. Бұл мақсатына жету жолында бөгеттердің көп екендігін қарлыға жақсы түсінеді. Ең бірінші бөгет өз әкесі Көбікті деп біледі. “Егер әкем Көбікті менің өзім сүйген жігітіме бермейтін болса, онда мен әкемді өлтірмекке бел байладым, сол үшін оның үстіндегі көк сауыттың кіндік түсывдағы үш көзін кем тоқып едім, сол жерінен аттырамын деп едім”,— дейді қарлыға.
Мергенбай жырында қарлығаның анасы мұсылман қызы еді, оны Көбікті жаугершілік кезінде тартып әкелген еді делінеді. Сол ана өлер алдында қарлығаға бір үлкен аманат тапсырады: “Мені Көбікті1 зорлықпен алды, жас өмірім қорлықпен өтті. Енді сен сүйгеніңе қосыл, егер бір мүсыл-манға кез болсаң, одан айрылма, етегінен ұста”,— дейді. Анашның осы аманатын есіне сақтаған қарлыға, өзіне тең жар-жолдасты мұсылманнан іздейді. Бұл жолда қандай бөгет болса да, оған қарсы түруға, жеңуге бел байлайды. Сөйтіп, жыршы-ақындар қарлығаның ерлік істер жасауы,
батыр қыз атануы — оның бас бостандығы үшін күресуінен, сүйген жігітіне қосылу арманына жету мақсатынан туған деп суреттейді. Осындай мақсатты алдына қойған қарлыга ойламаған жерден қобыландыға кездеседі, оны бірден-ақ ұнатады, өзіне тең тұтады, ғашық болады, қобыланды жағына шыгады. Сондықтан да ол:
Арманым жоқ дуниеден Кобыландымен бас қосып, Бірге жүріп өлсем деп,—
ант етеді. Оның бар арманы да, тілегі де қобыланды болады. қайткен күнде де батырдың көзіне түсіп, оны шын жүрек-пен сүйетіндігін сөзімен емес, ісімен көрсетуге тырысады. Ол қобыланды үшін қолынан келген жәрдем-көмегін аямайды, “шыбындай жанын шүберекке” түйеді. Өйткені:
қарлыға сынды сұяудың Көңілі қатты сүйеді, қобыландыдай баланы.—
қобыландыға ғашық болған қарлыға, осы жолда жан қиярлық істер істейді. Ел-жұртын тастап қобыландыға ереді, өз әкесі Көбіктіні өлтірісуге көмектеседі, туған інісі Быршымбайды өлтіреді. Мұның бәрін ол өз намысын қорғау үшін, сүйген адамына қосылу үшін жасайды. Осындай жан қиярлық істер жасаған қарлығаны халық жыры батыр бей-несінде жырлайды.
қарлығаның күшті адам екендігі жырда мол көрініп отырады. Мәселен, Көбікті қобылавды мен қараманды ұстап әкеліп, оларды зынданға салуды қарлығага тапсырады. Сонда қарлыга қобыланды мен қараманды екі қолтығына:
Боғжамаша қысып ап Ақырын алып жөнелді.—
— деп оның алып күшті батыр екендігін суреттейді. Ал-шағырдан қобыландының ел-жұртын босатып алу жолында қарлыға бірсыпыра ерліктер жасайды, жау батырларын най-замен іліп тастап отырады. Кейіннен ол қобыландының өзін де ат үстінен түсіріп кетеді. Мұның бәрі жырда қарлыганың батырлық образын жасау үшін алынады.
қарлыға тек батыр ғана емес, ол өзінің ақылы, адам-гершілік мінездерімен де сүйкімді. қобыландылар Көбіктіні жеңеді де, оның құрметіне қараман той жасайды. Бірақ қараман бұл тойға қобыландыны шақырмай, айдалада жалғызқалдырады. Бұғанқобыландықапаланады, қамығады, сол кезде бұл жайды біліп:
“Кобыланды жалғыз қалған соң, Карамандай жаманға, Толып жатқан көп қият Артықша құрмет қылған соң, қыз да болса Карлыға…”—
келеді. қобьшанды қарлығаның адамгершілігі қараманнан
артық екенін біліп, оған өзінің түсін, елінің шабылып
қалғанын, бүл жанына қатып тұрғанын айтады. Сонда
қарлыға қобыландының қайгысына ортақ екенін білдіреді,
қайғыланған батырды жүбатып:
Ер де сасар болар ма, Бүлінген елге жете көр, Етегін басар болар ма… Шабылған елге жете көр… Мұндай іске қуанбай Мен де артыңнан барайын:… Батыр қашар болар ма…
деп, қобыландыға рух береді, қобыландыны шын сүйгендіктен оған сөзімен де, ерлік ісімен де көмектеседі. Осы түста халық жыры қараман мен қарлығаны салыстырып өтеді де, қарлығаның жолдастығы, адамгершілігі қараманнан әлдеқайда жоғары екендігін аңғартады. қобыландыға көмек беруге қараман жарамаса, қарлыға сөзінде тұрып, қараманнан ерлігін асырады. қобыландының Алшағырдан ел-жүртын құтқарып алуына болысады. Сон-дықтан да халық жыры қарлығаны “қыз да болса ер еді” деп қобыландылардың қатарына қояды.
қобыландыға ғашық болған қарлыға қаншама ерліктер жасаса да, мақсатына жете алмайды. Оған қобыланды көңіл аудармайды. Ол өзінің ел-жүртын Алшағырдан босатып алғаннан кейін қарлығаны ұмытып та кетеді. қарлығамен ешкімнің жүмысы да болмайды. Бүған ызаланған қарлыға қарасан тауын жалғыз мекендеп жата береді. қобыланды үшін тағы да қайғы-қасірет тартады, бір кездегі қуанышы күйінішке айналады, ғашықтық отымен айдалада қалып қойған намысы түла бойын мендете береді. Осы тұсГа ол Шошай ханның қобыландыға жасаған шабуылын пайдала-нады. Жау әскеріне қосылып, қобыландыға қарсы аттанады. қан майдан үстінде батырға найза салып, аттан түсіріп кетеді. Бір кезде қобыландыға деген сүйіспеншілік, ғашықтық, махаббат сезімі енді кекке айналады. қарлыга ғашықтық жолында өзінің туған-туыстарын ғана емес, енді сол гашықтықты багаламаған қобыландыны найзалауға дейін барады. Бұдан махаббат, ғашықтық сезімі ерлік істерге, өжеттілікке бастайды, қандай іске болса да бел байлат-тырады, бәрінен де. махаббат сезімі күшті деп жыршы-ақындар қорытынды шығарады.
Осы негізде олар қарлыға образын жасайды. қарлығаға аяушылық білдіріп, ақырында, оны қобыландыға қосады.
ЖАУ АДАМДАРЫ қазақтың батырлар жырын зерттеп еңбектер жазған қажым Жұмалиевтің айтуына қарағанда, біріншіден, жыршы-ақындар батыр адамдар қазақта гана бар, басқа елде жоқ деп түсінбеген. Батыр әр елде болатындығын тарихи шындық тұрғысынан жырлаған. Екіншіден, жыршы-ақындар жағымды бейнеде алынған батырлардың мықты екендігін көрсету үшін олармен алысатын жау адамдарын кемітпей, қайта күшті етіп суреттеген. Жау адамдарын осылай сипаттай отырып, жағымды батырлардың образын күшейткен .
Жыршы-ақындар батырлардың ерлік істеріне ғана ерекше көңіл бөліп қоймайды. Олардың образын күыгёйтіп жасау үшін жау адамдарының мықты екендіктерін суреттейді. Олай етпей, жау батырларын әлсіз, осал етіп көрсетсе, онда жағымды кейіпкерлердің ерлік істері, олардың күшті бейнесі шықпаған да болар еді.
қобыландымен алысатын қазан, Көбікті, Алшағыр, Барса, Быршымбайлар осал жау емес, олар — алыстан тоят іздеген, бөтен едді шауып алуды көздеген, “қайратымен мал жиған” күшті батырлар. Ал жау батыр-ларының мақсаты өз елін қорғау емес, көрші елдерге жорық жасау, соғыс ашу, ел талап мал жию. Алдарына осындай мақсат қойған жау адамдары өздерінің күшіне сенеді. Сондықтан да, жырда олардың образы бейбіт елге жасаған қиянат-зорлығымен, өркөкірек өзімшілдігі, тәкаппарлығымен алынады.
Жыршы-ақывдар жау батырларының образын жасағанда, ең алдымен, олардың сырт келбегіне көңіл аударады. Олар-ды ертегінің алып дәулеріне теңейді, мифтік сипат береді. Мергенбайлардың жырындағы қазан, Көбікті, Алшағыр, т.б. жау батырлары жаратылыстан тысқары денесі, соған сай күші бар алыптар бейнесінде суреттеледі. Оларға атсаң оқ, шапсаң қылыш өтпейді, денелері шойыннан құйылған болады. Сондай-ақ, Нұрпейіс жырында қобьшанды алыса-тын Барса хан да ертегінің жалғыз көзді дәуі секілді. Барсаның әрбір дене мүшесінің өзі ерекше жаралған керемет нәрсе түрінде көрсетіледі. Барсаның өзін үлкен тауға ұқсатады.
қазақөдебиетініңтарихы.Ітом, 1958
… Будақтап түтін шығады, Мүрнының тыныс лебі екен . Сырғауылдан кем емес, Барсаның тартқан шылымы .
Айғайлаған даусымен қара тасты жарады Екпінімен тыныстың Тастар ұшып барады,
деп, Барсаның сырт келбетін елестетеді және оның бірден екі өгіздің етін, екі батпан нан жейтіндігін, сусынына екі көлдің суын ішетіндігін айтады.
Дене қүрылыстарының ерекше болуына қарай, жау адам-дарының күші де, айла-амалы да, жауыздық іс-әрекеттері де кесек. Олар алып күштеріне сенеді. қарсы келген ба-тырларды менсінбейді, өркөкіректік, тәкаппарлық жасай-ды, сөзсіз бағынуын талап етеді. Мәселен, қобыландыға қарсы шыққан қазан батыр өзінің мықтылығын айтып Казан батыр мен деймін, Калжын сөзге көнбеймін. Ашуыма жолықпай Бурыл ат пен ақ сауыт қол тигізбей бер деймін,—
деп өктемдік жасайды. Өздерінің күш-қайратына сен-ген жау батырларының қайсысы болса да, айбат шегеді, сөзімен қорқытады.
Жыршы-ақындар жау адамдарының образын осы түрде жасай келіп, олардың да күшті батыр екендіктерін жекпе-жек күрес үстінде көрсетеді. Бүл ретте олардың күші қобыландыдан кем еместігін сипаттайды. қобыландының алдынан шыққан Алшағырдың:
қолындағы найзасы, қара тасқа тигенде, қарыс сүйем бойлаған,—
деп, оның мықтылығын бейнелейді. Алшағыр күшті болғандықтан да қобыландымен жеті күн алысады, барлық айла-амалын қолданады. Бұдан жау батырларының осал еместігі айқындала түседі. Алшағырға көмектескен Бар-шымбай қандай мықты. Ол қобыландыларға атой салғанда, әр батырды бір түйреп өтеді. Оны қобыландылар күшпен емес, айламен жеңеді.
Жырдағы жау адамдары қанша мықты болса да, ақырында жеңіліс табады, мақсаттарына жетпейді. Оның мәнісі — олардың пәле бастап, бейбіт жатқан елге шабуыл жасауында, халыққа зорлық-зәбірлік көрсетуінде. Сөйтіп, халық жыры мүндай шапқыншылардың әрқашан да жолы болмайтындығын, жеңілетіндігін тарихи шындық тұрғысынан бейнелейді.
ТАЙБУРЫЛ Ел қорғау ісінде батырға жолдас болған тұлпарларды әр халық өзінің батырлық жырына екі жүйеде қосқаны байқалады. Біріншісі, батырдың жаратылысы, туысы қандай ерекше болса, оның тұлпары да сондай болып келеді. Кейде ол тұлпарлар да батырмен бір күнде туған болады. Бұған жырда мифтік, діни мән беріледі. Мәселен, қырғыз халқының батыры Манас дүниеге келген күні оның тұлпары Аққұла туады. Кейіннен ел қорғау жөнінде ол Манасқа көп еңбек сіңіреді. Екіншісі, тұлпарды не батырдың өзі іздеп тауып алады немесе оларды батырдың жақын достары, ағайын-туыстары дайындап береді. Мәселен, Илья Муромецтің мінуіне керекті атты, батырдың қару-жарағын оның әкесі, Добрыняның мінуіне керекті атты әке-шешесі тауып береді.
әр халық батырлар жырында батыр мінетін тұлпарларды осы секілді екі жүйеде қосады да, бұған ерекше мән береді. Мұндай тұлпарлар батырды әр түрлі қиын жағдайдан құтқарып әкетуші күш немесе тар жол, тайгақ кешулерде, қауіп-қатер туған кездерде батырға ақыл беретін білгір етіп суреттейді. Сондықтан да халық жырында батырға жолдас болған тұлпарға “Байшұбар”, “Көкше тұлпар”, “Желаяқ”, “Бозқасқа”, “Тарлан”, “қарақасқа” деген секілді аттары қойылады, батырдың жауынгер жолдасы, ағайын-туысы есебінде жырланады.
Батырға жауынгер жолдас есебінде жырға қосылган тұлпардың бірі — Тайбурыл. Жырда Тайбурылдың ел қорғаудағы қызметі, қобыландыға жауынгер серік болуы бірден айтылмайды. Жыршылар қобыландының образын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастаса, Тайбурыл да сондай. Оның болашақта батырға жолдас болатын тұлпар екендігі кер биенің ішінде жатқан кезінде-ақ белгілі болады.
Кейіннен құртқа секілді дананың күтімінде өскен Тай-бурыл қобыландыға жауынгер жолдас болады. Батырмен бірге ел қорғауға шығады, халық қиялы қобыланды мен Тайбурылды бір-бірін түсініскен жолдастай, аға мен інідей сипаттайды. Тайбурылдың басқа тұлпардан артық бір қасиеті адам тілін білетіндігінде, айтқанды түсінетіндігінде. қырық күншілік қазанға бір күнде жеткізуді өтінген қобыландыға Тайбурыл “жеткізем” деп уәде етеді.
қобыланды түсінде Алшағырдың келіп, елін шауып кет-кенін біледі де, қатты қапаланады. Бұл жайды Тайбурыл да сезіп қайғыланады, ыза кернегендіктен аяғы да ақсайды. қобылавды өз елінің жұртына келеді де, елін жау қай жаққа әкеткенін таба алмай тұрады. Сонда ол жолды Тай-
бурыл тауып береді. Осы секілді әңгімелерді ақындар жырына қоса отырып, Тайбурылды адамның ой-мінезін, тілін, адам сырын түсінетін ерекше қасиет бар деп көрсетеді. Сон-дықтан да жыршы-ақындар:
Жазыгы мал демесеқ: Тайбурылдың ақылы Адамзаттан артық-ты,—
деп ардақтайды.
Тайбурылдың екінші бір қасиеті — жүйріктігінде. Ба-тырлар жырында кездесетін түлпарлардың бәрі де жүйрік. Бірақ, Тайбурылдың жүйріктігі олардың бәрінен асып жа-тады. Тайбурылдың жүйріктігі шапқан сайын үдей түседі, қызған сайын дами береді, қобыланды “әйт, жануар, шу” дегенде:
Аршындап бурыл гуледі, Тіктеп тиген түяғы
Табаны жерге тимеді, • Саз балшықтай иледі.
Тау мен тасты өрледі… Сеңгір, сеңгір таулардан
Көлденең жатқан көк тасты Секіріп бурыл жөнелді…
десе, түс кезінде Тайбурылдың жүрісі онан сайын үдеп кетеді.
Аттың жолы қазылды, Бес жүз қүлаш жазылды. Омырау тері көпірді Бурыл көкке секірді…
Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады, Бір төбенің тозаңын Бір төбеге қосады…—
қажу, шаршауды білмеген Тайбурыл кешке қарай жүрісті бүрынғысынан да дамытып жібереді. Сары садақтың оғындай зымырайды, жұлдыздай ағады:
Кешке таман Тайбурыл Жын қаққанға үқсады, қүлан менен бүланды, Киік пенен қоянды
Үзатпай алдын тосады. Көкқүтан мен қарабай Көтеріліп үшқанша Белінен кесе басады…
Көркемдік жағынан алғанда, өлеңнің әсірелеу түрінде жырланған “Тайбурылдың шабысы” — қазақтағы батырлар жырының аса сүлу, өте шебер суреттелген асқар шыңы деуге болады.
Мүнымен қатар, “Тайбурылдың шабысында” халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны байқалады. Одан сеңгір, сеңгір таулардан бір-ақ қарғып өтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді. Ерте кезде Тайбурылдай алысты бір-ақ аттайтын түлпарларды сондай көлік болуын халықтың арман еткендігі аңғарылады.
Екінші, “Тайбурылдың шабысынан” басқыншы жауга қарсы қүйындатып бара жатқан халық қаћары да, халықтың
жауа деген ызасы мен кегі де көрінетін секілді. Халық намысын ту қылып көтерген қобыланды басқыншы жаумен дереу кездесуді, оны талқандап жеңуді арман етеді. Ол: “Еліңе жау келе жатыр”,— дегенде немесе “Еліңді жау шауып кетті”,— деген хабарды естігенде қабагынан қар жауып, кірпігіне мұз қатады, тұла бойын ашулы кек пен ыза кернейді. Оны сол жауға дереу жеткізетін де Тайбурыл болмақ. Ендеше, халық үшін кек алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, найзағайдай жарқылдаған қаћары, ызасы мен намысы “Тайбурылдың шабысы” арқылы да берілгендігі байқалады.
ЖЫРДЫң қУРЫЛЫСЫ “қобыланды батырдың” жыр құрылысын сөз еткенде, ең алдымен, көзге түсетін бір ерекшелік — мұнда айтылатын оқиғалардың бір адамның (қобыландының) айналасына құрылғандығында. Жырдың негізгі тірегі — қобыланды, сның ерлік істері. Сондықтан да жыршы ақындар барлық әңгімені қобыланды арқылы баяндауға мән береді. Мәселен, қобыландының құртқаға үйленуі, қазан, Көбікті, Алшағыр, Барса, Шошай хандармен соғысы, т.б. бәрі де қобыландыға байланысты алынып, молынан жырланады. Оның себебі осы әңгімелерге қобыландының өзі тікелей қатысып отыр^ғандығында. Ал жырдағы әңгімеге қобыланды тікелей қатыспаса, бірақ әңгіме қобыланды жайывда болса, онда да жыр біркелкі толық жырланады. (Бүган Тоқтарбайдың, Аналықтың, қарлығаш пен құртқалардың жоқтаулары дәлел).
Егер жырда айтылатын әңгімелер қобыланды туралы болмай басқалар жайында баяндаса онда жыр молынан жырланбайды, қысқартылып айтылады. (Кейде “әлхисса” ендігі әңгімені пәлен туралы естіңіз дей салады). Мысалға қараман, Быршымбай, Алшағыр жайындағы әңгімелерді алайық. қараман қобыландыға өкпелейді де, қазанға өзі аттанады. қараманның бұл кездегі ісі, ойы толығынан жыр-ланбайды. Өйткені ол әңгімелерге қобыланды тікелей қатыспайды және әңгіме қобыланды туралы да болмайды. Екінші мысал: Көбікті қобыландының қолға түскенін Быр-шымбай арқылы Алшағырға хабар етеді. Бұдан кейін Ал-шағырлар қобыландының елін шауып алды. Бірақ қалай шапты, не істеді дегендер толыгынан жырланбайды. Өйткені бүл оқиғаға қобыланды тікелей қатыспайды.
Жырдың сюжетін құрудағы мұндай ерекшелік басқа жыр-ларда өте сирек кездеседі. Мысалы, “Алпамыс” жырында сюжетті дамуы бір адамның ерліктерін суреттеу арқылы
болмайды. Онда әрбір оқиға өз алдына, “әлхисса, ендігі хабарды пәлен туралы естіңіз” деп жырланады, сол хабардың жайы айтылады. Бірақ ол хабарға Алпамыстың тікелей қатысы болуы, болмауы, иә Алпамыс жайында айтылу, айтылмауы шарт емес. Ондай хабарда Алпамысқа қатысы жоқ басқа әңгімелер де өз алдына айтыла береді. Мәселен, жырда батырдың өзі жоқта еліне зәбір көрсеткен Үлтан, Тайша хандардың жайы, олардың шабуылы, ісі Алпамыстың туған-туыстарының хал-жайы 4өз алдына жырлана береді. Ол жаңағы айтылған хабар арқылы баяндалады.
Басқа жырларымен салыстырғанда, “қобыланды батыр-дың” композициялық қүрылысындагы өзіне тән ерекшеліктің бірі — оқиғаны дамытуында. Жырдағы оқиғаларды қисынын келтіре тізбектеп айту, бір оқиғадан екіншісін тудыра, өрістете жырлау, шегініс жасамай үдете түсу — аталған жырдың басты ерекшелігі. қиыннан қиыстырып сюжет құру, жырдың композициясын олпы-солпы етпей жинақтап ұстау — әрбір ақыннан асқан шёберлікті керек етеді. Халық по-эзиясында тек дарынды ақындарға ғана күрделі сюжет құрып, кесек образдар жасай алатындығын, оқиғаларды шарықтау шегіне жеткенге дейін дамыту түрінде альга және бір-бірімен шиеленістіре отырып, жыр желісін үзбей, тігісі жатық үлкен көркем шеберлік жасау үлгісін “қобыланды батыр” көрсетті деп айта аламыз. Міне, осы негізде, қобыландының туысынан бастап, қартайғанға дейін ел қорғау жолында жасаған ерлік істері суреттеледі. Мүны жыршы ақывдар дастанның негізгі арнасы етіп алады да, оны неше алуан-дығын және бір-бірімен шебер қабысқан оқиғаларды тарамдап жырлау арқылы көрсетеді. Бүл ретте олар жыр оқигасын шегініс жасамай, үнемі үдете, баяндау әдісін қолданады.
әрине, жыршы ақындар жырдағы оқиғаларды үнемі су-реттеу, сипаттау негізінде баяндай бермейді. Мүнымен бірге, олар оқиғаны дамыта айту үшін реті келген жерде және орывды түрде диалог пен монологты да қолданады. қобыланды мен қараманның, қүртқаның, қазанның, т.б. диа-логгары жыр оқиғасын кеңейте жырлаудың бір әдісі есебінде алынады.
ӨЛЕң ТҮРІ ТІЛІ Жырдың Біржан, Марабай, Мергенбай,
Нұрпейіс айтатын варианттары басынан
аяғына дейін өлеңнің жыр түрін сақтай
отырып (тек Біржанның жырында аздаған
қара сөз кездеседі), батырдың туысынан бастап қартайғанға
дейін жасаган ерлік істерін суреттейді. Олар өлеңнің буын
саны бір қалыпты келуіне көп көңіл бөледі, екпін мен
ырғаққа айрықша мән береді. Бұл үшеуін бірлікте сақтауды өлеңцегі жыр түрінің негізгі шарты етіп алады.
Жыршы ақындардың қайсысы болса да әр алуан алыс-тартыс айқастарды, жекпе-жек күрестерді, шабуыл жо-рықтарды, шұғылынан жасалған қимыл-әрекеттерді өлеңнің әрі оралымды, әрі ұшқыр түрі жыр арқылы суреттейді. Тыңдаушының көз алдына елестейтіндей әдемі картиналар жасайды. қобыландының жау батырларымен соғысы немесе Тайбурылдың шабысы қандай шапшаң болса, оларды сондай етіп елестететін жыр да шапшаң болуға керек. Сонда ғана батырлар жыры әсерлі болады. Мысалы, қобыландыға қараман келіп, қазанға қарсы бірге аттануын сұрайды. “Бұл сапарға барар-бармасымды үйдегі қүртқам біледі”,— деген қобьшандыға қараман тіл тигізеді. Бұған қатты ашу-ланған қобыланды ыза болып ауылына шаба жөнеледі. Осы бір ашуды жыр:
Сөз сүйектен өткен соң қобыландыдай батырдың Тері тамып иектен, Түгі шығып білектен, Жаны тулап жүректен, Тобылғы атқа ер салды.
Ақ алмасты қолға алды, қамшы басып сауырға, Екпші ұсап дауылға, Тобығы менді торы атпен қобыланды шапты ауылға,-
деп суреттейді. Егер осы элизодтағы халді қарасөзбен не-месе он бір буынды өлеңмен айтса, ол жыр секілді әсер бермеген де болар еді.
Өлеңнің жыр түрінде негізгі өлшеуіш буын, ырғақ, екпін деген пікірді “қобыланды батыр” жыры да анықтай түседі. әрине, бұдан жырда өлең ұйқасымы болмайды, оған мән берілмейді деген ұғым тумайды. Үйқасымсыз жыр бол-майды, ол кейде ерікті, кейде шүбыртпалы ^түрінде келеді. Бірақ өлең ұйқасымы әрбір шумақта үнемі қатарынан келе беруі шарт емес. Мұндай жағдайда өлең ұйқасымының орнын басатын, оның қызметін атқаратын ырғақ пен екпін, буын болады.
Желі толған жылқымды, Жасанған жауға тапсырдым. Котан толы қойымды
Аш бөріге тапсырдым
Азу тісі балғадай,
Жас бөріге тапсырдым,-
дегенде, өлеңнің жыр түріне тән буын, ырғақ, екпінмен қатар, кезектесіп келген ұйқасым да бар. Бірақ батырлар жырында мұндай бірлестік үнемі кездесе бермейді.
“қобыланды батыр” қазақ ауыз әдебиетіндегі көркем жырдың бірі дегенде, ең алдымен, оның тіл байлыгын еске аламыз. Жыршы-ақындар халықтың тіл байлығын, сөздік қорын молынан пайдалана отырып, әдемі картиналар, пор-треттер жасайды, жыр оқиғасын әсерлі етіп баяндайды. Ба-тырдың ерлік күресін, жекпе-жек ұрыстарын суреттегенде адамға әсер ететін асқақты сөздерді қолданады немесе “әйт, жануар, шу деді” дегенде, аттың жүрісін суреттеу үшін үшқыр, қанатты сөздерді алады. Тайбурылмен қүйындатып бара жатқан қобыланды емес, жырды тыңдаушының өзі сияқты әсер қалдырады. Жыр тілінің байлығы неше түрлі әдемі теңеулер, метафорлар жасауымен, дыбыс қайталауларымен де көрініп отырады.
Жоғарыда айтылгандарды жинақтай келгенде, “қобыланды батыр” жырын халықтық сипаты мол, ертеден келе жатқан көркем жырдың бірі деп бағалаймыз.
“ЕР ТАРғЫН”
қазақтың батырлар жырын зерттеген әдебиетші, ғалымдар “Ер Тарғын” жыры ноғайлы дәуірінде туды, ол белгілі мөлшерде, сол дәуірде және оның қоғамдық қарым-қатынастарын елестетеді дейді . Ал жырдағы басты кейіпкерлердің тарихта болған, болмағаны туралы тарихи деректің жоқтығынан, оларды әдебиеттік образ есебінде ала-мыз дегенді айтады.
Бүл пікірдің дұрыстығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Екіншіден, біздің мақсатымыз ноғайлы дәуірінің жалпы қоғамдық сипатын тарихи түрғыдан қарастырып, анықтай түсу емес. Біздің көздеп отырғанымыз: ноғайлы дәуірінен қалган және ел арасында бірнеше ғасыр бойына ауызша сақталып келген, үрпақтан үрпаққа жеткен “Ер Тарғын” жырының әдебиеттік жайын қарастыру.
ЖЫРДЫН ЖИНАЛУЫ ЖәНЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Басқа жырларға қарағанда, “Ер Таргын” жырының варианттары көп емес. Жырдың ең негізгі бір нүсқасын Марабай ақынның айтуынан Н.И.Ильминский 1859 жылы жазып алып, 1862 жылы қазан қаласында бастырып шығарған. Бұл вариант 1892, 1898, 1909, 1913 жылдары қазанда басылған. 1904 жылы Николай Саркин деген кісі бұрынғы қостанай уезі, Кеңарал болысы, 12-ші ауылдың қазағы Оспан қисықұлының жырдың бір түрін жазып алган (қолжазба күйінде) Мұның Марабай жырынан айыр-масы жоқ. Кейіннен Марабай вариантын ә.Диваев 1922
1 1. М. әуезов, Ө.Маргулан, қ.Жумшшев, А.С.Орлов, С.МуқаІюв, Б.Кен-жебаев, Т.Сыдықов,т.6. жоғарыда аталған еңбектерін қарацыз.
жылы Ташкентте бастырады. Оқулықтарга еніп жүргені де, жұрттың пайдаланып жүргені де осы вариант.
Мұнымен қатар, В.В.Радлов “Ер Тарғын” жырының өзінің үшінші томына (жоғарыда аталған) енгізген және ол қырым елінен Ер Таргын туралы бір ертегіні жазып алған. Ол ертегі Радловтың жетінші томында жарияланған.
Тарғынға байланысты жырдың аңыз түрінде айтылатын қысқаша бір вариантын Зердебай Бекарыстанов (Гурьевтік) деген кісі 1939 жылы қазақстан Республикасы Үлттық Іылым академиясына тапсырған. Бұл аңыздың қысқаша мазмұны мынадай: баяғыда қорсы деген кісі болыпты. Оның жалғыз тауығы бар екен. Ол тауыгының жұмыртқасын жинап ханға сыйлыққа апарады. Хан бұл сыйлықты алып алғыс айтады және алтын береді. қорсының баласы жоқ екен. Бір күні ол түс көреді. Түсінде қолына бір қара бүркіт қонады, ол үш рет қомданады да ұшып кетеді. қорсы түсін бал-шы-балгерлерге жорытады, баласы болатынын біледі. Арада біраз уақыт өтеді, қорсының әйелі ұл бала табады. Атын Тарғын қояды. Ол батыр болады. Тарғын үш рет жаумен соғысады. (Ертегіде ол соғыстар жайы айтылмайды.) Ақырында Таргын бір кісіні өлтіріп, өз елінен кетіп қалады деуімен 3. Бекарыстановтың ертегі тектес анызы аяқталады.
“Ер Тарғын” жырының негізгі вариантын (Марабай
. ақынның айтуындағысы) ақын Пенысовский орыс тіліне ауда-
рады. Ол 1940 жылы “Песни степей” деген жинақта шыққан.
Композитор Е.Г.Брусиловский қазақтың халық әндерін пайдалана отырып, “Ер Тарғын” атты опера жазды. Ол театр сахнасында қойылып келеді.
“Ер Тарғын” жыры жайында қазан революциясына дейін жазылған ғылыми еңбектер болған жоқ еді. Жырды бағалау, зерттеу ісі кеңестік дәуірде жүргізілді. Бүл жөнінде алғаш рет зерттеу жазып, пікір айтқан профессор М.әуезов . Ол қазақтың батырлар жырындағы батырларды аға батыр, кіші батыр деп екі топқа бөледі. Аға батырлар тобына енген-дердің бірі етіп Ер Тарғынды алады. Ер Тарғынның аға батыр атануы — ерлік істер жасап, ел-жұртын қорғағандықтан деп көрсетеді.
Кейіннен “Ер Тарғын” жыры жайында С.Мұқанов, ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев бірсыпыра пікірлер айтты. Жыр-дың ноғайлы дәуірінде туғандығын, көркемдік ерек-шеліктерін сөз етті. Ал бұл жырға айрықша көңіл аударып,
1 1. М Өуезов“Тин”, “Шолпан”, “Литература и искусство Казахстана”, “Литературный критик” журналдарына жазған мақалалары мен “Песни степей” жинағына берген сөз басын қараңыз.
зерттеу еңбектер жазған қ.Жүмалиев болды. Ол “Ер Тарғын” жырын орта мектептерге арналған оқулық көлемінде, қазақ эпосы жайында жазган монографиясында және “қазақ әдебиетінің тарихы” (I том, 1960 ж.) атты кітапқа енген зерттеуінде сөз етті. Академик А.Орлов “қазақтың батыр-лар жыры” деп аталатын еңбегінде (1945) “Ер Тарғын” жырын орыстың батырлар жырымен салыстыра отырып тек-
серді.
Көп уақытқа дейін әдебиетші, ғалымдардың қайсысы
болса да, “Ер Тарғьш” жырын қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтық сипаты бар, көркем шығарманың бірі деп бағалап келді. Бірақ 1951 жылы, қазақстанда идеологиялық жүмыс-тардың қате-кемшіліктері ашылып, қатаң сынға алынған кез-де, “Ер Тарғын” жырына қарсы пікірлер айтыла басталды. Бұған кейбір әдебиетшілер мен тарихшылар көптеген айып тақты. Ең алдымен, олар Тарғынды қаңғыбас, кезбе адам етіп көрсетті. Екіншіден, Тарғынның киген киіміне, ішкен асына, мінген атына жармасты. Тарғынның жақсы киім киюі, түлпар мінуі — оның халық арасынан шыққан адам еместігі»н, хандар мен феодалдардың тұқымынан екендігін дәлелдейді деді.
Осындай себептерден “Ер Тарғын” жыры біраз уақыт қатардан шығып қалды. “Ер Тарғын” жыры халықтық жыр емес деген көзқарас басым болды. Театр сахнасында жүріп жатқан “Ер Тарғын” операсы дауылдың артын күтіп, уақытша болса да халыққа көрсетілуден тоқталды. (Мүндай жағдайға ол кезде тек “Ер Тарғын” емес, “қамбар батырдан” басқа жырлардың бәрі де үшыраған болатын).
1953 жылдың сәуір айында қазақстан Республикасы Ґлттық ғылым академиясы мен Жазушылар одағы қазақтың эпостық жырларына арнап ғылыми айтыс үйымдастырды, оған көршілес республикалардан, Москва мен Ленинград-тан көптеген ғалымдар қатысты. Айтыста батырлар жыры кеңінен талқыланып, әр түрлі сын, көзқарастар айтылды. Осының нәтижесінде “Ер Таргын” халықтық негізде туған, халықтиқ сипаты бар көркем жырдың бірі деп бағаланады және бүл жыр жөнінде соңғы кезде айтылған кейбір сындар теріс деп танылады.
“Ер Тарғын” жырының халықтық сипаттағы шығарма деп танылу себебі, біріншіден, бүл жыр, аз да болса, халық үғымында батырдың қоғам өмірінде атқаратын қызметі, алатын орны қандай екендігін аңғартады. Басқыншы жауға қарсы аттанып, одан ел-жұртын қорғаған адамды халық батыр деп таныған. Тарихшылардың айтуына қарағанда,
ерте кезде батырлар басқыншы жауға қарсы шыққанда тек өз ауылының ғана мүддесін емес, бүкіл рудың, бүкіл хан-дықтың қарамағындағы елдердің намысын қоргаған. Мұндай адамдарды халық бір рудың ғана батыры демей, бүкіл ха-лықтың батыры деп таныған. Оларды жырына қосып, оған халық батыры сипатын берген . Халықтың батыр жайындағы бұл түсінігі “Ер Тарғын” жырынан аз да болса орын алған.
Екіншіден, бұл жырда хандардың елге істеген жауызДық іс-әрекеттері сипатталады, оларды сынап көрсетеді. Жыр-дың халықтық сипатын аша түсетін жерінің бірі осы деуге болады.
Сонымен, біз “Ер Таргын” жырын ел бірлігін қорғау идеясынан туған, халықтық сипаты бар, көркем жырдың бірі деп қараймыз. Бұл идея жырдағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттерін суреттеу арқылы көрінеді.
ЕР ТАРғЫН Ерте кезде көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстаған, өзінің ел-жүртын басқыншы жаудан қорғау үшін қол жинап ерлік күреске бастаған, жау қарасын көріп үрейленбеген, қайта атой салып оған қарсы шапқан, жекпе-жек ұрысқа түсіп жұрт алдында жауын жеңген адамды халық батыр деп таныған. Халықтың: “Батыр — батыр емес, батырларды бастаған — батыр”,— деуі осыдан. Ал, қалың қолды бас-тамаған, бірақ жасақ арасынан шыгып жеке ерлік көрсеткен адамды халық ер деп атаған. Батыр мен ер деген ұғымның бір-біріне мағынасы жақын болса да, оған халық осындай айырма жасаған. (Бертін келе “батыр” деген сөз көбінесе ел қорғау, әскери-соғыс істеріне байлайысты қолданылған).
Жырдағы Тарғын қалың қол бастаған батыр болып көрінбейді. Ол — жеке ұрыстарда ерекше ерлік жасаған, сонысы үшін ер атанған адам. Сондықтан да халық жыры оны ел қорғау жолында, жске ұрыстарда жауын жеңіп көзгс түскен ер деп ардақтайды. Тарғын образы жырда осы тұрғыдан бейнеленеді.
Тарғын — бір рудың ғана емес, бүкіл ногайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған слдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Тарғын басқыншы жа-улардан өзінің ел жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет студі, мақсат етеді.
1. қазақ ССР тарихы, I том, 1957; Я.-Беоишшов.Батырлардыңәлеуметтік жайы туралы; қазақССР ғылым академиясыныңхабаршысы, №8,1948
2 1. қ.Жумалиев. қазақ әдебиетшің тарихы, I том, 1960; қазақ әдебиеті (оқулық), 1949
Тарғынның Ақшахан әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі осы мақсаттан туады.
Таргынның ел қамын ойлаған батыр екендігі оның Ақшаханға берген жауабынан да көрінеді. “Сен, кешегі қамалды бұзған, жауды қырған, қайратыңды, тынышыңды алған жұртыңа көрсетпедің бе?”— деп сүраған Ақшаханға: “Тек өз жүртымды жылатуды шариғат қоспайды”,— деп Тарғын жауап қайырады. Бүл жауаптың үлкен мәні бар. Таргын қанша мықты болғанымен, ол өз еліне күш көрсе-туден бас тартады, оган азаматтық ар-үяты бармайды. Елінде ханның жақсы көретін бір биін өлтірген Тарғын мұның арты неге апарып согарын жақсы түсінеді, ол үшін ханның жазалайтынын, бүл жазаға өзінің көнбейтіндігін біледі; хан мен екеуінің арасында жанжал бастала қалған күнде, оның ақыры тағы да қан төгіске әкеп тірейтіндігін және бұдан халыққа көп зиян тиетіндігін аңғарады. Сондықтан да ол ноғайлының бір елінен шығып, екіншісіне келеді. Бүл жерді де Тарғын өз еліндей туыс санап, оған қызмет етуге кіріседі, торғауыттарды талқандап жеңіп береді.
Тарғынның халық қамын ойлауын, сол жолда ерлік істер жасауын жыр осылай бастайды да, кейіннен оны дамытып әкетеді. Бүдан былайғы жерде жыр оқиғасы Тарғынның ерліктерін суреттеуге қүрылады; жырдағы әңгімелердің нсгізгі арқауы Тарғын болады. Жырда айтылатын барлық әңгімелерге басты кейіпкерді тікелей қатыстыра отырып, жыр желісін бүзбай, бір оқиғадан екіншісін тудыра, Тарғынның ерлік істері баяндалады. Осы негіздс оның ерлік образы жасалады.
Басқа жырларда басты кейіпкерлер жайы бірден айты-латын болса, олардың ерлік іске аттанулары бала кезінен-ақ басталса, бұл жағдай “Ер Тарғын” жырында жоқ. Жырдың сюжет құру, образ жасаудағы негізгі ерекшсліктің бірі де осында. Жыршы ақын Тарғынның кім екендігін бірден айтып салмайды. Тындаушысын қызықтыру үшін жәнс кейіннен Тарғынға көбірек көңіл аудару үшін, әңгімені Тарғынға байланысы жоқ жайды суреттеуден бастайды. қалың қол алып, торғауыт еліне аттанған Ақшахан, оның жеңілуі, қолдың қаша бастауы — басты кейіпкер Тарғынды жыр әңгімесіне енгізудің дайындығы секілді. Бұрын жүрт білмеген және қалың қолдың бірі болып жүрген Ер Тарғын, ту жығылып әскер қаша бастаган кезде жау әскерлерін жалғыз өзі жапыра жеңіп шығады. Бүған Ақшаханның қалың қолы сскілді, жырды тыңдаушы да көп көңіл аударады. Жыршы ақын Ер Тарғын образының алғашқы үлгілерін осылай бастайды. Кейіннен бұл үлгі үлкен шеберлікпен күрделі образға айналады. Мүны
ол батырдың әр кезендегі ерлік істерін суреттеу арқылы ‘ сипаттайды.
Жанында жолдастары жоқ Тарғын, Ақшаханның қызы Ақжүністі алып қашады. Жалғыз өзінің осындай іс жасауын жыр ерлік деп біледі, соған сүйсінеді. Соңынан қуып келген қарт қожаққа Ақжүністі қалдырып кстушілігін де халық жыры Тарғынның ерлігі, “ағаны сыйлағандығы” деп көрсе-теді.
Ақжүністі алып қашуымен Ақшаханның еліне сыйыса алмайтынын білген Тарғын енді Еділ бойындағы ноғайлыға жол тартады, оны да өзіне туыс санап келеді. Сондықтан да ол бұл елдің де жоғын жоқтасады, Шаған бойындағы қалмақтардан кек қайыруға аттанады.
Аттанбадым олжа үшін, Аттанғаным кәпірге Ата-бабам ежелден Ескі ксгі бар үшін,—
дейді Тарғын. Жыр бұл арада қалмақ басқыншыларының ноғайлы атанған елдің жер-су, қонысын бір кезде зорлықпен тартып алғанын еске түсіреді. Ата мекен қонысынан, жер-суынан айрылып қалу ноғайлы жұртына қатты батады, кетпес кекке айналады. Міне, сол жерлерді қайтару үшін Тарғын аттанады. Бұл жолда ол көптеген ерлік істер жасап, ел намысын қорғап қалады. Мұны халық жыры Тарғынның сл үшін туған ер екендігін көрсету үшін жырға қосады.
Тарғынның батырлық бейнесі, халық үшін жасаган ерлік істерімен алынады да, жырдың өң бойына суреттеліп оты-рады. Торғауыттармен шайқасуы, Шаған бойындағы қалмақ басқыншыларымен алысы, олардың бәрін жеңуі Тарғынның ерлік даңқын көтсре түседі. Оның бүкіл ноғайлы елі ба-тырына санап жүреді, одан ерлік іс күтеді, халықты жауға бермейтін, қорған болатын батыр ұл деп біледі. Сондықтан да халық жыры Тарғынның нағыз батыр екенін көрсету үшін қалмақтардың ең мықты қолбасшысы болған Домбау-ылмен кездестіреді. Оған қарсы Тарғын өзі аттанбайды, пәле бастап ноғайлы еліне қанды жорық жасаушы Домбауыл болады.
қалың әскерінс, өзінің батырлық күшіне сенген Дом-бауыл ноғайлы еліне шабуыл жасап, соғыс ашады, елді ауыр күйге ұшыратады. Осы кезде басқыншылардан ноғайлы елін қорғау үшін Домбауылға қарсы Тарғын шығады. Бір-бірінс кездесіп қалған екі батыр ең алдымен сөз арқылы арбасып, күш сынасады. Жау батыры Домбауыл:
Алайын десем оңайсың, Атайын десем толғайсың,—
деп күш көрсетеді, менмендік жасап, тәкаппарлана түседі. Тарғынның соғыспай беріле қоюын талап етеді. Бірақ, жаудың қоқан-лоқысынан Таргын қорықпайды, соғыспай беріспейтіндігін ескертеді де, Домбауылды жекпе-жек ұрысқа шақырады.
Домбауыл мен Тарғын он бір күн бойына алысады. Ақырында Домбауылды Таргын жеңіп шығады, ерлігін асы-рады. Сонан кейін жаудың тап берген қалың қолымен соғысып, оны да жеңеді. Бұл жерде халық жыры жау адам-дарын, оның батырларын аса күшті етіп суреттеу арқылы Тарғынның батырлық образын ұлғайта түседі. Жау батыр-лары қанша мықты және көп болса да Тарғыннан жеңіліп қалады. Өйткені, олар әділетсіздік іс бастады, шапқыншылық жасады, сондықтан да ондайлардың жолы болмақ емес деп халық жыры қорытынды жасайды. Ал Тарғынның жалғыз барып мындаған жауын жеңуін халық жыры оның әділ іс үшін күрескендігінде, қашан да болсын әділ іс жеңеді деп топшылайды. Жыр Тарғын арқылы әділдікті сүйгіш, бұл қиын жолда қандай жағдайда болса да, ерлік жасау қолынан келетін халықты, оның сарқылмас күшін бейнелейді. Жырдың жағымды бас кейіпкері арқылы халық күші жинақталып беріледі.
Сөйтіп, халық жырында басқыншы жауларға қарсы ұрыс майдандарында ерлік жасаған Тарғынның батырлық бейнесі жасалады. Тарғын — халқын сүйген, оған қызмет еткен, елдің жауларымен алысып өткен, халық намысын қорғаған айбынды батыр. Тарғьгн бейнесінің халықтығы да, күштілігі де осында.
Жырда Тарғынның бейнесі тек ел қорғау жолында жа-саған ерлік істерін суреттеу арқылы ғана жасалып қоймайды. Оның батырлық тұлғасы, ерлік ісі, алып күші Тарғынның өз сөзімен де, бөгде адамдардың (мәселен, Сыпыра жы-раудың) сипаттауымен де беріліп отырады. Тарғынның қандай батыр екендігі, оның мертігіп айдалада жатқан жерде айтқан зарынан да көрінеді. Домбауылдың қолымен кез-дескен жерінде:
Алты қырлы ақ мылтық, Ата алмасам маған серт! қозы жауырын қу жебе… Тарта алмасам маған серт!.. Тауға салсам тас кескен Кеудеге салсам бас кескея.
Алты аршын ақ болат қынаптан алып суырып, Шаба алмасам маған серт!. Жау ішінде жұлынып, Толғамасам маған серт!..
деп айтатын серттеу сөздерінен Тарғынның күшті батыр екендігі елестейді.
Дегенмен, Тарғын образының әлсіз, осал жағы да жоқ емес. Мұнысы, оның Ханзадамен ымыраға келуінен көрінеді. Өзіне талай рет опасыздық жасаған, алдап соққан Ханзадаға Тарғын ашу-өкпе айтудан асып кете алмайды. “Атаңа нәлет ақсүйек”,— деп,— “домалатып басынды алар-мын”,— деп отырса да, Ханзадаға қарсы күш көрсетіп ұрыс шығармайды, ескі әдет-ғұрыптың шырмауында қалып қояды. Солай бола тұрса да, Тарғын образы елдің ел қорғау жөніндегі арман-мүддесін, халықтың қандай батырды ар-дақтайтындығын көрсететін жағымды бейненің бірі.
АңЖҮНІС
Батырдың сүйікті жары, сенімді серігі. ақылшы досы ретінде жырға қосылған жағымды образдың бірі — Ақжүніс.
…Бет ажарын қарасаң Жазғы түскен сағымдай, Ет ажарын қарасаң. қабығынан айырған
Арпа.бидай, ақ ұндай. қасы жайдай керілген, Кірпік оқтай тізілгсн, Бел бұралып бүгілген,—
деп, жыр салған беттен Ақжүністің портретін жасайды. Өз тұсында одан сұлу, одан ақылды қыз болмағандығын айта келіп, халық жыры оны Тарғынмен кездестіреді.
Тарғынның ерлік істерін, адамгершілігін, бірден бағалаушы Ақжүніс болады. Сондықтан да оны хан сарайын тастап, халықтың қалаулы ұлы Тарғынды сүйеді де, халық жағына шығады. Атастырып қойған адамына бармай, сскі әдет-ғұрыпқа қарсылық білдіреді.
Тарғынға айтқан бір сөзінде: “Мені бір ханның баласына айттыруға елші келіп жатыр. әкем мені бермек болып, менен рұқсат сұратты. Мен хан баласына таңсық смеспін, өзім де хан баласымын. Сұлуға таңсық емеспін, өзім де сұлумын. Кімнің бақыты зор болса, соған барам… Енді мені біреуге қор қылғанша, батыр екенің рас болса, сен мені ал да қаш, мен саған тием, сенен басқа ешкімге тимеймін, көңілім саған ауды, сені сүйдім!”— дейді Ақжүніс. Оның бұл сөзінен Ақжүністің хан баласын емес, халық баласын сүйгсндігі көрінеді. Сондықтан да жыр Ақжүністің халық жағына шығуын, хан сарайын, ондағы сән-салтанат, бай-лықты тастауын өжеттік деп бейнелейді. Ақжүністің Тарғынға шығуы, бір жағынан, халық батырын бағалағандығы болса; екіншіден, қыз намысын, бас бостандығын қорғауы, сүйген адамына өз еркімен қосылуын мақсат еткендігін де байқатады.
әйелдердің бас еркі болмаған заманда, Ақжуністің Тарғынға өзі барып сөз салуы, хан ордасынан қашып шығуы қыздың өжет, намыс иесі екендігін аңғартады. Оның образын жасағанда, жыршы-ақын Ақжүністің осы қасиетіне көңіл бөледі.
Тарғынға қосылып, хан сарайынан қашып шыққан Ақжүніс бұдан былайғы жерде батырдың сенімді серігі, сүйікті жары, ақылшы досы, қайрат беруші жолдасы ретінде суреттеледі. қысылған жерде қайрат беретін, қиын жерде ақыл табатын да Ақжүніс. Тарғын мертігіп, күйініп жатқан кезіндс батырға сүйеніш болған да, батырдың намысына тие, қайрап қуаттандырған да Ақжүніс. Талай тас қамауды бұзған, талай жауын күйреткен батырдың мертігіп қалғанына қапаланған Ақжүніс: “Даңқты батырым, даңқсыз өлімгс душар болдың-ау, айдаладағы қарға-құзғынга жем болдың-ау”,— деп намыстанады. Сондықтан ол Тарғынның намы-сына тие:
Ағаштан биік мерт тауып, Корлықпенен өлген ср.—
дейді, батырды әрі намыстандырады, әрі қайраттандырады. Жан жолдасының бұл сөзіне түсінген Тарғын: “Ағаштан құлап өлді деген атаққа қалғанымша, мүлдс өлейін”,— дсп мертіккен белін бар күшімен басып қалғанда, бел омыртқасы орнына түседі. Бұған себепкер Ақжүніс болады.
Мертіккен белі орнына түскен Тарғынға ендігі бет алы-стың қалай болу керектігін айтып, ақыл беруші де Ақжүніс. Ол Тарғынға: “Кеше мертігіп қалған күнде сені жұртына тастап кеткен ногайлыларга барып көрін, беліңнің жа-зылғанын білдір. Олай стпесең, қырым халқынан, Ақшаханның қол астынан Тарғын деген бір батыр келіп, бір омыртқасы сынған соң, қарға-құзгынға жем болып, Бұлғыр таудың қойнауында өліп қалды дер», сондай жаман атаққа қаларсың”,— деп ақыл айтады. Батырдың сөзге кіріптар болмауын, дос-дұшпанының алдында беделі түспеуін көздейді. Бұл арада халық жыры Ақжүністің ақылды, дана адам екендігін сипаттап, үлгі етеді.
Тарғын мен Ақжүністің соңынан қуып келген қарт қожақ екі жасқа қысылшаң сын кезін туғызған болатын. Бірақ бұдан Ақжүніс қысылмай өткен-ді. қарт батырды сөзімен тоқтатып, жолын тосады, басындағы мұңын айтады, екі жасты жылатпауын -сұрайды.
Жылап тұрған көзім бар, Мені өзіце қайырма!.. Өксіп тұрған жаным бар, Тілекті бермес болар ма, әуре болған басым бар, Сіз сықылды асылдар,— Алғанымнан айырма!
дейді. Екі жасқа аяушылық білдірген қарт қожақ Ақжүністің тілегін береді.
Сонымен, “Ер Тарғын” жыры Ақжүніс образы аркылы батырға сенімді серік, ақылшы дос, айнымас жолдас болған өжет қыздың, намыс иесінің бейнесін елестетеді. Мұндай қыздарды халық жыры өз тұсындағы жастарға үлгі етеді.
қАРТ қОЖАқ
Жырда жағымды бейнеде алынған батырдың бірі — қарті қожақ. Оның ноғайлы жұртына даңқы шыққан, басқыншыі жауларға қарсы күресте еліне қорған болған айбынды батыр} екендігін халық жыры:
Кайнаған қара бұлттай… қайнап біткен болаттай… Сайдан шыққан бұлақтай,
қабағы тастай түйілген, Лашын құстай шүйілген, Жеңсіз берен киінген,—
деп сипаттайды.
қарт қожақ — көпті көрген, талай үрыстарғаі қатысқан, талай жауын талқандап жеңген — аға батыр. Ақшаханныңжарлығы бойынша, Тарғыннан Ақжүністі айыр-1 мақ болып аттанған қалың қол, біраз жол жүргеннен кейін ақылға келеді. “Біз Тарғынды қуып жеткенімізбен, одан қызды айырып ала алмаспыз, қызды ол бермес те, қаћары келсе бәрімізді қырып та кетер”,— деп кейін қайтады. Бірақ сол қол ішінде жасы алпыс беске келген қарт батыр алған бетінен- таймайды да, жалғыз тарта жөнеледі. Бұл бұрынғы қайратына сенген қарт қожақ еді.
Жырда қарт қожақтың бес жасынан бастап, алпыс беске ] келгенге дейінгі өмірі, ел қорғау жолында жасаған ерлік | істері Ақжүністің сөздерімен баяндалады.
Отыз беске келгенде Коңыраулы найза қолға алдың, қоңыр салқын төске алдың, Жауды көрсең шүйілдін, Жеңсіз берен киіндің, Көксерке атты борбайлап, Камалды бұздың айқайлап…,—
дейді Ақжүніс. Оның бұл сөздері арқылы қарт қожақтың образы жасалады. Басқыншы жаумен кескілескен ұрыстарда қамал бұзған батырдың тұлғасын елестетеді.
қарт қожақ — қайырымды батыр, жастарға аталық мейірім көрсеткен, олардың бақытты болуына тілектестік білдірген адам. Оның адамгершілігі Ақшаханнан да асып жатады. Ақшахан өзінің жалғыз баласы Ақжүніс жөнінде
каталдық, мейірімсіздік жасап, оны өлімге қияды. “Кімде-кім қызымды қуып жетсе, сол алсын; қуып жетіп өлтірсе, кұны жоқ болсын”,— деп үкім шығарады. Сұлу қызды қүшуға Карт қожақ та желігеді, баяғы жастық шагын есіне түсіріп, хан сарайын тастап қашқан екі жасты іздеуге аттанады. Бірақ Тарғын мен Ақжүністің бір-біріне сүйіп қосылған жас-тар екенін біледі де,алғашқы ойынан тез қайтады. Сондықтан да ол Тарғынның өзін атпай, қорамсағын атып түсіреді, жас батырды өлтірмейді, есіркейді. “Тарғынды Ақжүністің теңі және ноғайлының мықты батыры деп түсінген қарт қожақ,— дейді әдебиетші ғалым қ. Жұмалиев, — Алғашқы бетте “Ақжүністі аламын” деп қызумен шығып қалса да, тап өлтірер жерге келгенде, екеуін де аяйды, өлтіруге көзі қимайды. Өйткені бірі — ноғайлының найза ұстар батыры, екіншісі — аяулы аруы. Тарғынның орнына қалмақ, не басқа бір жауларының бірі болса, қожақ оғын емес, өзін атқан болар еді. Онда ол елін жауга айырбастап, қара басының қамын ойлаған қызды өлтіріп қайтар еді. Бұл жерде де елдік идея айқын, тентек үл мен ерке қыздың әдетті аттауын ноғайлының қарт батыры кешіреді. Батасын беріп, оларға жол болсын айтады” .
қарт қожақтың жырға жағымды кейіпкер ретінде қосылуының бір себебі осындай. Бұл ретте ол халық қадірлеген және ханнан да артық саналған батыр болып жырланады.
қарт қожақты жағымды кейіпкер бейнесінде ала отырып, оның ксйбір мінездерін халық жыры ашу-зілі жоқ әзіл-ос-паққа айналдырады. Мүны ол кекетіп емес, қарт адамның мінезін күлдіргі етіп көрсету үшін алады. Мәселен, алпыс беске келген қарт батырдың қыз дегенде делебесі қозуын, оның Ақжүніске айтатын ебі жоқ сөздерін жыр майда-шуақ күлкі түрінде келтіреді. Ол өзінің сөзінде: “Сен неге жылайсың? Мені қарт деп жылаймысың? Иә болмаса, жаман деп жылаймысың?… қарт та болсам, мен. жек көретін қарт емен! Ешкімнен кем емеспін! Ссн бүйтіп жылай берме, тұр, жылама! Бетіңді аш! Маған көрсет: бетіңді, бойыңды да, қабагынды да; жараса, аламын. Егер бір жерің жарамаса, алмаймын”,— дейді Ақжүніске. қарт қожақтың осы бір сөздері оның батырлық бейнесін кемітіп тұрған жоқ, қайта қарт адамга тән мінезді зілі жоқ күлкі ретінде әжуалап, әзілдейді. Мұнымен оның образы ұлғая түседі, жаңа бояу табады.
1-қ.Жумалиев, жогарш аталтн окульиы
ХАНЗАДА Жырдағы ең жағымсыз кейіпкер — Хан-
зада. Ол халыққа зұлымдық жасаушы,
арамдық әрекеті, әділетсіз ісі шектен асқан
хандардың бейнесін елестетеді. Бүл ретте оны залымдық
пен жауыздықтың, алдампаздық пен қорқаулықтың, ұяты
жоқ екі жүзділіктің жинақталған образы деуге болады.
Ханзада ел талауды, бөтен елдің байлығын қолға түсіруді көздейді. Бұл мақсаттарын жүзегс асыру үшін Ханзада әр түрлі айла-амал қолданады. Ол айлакерлікпен Таргынды да өз қармағына іліктіреді. Шаған бойындағы қалмақтардан ата мекенімізді қайырып әпер дегендс, оны ол халық қамын ойлағандықтан емес, өз қамын көзде-гендіктен айтады. Ханның бүл сөзіне түсіп қалған Тарғын аңғырттық жасап, белгілі мөлшерде ханның шабарманына айналады.
Ханзаданың ойы — кісі еңбегін, кісі күшін пайдалану. Өз тапсырмасын орындатқаннан кейін, оны орындаушы кісілерден келешегі,-хал-жайы қандай болатынына Ханза-даның жүмысы болмайды. Ханзаданың тапсырмасын орындап келе жатып, Тарғын белінен шойырылады, мертігеді. Бірақ, айлалы хан жаралы батырды осы түста мықтап алдайды: “Бір-екі күнде қайтып келемін”,—деп Тарғынды тақыр жұртына тастап кетеді, айтқан уәдесінде түрмай, екі жүзділік жасайды. Ханзаданың алдауына түсіп қалғандығын Тарғын соңынан ғана түсінеді. Мұны ол ызалы күйзеліспен еске алып:
Атаңа нәлет, ақсүйек, Елемеді өзімді, Сыйламады сөзімді, Жаудыратып көзімді— Тастап кетті жұртына Бір мертілген бел үшін. Белімнен басқа жарам жоқ,
Ауызга жерге асым жоқ, Біреу қайырылып келмейді, Не1 болғаным білмейді, Ер Тарғынды көрмсйді, Атаңа нәлет, ақсүйек, Ойлап-ойлап қарасам, Ханзада ханнан сараң жоқ,-
деп қапаланады, ханға деген зілді кегін шертсді, өзіне осындай опасыздық жасаған ханға қаћарың төгеді; оған халық қарғысын айтады. Тарғынның осы сөздсрімен жырда Ханзаданың сұрқиялық бейнесі ашыла түседі.
Ханзада Тарғынды бір емес, бірнеше рет алдайды. Мертіккен белі орнына түсіп, Тарғын хан ордасына қайтып келгенде, Ханзада әр алуан зымияндыққа салынып, батырдан кешірім сұрайды. Айыбына қызын бермек тс болады. Оның алдауына Тарғын бұл жолы да түсіп қалады, ханмен келісімге келеді. Осы кезде сл шетіне жау кіріп, шабуыл
жасайды. Оған қарсы барарлық батыр — тек Тарғын. Бұл жайды түсініп отырған Таргын ханның емес, халықтың на-мысын қоргамақ болып, жауға қарсы аттанады, жауды жеңіп, ноғайлы елін басқыншылардың шабуылынан құтқарады. Осы арада Ханзада тағы да сертін бұзып, уәдесінен танады. Тарғынға қызын бермек түгіл батырды мазақ етеді. “қожа мен төре тегінен шыққан адам емес екенсің, енді саған қызымды бермеймін”,— деп, Тарғынды кемітеді. Екеуінің арасында әлеуметтік тендік жоқ екендігін ескертеді.
Ханның мұндай қорлығына шыдай алмаған Таргын ашу-ланып, кетіп қалады. Оның бұл кетісінен үрейленген хан мен оның сыбайластары _қатты сасады да, сол кезде жасы жүзден асқан Сыпыра жырауга сөз салады, батыр мен ханды келістіруді өтінеді. Ханның әрі ақылшысы, әрі жыр-шы-жырауы болған Сыпыра жырау Тарғын мен Ханзаданы татуластырады. Сыпыра жырау, бір жагынан, ханын сы-найды, өтірікшілігін айтып бетіне басады; екіншіден, Тарғынды да сынайды: “Бір қыз үшін ел-жұртыңды тастап кетудің ер басыңа келіспейтін іс”,— дейді. Сөйтіп, ол хан мен батырды ымыраластырып табыстырады. Бұл арада, қазақәдебиетініңтарихынзерттеушілердәлелдегендей , Сы-пыра жырау хандық үстемдіктің қаймағы бүзылмауын қарастырған адам болып шыгады. Жыр Сьшыра жыраудың да өз табының мақсатын көздегенін көрсетеді.
Ханзадамен табыса тұрса да, Тарғын одан кетіп қалады. Ханның қасында қалудан пайда жоқтығын аңғарады. Оны Тарғынның:
Иірімі жоқ суларға Иірілген шабақ не табар? қайырымы жоқ сұлтанға Ерген нөкер не табар?—
деген сөзінен көруге болады. Жалпы алғанда жырда Тарғын бірде өз елінің ханымен дс, кейін Ақшаханмен, одан соң Ханзадамен де сырттай болмаса, іштей жақындасқан адам болып суреттелмейді. Хандардың залымдық істерін білісімен-ақ, Тарғын олармен сыйысып түра алмайды, бойын аулақ салады. Бұдан халықтың Тарғын арқылы хандарға берген бағасы да, көзқарасы да айқын көрінеді.
ТАРЛАН Батырлар жыры ел қоргау жолында ба-тырға көмекші болған, қызмет еткен ______ түлпарларды сүйсіне жырлайтындығын,
1. С Муқанов. қазақтың ХУІН-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынап очерктер, 1942; Айтыс (жинақ), 1942;Е Ысмайылов, Ақындар, 1956.
“Ер қанаты — ат” екендігін өткен тарауда айтқанбыз.
Батырлар мінетін тұлпарларға біткен қасиеттер Тарғынның Тарланында да бар. Тарлан — батырға көптен жолдас болған және оны батырдың өзі бағып, өзі өсірген тұлпар.
құлын емдің, тай емдің, құнан жаста арда емдің. Дөнен жаста үйреттім, Алты қабат ала арқан Жібектен өріп сүйреттім… Алты жаста ақтаттым,
Алшақтаттым, ойнаттым. Жеті жасқа келгенде, Арпа, бидай асаттым. Жер дүңкілдеп желгенде, Дұшпан көзі қорықты,—
дейді Тарғын. құлынынан өз қолында өсірген, өзі үйрет-кен Тарлан батырдың сенімді досы есебінде қызмет атқарады, батырмен бірге ел қорғау ісіне араласады, жорық жолда-рының ауыртпалығын иесімен бірдей көреді. Тарғын мертігіп, ауыр күйде түскенінде қапаланған кезінде батыр көп жылдар жолдас болған тұлпарымен аса қатты ар-дақтағанын білдіреді. Кейбір жағдайларда Тарлан біреудің келе жатқанын пысқырумен, алқынып терге малынатын кезі болса, тарпынуымен батырға сездіріп те отырады. Тұлпарына сыр мінез болған Тарғын Тарланды осынысы үшін де жоғары бағалайды, оның сырт сипатына да сүйсініп қарайды.
От орнындай, тұяқтым, Омыртқаң бар отаудай… құйрығыңа болайын: қынаптан шыққан қанжардай! Жалыңа сенін болайын Күлтеленген жібектей! Шықшытыңа болайын: Орылып жатқан көбектей! Кұлағыңа болайын: Көлге біткен құрақтай!
қабағыңа болайын: Кара албасты кабақтай! Сағағыңа болайын: Піскен алма сабақтай! Екі көзіңе болайын: қорқыт жаққан шырақтай! Танауыңа болайын: Түбін алған шелектей! Омырауыңа болайын: Еділден шыққан аңғардай!—
деп жыр Тарланның суретін көз алдына әкеледі. Мұндай тұлпарға тек батыр емес, жырды тыңдаушы да сүйсіне, құмарта түседі. Тарлан секілді тұлпарлар ел қорғау үшін ғана емес, күнделікті тұрмыста да аса маңызды екенін аңғартады.
ЖЫРДЫң “Ер Тарғын” — өзінің құрылысы, сюжеті,
ңҮРЫЛЫСЫ, оқиғаны баяндауы . жағынан көркем,
ТІЛІ қызықты жыр. Жырдың оқиғасы бас
кейігасер Таргынның, ерлік істерін суреттеу
арқылы дамып, өсе, үдей береді. Жырдың оқиғалары бірімен-бірі тығыз байланысып, шарықтау шегіне жеткенге пейін бірінен соң бірі тізбектеле айтьшады, бір оқиғадаң екіншісі туып отырады. Жырға қосылатын әңгімелердің бәрі де Тарғынның іс-әрекетімен байланысты ал ынады. Таршнның торгауыттарымен соғысы, Ақжүністі алып қашуы, қарт қожақпен кездесуі, қалмақ басқыншыларымен, күресі, т.б. жайындағы әңгімелердің бәрі де Тарғынга байланысты жыр-ланады. Оқиганы осы ретпен баяндау жыр құрылысындағы негізгі бір ерекшелік болып табылады..
“Ер Тарғын” жырының құрылысын, өлендік қасиеті мен көркемдік тілін зерттеген әдебиетші ғалым қ.Жүмалиев бүл жырдың өзіне тән екі ерекшелігі барлығын атап көрсе-теді: “Басқа жырлармен салыстырғанда,— дейді ол,— айтай-ын деген ойды, суреттейін деген құбылысты асқан шеберлікпен беруде “Ер Тарғын” жыры, біріншіден, дамыту әдісін; екіншіден, шендестіруді мол қолданады және шен-дестірудің жай түрін емес, ұлғайған, күрделі түрін жасай-ды” . Жырдың бұл ереКшеліктері адам образын жасауынан, сөз тізбегінен айқынырақ байқалады. Мәселен, жыр Ақжүністің келбетін:
… қара жерге қар жауар, қарды көр де етім көр. қар үстіне қан тамар, қанды көр де бетім көр…
деп суреттейді, арасы алшақ екі нәрсені шендестірумен, үшінші бір ұғым тудырады. Ақжүністің қарт қожақты си-паттауында да шендестіру әдісі қолданылады. қарт қожақтың бес жасынан бастап, алпыс беске дейінгі өмір жолына шолу жасайды. Отыз бес — қожақтың батырлық күші ке-меліне келген кезі болса, алпыс бес — шал болған шағы. Жыр бір адамның жас мерзімін әр кезеңге бөлу, оларды бір-біріне қарама-қарсы қою негізінде шендестірудің күрделі түрін тудырады.
Тарғынның Домбауылға және оның әскерлеріне қарсы шабуыл жасайтын жерін суреттеуде немесе Тарланды си-паттағанда небір әдемі теңеу, эпитет, метафора, әсірелеу, т.б., қысқасы, көркем тілдің әр алуан түрлері жиі кездесіп отырады. Бұлардың бәрін жыршы ақын жыр оқигасын да-мыту, үдете айту үшін қолданады. Осы ретпен Тарғынның ұрысқа енуі, жауларымен алысуы, Тарланның шабысы, нөсерлеген жүрісі суреттеледі. Тіл байлығын жыршы өте .Жұмалиев. Казақәдебиеті (оқулық), 1949;қазақәдебиетнің тарихы, Ітом, 1960.
шебер пайдаланады. Жауға қарсы Тарғынның аттанған кезінде, Тарланның алғашқы жүрісі:
Өзінен-өзі зырлаған,
Басын тартса, болмаған,
Көк айыл болып көпірсе,
Алты басып аттауға —
Айшылықты ойлаған,—
деп суреттейді. Он екі күнге созылған ұрыс-жорықтардан кейін Тарланның:
Етектейін еріннен, Екі елісі қалыпты. қиған қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты, Жалбыраған жалынан, Жалғыз қарыс қалыпты,
дегенше қарағанда, тұлпардың соңғы жүрісі әлсіреп кеткендеи болып көрінеді. Шынында, олай емес. Бұл арада әлсіреу жоқ, әсірелеу түрінде берілген даму, үдеу бар. Етектейін еріннен екі елісі қалыпты, жалбыраған жалынан жалғыз қарыс қалыпты деуі он екі күн бойына ат қимылының қандай күшті болғандығын көз алдына слестетеді. Жыр-шы-ақын соғыс үстіндегі ат қимылын осылай суреттеп, ша-рықтау шегіне жеткізеді.
қорыта келгенде, “Ер Тарғын” — халықтық сипаты көркем жыр. Ертеден келе жатқан мәдени мұрамыздың бірі.
“қАМБАР БАТЫР”
қазақ еліне көп уақыт бойына шабуыл жасағандар қалмақ басқыншЬІлары болғандығы жоғарыда айтылған еді. Шетелдік шапқыншылардың қанды жорықтарына қарсы асқан ерлікпен күресіп, одан ел-жұртын қорғаған, халқына айбар болған батырлар жайында ел арасында талай әдемі әңгіме-жырлар туған. Халық бұл алуандас шығармаларында өзінің батыр ұлдарын, олардың ерлік істерін ардақтап көрсеткен.
Осындай ел қорғау, халыққа қамқор болу жолында жа-салған ерлік істерді жырлау негізінде шығарылған және ха-лықтық сипаты мол көркем жырдың бірі — “қамбар батыр”. Бұл жырдың басты идеясы — халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туган. Сондықтан да, жырда әңгіменің осы жағы баса айтылады, соған көп көңіл ауда-рылады. Батырдың ең негізгі міндеті: шетелдік шапқыншылар шабуыл жасай қалған кезде жауға қарсы аттану, оны талдап гуеңу, ел-жұртын қорғап алу екендігі көрсетіледі. Екіншіден, бейбітшілік кезде батырдың міндеті: халқына
адал еңбегімен қызмет ету, халықты асырап-сақтау, жәрдем-көмегін беру екендігін суреттейді.
ЖЫРДЫң ЖИНАЛУЫ ЗЕРТТЕЛУІ қамбар батыр” — қазақ еліне ерте кездің , өзінде-ақ
тараған жыр. Оның негізгі бір нұсқасын Бектемір деген жырау айтқан. Біздің пайдаланып жүргеніміз де жырдың осы варианты.
“қамбар батыр” жыры алғаш рет 1888 жылы қазан қаласында басылып шықты. Оны Ш.Хұсаинов бастырған. 1903 жылы бұл жыр “Тоқсан үйлі тобыр” деген атпен қазанда, ағайынды Каримовтардың баспасында, қайта ба-сылып шықты. Бүдан кейін ә.Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырды. Содан бері “қамбар батыр” жыры бірнеше рет (1932, 1939) баспа жүзінде жарияланды және оқу хресто-матияларына еніп отырды.
Жырдың жұртқа таныс вариантын 1940 жылы Г.Вла-димирский орыс тіліне аударды. Онысы “Песни степей” деген жинақта жарияланды.
“қамбар батыр” жырының бүдан басқа да ел арасына тараған және осы күнге дейін ауызша айтылып жүрген варианттары бар. Мәселен, 1906, жылы сол кездегі ғалым В.Карлсон “Оренбургский край” (“Орынбор өлкесі”) га-зетіне жазған мақаласында “қамбар батырды” жырлаган бірнеше ақынды атайды жәнс оның ішінде ең айтқышы қазақбай деген ақын еді дсйді. Жъірдың тағы бір варианттары әдебиетжурналында басылды. Ал Шашубай ақын жырлаған варианты оның “Сөйле, Шәшеке” атты жинағына енді. Журналға басылғаны болсын, Шашубай айтатын варианты болсын, сюжет жағынан жұртқа таныс “қамбар батырдан” алыстап кетпейді.
қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының әдебиет институтының қолжазба фондысында “қамбар ба-тыр” жырының үлкенді-кішілі бірнеше варианты бар. Со-лардың ішінен 1959 жылы “қамбар батыр” деген атпен бір жинақ қүрастырылып жарыққа шықты.
“қамбар батырдың” варианттарында өзара аздаған айырмашықтары болғанымен, олар жырдың негізгі идеясына нұқсан келтірмейтіндігі байқалады. Бәрінде де басты
1. В.Карлсон. Народные певцы-киргизы в архивной комиссии газ. “Оренбургскийкрай”,№62, 1906.
^ 2. “әдебиетмайданы”№12,1935,“әдебиетжәнеискусство”,журналы,№ 7-8,1940
•* З.Шашубайқашқарбаев. “Сөйле, Шәшеке” (өлеңдер жинағы) Алматы, 1942.
кейіпкер қамбардың ел қорғаудағы ерлік істері, қарамағындағы ел-жүртын асырап-сақтауы, оған адал қызмет етуі айтылады.
Революцияға дейін “қамбар батыр” жырын зерттеуге арнап жазылган ғылыми еңбектер болған емес, тек кеңестік дәуірде ғана бұл жыр жайында біраз мақалалар, зерттеу еңбектері жазылды. Осылардың бәрівде “қамбар батыр” жыры нағыз халықтық, көркем жырдың бірі деп бағаланды.
КАМБАР Жырдың халықтығы, ең алдымен, жырда-ғы оқиғалардың еңбекші шаруаның тұрғы-сынан баяндалатындығынан, басты кейіп-кердің ісәрекетінен көрінеді. Егер басқа жырларда батыр образы көрінсе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, батыр жырдың өне бойына көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстап жүрсе, олардан қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Жырда қамбар ең алдымен шаруа адамы, еңбек ері бейнесінде алынады. қамбардың еңбекші халық ортасынан шыққан ер-азамат, патриот ұл екендігі аңгартылады. Ол — мынды айдаған байдың мырзасы емес, өзінің еңбегімен кәсіп еткен шаруаның өкілі. Адал еңбегімен ер аттанған, “ерлікті елден асыраган, еңбекке белді башшған” адам. Сондықтан да оны халық жыры еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері етіп көрсе-теді. Бұдан еңбекші халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да, халықты асырап-сақтайтын еңбек ерлерін де ардақтайтындығы, олар жайында да батырлық жырлар тудырғавдығы байқалады.
Халық жырының алғашқы бөлімінде қамбар “алпыс үйлі аргынды, тоқсан үйлі тобырды” асырап сақтаған еңбек ері бейнесінде алынады. Бүкіл ауыл-аймағы қамбардың қолына қарайды, олардың бас көтерері де, сенгені, сүйгені де қамбар болады. Мұны түсінген қамбар өзінің ада І еңбегімен кәсіп етеді, аң аулайды. қарамағындағы ел-жұрты І басқыншьшық жолымен, бөтен елді шауып алу жолымен емес, өзінің адал еңбегімен, аңшылықпен асырайды. Халық мұны батырдың ерлік еңбегі деп таниды. Екіншіден, алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды асырап сақтау қамбардың еңбек ері екендігін көрсетсе, неше түрлі жыртқыш аңдарды, соның ішінде жолбарысты жеңуі, қамбардьщ күшті батыр-лыны деп бейнелейді. Халық ұғымьшда жолбарыс асқан қайраттың, алып күштің бейнесін (символын) білдіретін.
I 4. М.әуезов, С.Муқанов, қ.Жумалиев, ә.Маріулан,Б.Кенжебаев, Т.Сы-бы^ов,т.б.жоғарыда,аталған,еңбектерін,қараңыз.
266
Ендеше Сол жолбарысты қүйрығынан ұстап лақтыруы қамбардың аса мықты батыр екендігін дәлелдемек.
қайда жүрсе де “ең бірінші міндетім халыққа қызмет ету, қарамағымдағы ел-жұртты асырау” деп түсінген қамбар жел көңілдікке салынбайды. Ол қара бастың мүддесінен халық мүддесін жоғары қояды. қамбарға ғашық болған Назым батырмен сырласудың жолын іздейді. Бірақ, оған қамбар алданбайды, көңіл бөлмейді.
Осыған көңілім бөлініп, Үмытып кетсем жүртымды, құдайдың, деді ұрғаны…
дейді. Мұны ол Назымның өзіне де жасырмай айтады:
құс етін беріп бағамын, Үйдегі екі кәрімді. Оған да назар саламын, Кабатыма аламын— Алпыс үйлі арғынды.
Сеніменен ойнасам, Айналар ісім қиынға. Айыпқа мені бұйырма, Айтамын, Назым зарымды!
Назымның гашық екенін біле түрса да, қарауындағы көпшілік жайын және оларды асырап-сақтап отырған өзі ғана екенін еске алған қамбар қыздың тілегіне көңіл қоймайды. Бүдан, әрине, қамбарды махаббат сезімі жоқ деген үғым тумайды. Ондай сезім қамбарда бар. әйткенмен, ол ер-азаматтың бірінші борышы халыққа қызмет ету деп түсінеді. “Мен Назымға көңіл бөліп, онымен болып кетсем, ел-жұртымның хал-жайы, күн көрісі қиындайды. Маган алғыс айтудың орнына қарғыс айтады”,— деп біледі, Сон-дықтан да ол Назымның ұсынысына бой ұрмайды.
Екіншіден, байлық, дәреже жағынан алғанда, қамбар өзінің әзімбай балаларымен тең еместігін біледі. Олардан ер-азаматтыгы, жігіттігі, адамгершілігі жоғары түрса да, әлеуметтік жөнінен бірдей емес екендігін сезеді. қамбарды Назым сүйгенімен де, әзімбайлар жек көретіндігін, олар “сіңірі шыққан кедейге” қызын тегін бермейтіндігін аңғарады. Мүндай әлеуметтік теңсіздік жағдайда Назымға қосылу мүмкін еместігін түсінеді. Сондықтан да ол Назымға айтқан сөзінде:
қатарыңақарасаң,
Мен емес таңдап тиерің ..
қол үстасып, қыз Назым,
Уәде қылсам, сенімен,
Вір жаман келіп малы көп—
Алып кетсем, айрылып, Абыройым ашылар, қайғыменен басылар, Ат басындай жүрегім,—
дейді. Сондықтан да ол Назымға алаңдамай, қарамағындағы көпшіліктің қамын ойлаумен болады. Мұны халық жыры
батырдың бейбітшілік кездегі басты міндеті, халыққа адал кәсібімен қызмет еткендігі деп біледі.
Ал, ел шетіне жау келгенде, халық намысын қорғау үшін қамбар ерлік іске бел байлайды. қалмақ ханы қараманның қалың қолмен келіп қамап жатқанын ноғайлы елі қамбарға Жәдігер арқылы хабар етеді, қараманның бұл қылығына ыза болған қамбар:
қамбар айтты: Жәдігер… Жұрт үшін белді буайын.. Асырып белден қуайын, Халқыңыз қапа болмасын, Есен барса жолбарысың
Сындырамын дұшпанды! әзімбайдыңақымақ, Алты итіңе, өкпелеп, Жаманның ісін қылмайын,
дейді де, басынған жауға қарсы күреске аттанады. Бұл сырт қарағанда, қамбардың әзімбайды қорғамақ болып май-данға аттануы секілді болып көрінеді. Шынында, олай емес. Ел дегенде ерінбей қызмет ететін қамбар ел-жұртын қалмақ басқыншылары қамап, қысымға алып жатқан шақта, бір кезде әзімбай балаларының қорлап тіл тигізгенін де ұмытады. қамбар әзімбайды емес, ел намысын қорғау үшін аттанады. Жаудан елді аман алып қалу — әзімбайлардың қолынан келмейтіндігі, ол — халықтың ғана қолынан ке-летшдігі жырда ашық айтылады.
қамбар жауға тілдескенде де адамгершілік жасайды. Ол қалмақ ханы қараманға:
Сіз бенен біз жауласып, Жаманньщ ісін қылмайық, қалаңа қайт, қараман…—
деп, текке қан төгудің керек еместігін ескертеді. қамбардың бүл сөзін қараман қабыл алмайды. Сонда:
қамбар айтты: қараман, Мықты болсаң, жеке кел… қасыма таман жақында, қырғи ілген торғайдай,
Мойныңды жұлып алайын. Кан ағызып көзіңнен Басыңа сауда салайын,—
деп, жекпе-жек үрысқа шақырады. Сол арада екі батыр алысқа түседі. Халқының намысы үшін басқыншы жауға қарсы жекпе-жек күреске шыққан қамбар қараманды жеңеді, қайраты мол батыр екендігін танытады.
Ел намысы үшін майданға аттанған қамбар басқыншы жауларын қиратып жеңеді де, халықтың алгысын алады. қамбардың бүл батырлығына сүйсінген халық сол жерде әзімбай сияқты үстем тап өкілдерінің қолынан ештеңе кел-мейтіндігін сықақтап, халық арасынан шыққан қамбар сияқты батырды ерекше басым етіп көрсетеді. Сөйтіп, байлығына, дәрежесіне мастанған әзімбай және оның ақымақ балалары көпшілік алдында масқара болады да, халық батыры қамбардың аяғына жығылады.
Жырда қамбардың батырлық түлғасы Алшыораздың сөзімен де сипатталады. Ол өзінің ақьшсыз ағаларына қамбар туралы былай дейді:
Алшыораз айтты: ағалар, Сүйінбе малдың көбіне… Екі талай іс болып,
Ат құлағы теңессе, Паналарсың тығылып, Осының барып жеңіне,—
Алшыораздың бұл сөзінен қамбардың ел қорғау ісі қолынан келетін мықты батыр екендігі ғана көрінбейді. Мүнымен қатар, мұндай ерлік іске әзімбайдың есерсоқ ба-лалары бара алмайтындығы аңғартылады.
Жырда қамбар образы жау адамдарының іс-әрекеті, сөзі арқылы да толықтырылып отырады. қараман мен Келмем-беттің қамбардан сескенуі, қорқуы, одан қауіптенуі батыр образын ұлгайта түседі.
Сөйтіп, жырда қамбар образы өте әсерлі болып жа-салған. қамбардың ерлік еңбегін, ел қорғаудағы батырлық істерін сүйсіне жырлаған халық бейбітшілік кезінде де, басқыншы жау шабуылдаған кезде де жұрт үшін аянбай күресетін ер-азамат қамбардай болуын арман еткендігін білдіреді. Соны үлгі түтады.
НАЗЫМ МЕН АЛШЫОРАЗ әзімбай балаларының ішінен бөліп алып,
жырдың жағымды кейіпкер бейнесінде су-реттегені — Назым мен Алшыораз. Бұлар-дың жағымды кейіпкер болуы — тоқсан үйлі тобыр арасынан шыққан қамбардың адамгершілігін, ел үшін жасаған ерлік істерін дұрыс бағалай білуінде.
Алты ағаның ортасында ерке өскен Назым өзіне тең жар-жолдас іздегенде мывды айдаған байдың мырзасына көз салмайды. Ол жұрт мақтап, халық қадірлеген қамбарға көрмей түрып ғашық болады. Көк жорғамен жігіт тобын аралағанда, бірде-бір жігіт оған үнамайды. Оның ойы, есі-дерті — қамбарда. Жиналған жігіттердің арасынан қамбарды кездестіре алмаған Назым:
Жақсы көріп жүр еді, Мақтауын естіп білгелі, қандай түрлі екенін
Көзімен көріп білмеді,
Сұлу да қайтты үйіне
Ер Камбар болып сүйгені,—
дейді. Сондықтан да ол жүрт мақтауымен өзі сырттай ғашық болған қамбарды қайтСе де кездестіруді арман етеді. әр түрлі амал жасайды, бірақ оған қамбар көңіл аудармайды. қамбардың мұнысы өзінен басқа сұлу, ақылды қыз жоқ деп білетін Назымға қатты батады, қүмары арта түседі. қамбармен сөйлесу, оған қосылып жар-жолдасы болу На-зымның үлкен арманына айналады. Халық жыры Назымның бұл әрекетін, қамбарды сүюін, қара басының қамын ойлағандық немесе балалық деп кінәламайды, қайта оны құптайды; халық ардақтаған батырды қадірлегендік деп біледі. Бұл ретте жыр Назымды ақылсыз, дарақы агаларына қарсы қояды да, олардан Назымның ақыл-ойы артық екендігін көрсетеді.
Назымды жақтаушы Алшыораз ғана. әзімбай балалары-ның ішінде ақылы бар естісі де, алды-артын байқайтыны да —осы Алшыораз. Жыр оны ақылды, өжет, намысқор, белгілі мөлшерде батырлық ісі бар адам етіп суреттейді және оны қабыршақ, Дараз, қораз, қарымсақ секілді ағаларына қарсы қояды. қарымсақтар Назымды қамбарға қосу былай тұрсын, батырдың Назыммен сөйлескенін де көре алмайды, оны “сүйек сындырғандық, қорлап ба-сынғандық” деп біледі де:
қорлағаны емес пе, Жалаң аяқ жарлының Жүргені бізге жақындап?… Ақ семсерді қолыңа ап, Маңдайын жарып, басын шап,
Жерге тұссін мойыны, Келеді кіммен ойыны, қызға таңсық мырзаның қылышпенен көңілін тап,
десіп айқай-сүрең шығарады. Мал мен байлығының көптігіне мастанып, бақ-дәулеті өмір бойына кетпейді деп түсінетін ағаларының топастығын Алшыораз олардың бетіне басады. “Екі талай күн туа қалса, паналайтының қамбар”,— дейді де, қамбардоен жақывдасуды, оған өзінің теңі деп Назымды қосуды ұйғарады:
қарындасың кем болмас, Батырдың түссе жеміне. Ағайынмен ойласып, Назым жанды қосайық. қаласа құдай теңіне…,—
дейді Алшыораз.
қалмақ ханы қараман әзімбайға кісі салып, Назымды сұратады: “Берсе қолынан, бермесе, жольшан”,— дегенді айтып күш көрсетеді. Осы кезде бастығы әзімбай және оның батырсынып жүретін ақылсыз балалары жау аягына “қүлдық” деп жығыла кеткен шақта, қараманға қарсылық білдірген тек Алшыораз болады. Ол қалмақ ханының ба-сынғандығына намыстанады да, қараман жіберген құдаларды соққыға ждоғып қуып жібереді. Бұл істің ақыры насырға Іпабатынын және жалғыз өзі қараманға қарсы қайрат көрсете алмайтывдығын біліп, ақылмен жол табады хал-жайын айтып, қамбарға Жәдігерді аттандырады, батырдан күш-көмек сүрайды. Мүның бәрі Алшыораздың ақылы, на-мысы бар, өжет, ер жігіт екендігін сипаттайды. Сондықтан да оны халық жыры осы ісі үшін де “намысты нанға сатпаған” ер азамат деп қүрметтейді. қамбар келіп, қараманға қарсы күреске шыққанда Алшыораз да ерлік көрсетеді. қамбарга қосылып, жау әскерлерін қуысады. Бүл ретте» де халық Алшыораздың ерлігі бар, ақылсыз ағаларынан әлдеқайда ар-тық адам деп жырына қосады.
әЗІМБАЙ Жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі — әзімбай. Ол — кісі еңбегімен мал жинаған, соған масаттанған, бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нәрсе келмейтін қорқақ адам.
әзімбай образы халық жырында екі түрлі мәселенің бетін ашу үшін алынған. Біріншіден, әзімбай арқылы халық жыры езуші мен езілушінің арасындағы таптық жайларды елесте-туді, оның ерте заманнан келе жатқандығын аңғартуды көздейтіндігі байқалады.
Басқа жырларға қарағанда, таптық қарым-қатынас “қамбар батыр” жырында ашығырақ көрінеді. Мұны ол ең алдымен әзімбай образы арқылы, оның халықты менсінбеушілігі мен тәкаппарлығын суреттеу арқылы еле-стетеді. Езуші таптың өкілі ретінде алынған әзімбай байлық, сән-салтанатына масаттанады, еңбекші халықты менсінбейді, оған жиіркене қарайды. Ол Келмембетке айтқан сөзінде:
Ертелі, кеш шүбырып, қонады мейман ағылып, Кедейлер мені көрмесе,
қалады,— дейді,— сағынып; Отымның басын бермейді, Іздеген жоғы табылып,—
деп, халықты кеміте, жамавдай сөйлейді. Бүдан езуші таптың еңбекші халыққа қалай қарагандығы айқын көрінеді. Екіншіден, әзімбайды халық жыры “екі талай күн туғанда” елге пана болатын кім -екендігін көрсету үшін алады. әзімбайлар байлығына сүйеніп күпілдегенімен де, ел басына қиыншылық түскен кезде, басқыншы жау келіп, қамауға алған шақта қатты сасады, қайрат көрсетіп қарсы түрарлық күш таба алмайды. қайта, жаудың аяғына бас үрып жалына бастайды, жан сауғалайды. Мүндай жағдайда ерлік жасайтын тек халықтың өзі ғана. қандай қиыншылықтар болса да, қандай жау келсе де оларға төтеп беретін, талқандап жеңетін халық, оның қаћарлы күші екендігін жыр тарихи шындық тұрғысынан баяндайды. Бұл ретте, жыр еңбекші халықты езуші тапқа қарама-қарсы қойып, салыстыру жасайды да, халықтьщ сарқылмас күшін, батырлық бейнесін сипаттайды, қоғам тірегі халықтың өзі деген қорытынды шығарады, әзімбайлардың қолынан ондай ерлік іс келмейтіндігін бейнелейді.
ңАРАМАН МЕН “қамбар батыр” жырында негізгі жағымсыз
КЕЛМЕМБЕТ кейіп-кер ретінде алынғандар — қараман
мен Келмембет. Бұлар ноғайлы-қазақ еліне
талай рет шабуыл жасап, жорық ашқан,
халыққа қан жұтқызған қалмақ басқыншыларының өкілі
ретівде суреттеледі.
қараман мен Келмембет образын жасауда да жыршы ақын асқан шеберлік көрсетеді. Бұларды жау адамдары ретінде ала отырып, әрқайсысының өзіне тән іс-әрекетін, мінез-құлқын даралап сипаттайды, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері барлығын айқындайды.
қараман — әрі батыр, әрі ел билеген хан. Ол көрші елдерге күш көрсетуді, ығыстырып ұстауды, зорлықпсн бағындырып алуды мақсат етсді. Бұл ретте қараман өзінің күшіне сенеді; қарсыласқан дұшпанын “жүндей түтемін” деп асқақтап жүреді. әзімбайдың аулына құда болып, На-зымды қараманға айттыру үшін барған Келмембет соққы, көріп қайтады. Бұған қараман қатты ашуланады да:
Ерегіскен кісінін… Етін итке жегізіп, Сүйегін өртеп, жағайын… қазықтай жерге қағайьш,—
деп қаћарланады. Ол бүл мінезін қамбарға да көрсетеді. қамбарды да қорқытьіп, қорғалатпақ болады. қамбарға айтқан сөзінде:
Өлтірейін деп едім, Кешіксең, келмей осыдан,—
дейді. Бірақ жекпе-жек ұрысқа келгенде, күшіне, күйітілігіне сенген қараман қамбардан жеңіліп қалады.
Сөйтіп, халық жыры қараман образы арқылы шапқыншылықты мақсат еткен, зорлық жасап дәрежеге же-туді көздеген басқыншы жаудың іс-әрекетін сипаттайды. Мұндайлар қаншама мықты болғанымен, оларды әділ іс үшін күрескен батырлар жеңетіндігін аңғартады.
қараманмен қатар, жырда Келмембет суреттеледі. Ол қараманның атарман-шабарманы, қол шоқпары ретінде алы-нады. Келмембет қарсы адамдарын көбінесе сөзбен ьіғыстырып алуды көздейді, күш көрсете, айбат шеге сөйлейді. Бірақ, ол мұнысын әлсіздерге жасайды, өзінен күштілерден қорыққанда құрдай жоргалайды. Ол — ыгыстырар жерін де, ығар жерін де аңғара білетін айлакер адам. әзімбайға асқақтап келеді; әзімбайдың сл қорғауға жа-рамайтынын және қараманға қарсы күресс алмайтындығын біледі де, шірене сөйлейді, шаңыраққа қобыз ойнатуга ты-рысады. Ал қамбарға айтар сөзін жеткізе алмай, батырмен жүздесіп сөйлесуден қорқып, тек ат үстінен ғана айбар жасайды. қамбардың кескінінде ашу барын аңгарған Ксл-мембет:
Келмембет қорқып сасады, Шапшан жүр, — деп, — шырағым, Кейін қарап қашады. Тағы да ұстап алар деп, Дөңгелетіп жорғасын Бауырлап қамшы басады,—
қамбармен дүрыстап сөйлесуден қорқып, зәресі үшқан Келмембет, қараманға қайтып келгенде, “Үш күннен қалмай қамбар келстін болды”, — деп өтірік соғады. Оның қорқақ, өтірікші-суайт адам екендігін халық жыры ащы күлкі, мазақ түрінде жырына қосып, Келмембеттің жағымсыз об-разын жасайды.
ЖЫРДЫң қУРЫЛЫСЫ ТІЛІ“қобыланды батыр”, “Ер Тарғын” жырларымен салыстырғанда, “қамбар батырдың” тіпі композициясындағы жырдың өзіне тән ба-сты ерекшелігі — оқиғаны әр түрлі шегініс жасау арқылы жырлауында . Егер “қобы-ланды батырда” оқиға басты кейіпкердің ерлік істерін ба-яндау арқылы үзбей дамып отырса, “қамбар батыр” жы-рында бұл жағдай өте сирек кездеседі. “қамбар батырда” жыршы ақын бір оқиғаны айтып келе жатады да, оны бітірместен үзіп тастап, екінші әңгімесіне көшеді. Оны аяқтамай, үшіншісіне ауысады. Жыр оқиғасын осылай ба-яндау белгілі бір жүйеге айналады. Мұның мәнісі жыр оқиғасын тыңдаушыға қызықты етіп жеткізу, алғашқы әңгіменің кейіннең немен аяқталғанын білуге құмарттыру ниетінен туған тәрізді. Солай бола түрса да, жырды
қазақәдебиетініцтарихы.Ітом, 1948жыл146-бет.
тындаушы болсын, оқушы болсын жыр оқиғасын тұтасынан көз алдыңа келтіріп, елестете алады.
“қамбар батыр” — тілі жағынан аса көркем жырдың бірі. әрбір әңгімені жеңіл тілмен түсінікті, әрі тындаушының есінде қалатындай етіп баяндайды, аз сөзбен көп мағына беріп отырады. Кейде азғантай суретпен үлкен картина-ларды көз алдыңа елестетіп қояды. Мысалы, қамбардың аң аулауға шыққан кезін сипаттауын алайық. Мұны жыр:
Күмістен тағып қарғысын, Соңына ертіп тазысын, Ау қылып қамбар шығады. Касындағы қүмайы Таңынан тартып талайын Тау текені жығады. Таңы айрылып жыртылып, Киік пен жатқан құланы, Ат бетіне қаратпай,
Ақ бөкендей жосытып, Айқайын салып қуады. Ашуменен аямай, Тұлпарға қамшы ұрады. Найзамен өзі шабақтап, Тазысы жетіп, тамақтап, қасап сойған ешкідей, қан сасытып қырады,—
деп суреттейді. Бұл көріністен қазақ халқының ерте кездегі тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі аң аулауға байланысты болғандығы, ол үшін неше түрлі айла-амал қолданғандығы елестейді. Осы ретте, аңшылық өмірді суреттеуі, аң аулауды ерлік деп жырлауы арқылы “қамбар батыр” қазақтың ба-тырлар жырына өзінше бір үлкен жаңа тақырып әкеп қосты деуге болады.
Жырдың көркем тілін сөз еткенде, көзге түсетін бір ерекшелігі — бейнелеу (символ), — дейді проф. қажым Жұмалиев. Расында да басха жырларда күрделі оқиғаны белгілі бір жүйеге айналдырып бейнелеу арқылы сипаттап баяндау кемдеу десек, бұл “қамбар батыр” жырында көп кездеседі, оқиғаны ол көбінесе, бейнелеу арқьшы баяндап отырады. Мәселен, Жәдігер қараманның қалың қолмен келіп, ел-жұртты қамап жатқанын қамбарға айтқанда:
Ойда жоқ жерде ел қашып, Конысымыз тарылды; Кызуына шыдамай Жүрегіміз жарылды. Өртеп кетіп барады, Өзеннің буы қалыңды,
Шарпу жұртқа тиеді, Өшірмесең жалынды… Жердің жүзін сел алды, Бөгетті қайдан саласың: Ағысы жаман теңіздің Тоқтатып қайтып аласың..
деген бейнелеумен білдіреді. Болмаса, Келмембеттің әзімбаймен немесе қамбардың қараманмен сөйлескен сөздерін алайық. Олар да бір-біріне айтайын деген негізгі ойын бейнелеу арқылы білдірген болады. Келмембет:
Саусағы алтын сұңқарға, Ілдірейін деп келдім,
Көлдегі үйрек, қазынды, Алтайы қызыл түлкіңе
Косайын деп ойлап ем, құмай жуйрік тазымды,—
деп, қараманды — сұңқар, құмай тазы бейнесінде, Назымды, __ үйрек, қаз, қызыл түлкі бейнесінде көрсетеді. қамбар қараманның: “Неге кешігіп келдің?” деген сұрауына:
Сұңқардың ілген қазына Бір қарақұс таласып, Жатыр екен өшігіп, Ажыратып екеуін Онан бері жүріп ем, құмай тазы қуалап,
Алған екен ниетпен. Бір төбет ит айқасып қылыпты зорлық есіріп. Ажыратып соларды Жолымнан қалдым кешігіп,
дейді. Мұнда қамбар өзін сүңқарға, құмай тазыға, ал қараманды қарақұсқа, төбет итке теңейді. Сөйтіп жыр-шы-ақын бейнелеуді образ жасаудың және оқиғаны баян-даудың басты әдісі есебінде қолданып отырады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, “қамбар ба-тырды” халқымыздың сүйсіне тыңдап, сүйе жырлаған көркем шығармасының бірі деп білеміз.