Ауыл шаруашылық малының сыртқы пішініне (экстерьері) дұрыс баға беру
Малдың сыртқы пішініне дұрыс баға беру үшін сыртқы дене мүшелерін, оның аттарын және дамуын, тіршілігі мен оның нақтылы өнімдік қаситтерімен байланысын жақсы білу керек. Дене мүшелерін стать деп атайды.
Тапсырмалар: лабораториялық дәптерге берілген малдардың суреттерін салып, оның үстіне төменгі көрсетілген тәртіппен статьтарды цифрмен қою керек.
1-сурет.
1.1. I – тапсырма: Сауынды, сүтті типті сиырдың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (1-сурет): 1 – мүйіз арасы; 2 – маңдайы; 3 – тұмсық; 4 – астыңғы жақ; 5 – мойын; 6 – желке; 7 – кеуде; 8 – Төс; 9 – шоқтық; 10 – жауырын; 11 – жауырын-иық буыны (төмпешігі); 12 – шынтақ; 13 – иық асты; 14 – білек; 15 – алдыңғы сирақ; 16 — тұсау буыны; 17 — арқа; 18 – бел; 19 – шабы,-; 20 – сүт құдығы; 21 – сүт тамыры; 22 – желін; 23 – құйымшақ; 24 – сауыр; 25 – мықым төмпешігі; 26 – жамбас; 27 – тізе буыны; 28 – шабу буыны; 29 – құйрық шашы; 30 – саны.
2 – сурет.
1.2. II – тапсырма: Жылқының суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (2-сурет): 1 – құлақ; 3 – кекіл; 4 – қарақұс; 5 – самай; 6 – көзінің үстіндегі ойпат; 7 – қас үстіндегі доғалар; 8 – көз; 9 – мұрын ортасы; 10 – мұрын арқасы; 11 – тұмсық; 12 – ерін; 13 – иек; 14 – иек шұңғылы; 15 – сағақ; 16 – беті; 17 – жақтың қыры; 18 – жақтың асты; 19 – шеке; 20 – жал; 21 – мойын жалы; 22 – мойын бүйірі; 23 – тамақ; 24 – мойын тамыры; 25 – шоқтық; 26 – арқа; 27 – бел; 28 – сауыр; 29 – құйымшақ; 30 – жая; 31 – құйрық негізі; 32 – құйрық; 33 – көтен; 34 — көтен аралығы; 35 – кеуде; 36 – кеуде асты; 37 – қабырға; 38 – кеуде сүйегі; 39 – жалған қабырға; 40 – қарын; 41 – аш бүйір; 42 – жыныс мүшелері; 43 – жыныс ауызы; 44 – жыныс қалтасы; 45 – жауырын; 46 – иық; 47 – жауырын мен қол жілігін қосатын буын (төмпешігі); 48 – шынтақ; 49 – иық асты; 50 – білек; 51 – сирақ; 52 – тұсау буыны; 53 – тұсау; 54 – тұяқ үсті; 55 – тұяқ; 56 – мықым төмпешігі; 57 – сан; 58 – жамбас; 59 – тізе; 60 – бұт; 61 – ахилла сіңірі; 62 — өкше; 63 – шабу буыны; 64 – артқы сирақ; 65 – каштан сүйегі; 66 – тұяқша қылы.
3 — сурет
1.3. III – тапсырма: Қойдың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (3-сурет): 1 – тұмсық; 2 – ауыз; 3 – танау; 4 – ерін; 5 – мұрын; 6 – мұрын ортасы; 7 – маңдай; 8 – көз; 9 — құлақ; 10 – мойын; 11 – иық астындағы қатпары; 12 – шоқтық; 13 – иық; 14 – кеуде; 15 – кеуде алды; 16 – алдыңғы аяқ; 17 – арқа; 18 – бел; 19 — аш бүйір; 20 – қабырға; 21 – алдыңғы шат; 22 – қарын; 23 – артқы шат; 24 – сауыр; 25 – сан; 26 – айыл; 27 – құйрық негізі; 28 – шалбарша; 29 – артқы аяқ.
4 – сурет.
1.4. IV – тапсырма: Шошқаның суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (4-сурет): 1 – тұмсық; 2 – көз; 3 – мұрын ортасы; 4 – құлақ; 5 – жақтың асты; 6 – мойын; 7 – иық; 8 – алдыңғы аяқ; 9 – артқы аяқ; 10 – кеуде; 11 – айыл; 12 – арқа; 13 – бел; 14 – қабырға 15 – құйрық; 16 – алдыңғы шат; 17 – артқы шат; 18 – аш бүйір; 19 – сауыр; 20 – қарын; 21 – сан; 22 – тізе; 23 — өкше; 24 — тұсау буыны; 25 – тұяқша; 26 – тұяқ.
5 — сурет
1.5. V – тапсырма: Қораздың суретін салып, оның негізгі статьтарын цифрлап белгілеңіздер (5-сурет): 1 – айдар тістері; 2 – айдардың негізі; 3 – айдар бөлшегі; 4 – айдар; 5 – көз; 6 – құлақ; 7 – тұмсық; 8 – құлақ сырғашығы; 9 – сырға; 10 – шаш қауырсыны; 11 – бел; 12 – арқа; 13 – иық қауырсыны; 14 – жабан қауырсыны; 15 – қанат; 16 — кеуде; 17 – құйрықтың ұзын қауырсыны; 18 – екінші желдету қауырсыны; 19 – кіші қауырсын; 20 – бірінші желдету қауырсыны; 21 – бел қауырсыны; 22 – қарын; 23 – сирақ; 24 – сан; 25 – зөңгі; 26 — өкше; 27 – саусақ; 28 – жыныс мүшелері.
Малды жәй көзбен бағалау әдісі деп, атына сәйкес оның сыртқы пішінін, әрбір дене мүшесін көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы өзіне ғана тән сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне, жақсы-жамандығы туралы мәліметтеріне, өнімділік сапасына, жалпы түр-тұлғасының үйлесімділігіне тиісті баға беру болып табылады. Әдетте, әуелі малды алдынан, бүйірінен 1,5 – 2 метр қашықтықтан жалпы дене мүшелерінің үйлесімділігін, аяқтарының орналасуын анықтайды да, содан кейін әр дене мүшелерін, қажет болса қолмен ұстау арқылы, бағалайды.
Бұл әдіспен малдың түр-тұлғасына, дене бітіміне, мықтылығына біршама әділ баға беріледі. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі – кез-келген жерде, қосымша құралсыз-ақ қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдана білу үшін маманның тиянақты түрде биологиялық, зооинженерлік білімі және бірқатар жылды қамтитын тәжірибесі болу қажет, сонымен қатар бағаланатын мал тұқымының жасына, жынысына, өскен жағдайына байланысты ерекшеліктерін жетік білуі керек.