Автотомия
Автотомия (гр. autos’ — өзім, өздігінен; tome — кесу, үзу, түсіп қалу) — оқыс тітіркеніске байланысты кейбір жануарлардың өздерінің дене бөліктерін өздігінен үзіп тастау қабілеті. Мыс., актинийдің қармағышын, кесірткенің құйрығын өздігінен үзіп тастау құбылысы; кейбір жануарлардың қатер қорғаныш реакциясы ретінде өз денелерінің қыспағында бөлігін үзіп тастауы – мысалы жыртқыштардың шабуылы кезінде.[1] Үзілген дене бөліктері соңынан қалпына (регенерация) келеді.