Сүтқоректілердің қоректенуі
Сүтқоректілердің қоректенуі. Сүтқоректілердің тамағының құрамы алуан түрлі болады. Олар тамақтану үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады.
Оны жануарлар әр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай сүтқоректілердің түрінің көп болуына және кеңінен таралуына себепші болған. Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүт қоректілерді — өсімдікпен қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен немесе өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің түрлері өте аз. Жалпы сүт қоректілердің көпшілігі аралас тамақпен яғни өсімдік тектес тамақпен де, жануар тек-тес тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай түрінің басым болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы басқа себептерге байланысты.
Мезозой дәуіріндегі құрылысы қарапайым сүт қоректілер кө-бінесе құрлықта, аздап та болса насекомдармен, моллюска-лармен, құрттармен, ұсақ амфибилёрмен және рептилилермен қоректенген. Осындай қоректену тәсілі қазіргі құрылысы өте қарапайым топтарда: насеком жемділердің көптеген түрлерінде (жер тесерлерде, тенректерде, кірпілерде) және көп күрек тісті қалталылардың кейбір түрінде сақталған. Олар қорегін жер бетінен іздеп тауып, таяз індерге жияды.
Жоғарыда айтылған топтармен қатар қоректенуі бойынша, насеком жемділердің өте маманданған бұтағы пайда болған. Бұған насекомдарды ауадан ұстайтын жарқанаттар, құмырсқалармен, термиттермен және олардың личинка-лармен қоректенетін — құмырсқа жеушілер, ящерлер, түтік тістілер, ал біртесіктілерден — ехидналар жатады. Құрт-құмырсқаны ұстауға бейімделген тұмсығы ұзын, желімді тілі, мықты тырнақтары болады. Мұндай маманданған насеком жемділерге көртышқандар жатады, өйткені олар өзінің қоректік затын топырақтың қалың қабатынан тауып жейді. Оның қорегі көбінесе жауын құрттары, қоңыздар, моллюска-лар, көп аяқтылар болып саналады.
Биологиялық жыртқыштарка — жыртқыштар, ескек аяқтылар және кит тәрізділер отрядына топтасатын жануарлардың түрлері жатады. Филогенетикалық жағынан олар насеком жемділерге жақын, жылы қанды омыртқалылар сияқты ірі жануарлармен қоректенуге көшкен бір жалпы түбірдің бұтағы болып саналады. Талдау жасалып отырған топтың аздаған түрлері ғана тек жануарлармен қоректенёді. Оларға; мысықтар, ақ аюлар жатады. Көпшілігі азды-көпті болса да өсімдікпен, ал жыртқыштар көбінесе тышқан тәрізді кеміргіштермен, қояндармен, насеком жемділермен, өлекселермен, құстармен, насекомдармен жә-не өсшдіктермен қоректенеді.
Су жануарларьшың көпшілігі жануар тектес тамақпен, мы-салы тісті киттер тек қана балықтармен және теңіз сүт қоректі-лерімен (тюленьдермен, ұсақ мұртты киттермен), қоректенеді. Мұртты киттер шаян тәрізділермен, аздап та болса балықтар-мен қоректенеді. Су аңдарының. бір азғана түрі су түбіндегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Оған ескек аяқтылар-дан — теңіз қояндары, тісті киттерден — кашалоттар жатады
Өсімдік пен қоректенетін жануарлар өте көп. Бұған маймыл-дардың, жартылай маймылдардың көпшілігі, мүкі тістілерден — жалқаулар, кемірушілердің көпшілігі, тұяқтылар, екі күрек тістілер, қалталылар, кейбір жарқанаттар, ал теңіз аңдарынан — сирендер жатады. Тамағының сипатына қарай бұларды шөп жеушілер, дән жеушілер және жеміс жеушілер деп бөлуге болады. Бұл шартты бөлу емес, өйткені орта жағдайына байланысты олар қайсысымен болса да коректене береді. Нағыз шөп жеушілерге — жылқылар, сиырлар, ешкілер, қойлар, кейбір бұғылар және көптеген кемірушілер жатады. Шөппен қоректенетін тұяқтылардың жақтары мен тілдері өте жақсы жетілген және қозғалмалы болады. Ас қорыту органы да күрделенген. Жұмсақ шөппен қоректенуіне байланысты жұп тұяқтылардын, күрек тістері жойылып кеткен. Далалы және шөлді жерде жайылатын, барынша қатты шөппен қоректенетін жылқылардың жоғарғы күрек тістері сақталған. Кемірушілер, тұяқтылар секілді, шөпгі ерінімен қамтымай, күрек тістерімен жұлады (ондатралар, сұр тышқандар т. б.). Сондықтан олардың күрек тістері ерекше жетілген. Шөп жеушілердің бәріне тән бір ерекшелік ішектері ұзын — күйіс қайыратындарында қарнының күрделі болуында. Кемірушілердің бүйені өте жаксы жетілген.
Бұғылар, пілдер, кояндар, жалқау аңдар, құндыздар, жираф-тар, бөкендер, бұландар — ағаштың бұтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста ағаштың бұтағы мен жапырағын жиі пайдаланады да жазда шөпті пайдаланады.
Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік тү-қымымен қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен, ал шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бұршақтың тұқымын да пайдаланады. Түқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі тұқым беретін өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен қоректенеді.
Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүт қоректілер. Оған маймылдар, жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден — найза құйрықтылар (Glіs gІіs) жатады. Өсімдіктердің нектарымен тропиктегі кейбір жарқа-наттар қоректенеді.
Солтүстік бұғылары, ақ қояндар және жанат тәрізді иттер сияқты аңдардың көптеген түрлері жыл мерзімінің, климат жағдайының және азық қорының өзгеруіне сәйкес бейім-деледі. Мысалы, жанат тәрізді иттер біздің Қиыр Шығыста жазда амфибилермен, моллюскалармен, насекомдармен қоректенсе, қыста балықты, тышқан тәрізділерді, жемісті және өсімдік тектес басқа азықтарды көбірек пайдаланады.