Бас сүйектілер немесе омыртқалылар
Бас сүйектілер немесе омыртқалылар (Сгапіаtа немесе УегtеЬгаtа)
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқа-лылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқа-лылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді.
Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншашалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппаратының, сүйек скелетінің, жүрегінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мү-шелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір-бі-рімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде, зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі.
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөң-гелек ауыздылар (сусlоstотаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіЬіа), бауырымен жорғалауіііылар (герtilіа)„ құстар (ауез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).