Угралар
Угралар
Угрлар — денесі ұзын, жылан тәрізді болып келеді. Кейбір түрлерінде құрсақ, көкірек қанаттары болмайды. Арқа және құйрық канаттары бір-бірімен қосылып кеткен.
Жүзу торсыл-дағы ішегімен байланысып жатады. Олардың біраз топтары көбінесе субтропиктік және тропиктік зоналарда тараған. Угрлардың ішінде теңізде және өзенде тіршілік ететін түрлері де бар. Бізде өзенде угралар (Апgиіllа апguillа) — Балтық теңізінде кездеседі. Бұлар уылдырық шашу үшін өзеннен Атлант мұхитына, Вест-Индияға барып, ең терең жерінде көбейеді. Личинкалары қайтадан өзенге шығып, шамамен төрт жыл ішінде Балтық теңізіне қайта оралады.